Бұл тақырыпты; «Жын-шайтандар жараталысы туралы философия» атты жазбаны толық аяқтағаннан кейін жалғастыррмақ болып едім. Бірақ, жыл басындағы алғашқы дүйсенбі күні Астана телеарнасынан Қалқаман Сарының «Кеш емес» атты ата жолына арналған «шоуынан» кейін жауап беру қажеттілігі туындағаны сөзсіз. Сонымен бұл кездесу сұхбатында әулие-әмбилерді аралау, жол ашу және қазақ дәстүрінің қазіргі масһаб пен ел билігінің ұсынып отырған діни рухани даму жолына қаншалықты қайшы және ол құранда, пайғамбар өсиеттерінде қалай түсіндіріледі?- деген мақсаттың болып, ал негізінде 2007 жылы желтоқсан айында ата жолын айыптап, шамалы бір топ өкілдерін соттау арқылы қазақ жерінің барлық облыс, аудан, ауылдарында ел биліктің тапсырмасымен қудалау және ордаларға айыппұл салып соттау жұмыстарының әлі кезге дейін жалғасып келе жатқанын, оның дұрыстығын дәлелдеу мақсаты тұрғаны да хақ.
Әрине жел тұрмаса шөп басы да қозғалмайды. Бұл жағдайға себеп, ол уақыттарда ата жолын қорғауға құран арқылы түсіндіруге мүмкіндік болмады. Көбіне жамандыққа түскен, қиналған жетім-жесір және өзі бетінен аруағына құрмет көрсетуді лайық көрген діни білімі жоқ топ болғанымыз да растық. Және зиялы қауым өкілдері мен философ, дін ғалымдары тарапынан да ешқандай зерттеу, ақ қарасын ажырату жұмыстары жүргізілген жоқ және осы уақытқа дейін тек масһаб діншіліренің берген пәтуасына ғана жүгініп келгені де даусыз. Сонымен «экстремизм» деген ұғым қоғамның барлық саласында да болып негізінен саясатпен, дін таратумен айналысушы қауымның басты құралы екені де сөзсіз. «Экстремизм» ол әрбір белгілі бір ұйым өкілдерінің өз ойларын дәлелдеу және сол арқылы үстемдікке, билікке түрлі жағдайда пайда табуға негізделген ақпараттық соғыс тәсілі. Және оның пайдалы да пайдасыз да жақтары болып, ал террорлық, бүлікшіл әрекеттер осы экстремистік жүйені күштеп орнату, қорқыту арқылы амалға айналуын көрсетеді. Енді қазақ ел билігі өз мақсаттарында экстремистік айланы пайдалана ма әлде әділетті қоғам, қайырлы ел (зайырлық) құру жолында ма? деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Бұл сауалға осы болып өткен; «Кеш емес» атты хабардың нақты жауабын және осыдан-ақ барлық ақпараттық қоғам және ел биліктің философиялық бағыты мен оны күтіп тұрған немесе пайда болатын елдегі саяси ахуалды анық байқауға, болжауға да болады. Басты қатысушы дін ісінің өкілі болған әйел мен Әзірет Сұлтан атындағы мешіттің найб имамы Ғани атты жас жігіт және бұқара халық өкілінен бір емші әйел мен осы ата жолынан жақсылық көрдім деген орта жастан асқан әйел заты болды. Және қазіргі қоғамдағы білімді аталатын топ өкілінен тілші мамандығын меңгерген орта жас еркектің де қатысқанын көрдік.
Сонымен енді менің бұл кездесуде талқыланған тақырыпқа 9 кітап түрінде ата жолы дәстүрлі діні мен масһаб дін білімінің ерекшелігі, қателігі және Абай-Шәкәрім философиялық құндылығы туралы жазбаларымда түгел қамтылып, ашық жауабы да берілген еді. Бірақ оны кең көлемде таныстыруға ақпарат жүйесі мен ел биліктің тосқауылынан жариялауға да, таратуға да бас тартуынан бұқара халық ішіне де аз ғана өздері ізденгендерге болмаса, жалпыға мәлім де емес екені де сөзсіз. Бірақ бұл жазбалар 5-6 жыл бойы баспагерлерге, ақпараттық басқару әкімшіліктеріне, дін басшыларына үнемі алдарына апарылып беріліп отырылғаны да хақ. Енді бұл еңбектерді олардың оқып та және түсініп те жарытпағаны, мешіт өкілінің пәтуасы, қазіргі кездегі қоғамдағы барлық дін ғалымдары мен масһаб имамдарының діни сауатсыз екені, ал діни білімі экстремистік бағытта жүріп жатқанына айқын дәлел бергені де хақ.
Сонымен бұл берген пәтуамызды қорғау және дәлелді болу үшін, барлық нәрсені жұп және парымен жаратқандай дін тұрғысында діни сауаттылық деп жанында құпия білімі берілген тағдырында бұрынғы ата-баба меңгерген діні мен кітабымен байланысы бар және сол арқылы өзінен-өзі қасиет көздері ашылып, діни тұрғыда имам, шейх аталып меңгере алмаған, жоғарғы пайғамбарлық қасиеттерді оп-оңай меңгеру арқылы елшілікке яғни құдайдың қалаулы құлына айнала алатын адам баласын атайды. Қазақтың және түркі елдеріне бұл жағдай дәстүрлік дін ұстанымы арқылы оңай төте жолы болса, ал енді діни сауатылыққа арап елдерінің дәстүрі бойынша ұзақ уақыт намаз оқумен тақуалығын жетілдірумен бойына алтын, күміс ақшасын жинаумен машайықтық, сопылықпен ғана жетеді. Сонымен қазіргі біздің дін ғалымдарымыздың атап жүрген діни сауат ұғымы мүлде жаңсақ және адасушылықты ғана туындатады. Рас, масһаб білімі қазақ елі түркі жұрты үшін діни білімді жетілдіруге ең төте ыңғайлы діни ұстаным болғанымен діни сауаттылықты меңгеруге мүлде жарамсыз.
Міне осындай діни сауатты қоғам өкілдері мен діни білімді қоғам өкілдерінің арасындағы пікірталас кеш болса да, әйтеуір өзін көрсетті. Бірақ өкінішіке орай діни білімнен өзін орта деңгейде көрсеткен дін ісінің өкілі және сөзінің дәреже тұрғысында пәтуасыздығымен де көрінісін берді. Жалпы құраннан пәтуа беру құдайдың жақыны, яғни философиялық даналық пен тазалықты қажет етеді. Бұл дін ісінің өкілінің шашын жіберіп қойып, басын жалаңбас ұстану мүшіріктік, екі жүзділік болып, сондықтан құран сырынан жетік хабары жоқ екені, діни сауаттылықты меңгере алмай, жүрегі жабық екені де ашық байқалды. Осының өзі ел биліктің мұндай орынға осындай дінге, парызға қайшы қылықтағы өкілді тағайындауының өзінен дінге деген немқұрайлылық, бейтараптықпен бірге құдайға деген ашық қарсылық деп те түсінуге болады.
Енді Ғани атты имам мырзаның пәтуасының қателігіне ғана тоқталып, құранға ашық қарсылық білдіріп Аллаға ортақ қосу әрекетінен мысал берсек қалғандарының діни білімділік, сауаттылық жағдайы да айқын болары да сөзсіз. «Жын деген көмес жаратылыс және ол адамзат өмірінен тыс» дейді Ғайни имам. Сонымен құран сүресінің барлығы да жоғарғы дәрежеде көктік қуаттың белгісі болса онда аяттары жерлік және жер мен көк екі аралық сипаттарды баяндайды. Жын сүресі адамзаттың жыныстық, жындық, гормондық қуаттардың бірлігі болып және бұл жаратылыс әлемімен адамзат рухани әлемінің арасын жалғаушы күрделі періштелік негіз болып табылады. Жынсыз білімді де, өнерді де меңгеріп, ұрпақ жалғастыру мүлде мүмкін емес адамзатқа. Бұл туралы «Жын-шайтандар философиясы» атты жазбамда анық мәліметтер бар. Сондықтан қайтадан дәлелдер беріп жатудың да қажеті шамалы. Сонымен бүкіл масһаб білімін меңгерушілер, ғалымдар, хазіреттер рухани жаратылыс туралы мүлде діни білімсіз екенін осы имамның өзі ашық жариялады. Және философиялық тұрғыда барлық әлемдік ғылым жүйесіне, ақыл-ойға да ашық қарсылықпен, надандықпен өздерінің «экстремизммен» айналысушы екенін де ашық білдірді. Оған дәлел табыну мен сыйыну туралы және құранның жүздеген аятына ашық қарсылық білдірумен қазақ дәстүріне түскен мына аят-үкімді жоққа шығарып, күдіксіз серік қосып, ортақ қосудың ашық түрін жасады. Аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғаны құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз» (11-109) деген түркілік аруаққа табыну арқылы орындалатын құлшылыққа ашық түрде дұрыс деген үкім берген. Тәураттық қағида бойынша егер тәурат үкімінің бір әрпін бұзса, онда оған өлім жазасы лайық деген. Ал бұл аятты және «Өліктерді сөйлестіремін, алдарыңа барлық нәрселерді жинаймын» (6-111) (42-51)…. деген ашық аяттарды да мүлде ескермей, мұндай пәтуаны ел билік пен бүкіл зиялы қоғамға да мойындатып саяси жолға айналдырудан артық қандай «экстремизм», надандық, екіжүзділік, сатқындық, опасыздық болуы мүмкін? Мұның арты қандай қайғылы оқиғалармен аяқталатынын, құдайдан жауабы міндетті түсетінін де болжаудың да қажеті шамалы.
Енді діни сауаттылық тұрғысынан Үміт атты әйелдің жалаңабас жүріп, әрекеті дәстүрге қайшы болса да рухани тұрғыда жанында құпия білімнің бар екенін, өз ұлтының абыройына, дініне адал екенін ашық көрсете білді. Және; «Мұхаммед, егер Алланың аяттары мазақталатын болса, онда олар (екіжүзділер) қайта сөзге кіріскенше сен тұрып кет» деген аятты жанының қалауымен орындағанынан да көрініс берді. Осындай жағдайдың жасы 40-тан асқан зиялы қауым өкілінен де көрінісін беріп, оның да рухани тұрғыда жанында құпия білімі (иманы) діни сауаты болып, құраннан хабары болмаса да өз пәтуасында тұра білгенімен көрінісін берді. Ал енді емші әйелді де бұл топ өкілін де ашық мазаққа алған өзінің надандығымен белгілі болған тілші қауымның өкілі Қалқаман Сарының жоғарғы жақта отырған иелерінің айтқанын орындауға тырысып, ит сияқты тап-тап беріп ашуға булыққанынан, қалай да тапсырманы орындау керек деген құлшынысынан білуге болады. Ал оның діни білімі де, діни сауаты да жоқ шайтандай қайда жұмсаса сонда бұрылатын ғана рухани жағдайда екені де ашық жария болғаны да хақ. Бұл ақпарат жүйесінде отырған ел басшыларының өліспей, беріспейміз деген бұқара халық өкілдеріне жариялаған ашық соғысы деп те түсіну керек. Демек халықты ашындыру, арандату арқылы биылғы жылы халықтың рухани көтерілуіне алып келе жатқан «экстремистік» жүйе тағы да өзін көрсете бастады. Олай болса ел билігіндегілер экономикалық шаруашылықты меңгеру арқылы әрбір адам баласының білім арқылы басқарылатын ерікті қоғамын құру жолында пайдаланған Маркстік доктринасының енді өз мақсатын орындап, арты рухани күйзеліске ұшырауға саяси тұрғыда басқарушы топтың, құдайсыз билік құрмақ мақсатының көп ұзамай күйреуіне соқтатыратынына айқын белгісі көрінді. Мұндай жағдайда бұқара халық та, ел билік те ешқандай пайда көрмейді. Надандыққа құдайдың жауабы қайғы-қасірет қана.
Сонымен масһаб біліміндегі діншілер құдайлық болмысты, құдайдың ісін, хикметтерін, белгілеріне ашық қарсы болып, өз бағыттарынан өлмей қайтпайтындары да белгілі болды. Және діннің әрбір хикметтен құдайлық болмысты көру, құдайлық тілді ұғыну, болжампаздық мүміндік бағытты ұстануға қарсы екенін де имамның діни білімсіз берген пәтуасынан ашық белгісін көрсетті. Олай болса, қазақ философия мектебінің логикалық білімінен аса алмай, болжампаздық жетілген адам болмысын қалыптастыру сияқты әдеттерін мүлде жоғалтып алғанын, сондықтан қазақ білім беру саласының «экстремистік» бағытта дамуына жол ашқанына да Қалқаман Сары мырзаның Абай атамыздың философиялық пәтуасын; «Жаратушы тұрғанда, жаратылыстан (жаратқанан емес) не сұрайсың» деген Абайды да өздерінің надандығына куәлікке қойғанынан көрініс тапты. Ал шындығына және дін біліміне құран және Абай-Шәкәрім философиясына жүгінсек ашық жала болып шығады. Қарапайым түрде түсіндірсек жаратушы түп негіз болып, өзін-өзі жарата алатын, туылмайтын, туылуға мұқтаж емес құдайлық сипатын «абсолютті» жаратты. Оны «Жарат-қан» деп атаған. Енді жаратушының әлемінің ішіндегі сипаты болған Жаратқан өзін-өзі жарату барысында өзіне ұқсас қылып, Адам атамызды жаратып оған барлық періштелерді қызметке қойып, Адам болмысынан барлық жанды-жансыз жаратылыс егелері тарағаны да хақ. Және Қалқаман Сары мен дін имамы жаратқанның яғни құдайда дін болмайтынын, дінсіз таза ақыл нұр екенін, ал әрбір адамзат рухани тұрғыда діні арқылы ғана жаратқанымен, істермен дін иесімен саудаға түсетінін, ОЛ-ғана дінді, құлшылықты қабылдайтын, саудаласатын және біртұтастыққа жеткен сол дінді оқыған, таратқан пайғамбарлар жаны мен әулиелер екенін құранның үкімін мүлде білмейді де екен. Құдай қозғалыс егесі, басы болғанымен, бірақ қозғалуға қатыспайды, ол үшін себепті яғни тағдырды, 8 сипатын (жаннатты) біртұтас жанды жаратқан. Құдай абсолют, таза рухтың негізі болғандықтан, өз нұрын ғана түсірумен, әшкере болуымен барлық қозғалыс себебіне бағыт, білім береді. Құдай сипатты болған жерде күнә өліп, тек құдайлық болмыс қана өмір сүре алады. Олай болса күнә, қаралық, ібіліс құдайға қарсы жаратылыс. Ал жаратушы барлық жаратылысты сонымен бірге күнәны көбейтуші ібілісті ғана жаратты. Күнәні жаратушының өзі көбейтіп жаратпақ емес. Енді ақылы сау пендеге егер жаратушы өзі жаратып алып, өз жаратқан нәрсесімен яғни күнәмен соғысатын болса онда не болғаны? Онда күнә-ібіліс те тәңір болып шықпай ма? Егер жаратушы түп негізде барлық әлемнің жанды жаратылыстың сыртқы денесі шегі болмай, оның ішіндегі құдайлық сипатта болып және әрбір пендесінің тілегін қабыл алып, оның орындалуына қатысып, дін саудасын да өзі жүргізетін болса онда не болғаны? Өзі өсірген өніміне өзі баға қойып, ал деп тықпалдап жүрген егінші дәрежесіне дейін түскені ме? Сонымен бірге жаратушы өзінің жаратқанның яғни өзінің ісі түгіл, әрбір пендесінің ісіне тікелей араласады деген не сұмдық? Сонда еркіндік, рахым, мейірім, орынбасарлық деген уәдесін де жалған деу керек болады. Бұл қарапайым ғана пайымдаудан рух пен жанды жалпы діннің мақсатын да білмейтін надандық масһаб білімін халқына зорлап тықпалап заңмен қорғап таратуға халықтың өз қаражатын, маңдай терін өздеріне қарсы пайдаланып қолдап отырған ел билігін кімдер деп атауға болады? Және жүргізушінің қайта-қайта Үміт атты әйелдің жұмсаған 30 мың ақшасына ысырап етіп көрсетумен, ата жолын осындай тұрғыда соттаған биліктің пәтуасын қорғау үшін ит сияқты қауып алатындай тап-тап беруінен де, ел билігінің мүддесінің «экстремистік» пиғылдарының көрінісін тапқаны да даусыз. Яғни сараңдыққа, Алла жолына мал жұмсамауға, шайтандық пиғылға шақырып, кедей болып қалуымен қорқыту, үрей тарату арқылы, сонымен бірге құдайға, хикметіне, заманға қарай түсірген аян-аяттарына ашық қарсылық білдірумен өздерінің жансыз білімі арқылы жер бетінің тәңірі екенін дәлелдемек болды. Енді осындай жағдайдан қазақ халқын қандай рухани қайғы-қасірет күтіп тұрғанымен онан шығу жолының да айқын болғаны да хақ. Бірақ өздері ақыл беруге, ақыл сатуға, таратуға, өндіруге, лауызымды орындарға бірі дүниесін шашып, біреулері жансыз білімді меңгеріп, том-том кітап жазып ғұлама, акедемик, философ, ғалым, сенатор аталып енді өз тағынан өлмей түскісі келмейтін ардан жұрдай болғандармен, өз ағайындарымызбен қалай жаға жыртысамыз? Бұл да қазақ дәстүріне мүлде қайшы. Онда шығар жолы қандай деңіз? Онда шындық туралы философиялық жазбадан жалғасын оқып көріңіз.