Абай атамыздың 38-ші қара сөзі біздер үшін теориялық философия тұрғысында баяндалғандықтан, мұның логикалық білім және ақыл тұрғысында пайымдаулары жалпы ислам әлеміндегі сопылардың, әулиелердің еңбегінде кездескенмен, бүгінгі масһаб және діншілер қауымымен, дін ғалымдарымен ақыл, білім тұрғысында құпталмайды. Себебі бұл ұғымдар құранда жоқ және арап тілінде сөз байлығында да кездеспейді деп түсіндіреді. Бұл логикалық сезімдік, қаракеттік ақыл тұрғысында тез қабылданып, құдықта отырған құрбақа әлемді қалай тар екенін құдықтың шеңберімен анықтаса, біздің білімді қауымдардың да осындай исламдық ұжымдық ақылға негізделіп, ел билеушілері де осындай топтың өкілдері болғандықтан кез келген қазақ баласы бұл философиялық құндылықтарды ақылмен, жүрегімен қабылдай алмайды.  

       

(Абай ата философиясынан)

Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік, онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшін де Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр.