Ауруын жасырған өледі,
Күнәдан ауру өнеді.
Жасаған күнәсін жақтаған,
Ауруға байланар пендесі.
Аурудың күнә себебі,
Нәпсімен келіп енеді.
Ақтамай күнәні алайда,
Тәубенің көп керегі.
Иісі күнәнің бойыңда,
Айналар жаман ойыңа.
Тәніңді қорғап сақтамай,
Ақылың бармас орынға.
Бесіңнен қуат беретін,
Алты рух тәнге енетін.
Жеті өріс жарық бойыңа,
Қаныңда күнәң өлетін.
Баураған бойды себепке,
Жалғанған теріс дерекке.
Дін шариғат, Құдай істерін,
Алдырмас күнә керекте.
Іштегі күнәң жасырын,
Сөз керек айтар жан сырын.
Күнәңді әшкере жариялап,
Өкінішпен сыртқа шығарғың.
Шипасы дерттің осында,
Ағартып малдың қасында.
Жеңіл деп күнәға қарама,
Тәкаппарлық қосар рұқыңа.
Еселеп күнәң артпасын,
Асқазан арам толмасын.
Ер мен әйел жартылар,
Төсектен жала қоспасын.
Жазалы жаның жарасын,
Шырмалып күнәға батпасын.
Қызғаныш деген зинадан,
Дәстүрімен баба ақталсын.
Бәйбіше тоқал салтың бар,
Мұның да жоба парқы бар.
Құдайсыз қурай сындырсаң,
Қыс пен жаз қалай қосылар?
Махаббат малға сатылмас,
Қасиетпен текті қосылмас.
Құдайдың өзі көрсетпей,
Мың жылдық өмір жалғанбас.
Жығылып күнә ығына,
Әлемнің арсыз салтына.
Жансыз рұқ қалай тазарып,
Сақталмақ тегін халқыңда?
Құмарлық дерті күнәдан,
Нәпсімен шерік қостырған.
Құдайдан жол-жобасыз,
Пенделік болмас ақталған?
Болмасын байлық, дастархан,
Ішіп–жем артық мақтанған.
Бұл да бір дертің еліңде,
Тұрмыспен жеңіл той-думан.
Білгіштік мақтан күнәдан,
Тәкаппар көңіл тарылған.
Еркектен артық болдым деп,
Қыз, қатын болар данадан.
Мастығы жастың бұл қуат,
Араммен қара күш болмақ.
Еңбекпен ауыр ет малды,
Терімен ащы шығармақ.
Нәзіктер нәпсісін тазартар,
Сәждемен ерге рұқ алар.
Жарығын ұрпақ көбейтіп,
Шілде термен күнәдан арылар.
Махаббатқа керек таза ақыл,
Үлкендік жаста бұл дақыл.
Шауқатында ата мән болар,
Номадтық өнер тек нәсіл.
(Қыркүйек 2018 жыл)
**** ****