I-Жалған пайғамбарлық және дін философиясы.

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 153

Қазіргі таңда дін туралы насихат айтудың қажеті шамалы. Қандайда бір мектептен білімі бар және арапша хат таныса болды, құранның мың жыл бұрынғы берілген тәпсірлерді, хадистерді меңгерген «намазхан» аталған жастар, қыздарымыз да сіздің үлкендігіңіз, біліміңіз, қоғамдағы орныңызға да қарамай ақылын айтып, қателігіңізді бетіңізге басып айыптай салу күнделікті қоғамымыздығы қалыптасқан да етіміз үйренген жағдайға айналды.

Сондықтан қандай да бір философ, жазушы, билік өкілі де, бұхара халықтың да бұл салада жастармен, дін имамдарымен дауға, сұхбатқа кіруге зауқы да, мүмкіндігі де жоқ. Себебі өзіңнің балаңнан кіші ұл мен қыздан; « діни білімсіз, дінсіз, серік қосушысың»,- деген айыптауларды кімнің естігі бар. Енді негізгі бұл салада да мұндай айыптауға соқтыратын қандай да бір түс көру арқылы адам баласының ақылы толған естілігіне, қоғамда алатын орнына, рухани жетілуіне, тағдырмен жазылған қабілет, қасиеттілігіне қарай берілетін Құдай ісі болып табылатын көріпкелдік, болжампаздық аяндарды яғни тылсымнан бейнелерге, уақиғаға айналған тағдыр ісін көрдім десеңіз басыңыз бәлеге қалып; «Жалған пайғамбар, өзін пайғамбар атаушы» болып шыға келесіз және бұл қазақта ғана емес жалпы ақпараттық қоғамда да қабылданбайды.

Бұған не себеп? Шындығында Алла тағала енді Мұхаммед пайғамбарымыздан басқа адамзатта болашақты көруші, халықты жамандықтан тосушы, ескертуші, рухани тазартушы болмайды, тек осы берілген құранның сол кездегі тәпсірімен және менің ғана өсиетіме ғана сүйеніп дін ісін, шариғатты ғана меңгеріңдер деді ме екен? Сонымен есті адам баласы құран аудармасын қарапайым насихат түрінде оқып, философиялық маңызына, ойдың қуат кеңістігіне, аяттардың үгітіне ден қойса діншілер мен қазіргі масһаб ғалымдарының көптеген пәтуасынаң жалғандығана көз жеткізуге болады. Бұл тұрғыда мен өз басым құранның жеті үнінен яғни насихаттық философиялық бағыттан тұрғанын, оның 6 үндік, ойлық сипатын 9 кітап түрінде жазып, мүмкіндігінше оқырман қауымға таныстыруға тырыстым. 7-ші ойдың философия үнін жазып шығуға уақыт болғанымен, әзірге оны меңгеретін оқырман қауым жоқ деген тұжырыммен әзірге өз кезегін күтіп жатқан жайы бар. Себебі жазылған кітаптардың өзі білімді қауым өкілдерімен де, ел билігінен де қолдау тауып, оқырмандарға таратылып та және әлі түсінігі де дұрыс қабылдана да қойған жоқ. Бірақ онан білімді қауым өкілдері мүлде оқымай қойды немесе түсіне алмады деген айыптаудан да аулақпыз. Көптеген зиялы қауым өкілдері де, жазушылар, философтар танысып және өздерінің дін философиясы туралы көзқарас, бағыттарын да қайта қарап, құранның сырына үңіліп жатқан тектілер де, оқырман қауымы да қалыптасып жатқаны да сөзсіз.

Енді аяттарға немесе хадистердің ішкі сырына, ғылымдық маңызына тоқталмай-ақ, жалпы пайғамбарлық пен елшіліктің маңызына, ерекшелігіне, дін философиясына шолу жасап көрсек. Ал күмәнданған, хақиқатына көзі жете алмағандар, жазылған жазбалармен және құран аудармасымен танысып ой елегінен өткізіп көре жатар.

Жаратылыстың құран яттарының да бұлжымас заңдылығы барлық нәрсе жанды мейлі жансыз сөз болсын, құран үкімдері болсын, жұп және пары болу шартты. Сондықтан әрбір сөз атауларының ұғымдарының да жұбы, пары болып тәпсірі де түсіндіруі де шартты үкім. Сонымен; Пайғамбар деген ұғымның, қасиет, ерекшеліктің ең соңы да толық бейнесі де Мұхаммед пайғамбарымыз болып табылады.

Біріншіден пайғамбар дінде өзгеріс, жаңалық әкелуші яғни сонымен бірге сөз ұғымдарына да, ғылымға да, жаратылыс құлшылық сырларына жаңадан ұғымдар, көзқарастарды, жаратқан үкімдерін жеткізіуші болып табылады. Бұл тұрғыда соңғы кітап Құран болып, ислам діні де соңғы толық дін болып саналады да сондықтан енді дінде ешқандай өзгеріс те және жаңадан құлшылықтың, сәжденің де түрі болмау керек. Яғни ислам діні өзгермейді соңғы түскен сипаты яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен үлгілері осы діннің негізгі ірге тасы болмақ. Ал Құранда қиямет-қайымға яғни жер бетінің адамзат өмірінің соңғы кезеңіне дейінгі уақиғаларды да қарастырылғандықтан әрбір заманға, мезгілге қарай осы уақиғалар құран арқылы оқылып отыру керек. Яғни жасырын құпия сырлы аяттардың сөз ұғымдары, өзге ұлт үндерінің жетілуіне қарай діннің заман біліміне сәйкес ілімдік қуаты да жетіліп отыру шарт. Сонда қалай? Егер Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы пайғамбар болса, онда тағы да жаңадан құран түсіп, пайғамбар келе ме? Міне, барлық шатақ та осыдан шығады. Құран тек Мұхаммед пайғамбарымызға оқылды, рас па растық. Бірақ Құранның тек пайғамбарымызға ғана оқылған нұсқасы ғана бар десек онда жаратылыс заңына, жұп, парға, Алла үкіміне қарсы шығамыз. Сонымен Құран көкпен жер арасына жолдарға түсіріліп, Мұхаммед пайғамбармызға өмірден өткен періштеге айналған пайғамбарлар жаны арқылы бізге белгілі түрі ғана оқылды. Ал негізгі кітап ақиретте «лауғыз махпузда» бар деп ескерткен. Және пайғамбарымыз өзі тірі кезінде астанаға, яғни негізгі кітап сақтаулы жерге дейін көтеріліп намаздың үкімдерін алып келгені де хақ.

Сонымен бірге пайғамбарымызға өз үмбеттеріне ақирет өмірінен шапағат ету, яғни аруағымен қолдау беру және уахи-бата, кеңес беруге өзі тірі кезінде үкім аятта түскен. Пайғамбарымыздың өмірден өткеннен кейін құранның сандық мәні беріліп, оның көптеген аяттарының қайта дұрысталып, кітап болып жазылуы да пайғамбарымыздың өзінің шәкірттеріне, сахабаларға ақиреттен аян, уахимен кеңес берумен байланысты екені де сөзсіз. Демек, құранның құпия ғайыптағы кітабын жаннаттық Алла досына әулиелерге, пайғамбарлар жанына уахи беруші, оқушы Мұхаммед пайғамбарымыз болып, оның уақиғалармен, сөздермен бейнеленген аяттарын, үкімдерін біздерге уахи-батамен тағдырлық қажетімізге, мүмкіндігімізге қарай оқушы, аянмен көрсетіп түсіндіруші пайғамбарымыздың артынан сапқа тұрған сахабалар, әулие-әмбилер болып табылады. Құран да да шапағат ету мүмкіндігіне тек Алланың қалаған құлдары еге болады деген. Шапағат ету дегеніміздің негізгі сипаты да осындай нығметке жетіп, ақиретте пайғамбарымызға қауышқан Алла достарының өз ұрпақтарына аянмен көрініп, уахимен кеңес, бата беруі емес пе? Құран философиясы да осы жағдайды ашық насихаттайды. Ал онда ондай уахи алған, мүміндік жағдайда түс көрген адам баласын неге жалған пайғамбарсың деп кінә тағамыз?

Міне негізгі қателік те осында. Қандай да бір уахи, аянның тек құранның сандық құпия теологиясы арқылы ғана көместегі адамзат тағдырына, уақиғаларға айналған заман, дәуір кітаптары оқылып, ал оны алушыны пайғамбарлық қасиеттерді меңгерушісін елші немесе болашақтағы жақсы жаман істерді, Алла үкімдерін ескертуші деп атайды. Негізінен ескертуші болу арқылы елшілік қасиеттерді меңгеру шарт. Ал елшінің де екі сипаты болып қазақта Әулие және Әмби атаған. Пайғамбарымыз да бұндай қасиет егелерінің де сол заманда халық ішінде болатынын жоққа шығармаған және ондай адамдардан батасын алуды да ескерткен.

Олай болса, елші болуды яғни әулие-әмбилерді елші емес, неге жалған пайғамбар деп атау керек? Сонымен бірге Мұхаммед пайғамбарымыздың да дінге өзгеріс әкелуші пайғамбар және өзінен бұрынғы пайғамбарлардың істерін, қасиеттерін, мұғжизаларын қайталаушы елшілік яғни әулие-әмбилік істерді де меңгеруші екенін неге дұрыс түсіне алмай жүрміз. Сонымен енді діннің тұрақты толықтырылуымен Мұхаммед пайғамбарымыз 47-ші пайғамбарлықтың белгісі және негізгі кітаптардың саны болып, бұдан басқа кітаптардың болмайтынын ескертіп тұр. 47 кітаптың 30-ы құранда пара болып, 10-ын қосымша Мұса пайғамбарымызға оқылып, ал 7 кітап тура жолға яғни жеті жолға толық жалғанудың, жеті аятпен «Фатиха» болып, барлық бірліктің, құлшылықтың негізі болып, Мұхаммед пайғамбарымызға жеке өзіне шапағат етуге берілгенін неге білмейміз? Сондықтан пайғамбарымыз; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп ескерткенін де естен шығармау керек. Ал, аруақ ұғымы да осы қолда бейнеленген жеті сүйекпен, бүкіл тәндегі негізгі хабар беруші алушы қозғалыс періштелерінің кітабы болып саналатынын да білген жөн. Сонымен құранда берілген 30-пара кітап, 30 түрлі нәсіл ұттардың тілімен байланысты болып, қалған 17 кітап та осы 30 параның ішінен тарайтын да сыры бар. Арап ұлтының 26-шы параға нәсілге жататынын, ал түркі жұртының 11-ші, 12-ші пара нәсілдер тобына жататыны да, осы кітаптардың негізгі мұрагері екеніміз де құранмен көрсетілген. Арап ұлтынан кейін де 4 түрлі нәсілдік тілдердің де даму ерекшеліктерінің пайда болғанын, яғни 4 масһабтың да пайда болу себебін көруге болады.

Сонымен елшілік істер пайғамбарлық қасиеттерді меңгерумен байланысты болып барлық елшіліктердің саны да; Нұх=71+47=Мұхаммед болып қимасы; 118 яғни шындықтың сандық мәні болып табылады. Елшілікті меңгеру пайғамбарлық қасиеттермен жалғану екенін де Мұхаммед пайғамбарымыздың; «Мүміннің көрген түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деп ескерткен өсиетінен өзімен бірге негізгі 46+1 =47- санды пайғамбарлық қасиеттің барын дәлелдеп тұр. Ал, қазақтың даналығында бұл пайғамбарлық қасиеттердің сипатын Абай атамыз 45-санды қара сөзбен насихаттап өткен. Қалған екеуін енді аян, уахи көру мүміндік қабілетпен және Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып бата алумен белгілі болмақ.

Олай болса көріпкелдік қасиеттермен, әулиелік істермен ерекшеленген ескертуші, елшілік істерді меңгеруші Алланың құлын жалған пайғамбар,- деп айыптаудың өзі Алланың аяттарына, үкіміне қарсылық, тажалдық болып, бұл негізсіз ұғымдарды таратушылардың өзі жалған пайғамбарлар, яғни ойдан аят ойлап табушылар екені де даусыз.

Енді елшінің де өз дәрежесі бар. Негізінен елшіліктің сипатын Ғиса пайғамбарымыздың артынан ерген 11 сахабаны құранда үлгі етіп, олардың халықты емдеу, тазарту, көріпкелдік істермен, рухтан бата алу мен жүрек ашу істермен айналысқаны да Інжіл жазбаларында баяндалады. Бұл жағдай қазақ елінде ата жолында көрінісін тапқанымен толық исламдық сипатын ала алмады және оған масһаб діншілері, зиялы қауым өкілдері, ел билік те мүмкіндік бермеді де. Қудаланды, негізсіз айыпталды және сотталды да. Бірақ оған себеп ата жолына келген алғашқы дін қарлығаштарының білімсіздігі мен тәжірибесіздігінен, ислам құндылықтарын, тазалық, тақуалықтарымен ата дәстүрін толық меңгере алмауынан да туындағаны сөзсіз. Себебі құран философиясына жүгінсек, бұл істер інжілдегі елшілердің ғана сипатымен емес, қазақ әулиелері меңгерген сопылық істері арқылы ғана толық исламдық тұрғыдағы елшілікке, сахабалық дәрежеге жетумен көрінісін табу керек еді. Қазақ сопылық дін философиясында мұндай қосымша қасиеттерді яғни әулие-әмбилікті меңгерудің 24 сипаты болған. Сондықтан арап елдеріндегі тарихат сопылық мектебімен яғни оларда пайғамбарлық қасиеттерді меңгеріп Мұхаммед пайғамбарға жалғанумен 47 белгімен шектелсе, түркі сопылық тарихат мектебінің де айырмашылығы болып 47+24=71 санды Нұх сүресіне жалғану және мағрипат, ақиқатқа жетумен 73 санды топтың негізін қалаған Ясауи сопылық мектебінің осы пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруші елшілерді дайындау мектебі болып табылады.

Жоғарыда ескерткендей әр нәрсенің жұбы және пары болса, пайғамбарлық қасиеттің де бір ерекшелігі мінездің көркемдігін, сабыр қуатын меңгеру яғни денені, бойды, ар жарығын, сауытын алумен ерекшеленеді. Мұндай жағдайдағы Алланың құлында жын қуаты тазарған, бойға, сауытқа яғни жарыққа, киімге, зейнетке айналған болып көрінісін береді. Бұл жағдайдағы ердің жасы 40-қа толып, яғни ақыл толуымен және мүміндік 66-санды пайғамбарлық тазартушы «Ахметтік» қасиеттерді де меңгерумен байланысты болмақ. Мұхаммед пайғамбарымыздың Алланың үкімімен 40 жасқа келгеннен кейін құранның оқылумен байланысты бұл сипатқа ерекше жеңілдікті яғни пайғамбарлықпен иман, сабыр қуаттары сыйға беріліп; «Онда жын болмады», «Мұхаммед пайғамбар жынды емес» деп астарлы ескерткен. Ал жын қуаты адам баласының жыныстық ерекшелігімен, есту қабілетімен, ерік күшімен бірге жетілетін қуат болғандықтан жынсыз, жындық қуатсыз адам баласы болуы да, тіршілік етуі де мүмкін емес. Осы жағдайда тек пайғамбарға тән тазалық кісілік ерекшелікті ұмытқан дінші қауымы, жасы да үлкені де жынды адамзаттан тыс жаратылысқа санап, өздерін жынсыз яғни кісілігі ерекше болған пайғамбарға санайды. Бұл жағдайды кез келген масһабшының да, діншінің де, зиялы қауымның да аузынан естуге болады. Демек бұл қауымдықтар да дін имамы, хазіреті, ғалымдары да өздерін пайғамбар қылып, Алла аятына, құранына ортақ қосушы тажалдар тобына жатады. Құранды, пайғамбар хадистерін сандық мәнімен кітаптық есебімен асықпай қазақша аудармасын оқыған құлшылығы, сәждесі түгел кез-келген білімді адам бұл пәтуаның хақтығына оңай көз жеткізе алады.

Енді бұл жалған пайғамбарлыққа парын да қосып көрейік. Негізінен бұндай жалған пайғамбарлар, яғни Алланың аятына, құранға теріс бағыттағы аяттарды ойлап табушылар өзіміздің масһаб тобындағы өздерін тура жолда деп танушылар болып табылады. Олар Алла адам баласымен тілдеспейді және аруақ деген бар болғанмен, адам баласына пайда да зиян да бере алмайды деген ұғымды тықпалап, Алла досын, сүйікті құлдарын, жоғарғы санатты жаннат періштелерін Алладан басқа, шайтандар тобынан дейді. Жер бетіндегі барлық адамзатқа құран ортақ кітап екені, жалпы исламның негізгі шарты екені да хақ. Сонымен бірге жер бетінде қанша адамзат баласы болса соншама тағдыр, күнә, несібе, т.б. ерекшеліктері де бар. Барлық адамзат құранды, хадистерді және ғұламалар еңбегін өзі оқып, жақсы жаманды айырып құран насихатымен өмір сүруі мүмкін бе? Әрине жоқ. Және қанша білімді болсаң да, құранның да хадистердің де қандай жағдайда, қалай шешім қабылдау керек екенін де жадыңда ұстау мүмкін бе? Әрине жоқ. Сондықтан да Құдай сенің мұндай жағдайда білмей істеген күнә қателіктеріңе ешқандай ескертусіз жаза бере берсе, онда не болғаны? Онда жаратушы иеміздің әділдігі, мейірімі, рахымы қайда? Және сүйген құлына, тағдырына беретін рахметін, тура жолға түскендігін қалай білдіреді? Философиялық тұрғыдан алғанда өз ана тілі болған араптардың өзі құранды толық меңгере алды ма? Меңгерсе неге бірін-бірі өлтіріп, дінге, құранға, пайғамбар өсиеттеріне қарсы шығып зұлымдыққа түсіп жатыр? Жоқ, жаратушы иеміз әрбір пендесіне өзінің хабарын жеткізуші және біздерден хабар беріп тұрушы, тілегімізді жеткізуші күзетшілерін де өзіміздің жаратылыс себебімізден, періштелік сипаттарымыздан тағайындап қойған. Ал Алланың өз мүлкін одан басқа деп және әрбір хабар беруші мүлкін де Алланың өзі емес деген де ешқандай ақылға қонбайды. Інжіл жазбаларында бұл туралы; «Сенің аяғың, қолың және белгісіз әлсіз мүшелерің де бар. Бұл қозғалыс мүшелердің бәрі негізінен Алланың мүлкі, періштелері. Сондықтан олардың аттары адамзатқа ортақ. Және сенің барлық болмысыңа тән атың бар. Аяғыңды, қолыңды, жыныс мүшелеріңді сол атпен атайсың ба? Әрине жоқ. Ал онда ол басқа біреудікі деп айта аласың ба? Әрине жоқ. Олардың адамзатқа ортақ өз аттары болғанымен, бірақ ол сенің ғана меншігің емес пе? Онда саған қойылған аттың ішіне болмысыңды сипаттауына ол кіре ме, кірмей ме? Әрине денеңнің, тәніңнің құраушысы, қызметші періштелері өзіндік қозғалыс егесі болып кіреді. Онда ол мүше менікі емес, менен де емес деп те айта алмаймыз ғой. Және мүлде өзімнің меншігім деп те айта алмаймыз. Себебі ол да Алланың жаратып аманатқа, пайдалануға берген мүлкінен». Сол сияқты Алланың сансыз жаратқан мүлкін, нәрселерін, «Алладан басқа» деп те айта алмаймыз. Бірақ оның бәріне де бірдей Алланың мүлкі деп табына алмаймыз. Яғни ұқсауға, еліктеуге, сондай болсам деген пиғылмен құлшылық қыла алмаймыз. Себебі түсірген дініне қарсылық қозғалыс себебі үшін жаратқан нәрселерін; «Менен басқа» ал дінінен үлгі қылып, жақсылыққа жарысу, табыну үшін жаратқан сипаттарын «Мен, Маған және Алланың өзі» деп атаған емес пе? Осындай жағдайда адамзаттың жұбы болған жындарды да, құранға ашықтан ашық қарсы болып, жалған пайғамбарлар, дінші тажалдар ырымдап шайтандарға теңгереді. Ал, жын сүресі 72-санмен, жоғарғы дәрежелік періштелік белгісімен Мұхаммед, Нұх сүресінен де құранда неге жоғары тұрғанын да түсіндіре алмайды. Енді адам баласының құлшылығы да өзіне берілген міндеттелген қозғалыс түрлерін, періштелерін қарсы қуаттардан тазартып бір тұтас ақылмен басқарып естілікке жету емес пе? Осы тұрғыда менің кісілікке жетіп ағарған мүшелерім яғни аяғым жамандыққа баспай, қолым да жаманды қаламай, жүрегім жақсылыққа қуанып, жамандықтан жиреніп осылай негізгі жеті мүшем хабар беріп тұрса, оны мен неге шайтаннан деп түсінуім керек? Ал жамандықтан тосып жақсылыққа жетелеуші Алладан емес яғни ол тілдесіп тұрған Алланың өзі, қасиетті мүлкі емес десем не болғаны? Бұл жағдайда діншілердің жалған пәтуамен Алланың өзіне қарсы аяттарды шығарып, жалған пайғамбарлыққа түсіп кетуінің себебі неде? Әрине құран философиясын, жаратылыс нәрселерінің жан сырынан білімсіздіктен туындағанын, әрине әзірге олар түгіл атақты философ ағайындарға да түсіндіре алу мүмкін емес. Сондықтан бұл тақырыптың философиялық маңызын, дін ғалымдарының тажалдық жалғандығын ашып көрсету үшін; Жындар, шайтандар және аруақ туралы философиялық ұғымдардың ерекшелігін, жаратылыстық сипаттарын да талқылау керек болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *