III-МАХАББАТПЕН ПЕН ҒАШЫҚТЫҚТЫҢ АЙЫРМАСЫ ЖӘНЕ ДІЛ МЕН ИМАННЫҢ СИПАТТАРЫ

Бөлім: Махаббаттың ұғымдары 199

Құран аяттары болсын, сөз атаклары болсын, жалпы жаратылыс нәрселерінің бәрін жұбымен, парымен жаратым, деген Алланың берік бұлжымас үкімі бар. Осы үкімнің өзі тура жол және дін ұғымының өзінде де жұбы болып, тіптен қағбаның да жер бетінде жұбы да пары да бар екенін ескертіп тұрғаны хақ. Сол сияқты махаббат деген ұғымның да жұбы болу керек. Және әр халықтың өз пайғамбарлары елшелері болуымен бірге, дін туралы, жан сырының, рухани құндылықтарының ұғымдары да сол елдің ұлттық тіл байлығынан іздеуді де жаратушымыз аятта; «Олар сөзді зертемейме ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан олар қасарыса ма» (23-69) Яғни сөз астарын зертеу үшін өзге елден сөз алудың да қажетсіздігін және әр елдің тұрғыны өзіне келген сөз ғылымын жетілдіруші пайғамбарларын, философтарын, абыздарын танулары да міндетті екен.

Сонымен махаббат ұғымы жоғарыда ескерткендей ғашықтықтан әлде қайда күрделі  жаратушымыздан ғана берілетін қуат екенін ескертіп өтік. Сонымен бірге пайғамбарымызда махаббатың 100-сипаты болатынын ескерткенін де ұмытпаған жөн. Олай болса, бұл махаббаттың ұғымын бір сипаты адамзаттың ділінде ана махаббатынан, ана сүтінен нәр болып, қасиет болып қан тектің негізін, тағдырдың бір сөзін құраса ал қалған 99-сипаты; Алла тағаланың көркем есімдері, деп аталады.

Бұл есімдердің жеке-жеке сипаттарының  маңызына тоқталудың да қажеті шамалы, масаһаб, шариғат білімде жеткілікті тәпсірлер бар. Тек бұл қасиеттерді қалай меңгеру және жалғанудың ғана намаздарын ата жолында әулиелер аруағының батасымен, уахимен көмес тағдыр кітаптарына жалғану арқылы жақсы нәтиже беріп, көптеген халықтың өз бақытын табуына септігін тиіп жатқаны да хақ.

Сондықтан бұл жағдай шайтан жамағатары мен оларды басшысы болған тажалдық білім егелеріне әрине қауіпті жағдай болғандықтан «серік-иман-махаббат»-ты «Аллаға серік қостың»,- деген жала жабумен, серік сөзінің адамның рухани достығына жанды жартылысқа  байланысты қолданатын ескерусіз қалдырып, ал махаббаттың себебін мүлде халықтың жадынан шығаруға ел билігі мен жазушы қауым өкілдері де ақылы толмаған жастарды жоғарғы орындарға, халыққа ақыл беруші қызметермен марапатап өздері тасадан атып, айдап салып жатқаны да сөзсіз.

Әрбір сөздің жұбы, пары және қуаттық өлшемдері мен сандық белгісі, құран аяттарындағы орны да болу керек. Құранда махаббатты «Баураушы» және «Мәрхаметке бөлену» деп түсіндірген. Мәрхамет беру,- Алланың шапағатымен байланысты және; «Алла сендерді баураушы» деп адам сыртқы өрісінің, жарық бойының яғни «Дененің» , «Қаб-Бақ»-тың сипатын ескерткен. Аталарымыздың; «Бақ қарасын, Қадір дарысын» деген батасының өзі осы махаббат жарығына бөленуді меңзеген.

Сонымен махаббатың қуаты тән, рух, жан тазалығынан пайда болатын «БОЙ» жарығын айтамыз. Қазақта; «Қызға қырық үйден тиым»деп, осындай тәрбиелі қызды «бой жетті» деп атап, ер балаға үнемі махаббат қуатының жетімсіздігін ескертіп; «Бойдақ» деп атағаның өзінде, осы махаббат қуатының, бой жарығының Алланың мәрхаметінің тек үйлену арқылы; «Бас екеу болмай, мал екі болмас» деп, отау құрудың маңыздылғын ескерткен.

Ғашықтық, құмарлық, құштарлық, асықтық сияқты сезімге байланған адамның еркін алып, қашан нәпсні тоятандырғанша от болып жанатын сезімдік қуаттар бұл махаббатың көмекші жәрдемшісі ғана немесе аздырушысы да болмақ. Ал махаббат тек рухани тазлықпен иманның жетілумен ғана және толық махаббат 100-санымен Алланың жүзімен байланысты екенін де білгеніміз абзал.

Сонымен махаббаттың мәнін түсініп, адамзат баласы әуелі иманды меңгеріп, сосын ғана Алланың бұйырған парыздарын, мұсымандық қарыз шүкірліктерін орындау арқылы ғана махаббатың бақшасына яғни «Бәйшешек бақшасынан» жеміс жейтіні де хақ. Бұл туралы Шәкәрім атамыз екі түрлі «Бәйшешек бақшасынан» мысал беріп және «Шын бақыттың айнасы» деген тақырыпен, өмірге барлық қызыққа ғашық болып, бақтан баққа қонақтап, гүлден иіс терген арадай тіршілік етіп, ең соңында әбден шаршап, қартайып айнаға қарап бақты өзінен іздегенін, оны сонау алыста қалған ата-анасының тәрбиесінен басталатынын баяндапты. Қысқаша үзінді келтіре кетесек;

«…Бір заманда көзімді ашсам, ақ киімді, түсі сұп-сұр бір адам басымды сүйеп отыр екен. Менің есім кіргенін біліп: «Ақсақал, айнаға тағы бір қара! Бірақ өз көлеңкеңе де, одан арғыларға да алаң болмай, ең арғы баларын әлпештеп отырған ерлі-қатынды кісі мен екі балаға қара!»-деді. Айнаға қарсам, өз көлеңкемнен ары байлар, адамшылықтар, бозбалар, асық ойнаған балар бірнен-бірі әрі, ең әріде азар көрінген ерлі-қатынды адам екі баласын әлпештеп сүйіп, балары да мойындарынан құшақтап, ата-анасын аймалап тұр. Сонан әлгі аяқ киімді сұр кісі айтты; «Ақсақал, «шын бақ» сол айнаның ең түбіндегі ата –анадағы шын махаббат пен баларындағы шын таза жүрек еді. Сол махаббат әм таза жүрек сізге де біткен еді. Соны қалдырмай бұзбай ала жүріп, барша адам баласын аз балаң, өз баурыңдай көріп, махаббат, ғадалат (ғибрат алып әділтілік іс жасау), шын бақыт сол еді. Оны іздеп жүріп көрген аңын алғанда қуанышқа айналғаны сықылды, саудагердің пайда іздегендегі бейнеті көп пайда тапқанда қызыққа айналғаны сықылды болушы еді.

Сіз ол махаббат пен ақ жүректі жолдағы жалған атақтарға айырбастап кеткенсіз. Бұдан былайғы түрлі өміріңізде осыны қатты ескерерсіз. Өкініштен пайда жоқ, енді иманыңызды айтыңыз!»-дегенде, талып қалыпын.»

Сонымен махаббат қуаты, жарығы ана сүтімен, ата-ана тәрбиесімен ұлттық дәстүріңмен тығыз байланысты. Және қанның тазалығы ғана таз жүректі қалыптастырады. Ол үшінде иманды меңгеру шарт. Ал, ендігі ұлтымызды жалаңаш азған қыз-қатынан, азған еркектен, ана тілінің қадырын, ата сөзінің мағынасын білмейтін әке-шешеден қандай қаны таза ұрпақ тулуы мүмкін. Және ана сүтін де қанбай немесе мүлде ішпеген ұрпақтарымыздан қандай мейрім, шапағат ұлтына жан ашыр ұрпақ шықпақ? Діл- азса, тек- тозса ұлтық махаббатымыз жоғалып, нәсіл өзгеріп барлық әлем қазақ тілінде сөйлегенімен қазақ тегінің жер бетінен жоғалуыда хақ.

Жақында жол сапармен батысқа қарай барып, көптеген әулиелер басына зияраттап өз бойыма махаббат жарығына жинаған тілек, дұғаларымды әулиелер махаббатына жалғап қайтым. Осы сапар барысында жолсерік болған бір ер азаматының өз сөзінде; «Менің арақты, темекіні тастағаныма екі жыл болды» дегенін есітіп; «Қалай өз бетіңмен тастадың ба, әлде біреу көмектесті ме?» деп сұрадым. Ол; «Жоқ, маған бір дін адамы, сенің ішкен арағың мен тартқан темекіңе арғы жақта әке-шешең құдай алдында жауап беріп жатыр» деді. Ал мен; «Менің арағым да темекім де өзім үшін, улансам да өзімнің тәнім уланды, оған менің өлген әке –шешемнің қандай қатысы бар?» -деп сұрадым. Сонда; «Сені мұсылман қылып тәрбилей алмағаны үшін жауап беріп жатыр»-деді әлгі молда. Менің бұл жағдайға және әке-шешем мен үшін қиналатына жүрегіме салмақ түсіп, көзімнен жас шығып кетті де, сол мезетен бастап арақтан да, темекіден де бірден бас тартым» деп түсіндірді. Мен; «Міне анаңның ақ сүтімен алған махаббатың, әкеңнің тегін сақтауға жәрдем беріп, сені арамнан ата-анаңнан алған махаббат құтқарды. Енді бұл қуатты құлшылықпен, иманмен сауап жасап жетілдір де, Алланың мәрхаметіне бөлен!»- деп батамды бердім.

Маған көптеген діншілер: «Масһабты неге тажал,-деп атайсың» деген айыптаулар қояды. Бұл жағдайды Абай атамызда, «Имансыздық намазда, Қызылбастан салған жол..» деп масһабты тура жол деп дәстүрді тастағаннан тек имансыздық яғни тажалдық намаз пайда болатынын ашық ескерткен. Қазіргі таңдағы масһаб білімі да ұлтымыздың махбабатының ұйтқысы аруағынан, өз досынан айыруға жан беріп, жан алған тажалдардың күресі өз нәтижесін беріп, енді намаз оқымайтын, арапқа ұқсамайтын ата-анасынан, тарихынан, шежіресінен жастарымыз бас тартып, онан махаббат қуатын жоғалып, діліміз тозған үстіне азғындыққа ұшырағанын ессіз ғана аңғармайды.

Ал жалаңбас, еркек шора, құдайына да дәстүрне де адамгершілікке де ашық қарсы шыққан қатындардан қандай махабат, ана сүті ұрпағына беріліу мүмкін деп ойлайсыз? Әрине онсызда орыспен табақтас болған діліміз азған, біздердей ұрпақтан пайда болған баларымызыдан, бүгінгі таңдағы құр ғашық болып артынан ажырасып жатқан ұрпақтардың сипаты, дәстүрімізді тәрік еткен, досымыз, серігіміз, иман қуатымыз аруағымызды тастағандықтан онан сайын азғындаған осы ұлттық махаббатымыздың, бойымыздың, жатыр- жеріміздің тарылғандығына нақты дәлелел бола алады.

Осыдан 3-4 жыл бұрын Мұхтар Шаханов ағамызға кездесіп; «Махаббат деген ұғымды ақындар ғашықтық, асықтық, құмарлыққа айырбастап, сөздің құнын жоғалтып жатырсыңдар» дегенде; «Махаббатың аты, махаббат..» деп ашуға басқан. Бірақ жақында «Әйеліңмен дос бола білмесең басқа досты іздеме..» деген өлеңін естіп, риза болдым. «Ұлтшыл болсаң, Мұхтар Шаханов ағымыздай бол, бірақ ол ұлтжанды емес!» деген сөзімді енді қайтып алдым. Ақиреттен шын досын және махаббатын таба білген ғана ұлтжанды болары да хақ. Ұлтжанды ағайындарымыз көбейе берсін деп тілейік. Сөз түзеліп келеді. Сен түзел ағайын. Абай атамыз;

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішсем деп бейнет сусынын,

Асау жүрек алқынар.

Тартқан бейнет, өткен жас

Жүректің отын сөндірмес.

Махаббат-өмір көркі рас,

Өлген соң, ол да үндемес.

Махаббатсыз дүние дос-

Хайуанға анық қосыңдар,

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар.

Жүрегі жұмсақ білген құл

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда мақтан-бәрі тұл,

Доссыз ауыз тұшымас.

Және Абай атымыз дос табуды мыны аяттармен байланыстырған; «Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдыр» дедік. Алла осынлайшы, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар.» (2-73) (75) Ал масһабшы ағайындарымыз құрбан шалып өліктерді тірілтіп, белгі алуды, аянмен уахиға ата-анларымыздың аруағы көмес кітаптарға яғни махббатқа жалғануды «серік қосу» атап, бұл аятты мазақа алған ел биліктің ата жолын сотаған заңы да куә болары сөзсіз. Және де қазақ елінің білімді қауымы мен ақын жазушылары да Абайын мазақтаушы шайтан жамағатарына айналып алғанын білер де емес… (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *