Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сөзімді әбден ұқ.
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті,
Білмегенді қыл шәкірт.
Үйренуге қылма намыс,
Үйренуге болма кер.
Өнеріңді құр шірітпе,
Орнына ашық жұмсамай.
Өкініші кетпес оның,
Өз ойында босқа өлер.
Қай ғылымды білсеңіз де,
Қазір оны елге жай.
Құр ішіңде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер.
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Бүгін біз де болдық ынтық,
Шет елдерден білім ұғып.
Білуге де құмарландық,
Білімнің бәрін ақыл ғып.
Өнерде көп думан қызық,
Салты болып тойшылдық.
Ел биледі әділдік жоқ,
Білімділер төрге шығып.
Ғылымдының бір естілік,
Жоғалды тек, жоқ кісілік.
Сөз өнері, нақыл қылық,
Ғылым қайда адамшылық?
(Б.Т.К)
*** ****
Шын наданға білгеніңді,
Ұқтырам деп ойлама.
Қанша бидай шашсаң-дағы,
Болмас егін тасты жер.
Тотыға тіл үйретілсе,
Сөзі-адам, өзі-құс.
Сол сықылды ол наданды
Ермек үшін сөйлетер.
Қара тасты қанға малсаң,
О да маржан бола ма?
Тесік ыдыс, су құйылса,
Өзі қалар су кетер.
Шын залымға берме ғылым,
Ол алар да оқ қылар.
Қаруым дер, кісі атып жер,
Ол ғылымды айла етер.
Қарғысына сен қаларсың,
Елді алдап ол алар,
Ақылы жоқ, малы көптің
Бір талайын еңіретер.
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Бұрынғылар ғылым біліп,
Көп насихат жазған тізіп.
Залым ғалым ел азғырған,
Ғылым сырын теріп ұғып.
Масһабшы тажал болып,
Намазға елді шоқындырып.
Имансыздық намазда деп,
Қызылбастан алған жол қылып.
Абай дана насихатын,
Бар ма ғалым жүрген ұғып?
Тас жүректі дінші надан,
Әулиесіне мойынсұнбаған.
Шүкірліксіз ата –анаға,
Масһабты жол атаған
Ақылын елдің ұрлап алып,
Тажалға өзін ұқсатарлық..
Намаздың ханы Мұхаммедтей,
Теңдес өзін көрген анық.
Құранды жүр жаттап алып,
Бұлбұл, тоты құстай сайрап.
Ақыл-ойсыз имамдар жүр,
Тәпсір жаттап наданданып.
Сыртын ақтап, іші қара,
Жүрегі тас не пайда?
Ой маржансыз, ақыл жетім,
Ындыны тесік мұндайда.
Жұмсақ жүрек таза қанмен,
Інжу, маржан болмай ма?
Жалғанатын жаннатымен,
Ғылымнан кітап алмай ма?
(Б.Т.К)
*** ****
Дүниені түзетуші,
Һәм бұзушы-бір ғылым.
Әрі залым, әрі ғалым,
Ел түбіне сол жетер.
Шын надандар білмесе егер
Естілердің қадірін-
Оған ұрысып, сөкпеңіздер,
Шын ғұзырлы пенде сол.
Неге десең, білсе надан,
Өзі надан бола ма.
Оқымаған бір балаға
Хат оқытсаң, жөн бе сол?
Әр адамның өз жұмысы,
Қылған ісі бір бөлек.
Ол наданның жұмысы жоқ,
Ғылымыңызбен еш заман.
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Бұрынғының надандары,
Меңгермей білім білмеген.
Әр заманның бар наданы,
Білімменен өлшенген.
Бұл заманың надандары,
Ғылымсыз білім меңгерген.
Білімді көп бұл заманда,
Қақпан қылған ақылға.
Ой жорумен бәрін болжап,
Түземек болып халқын да.
Дүние байлық армандары,
Дәулетке мас тәңірсіп.
Дәстүр тастап заң жазады,
Арсыз елге жағынып.
Діннен бөлек болмақ адам,
Ел билеген көп надан.
Ғылымына Абай жазған,
Қарсы болып, алмаған.
Әлем жұртын аздырғандар,
Залымдықпен ғалымдар.
Ар-ұятқа қақпан құрып,
Біліммен адам атқандар.
(Б.Т.К)
*** ****
Білмегенді үйреніп,
Білгенді қылса, есті сол.
Білмегенін білмеген,
Білгенді қылған сол жаман.
Сізге келсе кей надан
Үйренемін деп ғылым.
Үйретудің ақысы деп,
Бір тиынды алма одан.
Неге десең, сен білесің,
Алғаныңның не екенін.
Ол біле ме бергеніңнің,
Пайда екенін, не зиян.
(Шәкәрім әулие)
*** ***
Тәрбиесіз білім білген,
Тажалдар ел билеген.
Ана тілін қадірлемей,
Ғылымсызын білмеген.
Білмегенін үйренбеген,
Әкімдер көп ел билеген.
Білмесе де білем деген,
Заңына жүр күйлеген.
Жан мен рұқты өлшемеген,
Ғалым, имам дінге сенген,
Ғылымнан кітап жалғана алмай,
Сенім мен иман бірдей деген
Надандық шықты жетілген!
Жан ғылымын меңгермеген,
Ой жорумен ақыл берген
Үш тіл білсе ғылым деген,
Ғылымсыз надан есірген!
(Б.Т.К)
**** ****