Масһаб, фиқһ білімі және сәжде білімі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 91

       «Сәжде сөздікте бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде-намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір нәрсеге қойылады...» (Ислам ғалымхалы. 123-бет) Ал Қайрат Жолдыбайұлы өзінше жеке дара пікірінде бұл тұжырымды онан сайын жетілдіріпті; «Мен жындар мен адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат етсін» деп жараттым» дейді…Ендеше адам баласының ең басты міндеті-Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп, «Аллаһуәкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту. Иә, Оның құдіреті мен құзыретінің, шеберлігі мен шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының алдында таң қала бас иіп, мақтау айту-құлшылықтың нағыз өзі…» (Имани гүл; 204-бет).  Міне, көрдіңіз бе жаратушыны тану үшін мүлде жеке адамның ақылы, білімі, есі, өмірде өзін танып, өнер іздеуі, ата-ана алдындағы борышы мен тіптен адамгершілігі де маңызды емес, тек біздердің яғни муфтият, масһаб діншілерінің айтқанын істеп,  бес сезімге табынып, жаратушы хикметін іздеп, көрмей-ақ намаз оқысаң болды дейді. Яғни 58-санды жүздеген аяттармен, ал 85-ші құлшылық негіздеріне ашық жала қойып құранға, аяттарына қарсы, Аллаға ортақ қосып отырғаны да хақ. Және бұл пәтуамен жындардың да қалай адам баласымен бірге; «таң қала бас иіп, мақтап-құлшылық жасайтынын» көрсетуді ұмыт қалдырыпты. Жындар деп кімдерді, адам баласы деп кімдерді айтамыз, бұл сауалға жалпы масһаб білімінде жауап табу мүмкін емес. Сонымен бірге махаббатпен құлшылық ету, жақсылық пен мейірімділік арқылы адамдық борыштарға қызмет қылу, яғни адамдық парыздарды орындау масһаб білімінде тек  сәждеге бас ұрып, намаз оқу ғана екен. Онда; «Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер.» (53-62) деген сәждені оқу емес, қылу-әрекет яғни адамшылықты іспен көрсету керек деген аятқа ашық қарсылық, ортақ қосу болса; «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді.» (2-45) «Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен Алладан жәрдем тілеңдер, Күдіксіз Алла тағала сабыр етушілермен бірге.» (2-153) Және сабырлық қуаттарды меңгерудің нәтижесі рухани қасиеттермен ерекшеленетінін аятта; «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34)Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35).

      Әрбір аятты зерттегенде оның сандық мәніне міндетті түрде назар аудару керек. Бұл аяттармен сабырлықты меңгерудің де намаз оқумен бірге орындалатын 3 түрлі сипатын ескертіп тұрғаны да хақ. Сабырлықты меңгеру құлшылық амалдарынсыз, яғни пайғамбарымыз «Сабырлық тәнде» деген өсиетін негізге алып, 100 түрлі бұлшық еттерді тазарту үшін ет ауырытып еңбек қылмай, құр намаз оқып, жәрдем тілеудің босқа екенін ескертумен бірге қасиеттілік, дарындылық, бақсылық істерді меңгеру, жынды тазарту, білекті болып бірді жыға білудің, яғни қазақтың дәстүрлі дін ғұрпымызды, бірлеу дін намаздарымызды масһаб дін ғалымдары мойынұсынбақ түгіл, осындай насихатын ашық көрсеткен аяттарды да мүлде жоққа шығарады. Мысалға; «Жамандықты жақсылықпен кетіру» ұғымын ғана зерттеп көрсек;  Намаз оқумен тек рухыңды ғана тазартуға болады. Ал біреудің етін өлтіріп, сүйегіне сіңіп алған, рухани зұлымдыққа бастайтын бой өрістік жамандығын қалай кетіресің? Сол сияқты зекет берумен, ораза ұстаумен, қажыға барумен қай ағайын туғаныңның, бауырыңның ғана осындай рухани жамандығын кетіріп, жанына желеу бере аласың ба? Тіптен барлық жаратқанның парыздырына, үкімдеріне иман келтірдің дейік, сонда кім үшін иман келтірдің? Осындай масһаб дін ғалымдарының барлық ұсынып отырған бес парыздық намаздары тек қара басыңның қамымен, қалай да жанаттық болу үшін жасалатын амалдар болып, сонда біреудің жамандығын қандай жақсылықпен кетіруге болады? Садақа беріп немесе дүниеңнің жартысын жамандыққа түскен, рухани түрде жаны ауырған, рухы азапталған, соры қайнаған мұсылман бауырыңа бөліп бергеннен рухы, жаны тазарып, ауруынан жазылып, жолы ашылып, басына бақ қонып, аяқ астынан мүмінге айналып, ақылды иманды болып кетеді ме? Әрине жоқ.

        Демек, осындай ашық үгіттелген аяттарды теріске алып, жалғанға айналдырушы барлық масһабшы, тарихатшылар да Аллаға ортақ қосушылар болып саналады. Ал, сабыр амалдары біріншіден; нәпсіге, асқазанға, тән тазалығына, етті ауыртып еңбек етуге және өткендерден өнеге, үлгі, ғибрат алып өз үмметтерінен шыққан Алла достары сабырлы құлдарына табыну арқылы атқарылатынын бұрмалап, бұрынға дін бастауындағы заман намазына сәйкес келмейтін құлшылық істеріне табынып тура  жол қылып алған. Сабырды меңгеру тағдыр сынағына түсу, оны майданға түсіп сыналу, даналықты, қасиеттерді, берілген жоба-хабарларды, аянды меңгеру деп атаған аталарымыз. Аятта;«Әлбетте сендерден жауынгерлер мен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз.» (47-31) Сабырлықпен бірге болатын бір  жарты амалы жобасыз, сөз майданына түспей, құдайдың заманына қарай белгілеген дін саясатын, түсірген хабарларды меңгермей, тазартушы, масіхші жауынгерлік дарындылықтарын меңгермей, амалға айналдырып орындамай, құр аузын буған өгіздей өз басын күйттеген сабырлықтың да пайдасы аз екенін ескертеді. Енді сабырлықты меңгеру амалын намаз оқу, ораза, зекет, т.б. «Фиқһ» және дін ғалымдарының ұсынған намаздарынан бөлек жоғары тұратын амал екенін көрсеткен аятта: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы түрде ынтамен бір беткей (әдет-ғұрпын сақтап) орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін.» (98-5) (103—Иман келтіру, сабырды үгіттеу) Сабыр және аян, уахи, батамен берілген хабарларды орындауды ғибадат деп атаған.

      Шәкәрім атамыз ғибадат жасауды; «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» «Адамдық борышың» деп атап: «Бай, ұлық жуандарды бақты көрмек, Ол мисыз шолақ оймен баға бермек. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Бұл үшеуі біріксе сорды жоймақ. Шын бақ осы деп бұған ақыл қоймақ. Бір адамға мұндай бақ біте қалса, Өзімшіл көп күншілдік көзін оймақ…» «Адамдық борышың,-Халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, Болады ақыл тұл…Барыңды нәріңді Тірлікте бергейсің, Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт-Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!..» деп ғибадатты, өмірдің құлшылығын өсиет еткен. Ал бұл аяттардың сәждесін түсіндірмек болған дін ғалымының, хазіретінің «Ғибадаттың ұлысы намаз» деген кітабын алып ашып көрсем, ғибадат жасаудың шын бақтың маңызы тек намаз оқудан ғана пайда болады екен. Сонда намаз оқу ғибадаттың тек бір бөлшегі екенін пайғамбарымыз ескерткен болса, онда ғибадаттан туған намаз оқу амалы, яғни бала әкесінен қалай ұлық болады? Мысалға:  «Ғибадат-Ұлы Шебердің мына ғаламдағы жаратылыс туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің, шеберлігінің, білімінің алдында таң қалып, бас шайқап, қайран қалудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмақ…Ғибадат-адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі барлық мұқтаждығы мен қыжалат-керегін(?) Ұлы Жаратушысына білдіруі, Оның алдында қолын жайып мінәжат етуі.» (Имани гүл; 230-бет).

      Біреудің жамандығын, жүгін бөлісіп көтеру, артық хайыр жасап, Алла жолында соғысу түгіл енді тек қара бастың қамымен ғана, Құдайдың хикметін жобасын көрмей-ақ бес сезімге беріліп,  таң қалып сәжде жасап, «қыжалатын» керегін бастарын шайқап, қайран қалып, қолыңды жая берсең, мінәжат етумен зіл-батпан жүгің түсіп, жаннаттың төрінен орын аласың деген жындылық сөздерді құлшылықтың жалауы қылып алғандарына, егер мешіттерге жұмаға бара қалсаңыз «намаздың»+ «ханы» аталып, міндетті түрде тура жолда келе жатқаныңызға мақтау, мадақ еститініңізге куәлік беруге болады.  Бұндай жағдайлар бүкіл ислам ғалымдарына тән тәкаппарлықты жетілдіруге арналған, құран аяттарын ертегіге айналдырып, дінді бөлшектеген надандықтың белгісі деп біліңіз.  Сөз, атау ұғымын аздыруға себептің негізі де; құранда арнаулы сүре мен «Сәжде» деп ат қойып, санмен белгілеп, 30 аятпен, 30 түрлі намаз орындау амалдарын насихаттап, көрсетіп қойса  да жаратқанның үкімін, сөзін өзгертуге, құлшылықтың «сәжде» ұғымын намаз оқудың бір амалына айналдыруға теолог, дін ғалымы деген атақ, марапаттың, төс белгілердің керегі не? Ал, намаз оқуға байланысты 15-ші аятпен және 16-шы аятпен түнгі нәпіл намаз оқуларын ескертіп, қалған 28 аят намаз орындауға және 28 паралық құран насихаттарына тәуелді екенін естен шығармаған да абзал. Егер масһаб білімі арқылы құранды тәпсірлегіңіз келсе, онда сандық білімнің де, аудармашылық ғалымдықтың да маңызы болмай, тек бұрынғы замандағы  дін ғалымдарының кітаптарынан өзіңе ұнағанын көшіріп жазып, ойыңа не келсе солай жоруға, көп білімділіктің, мектеп білімінің де қажеті аз.

      Сонымен жоғарыдағы масһаб дін ғалымның пәтуасы да; «Мен жеті сүйекпен сәжде етуге әмір етілдім…» деген пайғамбарымыздың жан ғылымына байланысты айтылған өсиетін түсінбестікпен бұрмалап, осындай зұлымдыққа түскенін де өздері көрсетіп және дәлелдеп тұрғаны да дауысыз. Ал негізінен «Жеті сүйек» деген астарлы ұғыммен жанның негізгі зейнеттелетін орындарын, адам баласының қолға байланысты аруақтық бейнеленуін ескерткен. Олар; 1—тырнақ, 2—саусақ, 3-алақан, 4-білек, 5-қар, 6-шынтақ және 7—иық сүйектерін айтады. Бұл сүйектер жанның қуатын қалыптастырушы негізгі сәжде жасаушы періштелер жүрек, бауыр, көк бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан секілді және жеті ішкі қан айналымын қамтамасыз ететін ағзалардың зейнеттелетін қуат орындары болып табылады. Және ең ұзын толқынды жиілікте, түсі-қызыл болып, қанның нәтижесін көрсетіп, өріспен бейнеленеді. Қазақта; «Үйірімен үш тоғыз» деген 9 саны тәубелік қуаттармен малдық, еттік періштеліктерінің тазаруын, қуаттарының бірленіп, рухани сүннеттелуін (3х9=27; 9-19-29) ескертсе, ал «үш жеті» 21-саны (7-17-27) пайғамбарымыздың жанды сүннеттеу шүкірлік намазының, ділді жетілдіру ғылымын көрсетеді. Ал енді дін ғалымдарымыздың муфтиятымыздың ғибадат шүкірлігі туралы негізгі ұстанымы; «Ораза мен намаз секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны болған ғибадаттар алыстағы ауылдағы кейбір сексенге келген қаһарман қариялары ғана оқып, бейне бір Ұлы Құдайға шүкір ету, қартарға ғана тән іс көрінеді. Ілеуде жас жігіт намаз оқи қалса, қаңыраған қара шаңырақта «атынан айырылып, қанатынан қайырылып», тұяқсыз атанып, жақында кемпірі де өліп, жалғыз қалып жабығып, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде қалған қара шалдың қылығын жасап жатқандай оқыс көріп, үрке қарап, заманауи талапқа теріс келеді деп, бір түнде жын жабысып, есі ауысқан адамдай төмен, кертартпа деп елге жат санап, шеттелген бір заманда…»( Ислам Ғалымхалы 37-бет) Дін ғалымымыздың мүмкін жыны қозып, шабыты келгенде, рухы толық тазармаған сөздерден пайда болған шығармашылығы болар;  Қазақтың шалдары кемпірі өлгенде, жалғыз қалғанда, шүкір етудің нышаны, ғибадат жасайтынын…осындай сандырақ, былдыр-былық, быды-быды мағынасыз теңеулермен, ал өздері сол қазақтың тәубешіл қара шалдарының барынан, артына қалдырған рухани нәрінен пайда болып, енді араптың нәсілінен және иман білімінен жаратылғандай өзгенің қосын тігіп, түйесінің бұйдасын ұстаған дін ғалымдары мен оның қолдаушы бүкіл басшыларына Шәкәрім атамыздың сөзімен жауап бере кетсек: «Қай жолдассың, айтшы сен? Адамды аңша атасың. Өз анаңның сүтінен (ділінен) Қанды адал деп татасың. Өмір қылмен байлаулы Өз қамыңды жесеңші. Заманды себеп жайлаулы, Онда нем бар десеңші…Таза емес деп шекпенін, Сыртын көріп сын тақпа. Әркім орар еккенін, Өз ішіңді салмақта…»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *