II-СӨЗ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ МЕКТЕБІ

Бөлім: Сөз ұғымдары философиясы 181

(жалғасы 1-ші бөлімде)

     Қазақтың философия мектебі өлген деген сынды 5-6 жылдан бері үздіксіз айтып, жазбаларымда философтардың пәтуа, пайымдауларын сынап дәлелдер келтіріп те келемін. Бірақ бұған мән беріп жатқан философ-ойшыл ағайындарды көре алмадым. Өзгерген түк жоқ, сол баяғы айтылған сөздер ұғымы мен шала пайымдаулар, адасқан ойлар, кейбір сөздер тіптен үйренгеніміз сонша пайдаланып жүрген сөз атауларының ойы өзгеріске түсіп, басқа бір ұғымдарды бейнелеп, енді аталар қалдырған нақылдар, мақалдар мүлде өз маңызын жоя бастады.

Бірақ әйтеуір қазақ тілінде сөйлеп түсінсек болды емес пе деген науқаншыл қоғам қалыптасып, тіл сауаты деген атау сөз пайда болып, оны сөзді енді қатесіз жазуға да, ойлау қабілетін бейнелеуге де, діл, тіл біліміне де пайдалана беретін болдық.

Ал негізінен сауаттылық деген сөзді орыстың сөзімен тексерсек; сауатсыз- «не грамотный», яғни арнаулы ұлықсат қағазы, яғни білімі жоқ деген мағына береді. Негізінен «Сау ат» сөзі білімділіктің өлшемі емес, еркектің жыныстық қуат тазалығына, жынына байланысты қуаттық, тектік ұғым екенін біле бермейміз. Маған «Фб» бетінде қыз болсын, қатын болсын менің көбіне қате жазатын, әріп теру барысында ұмытшақтық, байқамайтын кемшілігімді көре қалады да сауатсыз жазасыз, тіл сауатынсыз деп жазғырады. Мен «Сау атым дұрыс, себебі дені сау бала тудырғанмын» деп жауап жазғаныммен, оған түсінген әйел заты түгіл сөз меңгеруші еркекті де көре алмадым. Яғни бұл біздің философия мектебінің жоғалуын әшкере жариялап тұр. Бұлар негізінен білімді қауым өкілдері болып табылады да, болмаса сұхбатқа, пікірталасқа, ойын жарыстыруға түсіп несі бар? Бірақ оқыған, оқытқан мұғалімдер де, жазушыларымыз да философиялық білімі төмен, сөз ұғымдары осылай қабылданғандықтан, оймен бағаланғандықтан сондықтан ой мен тіл екі жақта жүр. Себебі сөз қуаты санмен өлшеніп, тіл білімінде мүлде басқа ойды белгілейді. Ата-бабамыздан дінімізде, тарих шежіреде қалыптасқан тіл білімін яғни үнмен бейнесін енді біз қандай білімді болсақ та оны өзгерте алмаймыз. Себебі жанда ол қабылданып, тылсымда екі аралық бейне, өрістік сипатында санмен белгіленіп тұрақтап қалған.

     Енді «САУ+ АТ» ұғымы қазақ сөз шешендерінің айтқан сөздерінде, нақылдарында, Жиренше шешеннің Қарашаш анамызбен сөз өнерімен айтысында «Сен жаяусың, мен аттымын» деп ескерткен жері бар. Сонымен; «Сауат» сөзінің жұбы «Сауап» бұл (женский) әйелзатының қуатына байланысты ұғым. «Ап»-көтеру, жүктелу деген ұғыммен байланысты болмақ. Ал осындай жағдайда қандайда бір сауапты іс қанға, ділге жазылуға, тектілікті мінезді жетілдіруге, мейірімді қалыптастыруға тиісті қуаттарға байланысты ұғым болып түсіндірілген. Жалпы «САУ» сөзін қозғалыс анасы деп түсінген абзал. Сонымен; «САУАТ», «САУСАҚ», «САУАП» деген де қозғалыстың басы, негізі текпен байланысты екенін де айқын әшкерелеп тұр. Енді біздің тіл сауаттылығы деген ұғым дұрыс емес. Тіл үнмен байланысты қозғалатын болғандықтан өлшемі тұрақты «констант» музыкалық білім мен және құранның жеті үнімен өлшену керек. Сөз білімін тіл қозғалысымен өлшеу де ақымақтық болып шығады. Жалпы сөз білімі ойдың қуатымен, тазалығымен, ақылдың көрінісімен өлшену керек. Ал енді пайғамбарымыздың өсиетіне жүгінсек; «Білім екі түрлі болады. Бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген өсиеті барлық білімінің негізін және сөз білімінің де тұрағын ескертіп тұр. Сонымен менің грамматикалық қатемен жазуым ол жазба білімінің жетіспеушілігі деп, ал негізінде; қатемен жазасың немесе әріпті дұрыс тере алмайсың, салақсың, жазуың олақ деген ескерту нақты болады. Ал бұл жағдайда; «Сауатсыз жазасың» деген менің жыныстық қалымды (еркектік мүшені) некемен төсекке жатып тексергендей және оны қыз баланың да айтып отырғаны да ұятсыздық және орынсыз, орнымен айтылмаған «ұныңды шашайын ба?» дегендей ессіз сөз болады да осындай жағдаймен ой өрісіне теріс әсер беріп тіл көздену дертіне де жол береміз.

Осындай пікірталас кезінде; «Еркек атты, әйел жаяу, менің атымның саулығы үйдегі жаулықты етектінің тазалығынан. Мені жаулығы жоқ жаман қатындар грамматикалық қатемен жазасың деп айыптайды. Әттең, солар «Сау атымның» қорасына байталдарын қамап алса, етегі ұзарып, жаулығы тазарып қалар еді» деп те жаздым. Бірақ жалпы жазушы, білімді қоғам өкілдері ой мен тіл білімі мүлде алшақ болып, мұндай нәрселерді қарапайым елеусіз ұғымдарға айналдырып алған. Осындай сөз ұғымдарының, атауларының жабайыланып өз мақсатын жоғалту жағдайларға байланысты, қазақтың жан ғылымы нақыл, мақалдар түріндегі сөз білімі мүлде ашылмай, құран аудармасына да мән беруден қалып, керісінше арап сөздерінің осындай «САУАТ» сияқты «Ақида, Тәуәсіл, Ыстықпар, салухуалексалам, радиоаллаху анқу..т.б.» атау сөздерін барлық жерге тықпалап ойды шеттеп, тілді аздырудан, ой өрісін бұзудан, рухани көлеңкесі де жабайыланып, халқымыз жаппай мәңгүрттіккке қарай бет алғаны да сөзсіз. Сонымен талқылауымызға қайта оралсақ; «Сауат» сөзін «білім» сөзімен ауыстырып алдық. Білімсіз сөйлеу, білімсіз жазу мен қатемен жазудың өзінің ерекшелігі, амалдық дәрежесі бөлек. Қатемен жазғанның бәрі білімсіз болуы, яғни ой сөзбен табыспай тұруы мүмкін емес. Орыстың «неграмотный» (арнаулы құжаты жоқ, мақтау қағазы жоқ) сөзінің өзі осындай өз мағынасын қазақ сөздермен философиялық маңызын бейнелегенде дәл нақты сол уақиғаны суреттеуге мүмкіндік беріп, әрбір адамның ойлау жүйесін де сезім-санасын да жетілдіре түсуге қабілетті. Мысалға білімді сөйлеудің өзі; ділмарлық, бітімгерлік, сәуегейлік, шешендік, билік, абыздық болып та әрбір амалдардың дәрежесіне қарай жіктеледі.

Енді осындай қарапайым ой мен тілдің алшақтауынан сөз ұғымдары жоғалып, рух пен жан туралы білім бір-бірімен қосылып кетуінен құранда; «Сендерге (араптарға) рух (жан) туралы аз мәлімет берілді де..» деген аятта аудармашылар рух пен жанды бір қойған. Ал шындығында бұл аяттың сандық мәні бойынша да жалпы құран философиясы бойынша да «Жан туралы аз мәлімет..» деп түсіндірілуі де керек еді. Себебі құранның өзі рух туралы терең білім және оған ескертілген аят та бар. Ал жан туралы пайғамбар өсиеті мен қазақ даналығында толық мәліметтің барын бүгінгі философ ағайындарымыз өзі меңгермегендіктен қазақ тілінің, қазақ сөзінің мүлде беделінің болмауына ғана өзіміз қолдан қарсылық қызмет жасап отырмыз. Жан ғылымының қай халықта кітабы болғанын қалай анықтауға болады деген сауал да туындауы сөзсіз. Әрбір нәрсені жұбымен, парымен жараттым деген жаратылыстың бұлжымас заңдылығы бұл дінде де, құранды зерттеуде де, философия ғылымында да ұстануға парыз болған заңдылық болу шарт.

Ал, бірақ бұл жартылыс заңын қаперге алмаудан, арап тіліндегі негізгі атаулар сол қалпында алынып оның жұбы, парын мүлде ескерусіз қалдырғанбыз. Арап, құран тілінде бұл атаулардың жұбы да парыда жоқ. Ондай жағдайда құранды өзгертпей сақтау қиын болар еді. Қазақ елнде бұл атаулардың сан алуан сипатары болып, бірақ негізгі сандық, қуатық өлшемдерінен айрылып қалғанан кейін. Құранды аударуда, өзге тілдерді зертеуде де бұл сөздер сантан шығып қалған немесе басқаша кері әсер беретін күнәрпға жасауға соқтыратын сөз ұғымдарына айналып алған.

Енді бұл жағдайға басты кінәлі философия мектебі ғана емес тарих мектебінің жетілмеуінен болғаны да сөзсіз. Ана тіліміздің абырой-беделі мен дініміздің дәстүріміздің арасын қосатын шежіре тарихымыз екенін енді ғана түсініп ел билік те қолға алумен амал қыла бастадық. Бірақ бұл салада бәрібір философия мектебінсіз сөз атауларының өз мекенін, аралық қуатын таппайынша нәтижесі де аз болатынын ескерген жөн. Философия мектебі қазақтың дәстүрлі дінін меңгермесе орнынан да қозғала алмасы да анық. Бұл тақырыпты да кеңінен түсіндіруге қайта оралып, кітап та жазу керек болар. Сонымен Ар қуатын қалай түсінеміз?

     Қазақтың дәстүрінде жан ғылымын меңгергендерді «Арыс» деп атап, ал жан ғылымы рух білімінсіз болмайтыны ондай білімдіні «Білекті» деп атап, «Тоны Көк Білекті Қаһан, Жүніс пайғамбарымыз сақтың ұрпағы екеніне де тарихымызда дәлел жеткілікті. Енді сөз білімімен яғни діл білімімен бұл атаудың негізін талқылап көрейік. «Ар+Ыс» сөзі еркектерге тән (мужской род) болып, негізінен «Ар»-лар сақтардан тарап, «Ыс» сақтар мен ғұндар арасынан тараған нәсілдерге тән, жын қуатын меңгеру тазарту болып саналады. Бұл ұғымның жұбы қарама–қарсы белгісі де «Ар+Ап» болып, ал «Ап»-тардың ғұн әулетіне күйеуге шыққан әйелден тараған ұрпақ екеніне және ол да Сақтың тегінен пайда болғанынан әрине қазір ғалымдарды да, халықты да иландыру қиын. «Ап» пен қазақ руына жататын Уақ ұғымы да егіз яғни жұп болып келеді. Сонымен бұл ақпараттарға тарихта да құранда да санмен көрсетілген белгі бар. Арлар мен Ғұндардың өзара қан алмасуынан тарап, бірақ негізі әкесі сақтың ұрпағы болған; Арлар (арилар) болып тарихта мәлім болған Ыбрайым, Салих, Һұд-Мәлік Сыдық пайғамбарлар қазақ жерінде жерленгенінің өзінде біздер қазақтар тек сақтың ғана емес, яғни Ар мен Ғұнның және көптеген осылар арқылы пайда болған орта буын тайпа өкілдерінің де негізгі тегін, нәсілдер бірлігін қалыптастырған ұлт болып саналамыз.

Енді «ОР+ЫС» ұғымы қалай пайда болған? «ОР»-лар да орта буын өкілдері, қыздан шыққан саққа жиендер болып, ал «ЫС» -тар ғұннан пайда болға жиендер болып, осы екі негізден орыс халқының негізін қалайды. Сондықтан АР+АП-тар да сақпен ғұн тайпасының , яғни қазақтағы «Арғын» руының арғы беттегі сыңары болып келеді. Бұл дәйектерге әрине дәлел керек. Ол дәлел Қажы баба зияратында, Алматы қаласының Ремизовка ауданында Қазақ, Созақ бабаларымыздың қарындасы Құзын Сауға Зейнеп анамыздың зияратында (біздің жыл санауымызға дейін 400-ші жылдар) арап харпімен жазылған тақтай бар деген дерек те бар. Бірақ бұл деректі зерттеп халыққа таныстыруға, ғылыми зерттеу жүргізуге ғалымдарымыз, ел билік мойын бұрғысы, өздерінің жалған ақпараттарын өзгертуге де қорқыныштары жібермейтіні де хақ. Ол түгіл олардың ата-анасының да басындағы мұрағаттарды, тарихи естелік қазыналарды қазып алуға шақырғаныма 5-6 жылдан асты әлі жауап қатқан, ұлтымыздың тарихына мүдделі пендені естігенім жоқ. Ел басының өзі де бұған мән берер емес. Қазақтың ел билігіне әсіресе жеке ел басшысына келетін болашақтағы бұқара халық пен жастарымыздың, ұрпақтарымыздың тарапынан рухани айыптаудың да себебі осында тұрғаны сөзсіз.

     Енді қазақта; «Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық» деген жан ғылымымызға тікелей қатысты атау сөздер бар. «САУ-ЛЫҚ» сөзі «САУ-АТ» сөзінің жұбы, парлары болып, бірақ әйелдік қуатқа жатады. Сонымен өсіп-өну үшін адамзатқа қажетті «Төртеу түгел болса» деген осы төрт қуатты айтады. Інжіл жазбасында «ОНСАУЛЫҚ» қуатын шам ұстаған он қызбен және оның бесеуінің шамының майы бар, ал бесеуінде майы жоқ, күйеумен- «САУАТ» пен кездесе алмай сыртта қалған қылып баяндайды. Және Ғиса пайғамбарымыз; «Әйелдер үш тегеш қамыр илеуші немесе шарап ашытушы» деп астарлап түсіндірген. Адам баласы осы үш қуатты меңгеру үшін «САУАТТАН» шығып, ана жатырында үш қараңғылықта өсіп жетіледі. Сондықтан да Ақжаулықтың да, Денсаулықтың да құран сандар білімімен өз мөлшері, белгісі, аяттары да бар. Сонымен енді; «САУАТ; САУАП; САУСАҚ; САУЛЫҚ» болып, бастапқы қозғалысқа рухани себепшілер «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген мақалымыздың да бір шешімі болады. Сонда бесінші сөз атауы қандай болады, енді бұл тіл білімнің жұбы. Парын тапсаңыз қазақ философиясы мен дінге, құранды зерттеуге үлес қоса аласыз.

Қазақтың жан ғылымының сырын бүгінгі философия мектебінің өкілдері ғана емес, бұрынғы дін мамандары да көптеген сөз ұғымдары өз мәнін жоғалтуға үлес қосқаны да сөзсіз. Сонан барып қазақ дәстүрінің діл, дін білімінің де өзге ұлттар алдында абройы түсіп, қызылбастық намаздың масһаб білімінің үстемдік құруына жол бергені бұрынғы ғасырлардан басталғанын, оны Абай атамыз да; «Имансыздық намазда, Қызылбастың салған жол» деп осы кездегі масһабшылардың әрекетін сол замандарда болғанын, қазақ сөз, жан ғылымына қасірет болғанын әшкерелеген.

Бұл себепке де қысқаша тоқтала кетсек. Пайғамбарымыз; «ДІН-ХАЛЫҚҚА БЕРІЛЕТІН НҰСҚАУ» (446-өсиет) деп ескерткен. Ал енді дін нұсқауының білімін ашатын философия ғылымы болып саналады. Сонымен философия да барлық ғылымдар мен жаңадан пайда болған білімдерді және ұлттық рухани құндылықтарды сол өмір сүрген заман сөз ұғымдарымен түсіндіретін ойшылдықтың тіл білімі болып саналады. Сондықтан философияның өзі діннің халыққа берілген нұсқаулардың да түсіндірмесі дін болып шығады. Ал бұл заман біліміне қарай жетілген дінді-философияны меңгеруші және негізгі дін нұсқауларына сай оны орындаушылар қазргі таңда түрлі атаулармен сөз ұғымдармен сипатталады да, философия мектебінің өз мақсатын жоғалтып алса, дінде де халықтың рухани бірлігінде де түрлі топтарға бөлініп алып өзара бәсеке, араздық, көреалмастық және соғыс өрті де туындайды. Ал соғыс болмаған жағдайда халық ішінде ағайындар арасында рухани қақтығыстар мен құдайдан сынақ келіп от апаты, су, жол апаттары, құрғақшылық, аштық басталды. Сонымен інжіл жазбаларындағы; «Баста Құдай сөз болды» деп жаратылыс басы сөзден басталып, сөздің түрлі бейнесі, әсері, қозғалысымен көрінісін табатынын баяндайды.

Қазақ философия мектебінің өкілі Абдрашит мырзамен болған сұхбатты алдыңғы мақалада баяндап өттім. Сонымен Абдрашит мырза; «Дін мен құдай жолы бөлек» деп философияны да құдай жолынан бөлектеп алып отыр. Неге мұндай пәтуаға барды? Әрине сөз атауларының ұғымын зерттемей бүгінгі өз мәнін жоғалтқан сөздерге еріп, осындай адасуға соққанын бұл ағайындарымыз аңғарудан қалған. Сөзді меңгеруге жаратушымыз нұсқауын, таза ақылын дінді жаратты да оған қарсы жұбы теріс ойды ғана жаратты. Ал енді дінді қанша меңгеріп түсінген сайын қарсы күштер сол насихаттың қарама–қарсы дінін яғни теріс ақылдың философиясын жаратып отырады. Ібіліс те философ, дін ғалымы, имам, поп, «отец» болып арамызда өмір сүреді. Оны енді заманға қарай пайда болған осындай ойшылдар екі арасын жалғап араластырып жібергендіктен енді таза дінді табу үшін тек құлшылыққа Алланың «ӨЗІНЕ» жүгіну арқылы ғана заман білімімен тазартып отыру керек. Құранды да теріске алатындар адамзаттың көпшігі болады деп насихаттайды Раббымыз.

Шәкәрім атамыз; «Бұл күнде діндердің бәрі нашар,

Ешбірі түзу емес көңіл ашар,

Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,

Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар.»

Дін адамзат көңілін ашпаса, ойды тазартпаса, жанды өсірмесе онда дін емес жалған дейді әулие атамыз. Ал, енді философия білімі сөз ұғымын айқындап, адам баласының білімге деген көңілін ашып, ойлау қасиетін жетілдіру керек емес пе? Дін емей не сонда философия мектебі? Ал енді мұндай адамзаттың зұлымдыққа түсуіне басты да себеп негізгі нұсқаудың, 4 кітаптың насихатын түсінбеуден туындаған;

«Тәпсірші» деген атақ бар,

Қарсы айтсаң, молда қақақтар,

Анығын таппай айтылған

Тәпсірде талай шатақ бар,

Ой-жотамен адасқан.

Шәкәрім атамыз ойлаудың да екі түрі болып жотамен ойлану, баспен ойлану деп ескертеді. Ал, жотамен ойлануды қалай түсінеміз, ғылымы философиялық шешімі қандай? Ойлау жүйесінің пары да болып сонымен негізінен үш түрлі ойлау қасиеті бар адамзатта. Бұл тақырыпты оқушым енді өзіңіз шешіп көріңіз, ол үшін де;

..Жердің жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрінде де бар қауіп,

Дін көбейді сондықтан…

Енді ислам дінінің қандай да бір тобы болсын және Ханафи Масһаб діні де өз орнын дәл тауып орнығуы да яғни тұрақты тура жол болуы да мүмкін емес, өйткені заман да сөз атау ұғымдары да жүз жыл сайын үнемі жетіліп, өзгеріп отырады.

Дін тазасын діннен ізде,

Айда ақылды ноқталап…

Осындай атамыздың философиялық құран сырын, насихатын өз ұрпақтары философтар да, дін ғалымдары да сөз жүзінде мазаққа алып жатқанын да аңғарар емес. Мысалға «Құдай жолы мен дін жолы бөлек, дін жолы бүгінгі заманда надандыққа, арсыздыққа, түрлі бүлікшіл бәлеге апарады..» деп түсіндірген Абдрашит философ ғалымымыз Абай, Шәкәрім аталарымыздың еңбегін ғана түсініп оқыса, Құдай өзінің сипаттарын, таза ақылын тек дін арқылы ғана түсіндіріп, ал оның анығын дін тазасын айырып білу үшін құлшылықпен, сәждемен, сопылық жолмен құдай жолына яғни уахи, аянымен кітабын оқу керек екенін де халыққа да түсіндіре алар да еді. Және дін ғалымдарының адасуларына да, жастардың «фанаттық» қылықтарға бой ұруына да жол бермес еді.

Қазіргі ғылымдағы, шаруашылық тіршіліктегі философиялық бағытымыз да, дін құлшылығымыз да қайғысыздық жолын ұстанамыз. Масһабтық дініміз тек өлгеннен кейінгі ақиреттік жағдайға қайғырыңдар, тіршілікте тек намаз оқыңдар да ораза ұстап бес парызды орындап, қалғанына бүгінгі тұрмысқа, білімсіздікке, жаратылыс себебінің әсеріне де түк қайғырмаңдар деген философиялық діні бар. Сонымен бірге олар үшін ғылымға, тарихы оқиғалардың хақиқатына, шежіреге жүгіну тиімсіз әрі қауіпті. Себебі өздерінің жалған әулиелігі, пірлігі, хазіреттігі әшкере болып, оның орнына ғалымдар, философтар, көріпкелдер әулиелікке келуі мүмкін екенін сезеді. Ал, ел билігінің саясаты, керісінше халыққа берген философиясы да дүниемен, ақшаны көп табумен ғана сендерді құтқарамыз, өлім, апат, азап құдайдың белгісі туралы мүлде қайғырмаңдар деп насихаттайды. Мысалға жер сілкінуді ескерткен көріпкелді соттау керек, неге халықты өлім мен қайғыға салды деген сияқты болжампаздық қазақ дәстүріне тыйым салып, ата жолын соттаудың өзінде осы шайтандық пиғылдың көрінісі жатыр. Ел билікке де ғалымдық, философиялық жол мен қандай да бір дін жолдарының арасын қосу тиімсіз. Әсірсе сопылық жолдан өлердей қорқып, «терроризм», бүлікшілер деп айыптауға осындай топтардың ілігуі де себеп болды. Себебі олардың енді халық алдында беделі де артып, дін тазасы анықталатын болса, онда ел билеушілерге дінін таза ұстаған ғылым жолын ұстанғандар ғана келуін қалыптастырады. Себебі ондай тұлғалар дін арқылы көріпкелдік, болжампаздық, абыздық қасиеттерді тез меңгереді. Сондықтан да саясатымызда, яғни «ел билік діннен бөлек» деген заңды әлемнен көшіріп алуға да шайтан жамағаттарының арасында жүрген тажалдар себеп болғаны да хақ. Сонымен бірге масһаб ұстанушылар ел биліктің ықпалында болуға, құдайды да заңмен басқара аламыз деген жалған тәңірге шоқынған үстемдіктерін де көрсетуге де тиімді. Міне сондықтан қазақ ел билігінде екі саты дінді басқару жүйесі құрылған. Діні ісінде дін құлшылығына мән бермейтін тек біліммен ғана ойланатын топ жоғары болып, ал дін муфтиятты тек бес парыз сәждеден басқаны білмейтін надандар тобын болып, осы тажалдық жүйені әлем жұртындағы жалғаншылардың басын қайта жинап алып, құдайдың өзі берген жетістігімен мақтанып, өздеріне-өздері шен мен ғалым атағымен дәрежелеп марапаттау ғана жетпей жатыр.

Аталарымыз; «Қайғысыз қара суға семіреді» деп өлімді ойламай, құдайдың заманға қарай түсіретін хикметіне, белгілеріне (знаки) мойын сұнбай, құдайдың азабына түсем деп ақирет қайғысын ойламай, дүние соңына түскен пенде де, жаппай халық та семіздік ауруына ұшырауын ескерткен. Бұл екі бағыттың яғни ел билігі мен дін құлшылығының арасын қосу үшін де философия ғылымдық мектебін, тіл білімін қайта құру керек болған заман келіп, қияметтік сын сағатының белгісін мүлде ескермей жатқанымыз да бар.

Сонымен енді әрбір сөздің жұбы, пары және пайдалану ережесі болған халық — жан ғылымының сыры, кітабы берілген болып, тура жолға бастаушы ел болмақ. Сондықтан да енді масһабты тура жол деп танушылар, пайғамбар, елші, иман, сенім т.б. жүздеген жалқыға айналған атау сөздердің жұбын, парын және ғылымдық сипат өлшемдерін арап тіл білімнен таба ала ма? Әрине жоқ. Арап сөздігінде, тұрмысында қарапайым «Құдайы тамақ» деген ұғым да кездеспейді. Сонымен осындай жан ғылымының ерекшелгін, сөз ұғымдарын, оны меңгерушілерді әулие бабаларымыз, шешендеріміз, абыздармыз қалай түсіндірген?….

(жалғасы бар)

III-ҚҰЛШЫЛЫҚ ТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ МЕКТЕБІ

(жалғасы 2-ші бөлімде)

    Сұқбатта пікірталас тудырған философ ағайынның; «Дін жолы мен Құдай жолы бөлек» деген бірінші бөлімдегі талқыланған пәтуасына қайта оралсақ. Құран жалпы рух туралы білім және жаратушыдан түсірілген жаратылыс және тіршілік себептері мен әлем тағдыры туралы жоғары философиялық ақыл сөз. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың хадис-өсиеттері тіршілік қағидалары, өмір сүру тәртібі, мәдениеті туралы логикалық яғни сананы жетілдіру біліміне жатады. Осы екі білімнен барып жалпы әр ұлттың өзінің тұрмыс ерекшелігіне қарай психологиялық, ұлттық мінезді қалыптастыру, тәрбиелеу білімі дәстүрі қалыптасқан.

Бірақ замандардың дәуірлерінің алмасуымен өркениеттің де бір орында тұрмай жетілуімен сөз ұғымдары да өзара алмасып, күрделеніп жаңа атаулардың, сөздердің, тілдердің үні де жетілуімен ұлттық мінез, психология да өзгеріске түседі. Бұл жағдай сол елдің тұрғындарының логикалық біліміне әсер етіп, салт-дәстүрінің өзгерісіне, бүкіл елдің, қоғамның түрлі салттарды еріксіз қабылдап, діннің де әлсіреуімен түрлі тарихи оқиғалардың себебін туындатуы сөзсіз. Осындай жағдайда сөз білімі — философия ғылымның маңызы зор және қоғамның қандай жолды, бағытты таңдауына үлкен әсерін тигізетіні де хақ. Енді логикалық білім адамзат жанымен, саналығымен байланысты адам баласының жанын жетілдіруге, сананы қалыптастыруға, өзгертуге арналса, ал философия заман ағымына, өзгерістеріне, шаруашылық өркениетін, тұрмыс салтының рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жетілдіруге яғни белгілі бір өмір сүру қабілетін заманға қарай бейімдеуге ықпалы болатыны да хақ.

Осындай жағдайда сөз ғылымының жетістігі, ойшылдықтың дәрежесіне қарай дін философиясы да қайта жаңғырып көптеген ескірген ұғымдарды қайта қарастыру, құлшылық істерінде де толықтырулар болу шарт. Бұл тек сол халықтың философиялық сөз білімінің біртұтас жүйеге бағынғанда ғана мүмкін болары сөзсіз. Ал ендігі біз өмір сүріп отырған ел мен жалпы әлемде бұл жүйе мүлде өз жұмысын тоқтатқан.

Бұл философ ғалымдар немесе философия білімі мүлде жоғалды деген емес, қазақ елінде де бар, тек өткен тарихи құндылықтарды сараптаумен, баға берумен ғана айналысып логикалық дәрежеден аса алмаған. Ал философия алға қарай жылжымаса логика да өспей, сонымен бірге ұлттық психология, ел мінезі де кері кететіні де сөзсіз. Сондықтан дін ғалымдарының жоғары жаратушыдан келген философиялық тұжырымдарды заманға қарай қалыптасқан философиялық білім қалыптаспағандықтан мүлде зерттелмей және сөз ұғымдары да қайта тексеріп өз мәнін алмағандықтан Құдай ісін мүлде тыс қалдарған. Философия мектебі дін мектебіне әсері болмай, ал дін мектебі философия мектебін мүлде ұмытып екі арадағы байланыс үзілген. Сондықтан жалған дін ғалымдары өз дәрежесін сақтау үшін дін философиясын өздерінің еркімен жетілдіру, ұлтының тіліндегі пайда болған жаңа сөз ұғымдарын да қабылдау тиімсіз. Ондай жағдайда Құдай жолын, яғни хикметін, уахи-аяндарын, белгілер де қабылдап және іргелі ғылымдарды да, логика, психология білімдермен бірге философия ғылымын меңгеру мойындау қажет болады. Мұндай жағдайда тек арап тілін меңгеріп, дін ісіне ғана арналған дайын білім тәпсірлерді жаттап алып, бес парыз атап алған әулиелік, пірлік, ғалымдық дәрежелермен қоштасуға оның орнын нағыз философия ғалымдарына беруге тура келеді. Сондықтан дінді бөлек бір ағым, оған келген пенде дүниенің бәрін ұмытып, тек намаз оқу сияқты т.б. көптеген білімді пенделерге қиын болатын, әрі ертегіге айналған істерді маңызды қылып көрсетумен ғана айналысады.

Ал діннің барлық жаратылыстың басынан ең соңғы аяғына дейінгі тіршіліктің нұсқауларын қамитынын білмейтін және өздері құранды, кітаптарды, дін философиясын зерттеуге құлқы жоқ ғалымдар және дін тазалығын, парыздарын орындаудан да бас тартқандықтан өздері ақыл, білім, тақуалық жағынан жалған сопы, «хазіреттерден», имамдардан әлде қайда биік тұрғанымен құдайдың философиялық біліміне, құдай ісі аталған құдай жолына, тура жол насихатына ене алмағандықтан, заман уақытына дәуірлік әлемдік өзгеріске арналған құдайдан түсетін замандық жетілген логикалық үнге, уахи – аянға жалғана алмай, логикалық ойлау қабілеті тағдырмен келген діл білімінің дәрежесінде тұрақты болып, заманға қарай философиялық пайымдау, өркениетті бағалау қасиетін меңгере алмайды.

Осындай екі ұшты жағдайдан философия мектебі мүлде тұралап, тек логикалық жағдайда ғана өмір сүріп жатқаны да хақ. Бұл жағдай бүкіл білім беру жүйесінен бастап барлық ел басқару, саясат, қоғамдық тәртіп, жалпы халықтар санасына да әсер беріп, рухани азғындықты туындатып, онан бүкіл әлемдік дағдарысқа ғана себепші болады. Осыдан мың жыл бұрынғы қазіргі заман жағдайына сәйкес келмейтін философиялық білімдер де ілімдер де енді адамзатты азғындыққа қарай бағыттауға ғана себепші болғаны сөзсіз.

Сонымен, Құдайлық ілім жоғарыдан төмен қарай дамитын болса, ал адамзатқа құлшылығы арқылы төменнен жоғарыға қарай көтерілу керек. Бірақ дін мамандары да ортасын логикалық білімін, онда да ескі замандық бейнесін толық көшіріп алумен, заманаға қарай дамыған өркениеттік білім түгіл ұлттық жетілген дәстүрімізден, әулиелердің өмірлік дін тәжірибе тарихынан да бас тартып, өздерін бөлек, тек ақирет өлім ғылымы түрінде көрсетсе, ал іргелі ғылымдар өкілдері, философия мектебі де тұрмыстық жағдайдағы тіршілік, өмір сүру үшін күрес түріндегі логикалық жағын ұстап алып, жоғары философиялық ақыл деңгейіне көтеріле алмай, яғни екі жағы да құдай жолын, ата жолын, дәстүрін де мойындаудан бас тартқан. Бұл әрине тажалдық білім егелеріне өте қолайлы және «мемлекет билігі діннен бөлек» деген заң шығарып, арасында отырып алып екі жаққа да өз билігін үстемдігін жүргізуге, әлемнің бөлшектеп, топтарды өзара араздықта ұстап, өз саясатын еркін жүргізуге арналған рухани азғындаған тәжірибесін оңай алуға да ерік берген.

Осыдан барып біртұтас халық ішінде топтарға бөлініп алып, өзара философиялық сұхбат емес, керісінше жек көру, жамандау, бірін-бірі қудалаумен, ел билікті бірде олар, бірде бұлар айдап салып, өздеріне қолайлы заң шығартумен, түрлі партиялар, өзара жауласушы қоғамдық ұйымдардың пайда болуына әкеліп соқтыруға да себеп болды. Философия мектебі өз дәрежесінен айрылса онан дінші де, ел билік те, жалпы халық та өзара бір тілде сөйлегенімен бір-бірін ұғыну қабілеті жоғалып, арты құдайдың ызасын, біртұтас аруақ болған адамзаттың лағнетін туындатып, бүкіл халыққа апат, азап келетін құдай философиясынан хабарсыздықтан енді қазақ елі осы сын сағатын бастан кешіп жатыр.

Ең өкініштісі, бұл жерде ел биліктегілер үлкен зиянға ұшрайтынын әлі кезге дейін білер емес. Қанша еңбекпен, төзімділікпен, қажыр-қайрат жұмсап, елдің шаруашылығын жолға қойып, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жоғары деңгейге көтергенімен, тарихта рухани құндылық қана есте қалып, дүние байлығы ұмытылып және ел биліктегілер келешек өз ұрпақтарына да зиян тигізіп, ақиреттік болашағына балта шапқанмен қоймай тарихта таңбаланып, бұқара халықтың да қарғысына қалу қаупі де зор.

    Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ. Алдыңғы тақырыпта; «Сауат, Сауап, Саулық, Саусақ» атты төрт қозғалыс себебін талқыладық. Шәкәрім атамыз; « Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолғабыс» деп осы жағдайды ескерткен. Енді әрбір танылуға тиісті жаралыстың да өзіндік басты қозғалысы мен оған керек қолқабысы болу шарт. Сондықтан масһаб діншілеріндегі басты қателік қандай да жаратушының біздерге көрсеткен қозғалыс сипаты түгіл, оның қолқабыстық сипатын танып табыну, яғни ұқсауға тырысу, үлгі алу деген танымдық құлшылықтан аттап өтіп; « мен тек түп негізге ғана Аллаға ғана табынамын» деп мақтанады. Алланы тану үшін оның осындай қозғалыс сипаттарының бәрінің философиялық насихатын меңгере алмаса құлшылықтың бәрі жалған. Себебі біздің ақылымыз түп жаратушының сипатын философиялық оймен белгілеуге мүлде шамасы жоқ, сондықтан табынуымыз да жалған, адасуға апарып соқтырады. Аллаға табыну, яғни ұқсау, сондай болу, үлгі алып оның ісін, жаратушылық қабілетін төменгі адамдық дәрежеде қайталау мүмкін емес және ақылға да қайшы болмақ. Сондықтан біз тек Алланың «ӨЗІНЕ» табына аламыз. Құранда да «Сендер «МАҒАН» яғни «ӨЗІМЕ» құлшылық жасаңдар, табыныңдар, сыйыныңдар (сеніңдер)» деген.

Енді Алланың «Сөзі»-«Рух» қозғалыс басы болып, ал «Өзі»-«Қол» яғни қолқабыс себепшісі болып табылады. Рух дегеніміз бейнеленген ойды білдіреді. Қандайда бір адамзаттың ойы да бейнеленсе рухқа айналады. Адам баласы да өзінің төменгі дәрежесінде ойлау қабілеті арқылы рухты жарата алады. Яғни аруағын, серігін туады. Сондықтан рухтың да түрлі бейнесі, сипаты болып, Ібіліс те қозғалыс басы, теріс ойдан бейнеленген рухқа жатады. Енді таза ақылға байланысты рух, теріс ақылға байланысты күнәлі рух болып екіге бөліп қарастырсақ, негізінен осы екіден барлық қозғалыс басы болып, Бақара сүресі осы жағдайды және рухтың барлық жаратылыс сипаты мен өлшемін ескертіп тұрғаны да хақ. Рух қашанда даулы мәселе. Сондықтан да қандай да бір сөз орнымен пайдаланбаса дау туғызып, адам өрісін арамдап, керісінше рухани ауруға апарып соқтырады. Осындай жағдайға байланысты Шәкәрім атамыз; «Атадан қалған ақ сауыт, Арамға әбден былғанды..» деген насихатпен сөз сөйлеу өнерінің, қазақ философиялық білімінің сол замандарда да жоғалғанын ескерткен.

Сондықтан қашанда сөз қуаты даулы, рухты меңгеру мәселе болғандықтан біртұтас қолсыз, яғни сөз, тіл білімінсіз өзіңе қажеттісін өлшеп алу да мүмкін емес. Енді «СӨЗ-РУХ» болып оны «ДАУ» деп белгілеп, ал «ӨЗІ»-«ҚОЛ» яғни Алланың құдіретті қолы, сөз білімі, түсірген кітаптары мен Тәурат, Забур, Інжіл, Құран бірлігінің қандайда жаратылыс сипатына қозғалысқа айналған бейнесі. Бірақ бұл қозғалыс сипаты негізінен ең соңғы нәтижесі адамзат болып, адамзаттың да жақсы, жаманы, күнәлі, күнәсіз, қасиетті, қасиетсіз, жынды, жынсыз және періштелік, кісілік сипаттары да бар. Бұл сипаттарының негізі де жанға жазылып жанға айналумен, ал жанның да тозақтық, жаннаттық сипаты бары адамзатқа мәлім жағдай.

Сонымен тазарған және жаннатқа енген «ЖАННАТ»- «БІРТҰТАС ЖАНДАР», Алланың құдіретті «ҚОЛЫ» болып саналады. Сондықтан бұл қозғалыс негіздері қол өздігінен қолқабыссыз және «Саусақ, Саулық, Сауатсыз» «Сауап» істерді атқаруы да мүмкін де емес. Оған енді міндетті түрде рухтан қозғалыс «Дау» керек болып, «ҚОЛДАУ» бұл қозғалыстың екінші аты «АРУАҚ» болып, аруақты мен жазбаларымда қол деп атағанымда оны ойдан шығарып жүрген жоқ едім. Рухсыз, жынсыз аруақ «Қол» болып саналады. Ал оған енді «Жын» қуатын, қозғалыстың барлық білімін қосатын болсақ «ҚОЛДАУ» болып, Аруақ қолда немесе «Я, Раббым қолдау бер» деп сұрайтын сөздің де құпиясы Алланың «ӨЗІНЕ» себебіне табынып, сыйыну амалы болып шығады.

Пайғамбарымыздың; «Жаным Қолында болған Алламен ант етейін!» деген сыйыну амалын қазақта «Аруақпен қолдау бер!» деп сыйынамыз немесе «Аруақ қолда!» деп Алланың өзінің «Қолдау» сипатын, сөзін де білетінімізге пайғамбарымыз сияқты ант береміз. Философиялық тұрғыдан қарасақ еш айырмашылығы да жоқ. Ал, тек арап сөзінің ғана атау ұғымымен сөздің бәрі араптан ғана  тараған деп түсінетін болсақ, онда оп-оңай; «Серік қостың» деген масһабшылардың басты қаруы және ақылға арналған адам аулайтын қақпанына айналып шыға келеді. Сондықтан да; «Сендерді ұлтқа, руға бөлдім, түстерің, тілдерің қарама-қарсылық жағдайында бір-бірлеріңмен жақсылыққа жарысыңдар» деп ескерткен Құдайымыз. Олай болса әр ұлттың өзінің тіл біліміне қарай философиялық ерекшелігі, ойлау жүйесінің, сөз ұғымдарының қарама-қарсылығы да болып, тек сол арқылы ғана жақсылыққа жетуге болады.

Масһаб ғалымдарының тек арапша ғана ойлану жүйесін қалыптастыруға арналған, әркім өз бетінше құранды арапша оқып қана, арапша ойлану, араптың ойын алу арқылы ғана жаратушыны танисыңдар деген философиялық бағытты қазақ түгіл әлемдік тұрғыда да халықтарды адасуға, исламды түрлі топтарға бөлшектеуге, ақырында теріс рухани жолға түсуге ғана себепші болғаны сөзсіз.

    Енді бастапқы тақырыпқа қайта оралсақ; «САУАТ, САУАП, САУСАҚ, САУЛЫҚ» қозғалыс себепшісіне, «Төртеу түгел болса төбеден келетін» Шәкәрім атамыз ескерткен ар сауытын қалыптастырушы таза білім «САУЫТ» сөзін қосып және бұған ішкі әр пенденің рухани жағдайын нәпсісін меңгеріп, тазартуға байланысты «САУЫҚ» сөзін қосуға болады. Ал, «Сауық» құранда (Халифа Алтай аудармасы) «Зауық» болып берілген де аятта; «Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде бір зауық бар.» (16-6) Бұл аяттың сырын шешіп және оның немен байланысты екенін білетін қазіргі таңда ислам әлемінде дін ғалымы жоқ десек қате емес. Бұрынғы замандарды да бұл қораңдағы қой, ешкі, сиыр, түйемен байланысты ғана тәпсірленген. Бұл сырлары шешкен қазақ даналары ғана. Сондықтан да рухани малдарды қалай қоралап өргізу туралы астарлы түрлі нақыл мен аманаттар қалдырғанын біле бермейміз. Абай-Шәкәрім әулиелер насихаттарында айқын және түсінкіті түрде баяндалған. Енді бұл рухани түрдегі малдар яғни «ДАУЛАР» сипатын сөз ұғымдарымен белгілесек тағы да; «САУАТ, САУСАҚ, САУЛЫҚ, САУЫҚ» адамзаттың тәніне байланысты пайда болатын рухани мал қуаты болып оған, осы төртеуің түгел болса төбеден «САУЫТ» таза ақыл, ар қуаты қосылып, әрбір пенденің тәубесіне, күнәдан ақталуына байланысты «САУАП»-ты Алладан «ӨЗІНЕН» «ҚОЛДАУ» болып жазылып қосылып отырады. Сондықтан қазақ сөзінде қандай жағдайда да «Қолдау бер!» деп сиынғанымыз, бұл ісіме «Сауап бер!» деген сөзбен де байланысты болмақ. Сондықтан да алғашқы тақырыптағы «Сауап» қозғалысын енді «Сауық»пен айырбастап орнын ауыстырдық. Себебі; «Сауық» сөзі «Ойын» сөзімен қозғалыспен байланысты яғни малды өргізу болып, «Ойын-Сауық» сөзінің өзі жоғарғы аяттың мағынасын ашып, малды-қуаттарды қорадан шығарып жаюмен де байланысты болуы сөзсіз. Және; «Сауық-Зауық» сөз ұғымы некемен ерлі–зайыптылардың жыныстық қатынасы кезіндегі ойынымен, өзар қуат алмасып, ләззат алуымен байланысты. Бұл да «Малдарды қоралау» болып саналады. «Қазығы менде ат қайда барды?», «Үш ағашқа атын байлай алмаған еркек, еркек емес.» «Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар», «Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер» деген сияқты көптеген мақалдар ер мен әйел малдарын қоралаған кезде зауық бар деген аяттың жан сыры болмақ. Сондықтан енді егер төртеу түгел болу үшін «Сауат, Саусақ, Саулық»-тарды құдайдан берілетін, жазылатын; «Сауаппен» ғана басын қосуға болады.

Құранның негізгі есептік рухани сүннеттелу қағидасы; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, көп тіпті қайда болса әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық біліуші.» (58-7) Бұл аятты масһабшы ғалымдар да хазіреттері де кәперге алмай сөз жүзінде серік қосып, Аллаға ортақ қосатындарын да білмейді.

Төртінші Алла болып; «Саусақ, Саулық, Сауатқа» + Сауап болып жанға білім болып жазылады. Алтыншы тағы Алла болып; «Саусақ, Саулық, Сауат, Сауық (Зауық)»қа тағы да «Сауап» болып қосылады да тағдырға, қозғалыс біліміне айналады. Ал «ОЛ» олармен бірге жүретін Алланың құдірет қолының көлеңкесінен, пайғамбарлар, әулиелер кісілігі- «РУХЫ» болған Алланың «Ол» сипатын яғни «БІЗ» -ді ескертіп тұр. Сонымен; «Саусақ, Саулық, Сауат, Сауық, Сауап»+ОЛ= «АРУАҚ» бейнесі пайда болып оның негізі адамзаттың қолынан пайда болмақ. Арлығы түпкі бастапқы қозғалыс басына ұқсайтын; «Ар+У+Ақ» болып шығады да жаралыс басы «Жан»-«Жаннатпен» яғни Алланың құдіретті қолы, Раббысының ғаршысы арқылы басқаруда тұрады.

Ал, Ар қуаты еркектерде «КІСІ» — еркі, ал әйелдерде періштелігі «Бойы», «У»- малдық, нәпсілік қуат, «АҚ» жан негізін құрайды да әйелзатына тән ақ жүрек болғанмен екі жынысқа да тән екені сөзсіз. Шәкәрім атамыз Ар мен Ақ туралы;

Адамның бәрі бір, болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Ар билейтін заманда нәпсі өліп,

Бірігер еңбекте барша адам баласы.

Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,

Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.

«Ақ иіліп сынбақ жоқ»-деген рас,

Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?

….. ………. ……….

Мен өлсем, ұрпағым артымда қаларсың,

Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.

Есіңе алып келгенде қабырыма,

Шаттықпен шалқытып әніме саларсың!

Енді осын өлеңді мысалға алған ба? Семей жақтың зиялы қауымы жастарды жинап алып, дәрет түгіл киімдері де арсыз, ұятсыз, жалаңаштарды жинап алып, әулиелердің қабыр басына барып өлеңін оқуды әдетке айналдырған. Шәкәрім атамыз «Өлеңімді оқы басымда» демеген «Әніме саларсың» деп өзінің аруақ үніне, өмір үніне, жоғарыдағы алты қуаттың бірлігіне, тылсымдық құранның жеті үніне — жанға «ОҒАН» жалғануды ескерткен екен. Аяттағы 7 саны осы жеті үндік аруақтық қуаттың бірлігін ескертеді. Ал енді «Сауық-Зауық» қуаты өнермен байланысты болып, Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескерткен. Бірақ ендігі қазақ өнері ойын-сауық болып алғаны да сөзсіз.

    Сонымен осы алты түрлі қуатты «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» дегендей араз қылмай бірлігін ұстап тұру үшін «САЛАУАТ» деген құлшылық намазы бар. Намаз оқу, намаз орындау, Намаздарды толық орындаулар да осы «Салауат» арқылы орындау исламның негізгі қағидасы және пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйек арқылы сәжде жасауға келдім» деген өсиеті мен мүміндіктің де жеті намазы пайда болады….

(жалғасы бар..)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *