Имансыздық үлкеннен

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 103

Бүгінде көп мақтаншақ,
Партия болып мастанбақ.
Ел түземек заңменен,
Атқа қонып ел бақпақ.

Сөз жүзінде керемет,
Білімі ақыл, дін бөлек.
Өзінде жоқ әулиелік,
Дәстүрін қазақ түземек.

Қазақ тектің ұғымын
Дегенді дала ұлымын.
Мақтан қылып өз-өзін,
Мастықтың айтып қызуын.

Қорладың деп дінімді,
Аздырдың деп тілімді,
Атқа қонып шаппақшы
Қорлады деп қызымды.

Биліктен көріп дін ісін,
Бүлдірді деп ел ішін.
Ұятсыз, арсыз қатынды,
Кек алмақ шайтан-жын үшін.

Ішіңе қарап үңілші,
Көрсетер тектік мініңді.
Меніңді тыңдай алдың ба?
Жаның мен рұқтық үніңді.

Жын, шайтан байлап көзіңді,
Шөп салды бұзып тіліңді.
Аманатын алмай аруақтың,
Аздырған тегің, діліңді.

Далақтап қайда шаппақсың,
Дініңді тартып алмақсың?
Күнәға батқан еліңді
Ұялтып, ақтап алмақсың?

Ұятсыз қыз, қатындар,
Азғындық бүгін салтың бар.
Заң емес, Құдай түзейтін,
Жол-жобасы антың бар.

Сөзіңде үлкен нақыл жоқ,
Ойын алмай, тақыл боп.
Сайраған бұлбұл, тотыдай,
Парасатсыз ақын көп.

Үлкендерде бүгін ақыл жоқ,
Үш байлығың ғапыл боп,
Етексіз қыз, қатыннан
Қан, тек азған жатың боп.

Кемпірі мыстан, жаулық жоқ,
Шалың азды арсыз боп.
Мас болмай жас не қылмақ,
Әжеде әй, дінге қожа жоқ!

Алжыған үлкен есерсоқ,
Дәстүрінен тектің үлгі жоқ.
Әулие, абыз бола алсаң,
Жақсыны көрер жастар көп.

Ұжданды болса үлкендер,
Ақылды жастар үлгі етер.
Парасатты майдангер,
Құдайдан хабар келтірер.

Сөз жүзінде «бөрілер»,
Көреалмастыққа енгізер.
Ішті, жеді, тойды деп,
Ит қылып елді үргізер.

Ел басшыда ғылым жоқ,
Ел биледі өңкей тоқ.
Екі күнің қазақ жоғалған,
Арманың болды дүние боқ!

Адамдық деген бұл емес,
Дүниенің текті құлы емес.
Ар-ұят, ұждан меңгермей,
Даурыққан жынды кеңкелес!
(Наурыз 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *