Көңілдің күйі көлеңкеден(240)

Бөлім: Зікір өлеңдер 116

Ғайыптан енген көлеңкең,

Өзіңнен шыққан әсерден.

Құбылтады көңілді,

Бейнеленіп сөздермен

Ішіңе сыймай толқыны,

Әлде ыстық, салқыны.

Мастық енер мінезге,

Жастық шақтан тағдыры.

Орта жастан соққанда,

Көлеңкең боп қайта.

Түсіріп еске өткенді,

Шіркін ай деп, сол қайда?

Өзің үлкен қылығың,

Құлы болып тұрмыстың.

Ақиретті ойлатпай,

Көңілің артта жындысың.

Шариғатпен кім ойлар,

Бұл әдет, деп күнәлар.

Іштен өсіп кетпесін,

Нәпсі жының қайталар.

Бойды өсір ішіңнен,

Күнәңді біліп өкінсең.

Өзімнің деп қол ісім,

Тазартып қайта өшірсең.

Бос өкініп отырма,

Егесін тап қалайда.

Ойпатты жерді аралап,

Ақтал, сыйын Құдайға.

Екі есті болма жын,

Тәкаппарсың десең Мен.

Қайта соғып жүрмесін,

Өтіп кеткен көлеңкең.

Иіріп алып кетеді,

Шақырсаң қайта келеді.

Оңай көрме ақталу,

Өзіңде тұр себебі.

Жасырынған іштегі,

Жыныңның бұл мінезі.

Ашулансаң әрнеге,

Жаныңның жоқ өспегі.

Айнасы ниет көңілдің,

Сипаты мінез өзіңнің.

Кісілігің жарық боп,

Болады зейнет бойыңның.

Жаныңды тани алдың ба?

Ізіңді өкше бастың ба?

Жастықтан өтіп, балалық,

Шағыңа жетіп бардың ба?

Баладай рия көңілсіз,

Болмаса мінез жетімсіз.

Қатаймас қанат нықталып,

Періште – ұжданың ілімсіз.

Болдым деме ілімді,

Жалғантып жолға көңілді.

Құс жолынан хабарсыз,

Меңгеріп тәпсір білімді!?

(Ақпан 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *