«Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шарият амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық ділінде.» (321-өсиет) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті бойынша ислам діні дегеніміз жалпы шарият амалдарын орындау арқылы мұсылман болуда деп ескертеді. Енді қазіргі таңдағы Ханафи масхабы ұсынып отырған дін амалы тек мұсылмандықты қалыптастыру екені де осы өсиеттен-ақ белгілі болып тұр. Сондықтан Ханафи масхабын меңгеріп «Иман келтірдім» деген сөздің де жалғандығын және иманның тек ділмен яғни ұлттық ерекшелікке қарай әйелдер қанындағы ділдік, гендік белгімен ғана байланысты екенін де ескерткен. Сондықтан да енді ділге жалғану үшін пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген өсиетінен сәжденің яғни Аллаға міндетті болған құлшылықтың 7 сипаты болып, ал бұл амалдарды орындау арқылы ғана «мүмін» болып аталатынын білген жөн. Енді шариғат, яғни дін ісі, намаз да 4-еу; ораза, намаз оқу, зекет беру, хаж болып, ал бесіншісі ұлттық негіздегі мұсылмандық қарыздар болып; Абай атамыздың өсиетімен; имани гүл, үш сүю болып табылады.