I-Перілік жүйемен оның белгілері туралы  

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 143

Жиырма бес жылдай масһаб діншілерінің қазақтың ата жолы дәстүрімен қалыптасқан жан ғылымын жоғалтуға күресіп, арап елдеріне орта топтық дін ісімен ғана исламды меңгеруге тұрған едік.  Кейінен періліктің басқаруына көшкен жүйесіне жалғанудың жемісін бергенімен, қазіргі таңда  аз ғана топтармен бұл қақпаннан (шеңбер) шығып жатқандар көбейіп келеді. Ата жолында Ақ ұлмен байланысты түскен Алла тағаланың мұғжизасымен Мұхаммед пайғамбарымыздың тылсымнан аруақтық жүйеден ақ батасын оқылуы, жүрек құлағының мөрін ашу арқылы басталғаны хақ.

Бірақ бұл істі меңгеруге тұрғандар Алланың сыйын, нұрын дүниелік істермен жалғап, нұрымен бірге түсірілген ақ сөздің қорын тез тауысып, екі аралық жындарға қызметке тұрып, перілік жүйенің ең жоғарғы дәрежесін қазақ елінде пайда болуына, түрлернің көбейуіне ықпал етті. Бұл енді кез келген пенденің ақылымен анықталуға қиын және қасиеттілікті меңгеру арқылы тура жолын іздеуге тұрғандарға барлық салада да  ібілістің құрған болып табылады.

Сонымен енді біздердің бұл банымыз ата жолында ізденіп жүргендермен өзін тану жолында рұқ, жан, жын, шайтандық қуат жүйесін, оның себептерімен аруақтық жараталысты түсіне алғандарға ғана бүгінгі таңдағы кейібір қарсылықпен перілік жүйенің сырын баяндап көреміз. Қандай да бір насихаттың тарихтағы өмірлік тәжірибемен және қайталанған іс амалдардан алынып және оның заманға қарай білімі де ақылмен анықталған хикметімен байланысты болмаса, жалғандықпен адасуға теріс пайымдалып, пәндік тұрғыда ақылға қазық болып бейнеленуі де сөзсіз.

Ата жолында жүректің көзін ашумен (құлағы емес) байланысты болып жатқан ғылым мектебінің жан тану, тәрбилеу үлгісін қалыптастыру жолында аз ғана топтардың арасында болып жатқан жайттардан сыр ашып көрейік. Бұл Мектептің негізін Сыр елінен ашып; Оқшы, Сүлеймен ишан ордалары арқылы атқарылып жатқаныда да тылсымдық мәні бары хақ. Сонымен кезекті аққу, сұңқар, сарбаздарды қамшыдан ақ қуатпен тазаруға, жиырмаға жақын бас қосуы болды шілде айының басында.

Ақ ұлымыздың ақиреттік болғаннан кйінгі маған жеке берген аманаты; «Ешкімге сенбе, менің қателігімді қайталама» деген сөзіне үнемі мән беріп, қалайда өзім сеніп жақын тұтқан аққу, сұңқар, сарбаздарды қалайда бір қателік жасауы мүмкін деген бақылауды да ұмытқан емеспін. Сонда да бұл жалғаның пенделігі де қоса жүруі заңдылық және үнемі қаталдық, тәртіпті мықты ұстануда қиын шаруа. Сонымен негізінде Алматыдан және батыстан Орал өңірінен аққулар мен екі ер азаматтың ғана қамшы арқылы тазаруға келіп және араға періліктен де астыртын жалғануы пайда болды.

Орал жақтан келген аққулардың бұл амалды елге түсіндірумен Россия жақтан екі аққудың аяқ астынан сапарға шығып  жетіп келуі және олардың ешқандайда шариғатты ұстанып жүрмей ақ, Қызылордаға келіп моншаға түсіп, сосын ордаға келіп есік алдыннан ормалдарын тартып, етегін жапқанын кейін ғана естіп, енді оларды қалай кейін қайтаруға болады? Бұл шайтандардың шабуылы періліктің әрекеті екенін анық ұққанмен, алыстан келген қонақ және ата жолын меңгеруге деген ықыласы болып, өздеріне бұл жасаған ерлік істері де болып саналады.

Оларды қалайда мұндай зұлымдықтан құтқару үшін, тәуекелге басып, өзіміздің шартымызды бұзуға тура келді. Енді мұндай қарсылықтардың міндетті түрде жұбы пары болуы, ібілстің қалайда мені құлатуға деген шабуылы басталғанын анық ұқтым. Сонда да болса сыртқа білдірмей енді оларды маған қамшылауға болмайды, себебі жинаған өріс жарығымды тез былғап, тазаруға да мүмкіндік уақыт аз еді. Сонымен мұны меңгере алатын ақ бақсылыққа ұлықсаты алған Ержанды шақырғанмен оған да түрлі сылтау кедергіні ібілістен болғаны да хақ.

Амал жоқ өзім қамшылауға тура келді және оның зиянын келген аққу, ер азаматтарда байқап үлгірді. «Бетіңіз неге ісік?» деген сауалдар болды. Сонымен бірге олардың исінен, іш өтумен де белгі пайда болды. Жарайды мұны да аруақтардың қолдауымен әйтеуір меңгердік. Екінші сынақты Оралдан келген аққудың інісінде шақырып, тазарудан өткізбек болғанымен байлынысты еді. Оның ешқандай шариғатты меңгермегенін және амалсыз апалараның жетегімен, айдауымен жүргенін байқап, ұрысып ескерту бергесін өзіде мұны іздеп жүрген болуы керек қашып кетті. Өз ақылымен тазару жолына келмесе, керісінше өзіне зиянды артырмауға да бұл көмек болды.

Және бұл апасының да сынағы яғни іштерінен шыққан қаралықтың қайта өздеріне туысытық тұрғыда алмасып енуіне де әрекеті еді. Жалпы перліктің терінің тазалығымен байланысты жүйе болып, алақан иісі тамақ арқылы да өз ара алмасып бірінен екінші туыстық жақындыққа ауысып отырады. Сондықтан оған киім, дәреттің сақталмауы бой өрісінің әлсіздігі , тесігі мен жыртығы да себеп жәрдем болмақ. Бұл сынақтан да аруақтардың жәрдемімен белгісін көрсетумен амалын таптық. Бірақ үшінші сынақтан сүрінуге тура келді.

Бұл өзімнің сенген аққудың қателігі еді. Орыс елінен келген аққудың құранға алақанын қоймай, столға қойып жүргенін байқасам да мән бермей, қадағалып жүргендер өздері түсіндірер, байқап жүрген шығар дегенмен, емнің аяғына қарай, «Неге құранға қолыңды қоймайсың?» деп ескеруге тура келді. «Маған болмайды қазір.» деген жауапты естіп, оның қайызы келіп, сонда да қамшыны жалғастырып, қамшыны да былғап, өзгерлерге кірін қосып және маған бұл қалайда төмендетумен байланысты ашық шабуылдың болғанын кеш ұқтым. Енді қайда шегіну керек?

Сонымен «Тәукел» болса да былғандық, деп аяқтауға тура келді. Мұны ешкімге де естертіп ұрысқан да жоқпын артын бағып көрмек болдым. Екі орданы бөліп өз ара қатысыуға, араласуға  да көп мүмкіндік болмағаны да дұрыс болды. Сонымен бірге өз ара да бірінші емге келгендермен, үшінші келгендер арасында да бірге тамақ ішіп, бірге ем алудан да жалғанулар болғаны сөзсіз. Және құрбандық шалумен көпшілікке тамақ беру, күнделікті тамақ дайындауда да өздері дайындаумен шыққан періліктердің иіспен қайта енуіне де жол берілді.

Сүлеймен ишан ордасында бұл тәртіпті қадағалап, сақтағанмен де жалпы көпшілікке тамақ беріп, құран қатым оқытумен байланысты, Оралдан келген аққулар өзіміз қызмет жасаған дұрыс, деп періліктің ықпалын орындауға да жол берілді. Әрине бұл сырттай дұрыс болғанмен де, оның ішкі сырын, қол исі арқылы перілік жүйенің жібін ұзартуға, тамақ арқылы жалғанудың тез болатын азымыз ғана ұғына аламыз. Сонымен бірге жалпы қамшыдан тазарудың шартында бір еммен екіншінің арасы 12 сағаттан кем болмауы, ал негізінде күніне бір рет қана болуы шартты еді. Бірақ алыстан келіп уақыттың да аздығымен байланысты мұны да бұзуға тура келді. Мұндай қателікті перілік жүйенің де өз мақсатына пайдалануы заңды. Уақытың қуатын ұрлау, қысқарту, асықтырып сабырсыздыққа байлап қойу періліктің негізгі амалдары болады.

Оны аққулардың өзі оңай атқарғанына да куәлік болды. Аяқ астынан өздері шешіп, әулие басына зираттауды тазарып бітпей ақ, баруға шешім шығарып және оған менің де ықпалды болуыма мүжбүр ете білді. Бұл ібілістің, «Сендердің тура жолдарыңда отырып аламын» деген уәдесіне де лайық еді. Алайда толық қамшы алып барса, ындының да таза болып көбірек нұрдан үлес алуға болар еді. Оны ібілістің өзінің қызметші перілігі арқылы қалайда шектеуі де заңды. Енді мұның бәрінен сүрініп бірақ қатты құлап жығылмай өттік, деп санауға болады. Аз болса да әйтеуір ақ қуаттан белгі алып оны қорыта алғанда нәтижесін беруі де сөзсіз.

Бірақ періліктің шабуылы мұнымен тоқтай қоймасы да анық. Оны енді әркім өз отбасында, жүрген- тұрған жерінде қарсылықтардың қайта енуіне әрекет жасауын сезумен, қалай амалын тауып күресе алады олда сын. Менің өз басыма шабуыл жан-жақтан үдей түсіп, бұрын қамшыға жалынып келтіре алмай жүрген қатының Ақтөбеден жетіп келуі, қалайда аққулардың арасына еніп жалғануға тырысуы да белгі еді. Мұны кейін қайтарғанмен де, Астанаға келіп талайлардың қамшыға келуге ықласты болып, піріліктің шабуылын сезініп жатқан жәй бар.

Құран арқылы мұндай жағдайлардан хабары жоқ аққудан сұратқанда қамшыға түсуге тиым перде салып және «Етектен кір жұққан» деген дерек шықты. Сонымен бірге оларға түсінде менің әжетхандағы жағдайымды көрсетіп, орыстық нәсілдік ару белгімнен байланысты деген түсінік келіпті. Мұнан не ұғынуға болады? Әрине ер азаматтардың әсірсе сұңқар, сарбаздардың қамшыны, ақ бақсылықты меңгеріп, мұндай соғысқа қатысып, қалайда ата жолын түнектен шығаруға деген ар-намысы жетіспей жатқанынан да белгі болмақ. Рухани тұрғыда перілікпен негізделіп қорқақтықпен, ақылдың жетелігі жетімісіз болып жатқаны да хақ.

Менің өзімнің жеке басым үшін бұл ешқандайда таңсық емес. Мұнанда қиын кезеңдер болып, аруақтар қолдауымен тәуекелмен өткен уақыттар көп болды. Бірақ әр кезеңнің де кедергісі, оның пайда болуы себептері де дамып отырады. Қарапайым ғана етеккірі келген әйелді мүлде емге де, тамақ дайындауға да жолатуға болмайды деген қағиданы; сенген аққумыз қалай есінен шығарып алды?-деген сауалға да жауап бар. Бұл кез келген жетілдік, жоғарғы дәрежені меңгене алдық ,деген аққу, сұңқараларды да оңай перінің шатастыра алатына белгі екені сөзсіз. Мұны енді келесі тақырыпта ашып баяндап көреміз.

(Шілде айы 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *