Алланың түскен назары,
Туғанды қазақ заманы.
Егемен бөлек ел болып,
Заңын да өзі жазғаны.
Шаруасын елдің қамдады,
Нұрсұлтан басшы болғалы.
Әлемнің барлық жаңасын,
Еліне қазақ жинады.
Отыз ел болып назары,
Салтын да алып болғаны.
Рұқты қазақ ел болдық,
Өзгертіп қайта қоғамды.
Алланың түскен назары,
Жан, ақыл, жынмен қозғауы.
Жынды алып тастап екеуін,
Ел билік дінсіз мақтаны.
Рұқ өсті жынмен базары,
Дүниемен сауық-сайраны.
Үш тілмен білім жинауға,
Ғылым деп және атады.
Тағдыры елдің азғаны,
Үзіліп жаннан қалғаны.
Ақылдан сұрау болмаған,
Ішінде жұрттың қарасы.
Жан өспей елдің қалғанды,
Ақталмай арам малдары.
Тарылған халық ішіне,
Ене алмай нұры қалғанды.
Аю деп неге айтады,
Орыстың елін деп тағы.
Білімді алып ақыл жоқ,
Ұятты орыс тастады.
Білім май суық болмағы,
Іште қар қалай жанбағы.
Бәйшешек қарда өне ме?
Шындығы гүлдің иманы?
Ұятты армен қосқаны,
Қасиетпен сөздің салмағы
Ішінде қарсыз көктемдей,
Балуса көк, ғылым болғаны.
Ғылымсыз хайуан болғаны,
Хикметпен Құдай хабары.
Ішіне тұрса ене алмай,
Қадірі ойдың қашқаны.
Билік пен дінші мысалды,
Тура жол масһаб атады.
Абайын дана түсінбей,
Алмаған сөзден жауһарды.
Ұяттан қуат азайды,
Білімге салып назарды.
Көбейіп іштің арамы,
Тәкаппар-кісі болмағы.
Кеудесін жастар соғады,
Ғұлама, ғалым болғаны.
Астарын нақыл шеше алмас,
Білімдінің көп наданы.
Тәпсірін ақыл қылғаны,
Іші тар имам, молдасы.
Сопылық ата дәстүрін,
Түсінбей мазақ қылғанды.
Ұғымы нұрдың жоғалды,
Нұрлы жол, отан, вокзалы.
Іштарлық дерті меңдеген,
Ала алмай жанға аянды.
Терістеп билік құранды,
Екі күнін елдің ұрлады.
Ел басына түсіп тарлығы,
Таңбаны шақтап алмағы.
Нәсілдік жүйе қосқаны,
Ұлтымен орыс сынағы.
Қараға қайта қосуға,
Амалы бұл ібіліс ұрпағы.
Сыйдырмай үнін таңбаны,
Іштарлар жолдау жазғаны.
Латынға көшіп тығылмақ,
Мал үнін санап, жан қалды.
Іштарлық дерті жалмады,
Үлкенде ақыл қалмады.
Жүрекке иман ене алмас,
Хикметінен Құдай қорқады.
Іші тардан иман қашады,
Жаулықтан билік қорқады.
Бөріксіз баста жын өсіп,
Шерікті аспен қосады.
Түскенмен қиямет сынағы,
Іші тарлар қалай ұғады?
Хикметін ішке алудан,
Өлердей надан қорқады.
Мезгілі қиямет сынағы,
Раббыдан түсті жазасы.
Құдаймен қарсы соғысқан,
Тарихта белгі қалады.
Жеңе алмас артып сорлары,
Азабы қиямет артпағы.
Аз ғана қазақ тегі бар,
Мәңгілік ел, ұлт боп қалмағы!
(Қыркүйек 2017 жыл)