Махаббат шам-шырақты  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 132

Махаббат жарық тегіңде

Махаббат жан жылуың,

Махабат болса кеудеңде,

Адамсың білген ар үнін.

Махаббат көз қарасың,

Адамзаттың сүймек баласын.

Ақ де мейлі қара де,

Ниетің іске жарасын.

Махаббат сенің жұлдызың,

Көрсетпек бағыт жол ізін.

Махаббат жаңбыр тазартар,

Рухыңның  зейнет киімін.

Дененің болмақ жылуы,

Басатын шерлі мұңыңды.

Сыйлайды  ерік жігерді

Кездессе жолдан кедергі.

Махаббат қасиет ерекше,

Көзқарас дінің өмірге.

Махаббат берер мүмкіндік,

Қуатты шашпай бекерге.

Дұшпанды да жек көрме,

Ермесін жаның өсекке.

Құдайдың үнін естисің

Махаббат болса жүректе.

Қақпақты қойып ерінге,

Еге боп айтқан сөзіңе.

Махаббат сонда тұрақтар,

Асылын сөздің білгенге.

Махаббат нұры Иеде,

Дариды қыдыр киеге.

Жүректерді жалғайтын,

Мәңгілік дос қылар иеге.

Шүкірлық қыл деп киеге,

Мүлкіне берген Иеге.

Күншілдіктен қорғайтын

Махаббат нұрың өмірге.

Сүйе біл деп адамды,

Асырмай өз бағаңды.

Байды да сүй көп болсын,

Болсын деп бәрі саналы.

Сүйгізер және жаманды,

Бөлме деп тұтас адамды.

Кедеймен сені дос қылар,

Ашқызып сезім-санаңды.

Махаббат шырақ жарығың,

Жаманың білмек парығын.

Зұлымдықтан құтқарар,

Махаббат беріп ар үнін.

Махаббат ғашық сүйгізер,

Жақсылықты ғана білгізер.

Еркіңе қосып жігерлік,

Жаманды да жақсы көргізер.

Махаббат емес құштарлық,

Нәпсімен ғашық құсалық.

Бүгін ынтық, ертең жоқ,

Сүйгендік емес құмарлық.

Қылдырмас еш жамандық,

Жасатпас малға сараңдық.

Иманың болып махаббат,

Сақта деп тегін адамдық.

Құл болудан арланбас,

Болса жанда махаббат.

Құлшылық, сәжде-қызметің,

Адамзатқа түгел бауырлас.

Махаббат сүй деп отанды,

Үйретер жаудан қорғауды.

Сақтауға бірлік адамзат

Сыйлайды мейрім иманды.

Махаббат сүй деп атаңады,

Шежіре тарих діл- жанды.

Атаңның құнын кеше біл,

Құдайдан ұлтың сыналды.

Болма деп кекшіл, ызқор,

Жалақор, арсыз, пәлеқор.

От салмай ұлттар арасына,

Махаббат рақым болар жол.

Махаббат бойың жарығың,

Қорғаның ар сауытың.

Жаның қабы бақ қарар,

Қыдың келіп дарысын.

Алла де сені баураған,

Махаббаттан жарық ол қорған.

Махаббат киім зейнетің,

Құлынан сүйген сый болған.

Махаббат құрбан шалдырған,

Тазартып қанды арамнан.

Кітабына әулие жалған деп,

Уахи, аян, бата үні тылсымнан.

Ар, ұятың ұжданың,

Сенімен иман жиғаның.

Ұрығы оның махаббат,

Кісілік дәні ол жанның.

Бір болар бар жаралыс,

Қуатың түгел бол таныс.

Қозғалыс бәрі бірленіп,

Бір Алла болып аталып.

Махаббат шам-шырақты,

Мұхаммед деп баста атапты.

Өмір бойы, деп ей адамзат,

Ішіңде  «Мен» санатты.

Алладан басқа тәңір жоқ,

Алланың өзі тәңір боп.

Бірлігі тұтас елшілік,

Мұхаммед тұрар белгі боп.

Бір болып және махаббат,

Бірлерден адам жаралад.

Махаббат бірдей бар жерде,

Адамдық болып аталад.

***   ****

Махаббат жөтел емес желден туар,

Махаббат ар, иманнан, ділден шығар.

Махаббатты ғашықтықпен таба алмайсың

Құдай сынап сый болмақ нұрмен толар.

Махаббат құс еместі қонатұғын,

Бақ емес жеке-жеке болатұғұн.

Қадір мен қасиетін жаратқаның,

Меңгерумен махаббат нұры толатұғұн.

Махаббат есті ақылмен егіз болар,

Ақылдың да қуаты өлшемі бар.

Қырыққа толмай ақыл толмас,

Есті болсаң мұны ойла қыз бен ұлдар.

Ғашықтықтың өмірде көп түрлері бар,

Құмарлық, ынтазарлық сүймегі бар.

Махаббатты көп жылдар сынан өтіп,

Өсіріп-өндірмектің жақсылық өнері бар.

Махаббаттың жемісінің түрлері бар,

Бәйшешек бақшасынан гүлдері бар.

Арасында тікенмен жыланы бар,

Жиренсең мұнан қорқып боласың зар.

Дүниенің талай асу сындары бар,

Ер мен әйел ғашық болып өтері бар.

Ортақ дүние ұрпағың және аруағыңды

Өсіргендер махаббаттың нұрын алар.

(Маусым 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *