Абылайхан атаның тойының алдында зияратының Астана қаласынан қашық емес екенін, басында аң терісі байланған қара найзасы барын айтып ешқандай мұны ұғатын саналы қазақ шықпағаны да сөзсіз. Және алтын адам аталған; Қазақ, Созақ бабаларымыздың анасы болған, Ұлсай Емер анамыздың да басын көтеру мен Алаш бабамыздың, Алтай Жүрсін бабалар басындағы мұрағаттарын да ашып халыққа жария ету туралы да менің көтерген мәселеме ешкім құлақ асқан да жоқ. Сол сияқты Кенесары хан атамыздың қырғыз елінде 11 уәзірімен қоса жерленіп, басында мұрағаты барын және басының кесілмегенін хабардар еткенмен, мұны да ұғатын текті, намысты саналы қазақ шыққан жоқ. Енді Керейхан мен Жәнібек бабалардың да зияратын тауып басына ескерткіш орнатып ас бермей –ақ, ел биліктің той өткізбек ойлары бары да сөзсіз. «Санасыздарға сан айтқанмен түсінбес» дегендей бұл жолдаудың да ел билікпен зиялы қауым өкілдерімен қабылданабайтыны да сөзсіз.Қазақтың көргенді ар-намысты ұрпақтары бұл сөзімінің хақтығына сенетін болса, есеп шот ашып халықтан қаражат жинап, бабаларымыздың зиярат бастарына ескерткіш орнатуға шамамыз келгенше үлкен тойдың алдында арнаулы ас беріп, құран оқып еске алуға жағдай жасаса. Ал жерленген орнын, зиярат бастарын біз көрсетуге дайынбыз. Алдын ала Керейхан бабаның басында орнатылған, басы домалақ тас мүсінінің және қазған жағдайда сол қолында сауытының барын ескертеміз. Ал Жәнібек сұлтан бабамыздың зияратынан қанжардың басының табылатыны да және 3 тармақты бір белгі нәрсенің барын да алдын ала білген жөн.