II. Ел басшысының; «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» жолдауына… (Жетеліктен хабары барларға ғана құлақағыс)

Бөлім: Без рубрики 96

  «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын…»(Н.Н) Ел басымыздың елдің шаруашылығын қалыптастыруда өзінің жасаған жобаларын қайта бұзып салуда және қандайда бір қысылтаяң кезеңдерден топтасып қарсы болған әрекеттерден де ортасын тауып шыға білгенін де сөзсіз мойындау да керек.

Саясатта бұл тапқырлық болып, білімде қисынды болса ал рухани тұрғыда бағалағанда екі жүзділік саясат болып, оның ықпалы рухани өрістеуімізді сонша жылға шегеріп тастағаны да хақ. Мұны енді қазіргі болашаққа біліммен бағдар жасап жүрген ұлттың көшбасшылары аңғарудан қалғанымен, болашақ ұрпақтардың сынап айыптаулары да хақиқат. Сонымен ел басымыздың қандайда бір жобасы біліммен қарағанда өте қисынды, мұнан артық енді халыққа не керек деп түсінуге болады. Тарихыңды түзе, дәстүріңді меңгер, ұлттық құндылығыңды сақта, өзге елдерден білімнен қалыспа, барлық білімнің жетістігін меңгер, сол үшінде ұлттық сана кодын яғни ділдің білімін менің нұсқағанымдай бағыт-бағдармен біліммен қисынды жоспарлаңдар дейді.

Ол үшінде үш тілмен ғылымы болу керек, латын тілімен бұндай ғылымды тікелей меңгереміз дейді. Сөз жоқ, жаңашылдыққа өзгеріске құмар жынды мас жастар мен жетеліктен ажыраған үлкендер, құдайдан қорықпайтындар, дүниемен ғана пайымдап мал табарлық жолды даналыққа балайтындар, жеті ата аруағынан ажыраған кекшілдікпен, ызақорлықпен, өмірге риза болмайтындар;  қанағатсыздық, шүкірсіздікке түскендер, орыстан кек алатын болдық деген, атыңды қазақшаласаң текті боласың деп арсыздыққа түскен надандар, яғни тағдырынан әлемдік жүйеден, махаббатынан ажырағандар; «Бұл заманың талабы, үнді қысқартып оңайлатсақ, өркениетке жетеміз» деп болашақты артымен салыстырып ойланатындар қуанады, қуанып іске де кірісе бастады.

Ел билеушілердің «діннен бөлек, зайырлымыз» деген ібілістің жобасына, перілік жүйеге жалғанудың жемісі «Гендірлік теңдік» яғни ашық арсыздықтың жолына түсумен, қоғамның саналық жүйесінің кілті екі күні; жете, саналық ақылдың тәрбиесін жоғалтумен аяқталғаны да хақ. Жолдаудағы; ««Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді….» деген біліммен қисындырған сөздің ар жағында енді перілік жүйенің талабына бейімдеп, қоғамдық сана деген жаңадан ұғымды ақылға негізделуі болған.

«Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту…»  Ел басымыздың саналық туралы білімінің қателігін енді қазіргі қоғамдағы жалған ғалымдықтың, білімді қоғамның ібілістің ұрпағы болып алғанына ашық белгі екені де сөзсіз. Себебі Сана қуаты төбемен, бас терісінің тазалығымен, ар сауытымен ғана жүрекке май болып енуі керек. Сананың негізі; төменгі сана әйел етегі, аяғының тазалығы, ақ босағасының жермен, табанмен жалғанумен және бой өрісінің толықтығымен ақ жаулық қуатын меңгерумен байланысты болуы да хақиқат.

Мұндай ұлттық санамыз шынында сезімнің қақпанынан шыға алмайтын, ел биліктің арсыздық саясатында сонда қандай көкжиегі болады екен? Олай болса, ұлтымызда жоғалған қоғамдық саналық қуаттық жүйенің қарсылығы ібілстің өнімін екінші жағдайдағы белгімен әрі қарай дамытуды, ібілістің сырттан салып, іштен сезімдік білім болып шығуы да заңдылық. Сананың 6 сипатты белгілері; Жете-мимен; Зерде-құлақпен; Зейін-жүрек көзімен, көздің көру қасиетімен; Жат-білектің тазалығымен; Жады — қос жаурынмен,тілмен, ғыпыр есігімен; Зеректік-көкіректің тазалығы, балтыр, тіземен байланысты болуы шарт.

Бірақ бұл білімді европалық ғалымдарға аударылып көрсетілмегендіктен қазақ ғалымдары, философтары, психологтары мойындамайды, құдайдан өздері хабар ала алмайды, сондықтан ел басының теріс ойшылдығына, біліммен қисындауына қол шапалақтап «қандай данышпандық» дегеннен басқа сөздері де болмайды. Егер де ата жолының қазіргі таңдағы ғана жазылған білімінің үштен бірі ғана орыс халқына таныстырылса, қазақтың діншілері, ғалымдары әлемге де мазақ болар еді. Мұндай мирас білімін өз ұрпақтары терістеп, мазаққа айналдырған біздердей қауым әлемде кездеспейді де.

Негізінде рұқтық тұрғыдағы тіл білімі, қазақтың білімді қауымында европалық әлемнен кем емес болғанымен де, оның иман айнасын діл білімімен ана тілімен ғана меңгеріп алу керегін осындай екі жүзді саясаттың арқасында жоғалтып алғандарын да білмейді. Сондықтанда иман арқылы ғылымның келетін, ішкі перінің терістеп үнін білдірумен өзге елдің тілін тікелей меңгеру арқылы ғылымды боламыз деген де қисынды болады білім тұрғысында. Бірақ, ол сол ұлттың ғана мирасы болатын өзге ұлт үшін тіл біліміне жалғанудың ғана жүйесі екенін түсіне алатын қазақтың ғалымдары да жоқ.

Олай болса, елбасымыздың 6 сипатты белгіні енді латын тіліне таңба өзгертумен тез меңгеруге, саналы ұлт болуға деген құлшынысында да перілік жүйенің керісінше мүлде санасыздықпен, қарсылыққа негізделген қысқа сезімдік ақылға байланған заңмен, жолдаулармен әлемдік жүйеден шыға алмайтын, дүниеге құл ұлтқа айналдыруға оңай тәсілі пайда болады. Ол тәсілді енді; «…Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.   Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды…»

Рухани жаңғырудың жолы білім тұрғындағы тарихтағы қияметтің сынағы болған оқиғалар мен бүгінгі заманның талабына сай болумен ғана байланысты болу керек дейді елбасымыз. Бұл жерде ар білімін меңгеру арқылы ғана Құдайдан жол-жоба алу, ғылымның кереметімен бірге жүретін шынайы бейнесі деген ұғым мүлде ескерілмеуі керек. Бүгінгі күнің жағдайы мен ертеңгі күннің шынымен арасында өзгермейтін таза ақылдың құдайлық шынның маңызын білу үшінде ар, ұяттылық, ұждандылық деген ата дәстүрінің, ата жолының негізі болуы керек. Ал ол жүйені ғылымдық маңызын ашып зерттетпей қудалап, соттап, әлі кезге дейін масһабтық тәпсір арқылы тұншықтырып, ақырында мүлде жоғалуға дейін тіргенін, оған өзінің де қол қойғанын іштей сезеді немесе мүлде ұмытып қалған болуы керек.

Сондықтан ел басымыз өзінің жеке басының болашақтағы абыройын ғана емес, бүкіл ақылдары негізделген қазіргі қияли, зиялы қоғамды құтқарудың, қалайда мұны сол қалпында ұпақтарға білдірмеу үшін таңбаны ауыстырып, ақпараттық тұрғыда аласапыранға салып, талай жылдардың діл жібін үзіп, рухани негізделумен өткізуге болатынын да болжай білген.   «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі….»  Алла тағаланың ғана меншігінде басқаруында болатын; «Нұр отан, нұрлы жол, нұрлы жер, зайырлық..» т.б. ұғымдармен бірге «Зерденің ашықтығы» есту қасиетімен құдайдан хабар уахи алумен емес, көрумен, яғни зейінділікті алмастыру, ақылды жаңылыстыру әрекетін де атқаруы керек екен.

Түбегейлі ақылдың біліммен негізделіп, қисындау ойшылдықтан әлде қайда пайдалы болған сана деген ұғымның жүйесін, тәрбиесін келмеске жібере алғандықтан да, мұндай елде әрине енді жолдаудың; «Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ ХХІ-ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес…» Бұл сөз жолдауын қолдаушылары шексіз қуанышта болуы да заңдылық.

Бірақ, бұған жетеден аз болса белгісін жоғалта қоймағандардың жүректерінде жайсыздық, діріл, қарсылығы болып қарсы болулары да сөзсіз. Әрбір зиянды  нәрседен пайда ала білу естілерге тән әдет болуы керек деп түсінсек; Онда енді қоғамдағы жетесіздерді, жындылыққа түбегейлі жалғанып, шайтанның жамағаты болғандар мен ібілістің тікелей ұрпақтары кім екенін де оңай анықтап, тарихта тізімін жасауға да болады. Себебі Раббымыздан хабар келіп, мұндай зұлымдыққа тосу болатынын ескертті де.

Раббымызда бұл жағдайдың қандай нәтижесі болатынын сұрағанда; «Ұлттың мирасы Кер жазуынан ажыраудан рухани тұңғиыққа тереңдік түпсіздікке байлануға апарады. Ұлттың рухани жібінен ажырап, екі аралықта қалып қоюына соқтырады. Кемелдену тежеледі. Ұлттың тағдырынан және тылсымнан мүлде ажырауына түрткі болады. Құпия сырлар ілімнен ашылмайды, біліммен ғана негізделу болады.  47 санының нығметі түгеседі. Төрт көздің түгелденуі жойылады. Төрелік өсиеттің пұшаймандығы болып тоқтайды. Ел басының жеке өзіне жүрегіне дақ түседі. Күре тамырға қысым түседі. Көк тамыр ісінеді. Көк кітаптан үлесі ортаяды. Кеңірдекке қыспақ салынады. 7 ата аруағының назасына қалады. Теңізден келетін қуат тоқтайды.»  Ал қазақ еліне келетін қияметтің сынағы онан сайын артуына да соқтыруымен оның белгілерін алда жариялай береміз…Әзірге жанар майдың қымбаттауы болып, халықтың арасында дүрлігумен, күзге қарай қой малына арам түсумен, премъер-министрдің жеке өзіне сынақ келетіні ескертілді.   (Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *