IV-Наным дәстүрі және ар білімінің философиясы.

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 135

Қандайда бір діннің және мемлекеттің ел басқару саясаты болсын, халықтың соңына ерткен топтардың өздерінің бағытын қолдау үшін қалайда өздеріне деген нанымын қалыптастыру шарт. Егер соңдарына ерген халықтың нанымы болмаса, онда дінінің де қандайда бір саясаттың да өз мақсаттарына және жеңіске жетуі де мүмкін емес. Сонымен жоғарыдағы тақырыпта; Наным; Ақ;- Ой; Асылық; болып естілікпен, адамгершілік парасатпен, жан негізімен, таза ақылмен, естілікпен бейнесін берсе; Қара-Сезім; Асықтық; Сенімсіздік; Тілсіздік; Үнсіздік болып екі аралық қара күштерге және жынға, шайтандық қылықтарға айналған сипаттармен аралас ақыл болып бейнеленеді. Бірінші түрі пайғамбарлық, елшілік қасиеттерді меңгеруші даналарға, әулие-әмибилерге және бұл топқа табынып, тақуалықтарын жетілдіруші зиялы қауым, шығармашылық өкілдеріне тән болып табылады. Ал нанымның екінші сипатымен әулиелікті, абыздықты, парасаттылықты меңгерген аз ғана топтардан басқа, бүкіл әлем халқы түгелдей ауырады десе де болады. Сезім негізінен әйел халқына, қазіргі жұлдыз аталған шығармашылық өкілдеріне, ақындарға да, суретшілерге, жазушыларға да тән. Ал, асықтықты көбіне ер мен әйел арасындағы жалпы адамзат ғашықтықпен бейнеленгенмен, қазіргі таңда бұл асықтықтың дүние қызығына, ләззаттануға байланысты шайтандық қылықтардың түрлі сипаттары пайда болып, әлем халқы бұндай дертпен түгел ауырады десек жалған емес. Енді еркек пен еркек, әйел мен әйел арасындағы азғындық асықтық та қазақ еліне де келіп жеткені де сөзсіз. Аталарымыздың; «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген нақылы осы жағдайды, халықтың нанымының азғындауын ескерткен. Ал тілсіздік пен үнсіздік нанымы енді діншілердің ұстанымына айналып; «Құдай адам баласымен тілдеспейді, белгісін де көрсетпейді» деген нанымды тықпалап, Раббысымен кездесу хикметін мүлде жалғанға алып, керісінше оның орнына өздерінің түрлі шайтандық амалдарын тықпалап, осындай жағдайда түрлі діни секталардың да, азғындық білімді қолдаушы масһабтардың халықты қырғынға, азап, апаттарға апарып жатқанына ақылы толық адам баласына дәлелдер келтірудің де қажеті шамалы. Міне осы нанымды белгілі бір жобаға, ұлттық наным ерекшелігін сақтап әр үммет өз ара нанымдарын жетілдіру барсында Раббына кездесуге жарысу үшін; «Сендерді ұлттарға, руларға бөліп, араларыңнан елшілер түсіріп, жол-жоба көрсеттім, сонымен өзара жақсылыққа жарысыңдар» деп аятымен ескерткен. Және негізгі төрт кітап түсіріп, осы кітаптар білімімен 3 түрлі сенім негізін, жаратылыс, қозғалыс себептермен байланысының білімдерін көрсетіп, 4-ші кітап құран арқылы осы үш кітаптың бірлігінің құлшылық сәжде амалы арқылы жетілдіру тәсілін Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгілерімен толықтаған. Сондықтан ислам діні барлық 3 түрлі себептік Раббысымен байланысты меңгерудің, тілсіздік, үнсіздіктен сезімді тазартудың, рухани ақталудың, яғни ақты меңгерудің, нанымның асылыққа жету, көркем мінездің сипатын меңгеру намаздарын толық көрсеткен.

Қазақ халқы исламның тура жолын меңгерудің негізгі нанымдық сипатын дәстүр қылып алғаны, әулие-әмбилер, елшілер арқылы көптеген амалдармен толықтырғаны да сөзсіз. Сондықтан, бұл ислам дініндегі тарихат, мағрипат амалдары қазақтың қарапайым тұрмыстық дәстүріне айналып, қазақ елінің тағдырлық иман қуатының ерекшелігі де әйелдеріміздің, аналарымыздың қанымен діл болып ұрпақтан ұрпаққа текке айналып жатқаны да сөзсіз. Бірақ, бұндай жетілген шариғатымызды арап елінен келген масһаб білімі бойынша ырым, ескіліктің қалдығы деген ұстанымды, білімді тықпалап, қазақ халқының өз дәстүріне деген нанымын толық болмаса да жартылай жоғалтуға әкеліп соқтырғаны да хақ. Сондықтан енді дәстүр деп ойын-сауықты да, тойлаудың түрлі сипаттарын да, қазақта мүлде болмаған шайтан арбамен жарысты да «дәстүрлі» деп атайтын тілшілеріміздің, жазушыларымыздың, ел билеушілеріміздің аузынан мұндай имансыздығын күнде есітіп отырғанымыз да сөзсіз.

Ал шындығына жүгінсек; ДӘСТҮР деп қандай жағдайдағы амалдарды атаймыз?

ДӘСТҮР сөзі; «Қырық буын қырқадан аспауға, шырақты өшірмеуге, киізді күйдірмей, қазығы мықты болуға» негізделген. Осындай қой баққан аталарымыздың астарлы сөзін, енді ой баққан ғалымдарға, жазушыларға логикалық жағдайда ғана түсіндірмесең, онда қабылданбайды. Себебі рухтары ағармай, нанымдары қарайып кеткен. «Қырық буын қырқадан аспау» деген ұғым ерлердің жыныстық, белдік қуатын сақтау, таза ұстау, тектілікті қалыптастырудағы ұстанымдарды ескертеді. Кенесары хан атамыздың зияратында қырық буынды арқан бірге көмілген екен. Төреліктің бұл кезінде «символы», таңбасы, белгісі болған. «Шырағың өшпесін»деген аталарымыздың мақалына сәйкес негізінен «Шырақ» адамның құдайлық нұрынан берілген жан қуаты және қыз баланы айтады. «Киіз күйдірмей, қазығы мықты болу» ұғымы әйел затының етегіне байланысты, екі аяқтың, табанның тазалығы мен жыныс ағзасының өрісті түрде жерге жалғанып, киіз қазық болып тұратынын және оны күйдірмей сақтауға деген ар, ұяттылықтың шариғаттық қағидаларын ескертеді. Осы қарапайым 4 сөйлеммен масһаб білімімен ұсынып отырған барлық шариғат негіздерін және қазақ ұлтының ежелгі дін ұстанымын да қамтиды. Сонымен бірге, әрбір мұндай атау сөздің өз өлшемі құран аяттарымен, пайғамбар хадистерімен тоғысатын белгілері де болу шарт. ДӘСТҮР-дің; 3; 7; 21; 90 сандық өлшемдері болып, осы сандар арқылы құран сүрелерінің, аяттарының, пайғамбар хадистерінің қазақ дәстүрінің сипатын растап тұрғанын және қандай намаз құлшылықтарымен, табынумен, сыйынумен байланыстылығын көруге болады. Мысалы 7-ші санды сүре аруақ туралы білімді ашып көрсетсе, 3-сүре тура жолдың негізгі қағидасы мен нәсілдік сипаттарды меңгеруді, ал 90-шы сүре жол-жобаны меңгеруді әрбір пендесіне жеке берілетін екі жолды меңгеруді, қазақтың ата жолын ашық насихаттайды. Ал 21-сүре осы замандағы қазақ елінде болған хикметті жағдайды сенімге байланысты 101 атты қатерді, өліктермен, тылсыммен байланысты шындық кітабының оқылуын, қияметтік сын сағатының келуін де ашық ескертіп үгіттейді.

Қазақ дәстүрінің негізгі таңбасы 21 жұлдызбен ортасында Айша анамыздың кесенесі салынған, адамзаттың барлық көктік несібесінің жермен байланыстылығын көрсеткен ата жолының ел билігі мен дін масһабпен қудаланған туынан көруге болады. Бұл ту құранның кітап түрінде елшілер арқылы оқылуымен, тылсыммен байланысқа түсіп және адамзатқа берілген толық рухани несібесін ескертеді. Дәстүрдің негізгі нәтижесін құран аятынан білу үшін; 3+7+21+90=121 және екілік бірліктермен дәрежелесек, 13,31; 4 сандары пайда болады. Бұл сандарды Абай атамыз да иманмен өлшеп, осы сандар мәндерімен қазақ дәстүрінің қарама-қарсы салтқа айналған жаман жақтарын сынау арқылы да ашып берген. Ал құран аятына жүгінсек, «Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121) Сандар теологиясына жүгіне отыра дәстүр білімінің негізгі сипатын, ерекшелігін құраннан білімін меңгеруге де болады. Ата жолында тылсымнан оқылып жатқан әулиелер батасын, пайғамбарлар уахиын, аянмен берген кітабын оқығандар және оны халыққа таратқандар иман келтіргендер болып, ал оған «серік, шерік» деп қарсы болғандар зиянға ұшырағандар екені де көп ұзамай құдайдың кереметтерінің ашылуымен, хикметтермен, сынақтармен дәлелденетіні де хақ.

Ал, неге салт-дәстүр деп жазамыз? Салт сөзінің ұғымы әр елден келген, кірмелі деген мағынаны берді. Мысалға, белгісіз біреу атпен алыстан ауылға жақындап келе жатса салт атты келе жатыр дейміз. Яғни алыстан бір бейтаныс кісі келе жатыр деген сөз. Салт осындай жағдайда қонаққа барумен, қонақтармен сұқбаттасу барысында үйренген әдеттерінен және ере келген төбет иттерімен де ауылдың қаншықтарының шағылысуымен де байланысты болмақ.

Сондықтан қазіргі жағдайдағы европадан, арап елдерінен алған біліммен бірге түрлі қылықтарын да алып, ендігі салтымыз дәстүрімізді мүлде басқа арнаға бұрып жібергені де осы салт-дәстүр деп бірге жазған тырнақшамен де байланысты.

Әлемдегі қандайда бір елдердің негізгі саясатында қалайда адамзатты жақсы тұрмысқа жеткізуге, өркениетін қалыптастыруға байланысты саясаттың бағыттарын ұстанады, соған байланысты түрлі нанымдарды қалыптастыруға тырысады. Бірақ қандайда бір жақсылық, ізгілікке бағытталған шараларға қарама-қарсы күштердің де жетіліп өркендеуімен, түрлі қара нанымдардың пайда болуын туындататыны да хақ. Сондықтан да белгілі бір нанымды қалыптастыруға сол арқылы сенімді, білімді меңгеріп, белгіленген шектерден шықпауға ұлттық, ғұрыптық, ғұмырлық тарихи шежіремен бекітілген рухани ірге тасынсыз мүмкін емес. Онсыз бәрібір адасушылықты туындатып, арты қайғы-қасірет пен түрлі «экстремистік» ой- пиғылдарды, жат ағымдардың үстемдігін туындатады. Сондықтан да қазақ даналары; «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп нақыл қалдырған.

Кеше ғана «Нұр отан» партиясының құрылтайы болып, ел басшымыздың қазақ елінің өркениетін қалыптастыруға деген көптеген игі шараларды меңгеруге шақырған қағидалар ұсынылып, осы бағытпен жүрсек бақытты өмірге жетеміз деген ұстанымдар қабылданды. Бірақ, әлемге төніп тұрған рухани дағдарыстан туындайтын кедергілердің, сынақтардың, апаттардың, жазылмайтын обыр ауруларының да қазақ еліне де үлкен қауіп төндіріп, бұл жағдайдан айналып өте де алмайтынымыз туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ. Сонымен бірге текті сақтау, қан азғындағаннан, болашақ ұрпақтардың ұлттық, ділдік сипатын жоғалтып, бұндай жағдайда ата-аналары қалдырған байлықты ұстап тұра алмай, қайтадан өзге елдердің боданына айналып кетеді-ау деген сияқты ойшылдықтың, философиялық ұстанымдардың болмауы да, ел билеушілері мен қазақ зиялы қоғамының тек логикаға, нақты есепке ғана жүгініп, негізінен уақыт пен заманды меңгеруші құдайлық істерді мүлде естен шығарғанын көрсетеді. Уақыт, заман өзгерісі, ықылымдық жағдайлар мен табиғат мінездері, ажал, өлім сияқты құбылыстар ел биліктің, білімді қоғамның есебіне де, логикалық пайымдауына бағынбайтыны да тарихта қайта-қайта дәлелденген ақиқат екені мүлде ескерілмейді. Құдай қаласа ғана мұндай ізгілікті болжамдар іске асатыны сөзсіз. Ол үшін Құдайдың қалауын үнемі бірге ұстану де керек екенін де білген жөн. Сонымен құдайдың қалауына мүлде ескермеген ел биліктің болашақты бағдарлау, ел тағдырын болжау туралы білімдері тек шаруашылықпен, дүниемен ғана байланысты және рухани жағдайдың, халықтың наным бірлігінің бәрінен де үстем екенін, барлық жақсылық та жаманшылық та осыдан туындайтынын мойындағысы келмейтіндері ашық белгілі болғаны да хақ.

Шәкәрім атамыз; «Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?

Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын да осы сұрақтар. Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары; біреулер адам өмірін жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулер үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер біліммен, халықты ағартумен түзеледі деді. Біреулер бай кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі-тіршіліктің таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған.

Біздіңше бұларды жекелей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.

Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, жаратқан иесін танып, күнде бес уақыт намазын оқып, құранды қақпан қылып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз…» Сонымен Шәкәрім атамыз жеке-жеке бұл жағдайлардың адам өмірін түзей алмағандығынан тарихтан дәлелдер беріп, адам өмірін түзеу үшін;

«Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.

Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржолата сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер бар. Олар, нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы; зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рақымсыздық. Мейірімсіздік, қанішерлік, тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек…»

Енді адал еңбек ету туралы насихат айтпаса да болады. Барлық игілік басы еңбектен туатыны да, ел биліктің де саясаты, қандайда бір діннің де үгіті бұл тақырыпсыз болмайды да. Ал арлы ақыл туралы Шәкәрім атымыз балаларға тәрбиемен берілу керек деп ескертеді.

Бірақ, қазіргі таңда арлы ақыл балаларға ғана емес, сол арлы ақылды үйретуге тиісті ата-анасына, мұғалімдерге және жалпы қазақ халқының ел биліктен бастап мектеп оқушысына дейінгі аралықты қамтып үйрену керекті жағдайға жеткеніміз де, қоғам түгел арсыздықты қалыпты салтымызға айналдырып алғанымыз да сөзсіз. Яғни енді біздерге құдайдың өзі үйретпесе өзімізде біреуге үйрететін қауқарымыз, үйренуге деген құлшынысымыз да мүлде жоғалғаны да хақ.

Сонымен АР қуатын меңгеру негізінен 99 сандық өлшемге негізделген, таспихпен де белгіленген жаратылыстың 3 түрлі себептік қозғалыс негіздерін меңгеруге де тәуелді. Ар-намыс болып көрінісін тауып, негізгі өлшемдерін; Қуат-Жігер-Өріс (бой)-Тәндік яғни малдық саулық-Жүрек қанының тазалығы-Көмей қуаты-Иық қуаты-Жауырын тазалығы болып, қарама-қарсы жағдайда; Өшігу-Кекпен байланысты болады.

Сонымен бірге арлы болу, адал еңбек етуге де және қан тазалығының, тектің сақталуымен және ақ жүректілікке де тәуелді болмақ. Бұл ар білімінің және ақ жүректілікті, мейірімділікті қалыптастыру қағидалары қазақ дәстүрінде толық қамтылған. Бірақ енді қазіргі таңда және дін масһабымызбен түрлі білімдерге негізделген жалпыға ортақ тек шариғат ісін білумен, өз тағдырынан хабарсыздық, үнсіздік, тілсіздікке, ата-баба аруағының екі аралық жалғаушысы біздерді күзетуші, елшілігіне деген қарсылық және мұндай дәстүрімізге сенімсіздікке негізделген нанымдылық жағдайында, әр адам баласының жеке тағдыр ерекшелігіне, күзетші қауымының тазалығына байланысты кімге нені және қандай жағдайда меңгеру керектігін, қанын, тән-малын қалай тазарту сияқты тағдырға байланысты жүктелудің, тіршілік барысында арсыздық әдеттер мен жолдан қосылған түрлі күштерден, бойымызға әбден сіңген жындылық, шайтандық мінездерден құдайдың өзінің көмегінсіз қалай құтыла аламыз? Масһаб діншілері насихаттағандай бес парыз ұстанып, намаз оқып, зекет беріп, ораза ұстанудан жындылықтан, шайтандықтан арылатын болса, онда баласынан кәрісіне дейін осыны ұстанатын арап елдері неге жындылыққа, шайтандыққа түсіп жатыр? Және біздің масһаб ұстаздарымыздың, ғалымдарымыздың, қажыларымыздың да тәндерінің, рухани тазалықтарының жетімсіздігін алдыңғы тура жол туралы басылымдарда аруақ арқылы тексеріп, дем салатын ауруларының, шайтандықтарының бар екендігіне дәлелдер келтірдім. Ал, сөз жүзінде жындылықтарын жазған кітаптарынан, берген пәтуларынан-ақ оп-оңай анықтауға болады. Сонымен жоғарғы бірінші тақырыпта көтерілген жындылық, шайтандық, адамдық есті ақыл туралы және оның пайда болу, жаратылыс құпияларынан сырларынан мағлұмат білмесек, онда қалай күресу, тазару туралы да әңгіме қылудың қажеті де аз. Масһаб дінші қауымының да, зиялы білімді қауымның да философиялық, психологиялық білімсіздігінен қазақ еліндегі түрлі бағыттағы «экстремистік», өз саясатын күштеп тықпалау, еріксіз мәжбүрлеп, тиымдар мен заңдар арқылы негізгі дәстүрімізге, арлылық білімімізге қайшы арсыздыққа, жалпы халықтық жындануға, шайтандық, мастық жағдайға түсіп, қияметтік сынаққа әлемде алғашқылардың қатарында сыналып жатқанымызды аңғарар емеспіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *