Көңіл қуаты –шеріктер, періштелер.

Бөлім: Көңіл қуаты-шерік періштелері 175

       «Мақсұтың болса орынсыз, Сілкініп жүріп сыға бер. Жолдасың болса тойымсыз, Көзіңе құмды тыға бер. Қызығып жүрген ісің кім, Ерте есептеп ұға бер. Сенісіп жүрген кісің кім, Жалмауыз болса жыға бер. Мен жау болсам, кім досың, Байқадың ба оны өзің? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен-көзің.» деген астарлы өлеңмен Шәкәрім атамыз адам баласының көңілге қуат беретін шерік періштелерінің де көзге айналып, бақылып жан-жағыңда жүретінін, сондықтан қайсысын таңдау өзіңнің көңіл қуатыңа байланысты деп түсіндіреді де; «Түбінде менде айла жоқ, Алалға дайын мінезім. Тойымсыз қудан пайда жоқ, Шын жақындық бұл сөзім. Алалға  айла қылушы ем, Жау жықпасын туды деп. Сескеніп, ерте-ақ білуші ем, Ішкізер қулар уды деп. Жазалы қылмас құдайым Айланы ақпен жуды деп. Деуші «едім үстіп шыдайын, Құртпас па екен қуды» — деп.»Және бұл қуаттардың да ішінде у-да, қуы-да, сұмы да болып оған қарсы қоятын «Ақ» — сабыр қуатының жәрдемі керек екенін ескертеді де мінездің құбылмалағы осы қуаттарды еріксіз алуға мәжбүр ететінін де насихаттайды.  «Мен көргенді көрмеді-ау, Қайратты өңкей батырым. Қайтейін тоқтау бермеді-ау, Қу залым деген кәпірің. Ұқпаған соң лажым не, Жан досым деген жақыным. Ұққаның болса қамың же, Оңдасын істің ақырын.» «Күйдірген соң шыдатпай, Көре тұра жайыңды. Кім айтады мен айтпай, Сендерге енді уайымды.»

      Алла жолында соғысу деген осындай нәпсіге әсер беріп, ал тазаланғаннан кейін күш, қайрат болып зейнеттелетін және иманға айналатын шеріктердің бар екенін және бұл шеріктерді меңгеру үшін иман жолдас жақыныңның, аруағыңның тазалығы, ұғымды білімділігі керек деп ескертеді. Және бұндай жағдай некелі жарыңның ар тазалығымен, дінді меңгеруімен, жүрек қуатымен байланысты болуын да білдіреді. Бұл жайында аятта: «Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыру үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі.» (48-4) Бұл аятпен барлық жер көктегі шеріктер де себептік қозғалыс егелері пері-жындар да Алланың хикметті істерді көрсетуіне арналған ләшкерлері болып саналады екен. Әуелі бұл аяттың толық сырын білу үшін 48 санына тоқталайық. Абай атамыз; «Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған-Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл» деген  «Сегіз аяқ» деген ат қойып бұл періштелік қуаттың негізі тілден алған үн қуатымен сөзбен бейнеленіп және құлақ, көңіл, ми, қайрат, ой көзі, жігер күші болып, қан қызуында қалыптастыратынын  ескертеді де; «Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан.» Бұл қуатты армен, ұятпен байланыстырып салт-дәстүр, ұлттық тәрбиемен жуып тазалап отырмаса онда «қалғып кетер артынан» деген арттағы ерген тазарушы періштемен қосылып мүлде қайғы-қасіретке ұшырайтынын насихаттайды. «Табытын қаққан-Аңдығаны баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ жауып қой.» Көрдегілерден күдер үзген, сондықтан ондай дінді жауып қой деп ескертеді. «Егіннің ебін, Сауданың тегін , ойлап, мал ізде. Адал бол — бай тап, Адам-мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді, қазақ бірің дос Көрмесең істің бәрі бос.»Әйел затына адалдықпен бай тауып, еркекке рухани күш, намыс; ақша-мал тауып, ортақ егініңді өсіріп жаратқанмен саудаласу үшін біріңді яғни жаратқанның басты себебі таза ақылды көріп жалғана алмасаң, бар ісің босқа өтер деп уахиды көңілге алуды насихаттайды. «Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын.» Мал қуатыңды періге, кәпір жынға беріп басыңдағы дене мүшелерді күтпей басың дауға қалып жүргенше аруақтан қолдау сұрап татуласып ар-ұятыңды ізде, тап деп ескертеді. «Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылға әдетің-Өзіңе болар жендетің. Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды. Сүйеніп күлкі тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Қайратым мәлім,. Келмейді әлім, Мақсұт-алыс, өмір-шақ. Өткен соң базар, Қайтқан соң ажар, Не болды құр қожақ? Кеш қайтар жол емес, Жол азығым мол емес.» Жаман әдетпен барлық өнер қайратты жоғалтсаң, Құдайдың сегіз аяқ қуатынан, сегіз сипатынан бос қалып, алдағы алыс жол сапарың, өлімнен кейінгі ақирет өміріңе де «Шақ» түсіп, азап тартатыныңды және оның да белгісі, дүниелік өміріңде көрінетін, тәнің ауырмай-ақ, жаның ауырып, бастан миға, екі шекеге қысым, белгі болып келетінін  ескертеді. «Сөзуар білгіш, Зәкүншік, көргіш Атанбақ-мақсұт, мақтанбақ… Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қып еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қалама ар? Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай басың сандалар.» Өнерсіз сөз қуатын меңгермей құр мақтан, тақ, дәрежеңмен жаның ойнасшы қатындай нәпсінің құлдығына түскесін, көз көмекшісі алдыңдағы тыныс періште інің болмаса, мойыныңдағы періште ағаң болмаса бір өзің түк бітіре алмай басың дауға түсер дейді. Бұл жерде ел деп жанға байланысты болатын «Ру» періштелерін ескерте отыра және оның әйел затына тән нәпсілік қуат екенін де ескертеді. «Бауырыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық ұры-қар, Қапысын тауып, сені алар. Басы-көзі қан боп, Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жалпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап-Абиыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда?».

     Ондай жағдайда сені күзеткен, аянды көрсеткен күзетші бауырың «аруағың» сенен сырт айналса, сонан кейін артыңа жын-шайтанға айналған, үсті басы шаң, басы қан, «У»-ға айналған, «Ақ»-ғы жоқ шеріктің саған еріксіз еріп «шерік қосылып» сосын одан барлық ар, абиырдан айырылғанша енді соңыңнан қалмайтынын түсіндіреді. Және ондай шеріктің ит сияқты, хайуан кейпінде де болатынын да астарлап ескертеді де; «Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос, Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім-күн емес». Тағдыр кітабыңның яғни жолдың ашылуы қолдың тазарып, ағарып, түрлі зиянды әдеттерден босатумен  байланысты және іштегі «Мен» күнің, жүйке жүйесіндегі 6-«чакра»-шақырушының жағдайына тәуелді екенін білдіреді. «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың». Надан болып дін ғылымына мән бермей, дүниемен ақиретті бірдей ұстасаң өлім де жетер, азап, сынақ бұйрығы болып деп ескертеді. «Жаяуы қапты, Алтысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іштегі дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай». Өзіңнен шыққан сөзден, қылықтардан пайда болған шеріктердің түбі бейнеленіп келіп өзіңді табатынын, арты уайым-қайғыға айналумен, басыңның азапқа түсетінін жан қайғыруын ескертеді. «Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек  көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым-тап шыным!».

      Атадан мұра, мирас болып келетін рухани негізді періштелер мен анадан жан болып келетін 4 негізді періштелік қуаттың көкпен дәрежеленіп және Абай атамыз жоғарыдағы 46-шы санды пайғамбарлық қасиетпен жалғанушы періштелердің санын толтырғаныммен мұңдасып сұхбат құрар, түсінетін «Сегіз аяғы» бар пенденің ол заманда болмағанын, табылмағанын айтады. Және бақсылықтың да осы сүрені меңгерумен нәтижеленетінін, бақсы моласының ол заманда бөлек қастерлеп жерлеу себебінің де осы періштелік қуаттардың жетілуімен астарлап ескерткен. Енді адам баласының дінін жетілдіру арқылы осындай адам өнімдері періштелердің басын біріктіріп және адам жаны арқылы басқарылатынын аятта: « Рас Дәуірт пен Сүлейменге ғылым бердік те олар: «Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық» деді (15) Сүлеймен, Дәуітке мұрагер болды да: «Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас бұл, әлбетте ашық бір артықшылық. (16) Сүлейменнің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.» (27-17) Адам баласына осы 27 санды сүренің ғылымын меңгеру арқылы 15 санымен ғылым беріліп яғни иман болып зейнеттеліп аятта;«Оған аяттарымыз оқылған сәтте: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз» (68-16) деген аяттың керісінше уахиға, түс білімінен иман келтіріп және 16 санына байланысты мал қуаттарының жетілуімен, құс тілін меңгерумен мұрын үсті маңдай ортасындағы үшінші көздің ашылып, жұлдыз болып жануымен елшілік қасиет қонумен ерекшеленеді. Бұл жағдайдың ғылымының сыры  Қажы баба басынан табылған шырағданда 16 барыс болып бейнелеп көрсетілген белгіні меңгеру арқылы, құс тілі «сұңқарлық» қасиетті меңгеріп және сана қуатын жетілдіру құлшылық істері арқылы көзге көрінбейтін жын, адам, құстардан болған шеріктерді, қуат әскерлерін басқарумен, бақсылық істермен байланысты екенін білдіреді. Осындай құрандағы астарлы берілген «Аққу, Сұңқарлық» яғни пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру 2000 жылдай бұрын, Құран арап еліне оқылмастан бұрын да қазақ еліне келген үлкен сый, мұғжиза болып келгенін хақтығын растайды.  Бірақ еліміздің бұл мұғжизаның енді мыңдаған қарапайым қазақтың ұл-қыздарына мұра, мирас болып қайталануын және бұл жағдайды Құран аяттарының да растайтынын, ғылымын сандық, сызықтық білімін меңгермеген тура жолынан адасқан дін және ел басшыларының қарсылығы мен ұлттық намыссыздығы мен көре алмастықтан, құр ой жорумен айтылған «серік қосу» деген пікірлері мен және Құран түгіл Құдайдың өзін де мазақтаған пәтуалар мен шешімдер шығарып, халықтың тұтыну нәрселерін арамға «шерік қосуға» айналдырып оған білімсіз, арапшыл діншілеріміз бен жастарымыздың да санасын улап сендіріп те үлгірді. Сондықтан бұндай қарсылық істер Құран ғылымында кәпірлік болып саналады да, міндетті түрде жуық арада жазаланатынын, өмірлерінің соңы азаппен аяқталатынын да ескертеді.

      Ал бұндай уахидың жоғарғы дәрежесін меңгеруді Абай атамыз Сократ хакимнің насихатымен; «…-Жә пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің?-деді. –Әрине, әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет демек керек деймін,-деді…»  Олай болса хикмет екі түрлі сипатта болып, құпия сипатының пайдасын білу ақылдың, парасаттың шамасына қарай анықтай аламыз да ал, адам баласына қандай да бір пайда келтіретін айқын белгі, құбылыстарды, жаратылыстарды хикмет немесе хақ, ақиқат деп те атаймыз. Сондықтан ақиқаттың айқын болуы да хикмет яғни  мұғжиза болып жаратушы иеміздің өзінің бізге білдірген сипаты және Өзі деп атаймыз. Бұдан Раббымыздың;«Саған түсірілген Құранның өзі ең үлкен мұғжиза емес пе?» деген аяттың сырын ұғуға болады. Демек қандай да бізге пайдалы оқылатын Алланың хикметті белгілері, аяндары, түрлі бейнелермен көрінетін сөздері хикмет және кітап! Сондықтан адам баласының білім-ғылымы жетілген сайын Құран арқылы осы ескертілген адамзатқа әшкере пайда үшін жаратылған періштелердің көріну, түсірілу хикметтері де түрлі бізге беймәлім жағдайларда айқын, анық болып біліне бермек. Құран хикметінің ең маңызды көрінісінің өзі осындай астарлы аяттардың және сан ғылымының өзгермейтін насихат сырында болып, ал құранды зерттеуші, тәпсірші діншілердің басты надандығы да құранның 1000 жыл өткен насихат тәпсірін яғни сөз атаулары мен ұғымдарын сол қалпында пайдаланып, ескі ғалымдыққа күмәнсіз табынуынан пайда болады. «..-Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың?-деді. –Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан еге болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң еге болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне және қандай жарастықты зәконмен жаралып, оның ешбірінің бұзылмайтұғұндығын көресің…осылардың бәрі кез келгендіктен бір нәрседен жаратылған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ақыл ма?..»

      Осындай себептік ақылдардың жиынтықтарынан өз ақылыңа қосып алумен өлшеусіз ақылға бірді тануға жетесің деп және әрбір ақылдың денесі болатынын ескертеді. Әрбір парасатты, саналы аталатын адам баласы өзінің жинаған, білген, меңгерген естілік, білімінің яғни өлшеусіз таза ақылдың бір бөлшегі болып, енді өзінің ақылының сол өлшемге яғни «Бірге» ізгілікті істермен, қасиеттермен, көркем сөзбен бейнленген «Ман» қуатына айналуы үшін құлшылық істерін де меңгеруді мақсат деп түсінуі шарт. Бүкіл жанды нәрселердің құранда; «Аллаға тән» деп аталуының өзі, бейнеленген қасиеттік шартты денесі бар деген ұғымды береді. Демек барлық ақылы бар қарекеттік періштелердің негізінен 3 топқа жіктеліп; жын, адам, құстар да Сүлеймен пайғамбарымызға басқарылуға берілгендігінің дәлелі бола алады. « …Шын бұл айтқандарыңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм болды. Ол құдайдың ұлықтығына қарсылығым жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады?-деді. –Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе?-деді.-Аристодим айтты: -Ол менің қамымды жейтұғұнын қайдан білем?-деді. –Жә, олай болса барлық мақұлыққа қара да, өзіңе де қара, жанды бәрімізге жіберіпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін-үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара…Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даналық, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік, керекті көркемдік ол деген лайықты келмейді… адам баласын мұнша парасат егесі қылғандығы хикметпен өзге хайуандарға сұлтан қылғаны дәлел емес пе?…Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма?-депті.» (27-сөз)

     Енді иман келтіру дегеніміз сол танылуға, сенуге тиісті жаратылыс нәрселерінің ішіндегі ақылын, хикметін алу болып, оның әр қайсысының денесі яғни өлшемі болса, адаммен жаратқан иеміздің арасындағы себептердің де рухының, ақылдың шамасына қарай кеңістіктегі бос (теріс-атмо) орындарын иеленген денесі болып, егер бұл біздердің біліміміз бен жеткен ақылымыз олардан төмен тұрса онда қалай оларды жаратушы шексіз ақыл иеміздің бүкіл әлем нәрселерін баураушы денесін яғни 8 қасиетті  сипатын, адамзатқа тиісті 300-дік нұрын танып, т.б. шексіз жаратылыс өлшемдерін түсініп иман келтіре аламыз? Сондықтан жоғарғы ақылды тану үшін ол екі аралықтағы себептің бізге көрсетілетін хикметті істерін орындаушы, білдіруші, бейнеленуші себепшілері арқылы ғана пайымдап өзіміздің жанымызға сыйдыра алатын ақылдың нұр қуатын ала аламыз. Яғни ақылымыз бірлену үшін де «Бір»-мен аралық себепшіге бірігу яғни өзіндік бірімізді қалыптастыру керек болады. Міне осындай себептерді түсініп және олардың әрекеттерін шатастырып алмас үшін де Құран аяттары арқылы санмен белгіленіп, кімге қалай қосылып, «Шерік-шірік-арам» иіс, тас, темір, жез т.б. болып қосылмас үшін және қалай алуға болатынын, қай нәрсе арқылы дәрежеленіп, қандай жағдайда жүрекке, қанға, тәнге бейнеленген, тәртіпке келген сәулелер мен малдық қуат болып, ал жанға жұпар иісті жарық киімі болып зейнеттелетінін түсіндірген Құран насихатынан артық қандай ақыл кітап керек? Енді осындай қосылатын, дәрежеленетін, түрленетін періштелердің үш түрлі дәрежелері де болып, ал оларды басқаратын тұрақты ақыл-нұр, «Ақ» періштелерін шапағатшыларды «кісі» деп құран аяттарында кісілік барлық періштелік, күш, қуаттар бірлігін қамтитын 7 санымен ғана қалыптасып, ал ішкі сырының дәрежелену шартын, түрін 9 санымен тағдыр жазуының толық мәні, тәубемен байланысты, адам баласының қайрат, жігер күшінің яғни ерік періштелерінің қалыптасуымен  түсіндіреді. Бұл бастапқы «Ақ» жарығын қанмен, біліммен, қарекеттермен қызылға бояп шарап жасап, одан қайта нәр алуды жоғарыда Адам атамызды бастапқы жаратқанда адамзат тағдыры болып үкім, аманат болып жазылған еді. Маңдайдағы жазу деген осы негізгі Абай атамыздың «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан..» деген негізгі 11 санды екі бірліктің, маңдай жұлдызының негізінің 11+4=15 ана құрсағындағы рухтан үрленген 4 тағдыр белгісімен нәтижеленіп, Шәкәрім атамыздың «маңдайында меңі бар 15 жасар бала» ханның дертіне шипа беруге құрбандыққа шалуға әкелінгені туралы астарлы үгітін де көрсетіп тұр.  Сондықтан жаратушымыз «Бір жазықсыз кісіні өлтірген адам бүкіл адамзатты өлтіргенмен, ал оны тірілткен барлық адамзатты тірілткенмен бірдей.» деген бүкіл араптанушы дін ғалымдарымыз бен ислам әлемі де шеше алмаған, адасқан тәпсірлерін қазақ аталарымыз баяғыда насихатқа, өлеңге айналдырғанын өзіміздегі, қанымыздағы, діл біліміміздегі, аталар аманатындағы, дәстүрлі дініміздегі «Бірліктерді» түсінбей және оны түсінгісі келгендерді мазақтап, заңмен қудалап; «шерік қосушы» деп Аллаға жала жапсырумен айналысамыз. Және сөздің бәрін құранның арап тілінен, болмаса қызылбастардан алу керек деген тіл ғалымдарымыздың надандықтарын да әшкере қылып тұр.

    Енді осындай аманат, уәдеден келе жатқан тағдырмен берілген  9 санды ішкі қайрат-еріктің, маңдай жұлдызын «Насыр» періштесін, іштегі аруақтың 11белгісін, кісілігін тірілтудің де 129 сипаты, жоғары періштелік дәреженің 11 түрлі, дәрежелі қозғалыстық қуаттар шамасы бар. Бұл адамзатқа  ақыл, иман жолдас періштелер адамға қызметке берілген аманат болып, өз орнына мақсатқа пайдаланғаннан кейін, негізгі ақ бастауына қайтып беруді құлшылықтың шүкіршілігі деп атаймыз да, аятта; «Негізінен Алла (Т) сендерге аманттарды (періштелерді) өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы.» (4-58) (5+8; 13+4;17) Адам өз еркімен ақылды, парасатты, бекзат, дана болып жетілмейді де негізінде бастапқы қозғалыс басы 3 санды күштердің түрленуінің 5 түрлі қуаттармен, 8 құдайлық несібе, нығметін құлшылық арқылы әрекеттесу барысында 2;3;4;6;10 санды мәндермен дәрежеленіп, өзімізге, жанымызға ана құрсағында тағдырмен жазылған төртеуді; «тағдыр сөзін» түгелдейді екенбіз де соңғы және бастапқы жаратылыс басы қарекеттік негіз екі жарық негізі  Тәңір оғы екі сөз «Ман»-ды «Ес» қылып қалыптастырамыз. Және бұл ақылды орнымен пайдалану үшін сөз даналығын, әділдік пен сәугейлік қасиетті өз мақсатыңа құдайдың еркін жеткізуге жұмсаңдар деп ескертеді. «Әй мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне (әулие-әмбилерге) бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға (аян, уахи арқылы шешемін сұрап) ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға ақирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы.» (4-59) (5+9=14+4=18) Бұл аяттағы бой ұсынудың мағынасы, адам баласының жан мен рухын ұйқы өлімі арқылы 18 мың ғаламға,  ақирет өміріне сапар шегіп көрсеткен, білдірген уахи, аяндарды тыңдауға жаттықтырып және оны амалға айналдыра білумен бой ұсыну деп аталады. Материалдық тәніміз өз ақылымыздың еркіне берсек, нәпсісіз бейнелеген сыртқы түрлі өрістік бойымызды ақирет өміріне тәрбиелеп, Алланың, шапағат иесі пайғамбарларының, өз арамыздан шыққан әмір иелерінің әулие-әмбилер кісілігі арқылы бейнеленіп, көрсеткен уахи, батаны мүлтіксіз орындаумен іске асырылады. Бұл аяттағы 59-санымен «Хашыр» деген атаумен, Алланың сүйген құлдарының көркем аттармен хайыр жасап, Алла жолында соғысумен, зейнеттеліп алатын қайрат, ерік күшімен және қол-екі (2) істерден пайда болатын, дін сынақтары мен өлімнің де дәрежесін, оңнан солға қарай оқысақ; 95 санды сүрені ескертіп тұр. Негізінен адам баласында 77 санды буындар (7 хат көк,7 хат жер, хикмет «позвон-очник»-тірілген нәсіл) мен осыған сәйкес құлшылық амалдары болып 95-77 санын алсақ, онда 18 саны оң қолдағы 18 ғаламмен байланысты бүкіл жер бетінің тіршілігіне, несібе нығметіне байланысты Ғиса пайғамбар арқылы келетін рухани істерді көрсетіп тұр. Сондықтан адам баласының рухани өлімі де, жетілуі де дінінің негізі де 95-ші сүремен тұжырымдалады. Аятта; «Бұдан кейін саған дінді өтіріксіген не?(7) Алла, үкім етушілердің ең жақсысы емес пе?» (95-8) (103-кітап) Дін хақиқаты 7 санымен 59;95 санды ақиреттік адам жандарының, рухының нәтижесі арқылы бейнеленетінін ашықтап көрсетіп тұр да, ал 8 санды аятпен бүкіл үкімдердің нәтижесі, хикметі  көрінетінін әшкере жариялап, белгісін білдіріп, және 95+8=103-ші әлемдерге ортақ заңына қарай түсетін нұсқаулар кітабын, уахи ғылымын ескертіп тұр. Енді бұл аяттардың сырын сандық мәнімен, басқа сүрелермен себептік байланыстарын толық зерттей білген дін ғалымынан қазақтың «аруақ» заңдылығының бүкіл кітаптарды әлем діндерін басын біріктіріп орындайтын толық дін және тура жол екенін түсінер еді. Ал енді пенде болғасын дінде аян, уахиларды жорумен келіспеушіліктердің де қайшылықтардың да болуы сөзсіз. Ондай жағдайда жоғарыдағы 59-шы аятта«егерде… ақирет күніне иман келтірген болсаңдар» яғни пайғамбарлар Алланың ең жақын достары болып, мәңгі тірі деп жаннат тұрғындары деп сенім келтіріп; «пайғамбарға ұсыныңдар!», яғни құлшылық намаздары арқылы сұрап уахи, аян алсаңдар, Алладан сұрап білгендерің болып саналады деп ескертеді Раббымыз. Сондықтан енді барлық жағдай төртеумен ғана түгелденіп, бесінші осы төрттің тиянағы, тірегі бейнеленген орны болып, бұл хикметтің мысалын төрт қабырғалы мұнара тұрғызып, оны тағы төртеумен түгелдеп, бесінші арыстанға күзеттіріп қойған Египет мұнарасы осы тылсым сырынан хабар береді. Ал текше үстіне мұнара тұрғызып, оның сыртқы бейнесін құлыптың кілт салатын ұясы қылып бейнеленген сәулет өнері, құранның бейнелеген белгісі Қорқыт ата басындағы «Тілеухана» орнынан көруге болады. Осы құрылыстан адам баласының ішкі 8 қырлы рухани бейнесі мен көктің киелерінен 7-ге қалай жалғануға болатын көздің, ашылатын есіктің сырын баяндап тұрғанын көруге болады. Олай болса әуелі бесіншінің сипаттарын түсіндіріп көрейік. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)            

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *