Махамбетше жалғау

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 100

Мен едім, мына мен едім,

Қазақтың туып өз күні

Көгіне шықса деп едім.

Айың туып оңынан,

Жұлдызы туып солынан

Дәстүрлі діні қазақтың

Қайта оралса, деп едім.

Қызың болып ұятты,

Келінің біліп миятты,

Ұлың болса ұрымды,

Араммен адал арасын

Меңгерген ел ілімді,

Орындап Алла парызын

Болар ед асың жұғымды.

Дені сау ұрпақ өсірген,

Елге айналса деп едім.

Мен едім, мына мен едім,

Сынадым талай ойшылды

Астарлы сөзбен шенедім.

Сөз құнын білсе ел билік,

Жақын боп өз халқына,

Ата жолын, дәстүрін

Қадірін білсе деп едім.

Діншілер көріп аянды,

Тылсымнан кітап баянды,

Иман деген білім деп,

Алланың жібі жоба деп,

Жолына түссе деп едім.

Алланың досы әулие,

Ұлтыңның жаны ол кие,

Басқа, деп шайтан атамай

Жартылыстың себебін,

Раббыңның да ғаршысын

Басқарады деп жаннатан

Түсінсе елім, деп едім.

Қозғалысқа қол қабыс,

Адамның жаны жаралыс,

Аруағы қолы Раббының

Жанның ғылымы бұл сырды

Діншілер білсе, деп едім.

Оқылып құран әрдайым,

Шалынса құрбан күн сайын,

Тазартып отан көгіңді,

Түсіріп мінген жүгіңді,

Тазарып халқым өз рухын,

Жалғанса көкке, деп едім.

Алланың ақыл сөзі деп,

Адамзатың таза есі боп,

Алланың досы әулие

Естілікке белгі, ол кие

Құлшылығың болсын «Өзіме»

Бейнесі, жанның көзіне

Аллаға мадақ құран деп,

Сәлемің досына лайық боп

Сыйлаумен өлік, қабірді,

Жаңғыртып ескі тарихты,

Пайғамбар, елші жағалы,

Әулиерді бүкіл дананы,

Белгісін қойып басына

Тағзым етсек, деп едім.

Шыңғысхан баба сақтаған,

Отырарлық кітапханаң,

Ашар ед Құдай есігін,

Әлемге қазақ бас болып,

Ілім, білімнің бесігі

Ата жұрт болсақ дер едім.

Ел билікке ес кіріп,

Уахиға мұндай бек сеніп,

Дәстүрмен ескі салтыңды

Заң шығарып қайтадан,

Қайтарса елге, деп едім.

Ата жолымен жер кезсек,

Ойпатын Алла түгендеп,

Тағзым етіп, құранмен

Құраннан хатым түсірсек,

Қабырмен жалғап көктерге

Ағашын көркем өсірсек.

Бір тұтас тілек жалғанып,

Көкке жетсе нұрланып

Зейнетін Алла берер ед.

Осылай сөздер жіб болып,

Жұлдыздан сәуле түсіріп,

Шөлдеген жерің су алып,

Жер ана көктен нұр алып,

Табиғат түлеп жаңарып,

Өзендер жатқан қурып,

Толар ед көлдер су алып.

Қара құм мен Қызыл құм,

Жаңбырсыз құрғақ шөлдерім

Ашса Алла бұлақ көздерін.

Жаз жайлауға қонатын

Қой үстіне боз торғай,

Қазаққа туар заман-ай,

Жұмыртқасын салатын.

Құранға болған өзі ие,

Кітап алып білімге

Сыйлаған досын әулие

Қонатын елге нұр кие.

Дінімізге қайта оралып,

Шүкірлік қылған Иеге.

Береке кіріп жеріме,

Тіріліп бүкіл өліктер,

Жалғанса ділге нәсілдер

Тартар ед қазақ тегіне.

****    ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *