III-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 245

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

          (жалғасы, басы 1;2 тарауларда)

Ата жолының негізгі ұстанымы ата дәстүріміз болып; «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген негізгі үш қағидамен басталып, ал құлшылық негіздері; «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» деген бабалар аманаттарына негізделген. 

Қазіргі таңда ел биліктің пәрменімен қазақ дәстүрін меңгеруді міндетті деп санаған ұлт руханиятын қалыптастыруға деген игілікті қадам жасалып, бұл тапсырманы енді масһаб, муфтият және дін істері басқармасымен дәстүрді және дінді біріктіреміз деген қозғалыс та басталып та кетті. Сырттай қарағанда бұл ел билік пен білімді қауымның, дін мамандарының өз қателерін мойындап, бірақ; осыған дейін ашық қателестік,- деп халықтың алдына бастарын июден, яғни қарсылық жүзіндегі заңдарын кері алудан іштегі жалған намыстары жібермей осындай атау сөз ұғымын да пайдалану сөз ғылымында, философиялық түсінікте надандық деп те атауға болады. Себебі дәстүр- деп аталуының өзі заманға қарай дін өркениетінің әдет-ғұрып, салтымыздың дін құлшылығымен тұтастығын білдіретін атау сөз. Сондықтан енді оған қосымша масһабты дін деп шапан қылып жабудың өзі қазақ философия мектебі мен жалпы ел билеуші, білімді қауымның ой тазалығы мен тіл тазалығына, яғни діл мен тіл білімінен мақұрым қалғанын да көрсетеді. Себебі, қазақ дәстүрінің ең басты ұстанымы да; тек қана масһабтық шариғат ұстанымдары емес, сонау Адам атадан бері қарай қалыптасқан адамгершілік ізгілік амалдармен, пайғамбарларға түскен нұсқаулармен, барлық дін құлшылықтарының негізгі амалдары тоғысқандықтан және осыған байланысты ата-бабалар өсиеті, нақылдардың  сөз астарын сұхбатты, даналықты меңгерумен, тылсым үнімен, жаратылыспен, жалпы әлеммен тұтастықта, бір үнде болуды аманат, уәде деп біліп, яғни діндердің ең басты құндылығы болып табылатын қазақ дәстүрінің көрінісі де исламның басты қағидасы екенін де білгеніңіз жөн. Сондықтан да бес уақыт намаз, зекет, ораза, хаж, хайыр, сауап дегеннің өзі дәстүр амалдары құлшылығының ішінен табылады да. Осы тұрғыда енді оған муфтиятты жеке дін қылып жапсырудың өзі надандық немесе ислам дінін бөлшектеу тажалдығы деп те түсінуге болады.

             Бұл жерде біз ел биліктің, қазақ зиялы қауымының мұндай іс-шарасын, талапты мақсатын айыптаудан аулақпыз, керісінше тағы да дінді тек мешітте жасайтын жалбарынатын амалдар мен анда-санда тұрақты түрде ораза, айт сияқты құлшылық түрлерін орындаумен, ал қалған тіршілік қаракеттерді дін емес деген ұғымды қалыптастыруға, яғни тажалдық білімді санаға әбден сіңіруге деген азғындыққа қолдау беруге ғана қарсылық білдірмекпіз. Бұл бір жағынан екі жүзділік болып себебі, мемлекет діннен бөлек деген заңның күшін жоймай, қазақ дәстүрін қолдауды тек тілмен айтып, толық мойындамаудан, түске дейін мұсылман, кешке қарай кәпірге айналған сияқты, мұндай істердің ішкі жан дүние, ақыл оймен қабылданып, иман қуатына айналуға кедергі болып сананың ашылуына да жол бермейді. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Қиямет күнінде 30 түрлі тажалдар пайда болады» деген астарлы ескертудің де сырында осындай дінге қарсылық білімдердің яғни білімді, ілімді аталған топтардың пайда болатынын ескерткен.

Ата жолының негізгі құлшылығы шариғат ұстанымдарын меңгерумен,  әулие-әмбилердің киелі  аруағынан бата алып, әрбір пенденің өзінің білімі, қоғамдағы орны, рухани тазалығына, тағдырлық ерекшелігіне  байланысты жеке-жеке тапсырмалар алып оны орындау барысында 9 жылдық тәубе сынағынан өтумен және қасиет пен ұлттық дәстүрлік құндылықтарды меңгерумен ерекшеленеді. Осы тұрғыда батаның да маңызы өте зор болып, жалпы батаның мұндай ашық мұғжиза болып қазақ еліне келуінен де,  өздерін халықтың тұтқасы, рухани тұлғасы деп есептеген азаматтардың көре алмастығымен ашу ызасын туындатып, негізгі ғылымдық сыры зерттелмек түгіл, қарапайым діндегі, құрандағы маңызы да мүлде ашылмай қалғаны да хақ. Сондықтан мұны енді қарама-қарсы күштердің ықпалына түсіп, кешегі керемет аққу, сұңқар, «Әулие» аталғандардың өз қолдарымен ата жолын құлатуға, шайтан жамағатына айналып алғанын аңғарудан да қалдық.

            Бірақ, құдай осындай жамандықтар арқылы да өзінің түсірген дінін жетілдіруге құдіретті екенін  білгеніңіз жөн. Сондықтан ата жолының ішіндегі аз ғана топ бұл салада ілгерілеп, енді ұялмай қазақ елі түгіл, әлем діндері алдында қазақ дәстүрлі дінінің тура жол екенін дәлелдей алатындай хикметті білім, кітап алып та үлгергені хақ. Осы тұрғыда бірде мен пенде ретінде тылсымға Раббымызға сауал қойдым; Неге біз ата жолының құдіретті хикметтерін жарыққа, халық алдына шығармасқа?-дегендей. Маған артынша батамен; «Асықпа! Арттағылар шаң қауып қалады.» деген бұйрық та келді. Яғни, ата жолы тек аз ғана топтың мүддесі емес, бұл бүкіл қазақ елінің барлық ұлтының да рухани байлығы, мақтаны болып және ұлтына, руына, жыныстық ерекшелік, лауазым, шеніне, атағына қарамай бір-бірімен ағайын, бауырдай бірлікте, тұтастықта ғана құдайдың ата жолы арқылы берілетін сыйына, қазынасына ие бола аламыз.

Осы тұрғыда енді жалпы қазақ елінің тұтастығын, бірлігін бұзуға деген түрлі партия, «оппозиция», дін топтары мен білімді қауым өкілдерін былай қойғанда, өзара аққу, сұңқар аталғандардың да татулығы, бірлігі қазіргі таңда мүлде жоқ десек қате емес. Олай болса қазақ дәстүрінің негізгі шарттары да орындалмайды. Бұған енді кім кінәлі?-деңіз. Бұған енді қазіргі жоғарыда ескертілгендей ата жолының 3-топқа бөлініп және осы топтар арасындағы қайшылықтар түгіл әр топтың ішінен бөлек-бөлек қауымға айналып алып өзара өсек, күндеу, қудалау сияқты істердің болып жатқаны да өтірік емес. Бұл негізгі ата жолының тәубалық 9 жылдық сынағы түгіл дәстүрімізге де, жалпы адамзаттың рухани құндылығына да қайшы жағдай. Демек бәрімізде де шайтандық, жындылық бар деген ұғым.

Шайтандық пен жындылық ұғымы негізінде масһаб білімінде қарастырылуы керек еді. Өкінішке орай, керісінше масһаб ғалымдарының бәрі де адамзаттық қаракеттік болмысын, жындық сыңарын ырымға, мүлде басқа жаратылыс егесіне айналдырып алумен, масһаб білімінің тажалдық болып, ата жолы дәстүріне ғана емес, жалпы ислам өркениетіне деген зұлымдығын біздің ел билігіміз заңмен қолдап,  өзге дін топтарын қудалап, соттап, арты адамдардың, жастардың өліммен әлі кезге дейін жалғасып келе жатқан зұлымдықтарға ғана демеуші болып алғаны да сөзсіз. Бұл тұрғыда ата жолының 5-6 жылдан бері алты үнді кітабы жазылып, көптеген оқырманға таныстырылып, ал биылғы жылы 7-ші кітабы, яғни құранның жетінші үнінің насихаты болып «Жын шайтандар философиясы» деген атпен алғашқы бөлімі де жазылып сайтқа орналастырып та жатырмыз. Сонымен иман қуаты құранның жеті үніне жалғанып және ол ұзақ жылдар бойы үнемі қайта-қайта толықтырылып отырумен  тақуалықтың белгілі дәрежесіне жетіп қана, таусылмайтын иман байлығына жалғана аламыз. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Намаздардың ең абзалы – ол тұрақты түрде орындалған намаз» деп ескерткен екен. Намаз ұғымын; қандайда бір сауап, хайыр, жақсылық ізгі амалдармен және жалбарыну әрекеттерімен жұбы, пары болып және бұл намаздардың да негізгі саны саны 55 санды өлшеммен белгілі болса, негізінен 77-түрлі намаздардың орындалу тәсілі де барын құран теологиясы ашықтап тұр. Бірақ намаз оқудың ақылы толмаған жастар үшін, сабақ оқу, білім алудың сырын насихаттайтынын жоғалтқан масһаб діншілері жалғыздыққа, яғни жалбарынуға бес парыз ақылдың, естіліктің маңызы болмай, тек сезімге берілген намаз оқуға да айналдырып алып, жалпы намаздардың   қасиетін жоғалтуға дейін төмендетіп алған. Осы тұрғыдағы ата жолының намаз оқуға келу тазару, ақталу арқылы болғандықтан алатын нығметі де ерекше екені де хақ. Ақылы толу дегеннің өзі еркектердің қырыққа толып естік қуатының жетіліп жынынан толық тазарумен ерекшеленді. Сондықтан ата жолында жыннан тазарудың ерекшелігі де, амалы да тиімді және оңай орындалатын намаз амалдарымен де белгілі.

            Осы тұрғыда жындық қара қуаттарды меңгере алмағандықтан ислам дініндегі түрлі қайшылықтардың, сыңар езу жындылықты дәріптейтін өздерін қинамай ажалға ұсынатын жағдайға жетуі де масһаб білімінің азғындығына ғана дәлел болмақ. Қазірде жоғарғы дәрежелі имамдардың, ғалымдардың да ақталу, тазару намаздары болмай жындылықтарының басым екенін де ашық дәлелдеуге де болады. Ал, енді пайғамбарымызда жын жоқ деген аяттың үкіміне сүйенген қазіргі өздерін «намазхан» атап, сопылық жолдамыз дегендер түгел жынымыз жоқ деген де пәтуа береді. Бұл надандық. Бұл аяттың орнымен және пайғамбарымызға түскен уақытпен есептесеңіз пайғамбарымыз құранды 40-жастан бастап алса, бұндай кісіліктің де осы жаспен байланысты болғаны да сөзсіз. Сондықтан енді ата жолында да қандай дәрежелі аққу, сұңқар бола берсін, мұндай пайғамбарлық тазалыққа 9 жылда жете алуы әсіресе 40-қа толмаған жастардың аяқ астынан кісі болуы да мүмкін емес. Осы тұрғыда да ата жолының үлкенді жасына қарап сыйлау, білімді, ғылымды қадірлеу, ел билеушілерді имандылығына қарай сыйлай білу, әйелзатының ерлердің алдынан кесіп өтпеу, қарсы сөз айтпау сияқты қаншама ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеу де көп жағдайда сақталамайды. Себебі шайтандық, жындылықтан тазару үшін шырақ жағып, бата алып, әулие-әмбилерді зияраттағаннан, дәретпен тақуалық киімді сақтағаннан тез арада қанша жыл жиған қара қуаттардан, сүйекке сіңген теріс сөз қуаттарынан, жандағы тағдырлық жазудан тазарып кету мүмкін емес. Осы тұрғыда ата жолы сияқты талай топтардың да, сопылық жол аталғандардың да қателіктері де ұқсас. Ал масһаб, муфтият өкілдері мұның жартысын да меңгере алмады. Осы тұрғыда қазақтың дәстүріне тән емшілік істердің де меңгеруге деген жолын ел билік, заң тұрғысынан кескенін былай қойғанда ата жолының ішінде өзара байланыстың да үзіліп, мұндай істерді меңгере алғандардың өзі аз ғана топ ордалар болып және ол көлеңкеде де қалғаны растық.

            Олай болса енді Ақ ұлдың мөр ашу немесе жүрек құлақшасына мөр салумен болған хикметі мұғжизасының өзі де екі  (Соқпа (вена), күре (артерия) тамырлардың өзара байланысын туындатып, соқпа тамырға күре тамырдың бата беру кезінде жалғануымен ерекше қуаттың келіп аққу, сұңқарлардың рухани тазаруына, тағдырының да нықталуымен көрінісін беретін жағдай да өте сирек кездеседі. Себебі Ақ ұлдың бұл хикметті жоғарыда баяндалғандай оң табаннан бауырға, сосын жүрек пен өңешке келетін үндердің сөзге айналуымен байланысты болса, мұндай кезде соқпа тамырға күре тамырдан қуат еніп құлақтағы есту безі жабылып, пайғамбарымыздың құраннан аяттарын уахимен алуда болған, жартылай ұйқы жағдайына ену сияқты ерекшеліктерді де санаулы ғана аққу, сұңқарлар меңгере алғаны да сөзсіз. Себебі әр нәрсені жұбымен жаратқанындай мұндай ерекше қасиеттерді меңгеру үшін де аққу, сұңқарлардың жүрек көзінің ашылуы да міндетті болмақ. Олай болса табанның зеңінен тазару, күнәдан тазару, ішкі ағзалардың да барлық аурудан ада болуы сияқты шариғат амалдарынан биік тұрған сахабалық, сопылық істерге жататын ем-шипа амалдарын да меңгеру маңызды екені де белгілі болмақ. Осы тұрғыда мұндай жоғарғы нығметті қасиеттерді де меңгеру үшін масһабтық жетістіктерді де толық меңгеру керек. Ал жүрек көзін тек қана Аланның өзі, Раббымыз ғана ашатынын да естен шығармау керек. Раббымыздың, яғни құдайымыздың қалауына жету үшін де тақуалықты меңгеру шартты болмақ. Міне осы тұрғыда енді ата жолының 3 топқа бөлінуі де түсінікті бола бастайды. Себебі жүрек көзі ашылуының өзінде иман қуатымен байланысты да сан алуан дәрежелері де бар.

    Осы тұрғыда ата жол жазбаларында ескерткендей батаның үш сипатты белгісі болып және оның тұрақты тербелістік қасиеті де жалпыға бірдей ортақ сөздік, сандық жүйесі де бар. Негізінен батаның ірге тасы 3-сөзбен құралып кейде 3 сөз, сосын 2 сөзбен толық 5 сөзді сөйлем болып та шығады. Ал енді батаның шынайылығын тексеретін қарапайым да оңай тәсіл бұл үш сөзділік тербеліспен айқын болмақ. Мысалы; Түктібайдай(1) атаң(2) боп(3);  Бата(1) беріп(2) тұрғанда(3); Ұрпағым(1) деп(2) өзіңді(3); Тұрғызып(1) мына(2) батаға(3)…дегендей 3 сөзбен жалғасып кете береді. Енді мұндай тексерудің де маңыздылығы кейбір жалған «жүрек ашушыларды» әшкерелеуге, яғни жүрек қос тамырында мөрі болмағандар сырттан тербеліс үн алмай, мұндай сөзді жылдам, тез ойланбай құрауы мүлде мүмкін емес. Бірақ көптеген әсіресе аққулардың ішінде кез-келген пендені өз мақсатына, пайдасына немесе бір өшін алу үшін әдейі де кейбір оған тиісті емес ақпараттарды қоса алатын шеберліктері де бар. Бұл бір жағынан сол аққудың шайтан жамағатына айналғаны, екінші жағынан өзінің бағын байлап, құдайдың нығметіненн несібесінен айырылуы болғанымен, жындылықтан тазара алмаған мұндайларға иман тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес. Себебі ата жолының, аруақтардың аманатын орындап құдайға жақын құл болудың ондайлар үшін маңызы дүниелік мақтанынан, дәрежесінен төмен деп санайды да.

