Иманның хақиқаты-ғылым келу және білім берілу-шындық түсірілу!

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 112

    «Ғылым Алланың бір сипаты, ол-хақиқат, оған ғашықтық та (құмарлық) хақылық (міндеттілік) һәм адамдық дүр (қасиет). Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-құрмет таппақ секілді нәрселердің (дүниелік) махаббатымен ғылым білімнің хақиқаты табылмайды…Көңіліңде өзге махаббат тұрғанда, хақылықты (құдайлық махаббатты) таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен табылады. Ол алланың ғылымы емес, һәмманы (барлығын тегіс) білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым біледі.» (38-сөз) Абай атамыз, Алланың ғылымын, яғни құранды меңгеру үшін аяттар насихатына, Алланың біліміне, сөзіне ғашық болып, махаббатың оянып, сөз астарына терең үңілмей, тек арапша оқысаң болды, рахметіне бөленесің деген діншілер пайымдауын жалғанға шығарып, әрбір Алланың түсірген аятының хикметіне яғни түбіне жету үшін соған деген құмарлық талабы болу керек екен. «Әуелі дін исламның жолындағы пенделер, иманның хақиқаты не сөз екенін білсін. Иман дегеніміз бір ғана иланбақтық емес, сен Алла тағаланың бірлігіне, уә құранның оның сөзі екендігіне, уә пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның оның тарапынан елші екендігіне иландың. Жә, не бітті! Сен Алла тағала үшін иман келтіресің я өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә иландың..».

     Сонымен иман келтіру дегеніміз құр сеніп қоя салу емес, сенің құр иман келтірдім деп сенгеніңнен, иланғаныңнан келер, кетер пайда жоқ екенін ескертеді. Сондықтан құранды арапша Алла тағаланың солай түсіргені еді деп сеніп, иланып, бірақ иман білімін ұғынып түсінбей түгел жаттап алсақ, онда Алла тағала үшін иман келтіргеніміз болады да, ал тек арап тілінде ғана түсінігін, үгітін білуге иман білімін меңгерсек, онда арап халқы үшін иман келтіреді екенбіз де иланғандық болып, Алланың сөзіне деген шала махаббатты ғана қалыптастырады екен. Сонымен иман нанымымыз жер бетіне түсіп, білім, құран, кітап болып келмей тұрып, Раббымызға алдын ала барлық білдірген біліміңді, хикметтеріңді меңгереміз деп берген уәдеміз және аталарымыздың осындай хикметті білімдерді меңгергеннен қалыптасқан діл-біліміміз және оны біздерге өткізген  аталарымыздың аманаты (рухымыз) нәсілдік белгімізді, жүктерімізді меңгеруміз қайда қалады? Олай болса, құранды қазақша аудармасын оқып, аяттардың құпия сырын насихатын  түсінуге талаптанудан және парыз, сүннет етіп түсірілген құлшылық істерін үзбей орындап, хикметін біліп, шешімін табуға тырысқан жағдайда ғана кітаптарына иман келтірген болып есептеледі. «Егер де де сен өзің иман келтіруден пайда алмадың, пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек.» Құр сеніп, насихатын оқып түсініп, амалға айналдырып, пайдасын көрмесең және ол пайданы қалай алуды білмесең иман келмейді деп ескертеді атамыз. Ал, егер бұл үгітке мойынсұнсақ, амалға алсақ, онда  масһаб діншілер пікірімен тағы қайшы келеміз. Сонымен егер масхаб пәтуасымен менің тұтқан оразам, берген зекетім, оқыған, орындаған намаздарымнан қалай пайдасын көремін деп сұрамасам, онда олар  пайданы тек белгісіз жағдаймен немесе өлгеннен кейін ақиретте ғана көресің деп түсіндіреді. Және бұл саладағы діншілер пәтуасы бойынша; Бұл дүниедегі тіршілік өміріңде қалай жалбарынып сұрасаң да, Алла тағала пендесімен тілдеспейді деген пәтуларының астарында құдай берген ризығын, нығметін, рахметін, жақсылығын алдын-ала да көрсетпейді деген ұғым шығады. Яғни егер бір жақсылықа кенеліп жатсаң, онда қалай берді не үшін берді, не мақсатта берді, әлде тағы да бере ме бермей ме, қандай аманат беріп сынады,  оны білуге тырысып шаруаң да болмау керек. Тек кешірім сұрап, намаз оқып, құлшылық жасай беруің керек.

     Ал негізінен мұсылмандықтың барлық шарттарын, шектерін мойындап, ислам дінінің құндылықтарына, барлығына дерлік жаппай бой ұсынуға адам баласының туғаннан ақылы жете бермейді және көп жағдайда мұндай құлшылықтарға дүние ісімен, кейбіреулерімізге ерекше берген нығмет артықшылықтарымен алданып, сондықтан міндетті парыз қылған  намаздарын орындауға қажеттілік те туындамайтыны да хақ. Сонымен, өмірдің сан алуан қызықтарын тамашалап, кейбір сәттерде қиындықтарынан, сынақтарынан өту барысында немесе кейде жол таба алмай тығырыққа тірелгенде ескі күнәлі болмысыңның, рухыңның өліп, рухани қажеттіліктің жаңадан бастауын іздегенде ғана парыздық құлшылықтарға қажеттіліктің пайда болатыны заңды құбылыс. Бірақ Абай атамыз ескерткендей дүние махаббаты басым тұрғанда, бұндай рухани қажеттілік және күнәлі болмысқа қарсы талаптың қайшылық пайда болуы мүмкін емес. Ол үшін де міндетті түрде құдайдан түсетін қайғы, сынақ, азап, ауру болу керек. Ал тәрбиесі дұрыс, есі бар адам баласы рухани ізгілікке өзі алдын ала талаптанса, онда бұндай жамандықсыз-ақ қалыпты жағдайда өтуге болады. Ол үшін сонда жас кезден бастап шариғат білімін оқыту керек пе, әлде ұлттық негізде қалыптасқан әр пенденің қоғамдағы орны, жасы, қызмет, кәсіп ерекшелігі сияқты қимыл, іс-әрекеттеріне қарай тұрмыстық ұстазы, білімі қалыптасу керек пе? Ал мұндай жағдайда жеке-жеке әрбір пендесіне тұрмыстық рухани қажеттілікті кімдер қалай, өлшеп беріп үйрете алады? Және пенде өз рухын ұстазсыз, жол көрсетушісіз өз кемшіліктерін байқап, кемісін толтырып, артығын тежеп, қалай өзін-өзі, рухын, жанын тәрбиелеп жолға сала алады? Енді шариғат, масһаб білімін жаттап алғанмен қалай ондай білім бейнеленіп, амалға, кісілікке айналып, өздігімен маған жәрдем беріп, күнәммен соғыса алады? Сонымен бірге жаратушымыздың; «..Әрбір пенде өз қауымын өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» деген уәдесін қайда қоямыз? Енді бұндай адам ішкі дүниесіндегі рухани өміріндегі пайда болатын  сансыз сауалдарға жауап іздеп, Мұндай жағдайларда адамзатқа ортақ рухани құбылыстың бағдары болған інжілден мысал келтіре кетейік; «Тәурат (Құран) шариғат заңының Құдай рухынан шыққанын білеміз, ал мен пенде ретінде күнәкар құмарлықтардың құлдығындамын. Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін; қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін. Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Тәурат (Құран) заңының игі екенін іштей мойындаймын. Онда, жаман нәрсені істеген мен емес, бойымдағы күнәкәр құмарлық. Менің бойымда, яғни күнәкәр болмысымда жақсылық жоқ екенін білемін, сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күш жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын. Ал енді өзім қаламайтын жамандықты жасағанымда бұны істеген мен емес, бойымдығы күнәкар құмарлық. Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де, бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады. Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымдағы басқа бір заңдылықтың бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәкар құмарлыққа кіріптар етеді. Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады?  Сонымен, жағдайым мынандай: ақыл-ойыммен Құдайдың заңын орындағым келеді, ал ескі күнәкәр болмысымның кесірінен күнәлі құмарлыққа кіріптармын.» (Римдіктерге; 7-тарау).

      Енді мұндай жағдайда қанша білімді болсаң да,  дүние ісіндегі жақсы-жаманды ажырата білсең де, осындай рухани сипаттағы қараңғылықтан, күнәлі болмыстың құлдығынан, рухани дағдарыстан шығу жолдарының мен білетін үш түрі бар. Бірінші жағдайда;  көбіне шаруа, еңбек етіп өмір базарын қыздырып жүрген қарапайым адамзаттың ақылының толуымен болатын құбылыс және бұндай жағдайда исламның масһаб ұсынатын біреуі жалған болса да, бес парызы арқылы ескі болмыстың рухани өліп, әрі қарай тек шариғат үкімдермен «намазхан» аталып, шаруасын дөңгелентіп, қатардан қалмай тіршілік етіп жаратқанның жаратылыстан ата-анасы арқылы жазылған тағдырының, берген несібесін көріп, өмірден өтіп жатқандар да жетерлік. Ал, екінші бір жағдай; шығармашыл, өнер және білімді, шаруашылықтың түрлі қызметтерін адал атқарып жүрген адам баласының бойында болатын рухани дағдарыс. Бұндай жағдайда масһаб ұсынған ислам құндылықтары рухани жетілуге, рухани дарындылықтарды меңгеруге жетімсіз болатынын іштей сезіп, тағы да арпалыс ізденістермен, түрлі діни ағымдарға түсіп, іздегенім осы, енді таптым дегенде, сынақтар мен түрлі кедергілер немесе сопы болдың, тақуа болдың, құдайдың ерекше кереметіне, хикметіне әне жетесің, міне аласың деген пірлердің айтқанымен жүріп, айдауына көніп, бұрынғы жеткен рухани белесінен, философиялық білімінен, логикалық, ділдік бағытынан да  айырылып қалып немесе мүлде дүние істеріне, тіршілік амалдарына қолын сілтеп, тәрік етумен, болмаса теріс әрекеттердің құрығына түсіп кететіндер де жеткілікті. Үшінші  жағдайда; жасынан ұлттық тәрбиесі дұрыс болған және түрлі кәсіп, шаруа, ғылым, білімді де өз шамасына қарай меңгеріп, негізгі адамгершілік құндылықтардан аттамайтын, сауапшыл, қайырымды, ізгілікті болғанымен дін рәсімдеріне, шариғат ұстанымдарына кейбіреулеріне сеніп, кейбіреулеріне күдікпен қарап, діншілер айтқан ақирет, өлім, қайта тірілу дегендерге ертегідей көріп сенбейтін, бірақ ата-салт дәстүрлерді жұрттан, көпшіліктен қалмай орындап, ішкі сырына көп мән бермейтін «материалист», «оптимист» деп аталған адамдардың тобы негізінен қазақта басым көпшілікті құрайды. Бұндай адамдар тобынан имамның уағызы да, түрлі жағдайдағы сынақтар да әсер етіп, намазға жығып дегендей құлшылықтарға әкелу мүмкін емес. Сондықтан бұндай топтағылар тікелей Құдайдан келетін хикметке,  мұғжизаға, тікелей хабар мен әсерлерге ғана мойынсұнып иманға келуі де хақ. Құранда; «Үш кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла..» деген аяттың насихаты барлық қозғалыс, құбылыс, жаратылыс, оқиғалар, тағдыр жазулары да осы 3 түрлі ішкі қозғалыс егесінің, періштенің, нәрсенің және кісінің бір-бірімен ара қатынасынан басталып, 4-ші Алла ғылымына, негізгі сипатына, өзіне кездесумен, түрленуімен, сол сияқты сыртқы әсерлік, тәңірлік 5 түрлі қуаттың 6-орында түйісуінен құдайлық негіздің, сипаттың пайда болатынын ескерткен.

     Әрбір нәрсенің өз өлшемі және таңбасы болып; «Періште»-7+1=8 сандық мәнімен, «Бір» Аллаға құлшылық ету дегеніміз осы  8 қырды және бір сырды, «Тоғыздық» кісіліктерді меңгерумен ғана нәтижелетінін де жадыңызға тоқып алыңыз.  Сондықтан да қазақ еліндегі рухани қозғалысқа қозғау салуға, алға қарай дамуға жаратқаннан «Тоғыздан», яғни  тоғыз жолдың торабынан хабарлар мен уахи келіп, оны қабылдап, осы үш түрлі топтағы адамдар арасына таратып түсіндіруге ата жолының қозғалысы басталып, кенеттен аққу, сұңқар аталған жастардың пайда болып, халықты жаппай зираттатумен ерекшелене бастады. Әрине бұған біреулеріміз таңсық көріп, екінші біреулеріміз мұқтаждықтан амалсыз жүгініп, енді үшінші біреулер ішкі дүниесінің, жүректерінің қалауымен, әйтеуір қазақ халқының басым бөлігі арауақтан бата алып, Алла жолында мал жұмсап, күнәлі рухтарының өліп, өмірге жаңаша көзқарастармен қайта туылғандай тіршіліктерін түзеп, өмірдің базарын жүргізуге, кейбіреулері дін жолындағы ізденістерге түсіп, қым-қиғаш тірліктердің басталуымен қазақ тарихында өз орнын алғаны да даусыз. Бірақ бұл 4-ші қозғалыстың өзі іштей үш түрлі топтарға жіктелумен ерекшеленді. Кейбір 4-уін түгелдегендер; «сен тимесең мен тимен» деген пиғылмен, өз басының қамын ойлаған  ниеттермен, бес уақыт намазын оқып, өзіне тән ғана шаруасын білетіндер, ғылым, білім саласындағылар, жазушы, ақындар, заң орындағылар мен ел басқарушылар және түрлі кәсіппен дүние табушылар қатарларын толықтырып, кейбіреулері мүлде ата жолының қағидаларынан бас тартқандары тек жеңіл амалдарын ғана орындап, «ауырдың астымен жеңілдің үстімен» дегендей сипатқа түскендеріміз басым көпшілігі десе де болғандай. Ал енді екінші топтағылар бұлар бірде анаған, бірде мынаған қосылып, кейбірлері сопылық жолды іздеп намаз оқуды жетілдірумен ғана шұғылданып,  енді кейбіреулеріміз емшіліктің жолын дүние табу мақсатына айырбастап, түрлі құжаттар алып, кейбіреулері «намазхан» аталып, ал кейбіреулері ата жолына қарсы тұрған топтарға қосылып, жынды сөздер айтып кеткендері де басым көпшілігі болды. Ал негізінен інжілде көрсеткендей, қарапайым халықтан шыққан жаман, әлсіз, сауатсыз дегендерден шыққан шаруа, базар, сауда, қызметшілер тобын құрайтын, үлкені бар, жасы бар, бұқара халықтың арасынан шыққандар ата-жолының негізгі тұрақты үгіт, насихатшылары болып, әлі өздерінің бағыттарынан таймай, енді араларынан үздіктері де шығып және оған жоғарығы екі топтағылардан білімді, сауатты аталғандар ішінен де  ата салт-дәстүрлі дінінің сенімінің батырлары да шығып, ата жолының рухани жетілуіне, халық арасына таратуға жәрдем беріп жатқандары да бар. Яғни, енді ата жолы тағы екі топқа бөлініп, тағы ашықтай өзара қайшылықтардың болуымен, жалпы алғанда қазақ елінде рухани естіліктің де 5 тобы пайда болды. Бұлардың арасында енді ашықтай барлық топты да қолдамайтын немесе біреуін дұрыстап, келесісін бұрысқа балап, бір-біріне және дүниемен ғана пайымдайтын жүрегі жабылып, құлақтары созылған европашыл, арапшыл топтарды айдап салумен, өздерінің «бөліп ал да билей бер» саясатын жүргізуге бағытталған партияшыл, саясатшыл, ел басқарушы әкімдер мен заң, баспасөз, жазушы, философ, дін ғалымдары, теолог деген заманға сай білімді, керемет ақылды, бірақ ессіз қауым бар. Бұлар шайтанның тұрақты қызметкерлері болып, барлық топтың да ішіне еніп алып немесе сырттан бақылап, әйтеуір халықтың рухани санасының өсуін тоқтатуға, ділі тазартып өсірмеуге, тек өздеріне ғана бағынышты не айтса да басын шұлғып орындай беретін ұлтсыз, рухсыз, жансыз шеріктік қауымды қалыптастыруға жан-беріп жан алысып жатқан жайлары бар.

      Бұған елдегі болып жатқан дін адамдарын қудалап соттау және баспасөз, көгілдір арна беттерінен ұйымдастырып жатқан түрлі қитұрқы әрекеттері мен  насихаттар, арнаулы ақылшы «жұлдыздарды» дайындап, қатындардың «гендерлік» теңдігін дәріптеп және дінде де ақыл еркіндігін, өзгеше ойлау қабілетін ақпараттық жағдайда шектеп тиым салумен тек намаз оқып масһаб ұстану керек деп бір қазыққа арқандап, елдің сана-сезімінің дамуын тежеу әрекеттерімен көрінісін беріп, елдегі қайғылы оқиғалар мен сынақтарға, жастардың жындануы мен мәңгүрттенуіне себеп болып, біртұтас адамдардың «рұхтардың» лағнетін шақырып, құдаймен соғыс ашқандар екені де даусыз. Ата жолының Ясауи ілімінің 9 жылдық хикметіне қарсы тұрған, қара түнек кісінің 9 түрлі бұзықтық амалдардың қызметшісі болған, осы жолдарда мықты қорған салып өз ағайынымыз, ел билеушілері сипатында болып, отырып алған ібіліс әскерлерінің лаңының көрінісі болып табылады. Енді осындай жағдайдан кейін алғашқы майданда киелі рухтардың жеңіске ұшырап, бірақ елімізге қайтадан келген тағдыр сынағының рухани сүннеттелудің екінші кезеңі де ата жолы арқылы  қайтадан уахилардың, үкімдердің, аяттардың оқылуы басталып, жаңа білімді, рухани сынақтардан құлап қалмай, адасып кетпей өткен сенімнің батырларының бір топқа бірігумен болатын және қалған 5 топтың да басын бір орында кездестіріп, «Төртеуін түгелдеп»,  тағдырын түзеп жатқан төменгі жас буындарға рухани бастаудың жаңадан үлгісін, ғылымын, кітабының оқылуын көрсететін топ болып қаланып, барлығы қосылып 46-ға немесе 64-ке айналып тура жолдың әлемге үлгісін көрсету Алланың қазақ халқына түсірген негізгі хикмет, ғылымы еді. Енді ел билеушілері мен масһаб дін ғалымдарының исламда ең саны көп болған «Ханафи» масһабы арқылы ғана тура жолдамыз деген пәтуаларын жалғанға шығарып, керісінше 81 саны шырақ жағу арқылы пайда болатын аз топ туралы аятта; «Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы атқаратын бір топ бар.» (7-181) (екілік жүйеде қимасы; 11)  Яғни сандар есептік жүйесімен тағы да «11-109» аятқа қазақ халқының ежелден келе жатқан аруақтық біліміне келіп тірелетіне де хақ. Сонымен шырақ жағып, зияраттау арқылы жер, көк есіктеріне жалғанумен атқарылатын бұл хикметтердің басқарушысы, кітабы;  «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) (73) деген санды құранның аяты еді. Енді 42-ші сүре, оңнан солға 24-ші сүре нұр болып, осы екі сүре тіл білімінің негізін Алланың нұрын, рухын баяндаушы болып саналады. Сондықтан бұл аяттың оңдық жұбы да; «Шын мәнінде мүміндер, араларынан үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік, бой ұсындық» деу болады. Міне бұлар құтылушылар.» (24-51) (73).

     Мұхаммед пайғамбарымыздың алдын-ала, тек 73-ші топ қана тура жолын табушылар болады деген осындай мұғжизаның болып, оған бой ұсынып, аруақтардан келген батаны тыңдаушылар ғана құтылушы, күнәларынан ақталушы болатынын ескерткен. Ал 51 санды аяттың мәнін орап белгілеу арқылы немесе аталарымыз меңгерген санды қайыру тәсілімен керісінше оқысақ; (15) санымен, сүремен періштелердерден келетін хабарлармен, 5 қуаттың бір ақылға, тәңір сөзіне, батаға бағынумен жаратқанмен тілдесудің адамзатқа берілген пайғамбарлық  намаздарды орындаудың заңдылығын меңгеру, пайғамбарлық қасиет Ғиса, Мұхаммед пайғамбарлар арқылы берілетін негізгі 24 пайғамбар шапағаты тіл білімі  болып есептеледі. Енді бұндай хикметті жүрек ашу, тылсыммен тілдесудің мұғжизасы неге бес уақыт намазын үзбейтін және бала-шағасына дейін оқитын, шариғат заңын ата-заңы қылып өмір сүрген дін ғалымдарымыздан бастап әлем дін ұстанымына, арап ислам мемелекеттеріне келмей, неге қазаққа еліне және аз ғана топқа келді?- деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. Бұл сырлардың хикметтерін алдағы басылымда нақты дәлелдермен көрсетеміз. Негізінен бұл жағдайға құранның 7-үнде (мақам) оқылуымен және насихат 10 кітабы да (Арыстан баба, Ясауи баба мөрлері) қазақ елінде ашылып, оны оқыған әулие пайғамбар, сахабалар да қазақ елінде жатуы да дәлел бола алады. Барлық адам баласына түсірілген оқылған кітаптар, әуелі рух арқылы ерлердің қанына жазылып, ұрығын қалыптастырып, сонан неке арқылы әйел затының қанына өтіп, ділге айналады. Ал өлімнен кейін кейіннен бүкіл сол жердің тұрғындарының жаратылыс әлеміне өтіп азық түрінде, қуат, жел, жаңбыр, таулардан аққан өзен сулары арқылы қайта еніп, рухтың көмегімен білім болып, бейнеленіп ұрпақтарына қайта оқылады. Сондықтан түс көру білімі және тағдыр кітабы болып, сол арқылы тәнін, рухын, жанын тазартқан жағдайда ғана жаратқанның негізгі 3 түрлі кітабы және 103-ші рухани бастау кітабы оқылып, сол арқылы ғылым, білімнің өркендеуі болады.

     Біздің елге келген осындай рухани нұрдың, негізгі кітабын оқушылар білімділер, ғалымдар, философ, ақын, жазушылар болуы керек еді. Бұған кедергі болған біріншіден; жалпы халықтың сөз түсіну қабілеті төмен, дайын болмай, екіншіден; сөзді меңгердім деген ел, сөз басшыларының, ғалымдардың жүректері ашылмай, ұлттық рухымызда бар кітаптық білімге айналған құндылықтардың өзін де толық түсінбей, сондықтан да ділдерін де тазарта да алмай, құр ой жорудың соңына түсіп, жалғандыққа түскен ойшылдық, ғалымдық, шығармашылықтар түрінде елдің, халықтың санасының жетілдірмеуіне ғана себепші болды. Оған дәлел сондай философ, теолог, хазірет сияқты хакімдік, сопылық дәрежедегі ағайындардың өзі қарапайым днінің «ақтөбе» яғни 50-ді меңгермей жалаң бас, тек көркем көп сөзді білгенімен, оны қалай орнына қойып сөйлеуді меңгермей, аузына келгенін, жұрттың түсінбейтін сөзін, сөздер ұғымын өздерінің мүддесіне бұрмалап айтып жазғанына ғалым аталғанымен ғана мәз болғандар десек жалған емес. Пайғамбарымыз философия сөз өнеріне өте ұқыптылықпен қарауды ескертіп: «Сендердің біреулерің міндетті түрде көркем оймен өлсін. Аллаға байланысты көркем ой: Ортақ қосудан басқа бүкіл күнәларды кешіретіне нақ сену және Алланың рахметінен үміт ету.» (Ибн Мажадан) Көркем ойды қалыптастыру үшін әуелі ана тілінің үндік көркемдігін, сосын жалпы сөз ғылымын меңгеріп, атауларды өз мағынасымен пайдаланып, таза сөйлей білгенде ғана ой көркемделіп, соған машықталып, қан да таза болуы сөзсіз. Енді ортақ қосу болып; негізінен ата-анаға яғни ізгілікпен аманат етілген әдет-ғұрыптарды орындауға қарсылық жасап, Алланың түсірген рахметіне иман келтірмеу, яғни хикметті білімін меңгеруден бас тарту болып табылады. Ал, құран сүрелерінің Алланың рахметінің қалай оқылып адамдар арасына түсірілуін, үгіт, насихатын; 12-сүре және 21-сүре мен және осы санды аяттармен  ескертіледі. Енді екі жүзді тілімен Алланың түсірген барлық хикметтеріне, мұғжизаларына сенуші болған, бірақ іс жүзінде ондай хикметтерге мойынсұнбайтын топтықтардың «намазхандардың» пайда болуын аятта; «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен ант қылды. Мұхаммед мұғижазалар Алланың қасында (Қас болып түсіңдер!-Сақтарда) де» Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндіктерін сезбейсіңдер ме? (109) Олардың көңілдерін, көздерін теріс (басқа елдің әдетіне құмар қылып) айналдырамыз. Алғаш рет (Нұх қауымына дін түспен, уахимен көрсетілгенде) сенбегендігі сияқты оларды сергелдеңге салып қоямыз. Олар қаңғырып (топтарға бөлініп, өзге елдің дәстүрін дәріптеп) қаңғырып жүреді.» (6-110) Бұл аяттармен 109 санды топтықтардың, мысалға аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109)  Бұл аяттың Һұд бабамыздан тараған біздердің, түркілердің сиыну тәсілдерінің дұрыстығын және жаратқанның ерекше берілетін хикметті, мұғжиза сыбағалар яғни тура жолдың белгісін алатымызды ескертіп, бірақ осындай тәубенің 10-шы сатысын меңгеретін елдерге келетін сынақтарды, берілген мұғзижаны мойындамай, өз елінің арасынан шығатын азғырушы, дінді теріске алушылардың болатындығын және өзге елдің дәстүрлі дінін таратушылардың, масхабшылардың діни секта екендігін, және Аллаға аяттарына ортақ қосушылар екендігін білдіреді.

     Халықтың мыңдаған жылдан бері бекіген, Алланың рахметіне бөленіп, игілігін де көрген дінін және жаратылыс кітабын-жерін, отанын да теріске алып, қарсы шығушыларды Аллаға тіл тигізушілер деп ескертеді. Енді бұл аяттарды парымен жүйелесек; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйллессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Өліктердің, жынның шайтандары арқылы емес, керісінше аруақтық тазарған жан періштелері арқылы сөйлесуін және бұл мұғзижаның Алланың қалауы болып иманның хақиқаты екенін және осы сандар жүйесінде бүкіл рухани  кітаптардың оқылуын түсіну үшін жүректеріне бұрынғы қарсы болған үмметтердің тәпсір үгіттері «бұзау» болып кіріп алғандар бәрібір Алланың қалауынсыз мойындамайтыны хақ. Халық дегеніміз рухани тұтастықта тарихи оқиғалар арқылы біртұтастыққа ділдік білім, тіл ерекшелігімен бейнеленудің, яғни Алланың бір сипаты екенін ескерген жөн. Сонымен осындай жағдайға халыққа қарсы тұрған аз ғана топ ел билеушілері мен діншілердің, рухтан хабар бата алып, сөз астарын түсінген жастардың  күлкіге айналдырған,  мазақтарына айналып жатқанын имандары көрсетіп, ар-ұяттылықтары оянып, әзірге мойындай қоюлары да екі талай. Мысалға, мешітке барған бір жастардың; «Аға біздің заң шығарушы басшыларымыз ислам дінінен толық хабары жоқ орыстың қатынан неге сабақ алып жүр?».  Немесе бір шәкіртімінің осы басылымдарды таныстыруға философия білімін оқытатын оқу орындарына барғанда: «Ағай мұндай жазбаны біздің философ мұғалімдерімізге бермей-ақ қойыңыз олар, «Маркс» ілімімен әбден жүректері тас болып қалған, ата-баба салт дәстүрін және ислам дінін бәрібір түсінбейді, онан біздерге таратыңыз, өзіміз оңаша жиналып талқылайық.» деген сияқты жастардың және халық арасындағы әңгімелердің шығуы да жастардың біздің үкіметіміздің, ел ағаларының білімділігі мен біліктілігіне берген бағасы деп және ондай халыққа қарсы шыққан үлкендердің де болашақта құдайдың қаһарына түсіп, жан ұяларына да түрлі азап түсіп, ұрпақтарының рухани азғындауы мен өмірлерінде ақ өлімнің болмайтынына іштей қайғырып, жаратқаннан оларға жабылып, тіл білімін, ақирет білімін, яғни иман сұрайық ағайын, мүмкін түсетін азаптарынан бұрын райларынан қайтар деген үміт те бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *