Күнәға қарсылық

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 111

Қарсының бұзып қамалын,

Қайратпен тап амалын.
Қара түске енгізбей,

Адамдықпен жалға, ағарсын.

Құс көңілді ұжданың,
Жолына құстың жалғансын.
Дәрменсіздік танытып,

Қарсылық қақпан құрмасын.

Қылықтан ескі аңдыған,

Бой кірін тауып жалғанған.

Құранмен су буын өндіріп,

Бес уақыт намаз шомылсаң.

Түртпегі келсе шайтаннан,

Сезім боп ашу шақырған.

Алдап түсір оны да,

Шақырма жынды артыңнан.

Тіліңде болсын кәлимаң,

Сақта деп іштей шайтаннан.

Түртпегінен сыбдыр қосылған,

Дұғасын оқып жалынсаң.

Дәретті киім сақтаған,

Бас аяқ толық жабылған.

Білезік таққан әйелде,

Білекке дұғасы аятул жазылған.

Ашумен бойды бұзбасаң,
Қалыбыңды сақтасаң
Ішіңе кірер орын таба алмай,
Қуат болар бойға қосылған.

Ұстамды болсаң табанды,
Болғаның оның дұшпаны.

Қажетін өтеп үйретпе
Елемей қызық думанды.

Олардың көп даулары,

Оң солдан келер қармауы.
Ту сыртыңнан бастырма,

Қорқыныш болар амалы.

Соңынан ерсең жақсының,

Батасын алып арлының.

Жасаған күнә ісіңді айт,

Қалмасын бұғып жасырын.

Қалтарысы болып тағдырдың,

Жараланып жаның қайғырдың.

Кешірім бер, ұмыт қыл,

Тазартып жүрек ластығын.

Өткізген бұрын бар күнің,

Қателік, күнә қол ісің.

Артыңнан еріп көлеңкең,

Сынағы әрбір жандының.

Ата жолы ұлттық дәстүрің,

Ризалығын алған досының.

Біздерден иман келтіріп,

Басуға мысын қарсының!

Жүрекке сесті зейнетте,

Ар сауыт керек кимекке.

Қолдауын біздер алатын,

Достарын Алла құрметте.

Ойпатты жерде ғылым бар,

Кітабына аян- жібі жар

Жалғанып жеті атаға,

Сегіз түрмен тура жолыңды ал!

(Шілде 2018 жыл)

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *