Имандылықтың тынысы,
Дертке дауа жан ісі.
Қисықты түзер иманмен,
Кісінің болса түгел ар ісі.
Іркілдек дене шыдамас,
Солқылдақ мінез болар қас
Шын иманмен іс қылу,
Батырлықпен болар аралас.
Қан-суды тазартып бойдағы,
Ашуды тыйып ойдағы.
Ыждағатпен іс қылар,
Шын мықтының шырайы.
Абзал достай әулие,
Жөн сілтер еніп түсіңе.
Дүние ісін, тірлігін,
Таразыға тартар бар кие.
Ақиретпен сауданы,
Садақа сауап қылғаны.
Арамнан малды тазартып,
Нұрынан үлес алмағы.
Бір жолға қойып шешімін,
Түсірмек Алла кесімін.
Қайратқа қуат қосылар,
Дәрежелеп мал өсімін.
Сенімсіздік жоймасын,
Көңілдің анық айнасын.
Ықыласпен кіріссең,
Жолда қалып қоймассың.
Қайратың болса қолдаушы,
Ар ісі болар жолдаушы.
Көңілдің түпкір қойнауын,
Толтырар нұрға Алласы.
Аталған Адам баласы,
Иманың ісі айнасы.
Адалдық, ар үшін алысып,
Номадтық нәсіл болмағы.
(2018 жыл Қыркүйек)
**** ****