Қазіргі таңдағы қазақ еліндегі түрлі апаттардың, табиғатың тосын мінезін біздің жер бетіндегі дүние қызығымен, ақша байлықтың соңына түсіп, еліміздің рухани әлеуметлігін мүлде ертегідей көріп, арсыздыққа түсіп алғанымыздан десек мұны ұғатын пенде де аз болар. Бірақ хақиқат келді, түбінде барлық бұзықтықтар жойылады да. Алматы қаласындағы табиғатың тосын мінезін құдайдан сұрап, халықты имандылыққа тәрбилеуге заңдар шығарып, ақпараттық жүйелерден насихатап және Раббымыздың ескертулеріне амал қылатын болсақ, тыныштыққа, бейбіт өмірге жаратушы тарапынан кепілдік болатында хақ. Әлемдік барлық дағдарыстардың жарықтық, жандық қуатың жүйенің теңдігінің бұзылуынан ғана болып жатқанын ал бұл теңдікті қазақ елінің дәстүрі, ата жолы арқылы үлгісін көрестеуге болатынында естен шығармаңыз. Болашақта әлем халқы бәрібір осы межеге келіп тірелетіні де хақ. Енді мұндай дағдарысқа басты себепші қазақ ел билігінің рухани надандығы екеніне де мысалдарды қайталап жариялап көрейік…
Жолдау хат!
Құрметті Ахметжан мырза сіздің Алматы қаласының әкімі міндетін атқарғаннан бері жасап жатқан игі істеріңіздің және бұндай шараларды кейбір ел басқарушыларының міндетті әдетіне айналдыратын науқан, дәріптеумен атақ алуға негізделген мақсұт емес, қалыпты ел басқарушысының өзекті міндеті санап, ың шыңсыз жүйелі түрде жасап жатқаныңызға жалпы халық ішінде ел басқарушылық істеріне, адамгершілік, имандылық турасында жақсы пікірдің де қалыптасуына себепші болуға үлкен үлес қосып жатқаныңыз сөзсіз деп түсінеміз. «Жақсының жақсылығын айт мерейі тасысын» дегендей қала және оған серіктес ауылдардағы жасалып жатқан игі шаралармен, ғимараттар құрлыстарда сіздің өз қол таңбаңыз да қалып, болашақ үрім бұтағыңыздың да өсіп-өркен жайуына шарапатын берсін жаратушы иемез!- деген тілектестікпен және өзімді ата-салт дәстүрін дәріптеушінің бірімін деп, дін ісінен әрқашанда Құдай ісі жоғары тұратынын ескерткенді жөн көрдік.
Сондықтан да болашақта; «әттең-ай!» дегендей өміріңізде бір көлеңкенің қалмауына себепші бола алсам деген ізгі ниетпен кейбір алда уақыттарда міндетті түрде Құдайдың пәрмені түсіп, ақиқатқа айналып, қазақ халқының ел басшылары мен дін басшыларының үлкен өкінішін туындатын істердің бірі және сіздің құзырыңызға да қатысты болып, көптеген игілікті істеріңіздің көлеңкеде қалып, сауабы тас үстіне жабылған құмдай, алдағы қазақ елін күтіп тұрған рухани сынақ нөсер жаңбырдан жуылып кетпесін, деген мақсатпен ғана бір жағдайды ескертіп кету адамгершілік парызым деп, осы жолдауды арнап отырмын.
Алматы қаласы Ремизовка ауданында табылған «Қажы» баба зираты туралы дін муфтият және ел басшыларының тарапынан үлкен пікір таластар мен қарсылық шараларының да болғанын сіздерге тәппіштеп жазып жатудың да қажеті жоқ. Және бұл әулие орнының болашақта Алматы қаласының ең бір әлем халқын өзіне шақыратын төл құжаты және бүкіл қазақ жұртының, мемлекетіміздің мақтаны мен жалауына айналатына Құран ұстап және сандық мәнімен жаратушы иеміз бүкіл киелі кітаптарда аяттарымен және сүремен берілген кітаптардың да бар екеніне ант беруге болады. Бірақ бұл жағдайдың хақиқатын көрсету үшін, әлі алда көптеген әлем таң қалатын хикметті істермен, мұрағаттар, жәдігерлер көздерін ашу арқылы ғана бұл кісінің нақты кім екенін дәлелдейміз.
Ал әзірше мұндай ақпараттарды аруақ тапсырмасымен әлі қанша уақыт құпия ұстайтынымыз да белгісіз. Алматы қаласы мен көршілес аудандарда сіздің бастауыңызбен әлем елдерін саяхатқа шақыруға арналған құрлыс, ғимараттар, спорт кешендері халық игілігіне пайдалануға әрине қажет те және ұлттық таңбаларымыздың, мәдениет өркениеттілігіміздің бірі де болып табылары сөзсіз. Бірақ осы кешендердің бәрін қосқанда «Қажы баба» зиратының болашақта әлем алдындағы беделі мен саяхатшы, зияратшыларды Қазақ жеріне, Алматы қаласына шақыруға жүзден біріне де татымай қалатыны да ақиқат екені дәлеледенетін заман да келе жатқанын білгеніңіз де абзал. Мәңгілік қызмет те, тақ та болу мүмкін емес, тек игі істермен, иман, адамгершілік тұрғысындағы кейбір болашақты болжап, тұрақты байлыққа, өзгермейтін рухани негіздегі Құдай үкімдеріне сәйкес жасалған қызметтердің ғана халықтың жадында ұзақ уақыт сақталып, ұрпақтарының да мақтанышына айналары даусыз.
Сондықтан енді бір 5-6 жыл көлемінде «әттең-ай осы істе бір өз қол таңбамды қалдыра алмаппын»,- деп, бармақ шайнап, өкініште қалмауыңыз үшін, «Қажы баба» баба басындағы зират орнындағы келеңсіз, ұлттық намысымызға да көлеңке түсіретін, Алланың құлдарына көрсетіп қойған достарын қадірлей білмейтін дінсіз, ар-ұждансыз, амантқа қиянат жасап, ата—бабаларымыздың Құдайға берген уәдесін аяққа таптаған, қайырсыз қала тұрғындарының қатарынан табылмас үшін, әулие басындағы жағдайларды қарапайым қатардағы мұсылман зияратына сай қалыпқа, тәртіпке келтіруге және әлі ұлттық ар намысын, дәстүлі иманын жалған бәдеуилік, қызылбастық (дүниеқоңыздық) дінге айырбастамаған халықтың зираттауына бір қарапайым жағдай жасауға қол ұшын берсеңіз.
Бұл істер сіздің де болашақ ұрпақтарыңыздың алдында ең басты негізгі атқарған намазыңыз және сауабы да зор болатынан халық құдайдың бір көркем «атауы» есебінде, біздерде яғни зияратшылар да сіздің ісіңіздің, бала-шағаңыздың амандығына Құдайдың назары, шапағаты түсін деп дұға жасауға ғана уәде бере аламыз. Ал бұл жағдайдан кейін Құдай тағала тарапынан сізге аянмен арнаулы аят, уахимен шапағат берілетіне, өз басым Раббыма тәуекел етіп, уәде де бере аламын. Және бұл кісінің жұбайы болып табылатын Күлім Көз Ақ Боз ананың да сіз салдырған айналма жолдың бойында бір кәсіпкердің жеке меншік жерінде елеусіз жатқан жайыда бар. Енді бір ескеретін жағдай Қажы бабаға басына қазіргі таңда қандайда бір ғимарат тұрғызғанмен, қазақ мемлекетінің болашақтағы рухани келбетіне, абыройына сәйкес келмей және әлем діндерінің көпірі Алматы қаласы болып, әсіресе християн халқы өз қаражаттарын ұсынып, бүкіл ауылды сүріп кешендер салуға тура келетіні және Мәдине қаласы сияқты негізгі зиярат орнына айналатыны да ақиқат.
Бұған да басты себептің бірі Қазақ, Созақ бабаларымыздың қарындасы Құзын Сауға Зейнеп анамыз бен Ұлпан аналарымыздың, және Ысық бабамыздың сол жерде жерленіп, бүкіл славяндар және Бураталардың анасы «Мат Опа» болып табылатыны және біздің жыл санауымызға дейін 400-жылдай бұрын да арап емлесімен жазылған белгілердің де басынан табылуы да сөзсіз. Ал Қажы бабамыздың біздің жыл санауымызбен 37-ші жылы бүкіл әлемді аралап келіп осы жерде жерленуінің өзінде әзірге ғылымда да, дінде де құпия жағдай. Бұл киелі орынның «Теректі, Бұлақты» әулие деп бұрынғы замандарда аталғанында білгеніміз абзал. Бұл белгіні әзірше зиярат басынан табылған шырағдан ғана әшкерелеп, бірақ ғылымдар негізгі құпия сырын ашуға тырысқанда жоқ. Тіптен шырағданның рухани мүгедек ел басшыларының қолына түсіп сатылып, жоғалып кетпей, елімізге қайтарып алуға халқымыздың мұрасы рухани байлығына айналуына ел басының жеке үлесі болғанын, көптеген ұлт жанды азаматтар хабардар да екенін білгендеріңіз де жөн.
Ал дін муфтият және көптеген діни топтардың көреалмастық жағдайлармен, бұл сияқты қазақ жеріндегі тұрған хикметті істерді жоғалту, ұмыттыру үшін өзге әлем елдері өз абыройларын өзге елдің алдында биіктету үшін де қолдан шежіре, тарих жазатын болса, біздің ғалымдарымыз да ел басшыларымыз керісінше арап тілін меңгерген қарапайым тілмаш дәрежесіндегі 40-қа толмай, ақылы толық жетілмеген жастармен, арапшыл рухани мүгедек діншілерге халқымыздың ең қауіпті, жауапты саласын ойланбай төрге шығарып, елдің дін тағдырын қолдарына берумен, соған байланысты Құдайдың көрсетіп жатқан белгі, ескерту хикметтері мен барды бағаламай, өзге елдің біліміне еліктеп, жасанды еңбегін көшіріп алумен ғана айналысуымыз болшақ рухани дағдарыстардың да басты себебі болып табылады.
Ел басшылары мұндай Құдайдан келген ірі белгіге шара қолданудың орнына, қайта өздерінің діни саутсыздықтарына (тексіздік), болашақ өскелең ұрпақтақтарымыздың алдында жазғырылып, айыпталып «талға байланып, сөзбен сабалуына» ғана себеп болмақ. Зиялы қауыммен, ел билеушілердің философиялық ойларының жетімсіздігін көрсетулерімен және дін істерінде надандық әрекеттерімен, бабалар мұрасы даналықты тұншықтырумен айналысумен ғана танылуда. Сондықтан да біздерге әзірге қазақ дін, ел басшыларының бұндай істерден жалығып, күнәлі болмыстарының өліп, аруақтарының тіріліп, қайта түлеп жаңғыру уақыты келгеніше, сабырлықпен тосып, халықтың құран оқып, Алматы қаласының мүндай жағдайдағы жаратқаннан түсетін түрлі сынақтармен, әртүрлі апаттарадан аман тұруынан құрбандықтар шалып амал жасайтын орны болса да жеткілікті болар еді.
Енді бұл өзімме ниеттес ата-дәстүрін дәріптеушілерінің атынан берген жолдауыма күмән келтірсеңіз, онда аруақтар тапсырмасымен жазылып дайын тұрған, бірақ белгілі себептермен Раббымыздың нұсқауымен әзірге құпиялап жариялауға тиым салынған және әзірге жазылуға тиісті мағлұматтардың жартысы ғана болған 7-кітаптың 5-6-шы бөлімі ғана 250-беттей құранның түсіндірмесін жуық арада халық арасына үн парақтар ретінде таратылатынын ескерте отыра, осы шағын жазбалармен-ақ бүкіл дін адамдарының және ислам дінінің қалай адасып, теріс бағытқа түсіп алғанын және сол сияқты сіздердің арнаулы тіркеуге алғын 4000-дін топтарымен қоса, дін істерінің басшыларына да сынақтардың келіп, елімізде дін мәселесінде де үлкен дау тудырып, философия, психология және дін ғалымдарының надандықтары дәлелденетіні хақ.
Ал болашақта Құран құпиялары мен Ясауи баба, Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегін құранды қалай қалай сандармен сөйлеткенін, философиялық баға жетпес ойлармен көркемдеп, інжіл, тәурат құндылықтарын құранмен қауыштырып, қазақ дәстүрлі дінінің қазығын қаққанын тәржімалап, әлемге таныстырып, Қазақ салт-дәстүрлі дінінің әлем алдында ең тура жол екенін дәлелдейтініміз және Отырар кітапханасында Шыңғысхан бабамыздың көмегімен жасырылған теріге жазылған, құранда ескертілген; «Теріге жазылған кітапқа серт!» деген ескеруін негізге алып, Құдай уәдесімен ант беруге де болады. Құдайдан үкім түсіп, тығулы жатқан қазыналарды ашып, әлем халқын қазақ бабаларымыздың алдында тізе бүктіріп, адам атамыздан бері тарихы құндылықтарды сақтаушы ұлт екеніміздің дәлелденетін, жасырулы жатқан мұрағаттардың, қазыналардың да Раббымыздың ұлықсатымен жарыққа шығарып, және дін істерінде міндетті болатын хикметті сынақтармен, әлемге және елемізге төніп тұрған қасіретті жағдайлардың да жақындап қалғанын ескертеміз.
Мұндай қияметік өтпелі кезеңде ел басқарушыларының дінге бейтарап қарап, басқарушы таптың арасында философиялық даналықтың өлуіне себепші болатын қазақ ғалымдарының дінді зертеуден, сопылық ұстанымдарынан басын ала қашу себебіне байланысты жалпы қазақ халқының да басына келіп тұрған 7-түрлі бақ пен дінді бөлшектеп, ақылы азғандарға түсіп тұрған үкім сордың, бәрібір орындалатын жағдайды сіздерге хабарламай-ақ, нәтижесін сабырмен күтуге де болар еді. Бірақ, сіздің атқарып жатқан істеріңіздің және жеке басыңыздың иманыңызды сыртай бағалаумен, мүмкін кейін жүздесіп, сіздің тарапыңыздан, біздерге «Неге?» деген сұрақтың туындамауы үшін ғана өз адамгершілік міндетімнен ғана құтылған пендешілік іс деп қана бағалауыңызды сұраймын.
Негізінен Раббымыз тарапынан ел басшыларының алдына барып жәрдем сұрауға қатаң тиым салынып; «Тылсым бәрінен жоғары!» деген үкім де түскен. Дін ісі тұрақты кітап болып, әрбір пендесінің тән мүшесімен емес, көкірек көзімен ғайып пен, көместі ақылмен, білімен таразылау арқылы иман келтіру үшін тура жолға өз жобасын алуға мектеп әрі баспалдақ болмақ. Және тақуалықпен «Ар» қуатын жетілдіретін адамзатқа ортақ парыз намаз орындаулары болғанымен, Құдай ісі қашанда бәрінен жоғары және заман өзгерісіне сай діндерге ортақ дінсіз таза ақылға жалғану болмақ. Осындай қияметік жағдайларға байланысты ел басшыларының дін намазының ең жоғарғы құлшылығы, заман талабына байланысты ғылым даналықтарын меңгеру үшінде киелі жерлермен, әулие аруақтарымен халықтың рухани жалғанып, ақталуына, күнәлік ақпартарын тазартып, ақталып жетілдіруге, тағдырларын тазартуға, жан қуаттарын көбейтуге ата дәстүрімен байланысты әділетті заңдарды шығарып, халықтың бейбіт өмірі мен рухани ақылының жетілдіру шараларынан артық намаздың болмайтынын естенен шығармасаңыз екен, деген тілектестікпен, атқарып жатқан қызметіңіздің жемісті болып, берекеті мен абыройын берсін деп тілейміз!
Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі №6 үй. Байтасов. Тоқберген. Кескірұлы. 24.05.2012 ж.