            Біздерде мұндайларды оп-оңай әшкерелейтін және бата шығаруға тиым салып тазартып қайта тәрбиелейтін тәсілдері де болғанымен, мұны меңгеру үшін де міндетті түрде тақуалықтың сынынан өту тиісті. Сондықтан бұған көпшіліктері келісе бермейді де. Және оған өздерін «ұстаз, жетекші» деп атағандар да ондай қасиеттері өздерінен жоғарылардан үлгі алып жақсылыққа жарысқа түсуден қашып, керісінше өз қарамағындағы ақыл алушы соңдарына ерген жастарды да азғырып түрлі өсек, аяңдармен жолатпауға барын салып жатқаны да сөзсіз. Олай болса оған білімді қауымның да өздері тарапынан ғылым жүзінде үндік тербелістерін анықтау тұрғысында менің біраз тәжірибе жүргізіп, бұл тәсілдің нәтижелі болатына да көз жеткізгеніммен қолдың қысқалығы, арнаулы мамандардың көмегіне жүгіне алмауға және ақпараттық өзара қатынастың шектеулігінен бұл да әзірге тоқтап тұрған амалдардың бірі. Енді мұндай жағдайда ең қарапайым тәсілі ол батаның хикметін сезіну арқылы болмақ. Мысалға емдік батаның қасиеттілігі;  бата алушы пенденің ауырған, дертті жерлеріне дем салумен оның сөз арқылы ғана ауруынан айығуымен, жүгінің жеңілдеуімен белгілі болса, ал насихаттық батада аянның уақыты белгіленіп, егер сол мезгілде, немесе белгіленген ай, күндердің бірінде ескертілген аянды көретін болсаңыз, онда батаның шынайылығы деп білуге болады. Енді қазіргі таңдағы қазақ елінің жоғалтқан бір қасиеті ол сөз астарын ұғыну болмақ. Осы тұрғыда берілетін үгіт бата болып оның сөз астарында көптеген өзгеге түсініксіз тек бата алушының өзіне ғана мәлім болатын сөздер кездеседі және қандай қазақ тілін меңгерген ғұламаның өзі білмейтін сөздермен ойға қатты салмақ салатын теңеулермен де берілумен ерекшелігі, батаның шынайылығы да көрінісін табады.

            Ал енді осындай тұрғыда аққу, сұңқардың шариғат тазалығын сақтағанымен, тақуалығы, өзінің рухани тазаруы кем болған жағдайда, аралас сөздік ұғымдағы баталардың болатыны да хақ. Мұндай жағдай мысалға ата жолына енді келіп, әлі тақулық түгіл шариғатты да меңгере білмегенге тіптен жасанды батаның өзі үгіт, насихат болып пайдалы болмақ. Ал тақуалығы немесе жоғары дәрежелі білімді қауым мен ел билеушілерге де жасанды бата түгіл мұндай аралас батаның өзі де зияны тиеді. Рухани тұрғыда алға жылжуға кедергі болады. Сондықтан да енді ордалардың іс жүргізу, рухани тазалықты сақтауы мен тақуалығы, мінезі, қылығы да аңғарымпаз адам баласына көп жайттарды баяндап тұратыны да және болашақта тылсымнан құдайдан ақпарат, таза ақыл алмай қандай да бір ғылымдағы мейлі ел билеу, саясат, тәртіп, дін басқару, дәрігерлік емдеу саласында мұқтаждық және міндетті болатыны да сөзсіз. Осы тұрғыда қызмет жасай алатын иманы толық, сенімі мықты шәкірттерді сынақтан өткізіп, осындай ордаларды қалыптастыруға және өздерінің зұлымдықтарынан да ақталуға ел билік пен зиялы қауымның көмегі де, араласуы да қажетті болмақ.

            Сондықтан ата жолының екінші тобын жетілдіру арқылы ғана төменгі шайтан жамағатына айналған топтардың сынаққа түсіп, қайта тәрбиеленуіне және осы топтың ішінен оза шығып, жоғары топ өкілі болуына да жол ашылуына себеп болады. Жоғары топтың да сипаты ішкі сыры мынандай болады- деген саясатын да, насихатын да жазуға болмайды. Себебі қандай да бір нәрсенің жақсылықтың, құдайлық хикметтің де қарсылығы дереу пайда болып, сол рухани жақсылықты зиянды қуатқа, қозғалысқа айналдыра білу де ібілістің негізгі жолы. Осындай тұрғыда да бұрынғы тазалықтың шариғат білімінің- дін ісінің мектебі болған масһабтың осы заманда тажалдық білімдерге де араласуымен арап елдеріндей бүлікшілік те осыдан пайда болған. Сол сияқты көптеген әулиелердің меңгерген сопылық амалдары да енді қарапайым 40-қа толмаған немесе түк білімі жоқ намаздарды түрлі амалдармен оқумен «намазхан» аталып, өзін сопылық жолдамыз деп керісінше сопылық рухани тұрғыда дінді кері тартуға тура жолдың қисығына түсіп алуға да себепші болғаны да хақ. Сондықтан да тура жол -дегеніміз тақуалық пен сопылықты меңгерген әрбір адам баласының құдаймен арадағы жеке келісімнен кітап алуымен хикметке, мұғжизаға жалғанумен де байланысты сан алуан дәрежелері де болмақ. Масһабшылардың түгелдей тура жолдамыз дегенінің өзі тажалдық білім болып, Аллаға ортақ қосу да болмақ. Құранда тұтастай тура жолда болатын ел болады деген аят жоқ, керісінше; тура жолда аз ғана топ болады деген ғана аят бар. Сондықтан да ата жолының ішінде де аз ғана топ қана тура жолда сахабалар жолына жалғана алатыны да сөзсіз.

            Ал әрбір мұндай дәрежеге жеткен адам баласы өзін-өзі мақтап; мен сондаймын деп айтуы да мүмкін емес, керісінше халық арасында елеусіз болуға тырысады да, бұл да негізгі қағида болмақ. Олай болса; «Мен аққумын, елшімін, үйтіп жіберемін, бүйтіп жіберемін, айтқан сөзім қабыл болады құдайдан» дегеннің өзі тақуалыққа жете алмағанын, жындылықтан да тазара алмағанын білдіргенмен, онда бақсылық, аққулық немесе де басқадай қасиеттің жоқ деген ұғым емес. Керісінше, қасиетті пенделерде осындай жындылық қазақта; «арқасы бар» деп атағандай адамдардың арасынан шығып, қасиетін бағын жоғалтпау үшін батпандай сабырлықты меңгеру жолында тек өзі-өзімен ұдайы соғысу, өзін тәрбиелеу арқылы жоғарғы дәрежелі Алланың досына айнала да алады. Бірақ бұған да санаулы іздемпаз, ұлттық құндылықты қадірлей білгендер ғана жете алады. Сондықтан мұндайлар ұрығын шашып, өзі өлетін сияқты бұл қасиеттерін қалай болса солай пайдаланып, жұрттың қаралығымен жүктеліп, бәрбір қандай жағдайда да жақсылыққа елді құдайын тануға шақырумен халыққа пайдасы да тиіп жатыр. Сондықтан  қандай да бір жағдайда мұндай адамдарға да кешіріммен қарап, мақтайтын жерде мақтап та алып, арқасынан қағып, жамандықтан да пайда алу, сабақ алу бұл есті адам баласының, сабырлы тақуаның парасаттылығы да болмақ. Бірақ енді жалпы қазақ қоғамында ғана емес, әлемде де болып жатқан үрдіс осындай қасиетті меңгеру жолына түскендер немесе тағдырында осындай белгі болып тума талантпен өмірге келгендер арасында керісінше жамандық жасауға, қара дұғалармен емдеуге, сиқырға, пайда табуға, баю жолына немесе алдауға деген сияқты тозақтық жыннан болған шайтандар ықпалында болу да басым көпшілігі екені даусыз.

 Осы тұрғыда да ата жолында көптеген аққу, сұңқарлардың өздігімен ізденіп бірі байқамай, екіншілері рухани қаралық жын-шайтанның ықпалына еріп кетуі де жиі кездеседі. Бұл да ата жолындағы білімді қоғамның зерттеуімен және халық болып қарсы тұрып әшкерелеп күресуге де тұратын амалдар болмақ.  Осы тұрғыда қазақтың білімді тілшілер қоғамы керісінше шайтанға қызмет жасап, мұндай ел алдына жүрген адамдар арасынан қандай да бір кемшілікті көрсе, оны күні-түні халыққа таратып жариялаумен, жиіркеніш ызасын тудырған жанын жалдап, ал таудай жақсылығын да елемейтін қазіргі таңдағы ессіздіктің білімді қоғам санасын әбден жаулап алғаныны хақ. Сондықтан кейбір қателіктерді ашып сынаудың екі жағы осындай шайтаннан болған адамдар қауымына да таптырмас азық та болары сөзсіз. Ал егер өзімізді-өзіміз қателігімзді, мінімізді сынамасақ онда нұр отан сияқты партия құрып алып өздерін сынау деген партиядан шығып аласталумен аяқталатын тек мақтанға, өздерін құдайдың орнына көрсетуге арналған топқа айналу да қаупі де бар. Партияға кіріп алып басшларын сынаған, өздерінің қателіктерін жариялаған жағдайда онда тұтас партия болудан қалады. Басшыларына, өздерінің жасаған жобаларына, оның құдіретіне шоқынып, басшысына табыну болмаған жағдайда партия да болып тұра алмайды. Демек қандай дін топтары да, осындай партия сияқты тек басшысының (лидер) ақылына, қателеспейтініне  шексіз табынумен, пір санаумен құдайдай көретін болса онда; партия да, дін тобы да секта аталмақ.

Осы тұрғыда дін секталарынан гөрі партия құрған секталардың өте қауіпті екені арап елдері мен Украина еліндегі болған жағдай айқын дәлел болғаны да хақ. Ал ата жолы бұл ешқандай мұндай топқа жатпайды, бұл құдайдың еркін орындаумен ғана қазақ елі ғана емес, тұтастай діндер арасын, әлем халқын әділетті қоғам құруға, құдайдың заңдарын үйретуге арналған мектеп деп түсіну керек. Тек бұл мектептің қызметшілері оған келіп қызмет жасаудан басын алып қашып өздерін-өздері жоғалтуға дейін апара жатқанын да біле алмай жатқаны, оны ескертетін имандарының әлсіздігі де растық. Сондықтан осындай білімді қоғамның екі жүзділігі, тажалдық білімнің ықпалында кетуінен ата жолында бөлек-бөлек шайтан жамағаты болған партия құрып алып, жетекшілерінің ақылына, кереметтігіне табынудың және құдайлық іс-аян,уахи батаның маңызын жоюдың кесірінен ата жолының керуені, қазақ руханияты, қазақ дәстүрі, Ясауи ілімі, пайғамбарымыздың намаздары да, құран аяттары да мазақталып, үлкен зұлымдыққа түсуіне ел биліктің, дін ғалымдарының, философ ағайындардың надандығы да себеп болғаны хақ…(жалғасы бар) 

 

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясымен, Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *