КЕҢІСТІК — ӨЛШЕМ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 411

    Кеңістік – ғылым мен философияның, дін ғұламаларының даулы мәселелерінің бірі. Өйткені кеңістік ұғымы материяның ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан осы кезге дейін материядан, заттан тыс бос кеңістік бола ма? Немесе кеңістік әрқашанда материямен сабақтас бола ма? – деген сауалдар туындаған. Ислам ғалымдары Имам Раббани, Мұхиддин Араби,  Мевлани Жәми; «Адам тек ақыл көзімен ғана анықтап, тек сезім түйсік арқылы ғана заттар, материяны  бар деп ойлайды, сол арқылы өмір сүреді деп тек кеңістікте өмір бар, басқа өмір алдамшы» – дейді. «Мектибат» деген еңбегінде «Алланың жаратқан денесі шындығында жоқ… бұның бәрі тек сезім түйсік арқылы ғана біледі… бар қуат тек Алла, одан басқа жаратылыс жоқ (II – том. 357 бет мектиб 163 бет) Европа философтары Беркли т.б. осы бағытты ұстанушылар болып табылады.  Мевлани Жами: «Бүкіл ғалам тек түйсік пен сезімнен ғана тұрады. Денелердің бәрі айнаға түскен көлеңке тәрізді» — деп пайымдаған. Харун Яхья және жақтастары үш әлемнің жоқтығын дәлелдейді, пайымдайды. Оған байланысты еш дәлел жоқ деп құрандағы  мына аятты негізге алады «Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан әрі адасуда міне солар мүлде қаперсіздер» (Ахраф – 179)

      Өкінішке орай аятты басынан бастап тәпсірлемей «олардың» деген сөзінен бастап түсіндіреді. «Бір» — тек Алла тағала. Ал бір аятпен жорамалдау, тәпсірлеу, ғылыми негіздеу қателік!. Енді Құранда жалпы әлем туралы негіздер көп, соның біріне қарапайым аятқа тоқталсақ «Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселер мен теңізде жүрген кемеде және Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін оны жандандыруында, әрі онда әр түрлі хайуанды таратуында, желдерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында, әлбетте ойлаған елге белгілер бар».(Бақара – 164)

Енді белгілерді санасақ 1) көк; 2) жер; 3) түн; 4) күн; 5) пайдалы нәрселер; 6) теңіз; 7) кеме; 8) жаңбыр; 9) өлім; 10) жан; 11) хайуандар әлемі; 12) жел; 13) бұлт. Мұқият болыңыз 13 саны әлем шегі- биіктігі. Енді топтастырсақ жер теңізде кеме сияқты жүзіп тұрса, пайдалы нәрселер «жан» жаңбыр арқылы көктен келеді, оны қозғаушы жел — күн мен түннің тербелісі. Осындай тербелістерден сезім, түйсік туындайды. «Ол көктен жаңбыр жаудырады да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып еріткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен  көбік кеуіп, ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді» (Рағыд – 17) Көзге көрінбейтін түйіршіктерден бу (бұлт), бұдан тамшы, тамшыдан су, судың алған орны көбікке айналады сол орынды толтырады. Сол сияқты металды кері қарап үгітіп талқандап тозаңға айналдырып тағы да көрінбей кететіндей қалыпқа жеткізуге болады. Сол кеңістік өрістің үш түрлі бейнесі кейпі бар! 1) жазықтық (жайқалған) кеңістік жердегі асқар тау, жазық дала, құмды шөлдер, өсімдіктер өсуі, тамыр жоюы, адамдар баспанасы, жүріп тұруы, қимыл-қарекет кеңістігі және жан-жануарлар, жәндіктер өмірі болып табылады. Үнемі бірін-бірі толықтырып тұратын: 2) тыныстық өрісті құрайды. Бүкіл жазықтықтың өрістің осы тыныстың өрісте қалыптасқан орны бар. Сол белгілердің шекара сызығы да бар. Жалпы ауа деп атаймыз. Құрамына қарай үш түрге бөлінеді. Жағымды, жағымсыз, желді болады. Жағымсыз өріс таудың ұшар басында және жердің төменгі ойпаттарында болады. Бұл белгілердің өріс ішіндегі белгілі денелердің аз – көп қатысуын білдіреді. Желді, боранды өрістерде белгілі жер бетіндегі денелердің, тіршілік иесінің қатысуына қарай да жағымды, жағымсыз болып бөлінеді.

3) Аралас шайқалып тұратын өріске су және оның іші болып есептеледі. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иесі осы судан жаратылған. Зат негіздері топырақ болса, Жан негізі су. Дәміне қарай татымды, татымсыз болып бөлінсе, құрамына қарай ащы және тұщы болады, тығыздығына қарай буға, сұйыққа және мұзға қатты денеге айналып отыруы осы кеңістіктердегі заттардың, тіршілік иелерінің бір жағдайдан екінші бір жағдайға өтуіне байланысты. Дәмі де құрамы да соған тікелей қатысты. Негізінде бәрі жиналып бір тұлғаны қалыптастырады: Ол өзі аспанды, жерді қамтыған. Даудың басы осы тұлғаның ішкі қатынасын бірінсіз-бірі қозғалысқа түспейтінін әр денені, затты біріне-бірін себеп қылып бір жағдайдан екінші жағдайға өтіп, үшінші қозғалыста болып, жаратушымыздың тек тепе-теңдік қалпын сақтап, толықтырып өзгертіп отыратын хикметтеріне (терең біліміне) әлі көзіміз жетпейді, ғылымымыз ондай даму шегіне келе қойған жоқ. Өлшемін таба алмай адасып жатырмыз. Оған ол биікке адам ғылым арқылы ғана көтеріле алады. Жолбасшысы «Рух – кітап – Құран». Кітап білім. Рух-тарих және болашақ. Құран-адамзатқа берілген жоспар. Шамамыз келгенше бабалар батасымен қуат алып, аруақтар қолдап, сол алтын сырларға өрлеп көрейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *