Көш келеді.
Мұнар таудың басында тізбектеліп,
Көш келеді шегіне көз жетпелік.
Жол көрсеткен аруақ ұрпағына,
Жетелеген мұнар тау шыңдарына.
Алла барын ұрпаққа мойындатып,
Батасымен пендеге жолын ашып.
Көш келген мұнар тау шыңдарына,
Пенде менен аруақ арласып.
Биіктіктің жолдарына ойлы-қырлы,
Өткелі көп пендеге жұмбақт сырлы.
Көпірі ол-ниет пен ақыл-ойдың,
Шалыс кетсең түсерсің түбіне ордың.
Жол бастады бабалар биік шыңға,
Көпір салып пендені салып сынға.
Адаспауы әр пенде өз қолында,
Жету үшін биіктік бақ тұғырға.
Керуен басын бастаған періште қыз,
Көшке ілескен пенденің біріміз біз.
Ұрпағына биіктің жолын салған,
Айша бибі ананы біліпеңіз?
Ұрпағына аян боп түсіңізде,
Өткелдерге жол нұсқар сеніп бізге.
Тылсымынан орыс ұлты болып келер,
Көрсетпейді түр-түсін періштелер.
Биіктерге жол шекен керуенің,
«Күнә» атты жүгін алып пенделердің,
Таразысы ақ бата, ақ қақпасы,
Арыстанбаб кілтінде ақ патшасы.
Ақ пендесін ақ батамен тербеген,
«Арыстан баб басында түне» деген.
Ақ жолыңды, бақ жолыңды нұсқайда,
Адасқанды кісен салып ұстайды.
Бірге болсын тілеуің еліңменен,
«Ясауидің басында тіле» деген.
Мұсылмандық калималы тіліңді,
Көсем баба тексереді ілімді.
Өр мінез де қайсарлық та керекте,
Намыс отын жаққызады жүректе,
Шын биікке шығарар пенде жандардың,
Аруағы батыр баба, хандардың.
Аруақ біткен адалдықты қолдайды,
«Аруақты аттап кеткен» оңбайды.
Елің үшін, жерің үшін, бақ үшін,
Көшке ілеспей адасуға болмайды.
«Адасқаның айыбы жоқ», ақталсын,
Ата дәстүр, Ата жолы басталысын.
Періште ақтық жолы, ауыр сын,
Көш керуен Алла нұрын жаудырсын.
(2001 ж. қазан. Тарыбаев Қыдырәлі Момбай ұлы)