Дін мен Діл атты кітабында муфтият ғалымы «Ақидаң дұрыс па?» деген тақырыппен сөздер ұғымының «хабари сипаттары» деген мағынада «сәләфиттер» т.б. діни топтардың құранды түсіндіру пікірі, тәпсірі, білімділігі деген мағынада түсіндіріп, «масһаб» ғалымдарының артықшылығын, тура сөзділігін, ғылымдағы жетістіктерінің артықшылығын дәлелдеген екен. Ілім мен білімнің ортасын тауып кемелденуді дін ғалымдарымыз; «ақида» деген ат қойыпты да, ал «ақидасынан» басқалай пәтуаларды жалғандық деп дәлелдейді. Мысалға; «…қарапайым халықтың басын қатырып жүрген «биғатшыл» (құранмен пәтуа беруші) топтар бар. Олар өздерін «сәләфтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» деп, хабари сипаттарға тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтурули секілді әһлі сүннеттік ақида мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын) шынайы сәләфтардың жолын ұстанатындарды да адасушылардың қатарына қосады.» (152-бет) Қайрат мырза тағы да сәләфтар деген діннің жолы бар екенін «ақидалап» (қайтсін енді, қазақта атау ұғымын ашатын сөз таба алмағасын!), Құранға ашықтай қарсылық білдіргенімен қоймай; «…Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәләф деген атауға анық лайық Әбу Ханифа «истауаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истикрар» емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар «истиуаны» истикрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда қандай сәләфи ақидасы?» (156-бет) Енді бұдан ақылы сау, талағында биті бар қазақ оқырманы ештеңе де ұғып түсінбейтіні анық. Негізінен діншілердің осындай өздерінің арам ниеттерін жасырып білдірмеу үшін, араптың күрделі сөздерін сол қалпында жалауға айналдырып, арап тілін бүлдірумен ғана емес, құран аяттарын да оп-оңай ертегіге айналдыра біледі де, арзан ақшаға яғни ұғымын жоғалтумен өз пайдасына қарай шешеді. Әбу Ханифа масһабы дегеніміз діннің тура жолы яғни сәләфтық жол екен. Сәләфтық деп аталу себебін ертеден пайғамбардың, сахабаларының көзін көргенді «табиғын» деп атаған, ғалымдарға байланысты пайда болған ұғым екенін түсіндіріп те кеткен. Олар қаншама қарулы жасақпен барып бірге соғысқан және шариғат үкімдерінің, пайғамбар сүннеттерінің орындалуына көмектесіп, батасын, кітабын тікелей жазып алып келген, сақтың ұрпақтары Укаша, Ерқоян, Құттықожа сахабаларды былай қойғанда, 500 жылдай өмір сүріп, бүкіл азия құрлығын аралап дінді таратқан масһабтың ең жоғарғы сатысын, білімін меңгеріп, пайғамбарымыздың жаратқаннан түскен тікелей аманатын жеткізген Арыстан бабамыздың және оның ұрпағы Мәнсүр-Мақсұр атамыздан тараған «Суна-ақ» деген бір тайпа елге айналып және «Нихая» деген шариғи заңдар пәтуасының кітаптың да болғанын кім біледі? Қазаққа келген мұндай мұра «сәләфтардан» да әріден барып қосылмай ма? Діншінің көрініп тұрған ашық белгісі бар ақиқатты бұрмалауы тек кәпірлік болып есептеледі. Ал «ақида» сөзің ақиқатына келсек, құрандағы мағынасы; «Аллаға шүкіршілік жасау» болып түсіндіріледі. Бір ғана мысалмен келтірген бұл тақырыптағы Аллаға шүкіршілік жасау мен діншілердің «ақида»-сөз ғылымын меңгеру түсіндіруінің өзінен-ақ дін ғалымдарының, масһабшы сәләфтықтардың білімсіздікпен аяттарды ертегіге айналдырумен ғана айналысып, Аллаға күдіксіз серік қосып, ортақ қосу пайда болады. Енді «Алла тағала аршыға истауа етті» (155-бет) деп Ағраф сүресі 54-ші аятты аударған. Ал негізінде ол Халифа Алтай аудармасында; «…Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген…» (Ағраф-54) болып аударылады да, ал жоғарыдағы «истиуа»-«Аллаға ниет етті» болып аударылады. Ал енді; «..Әбу Ханифа «истиуаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истикрар» емес екенін түсіндіріп отыр» деген сөз ұғымын орындарына қойып қазақшаласақ; «Әбу Ханифа «истиуаны»-Аллаға ниет етуді «орнығу, отыру, жайғасу мағынасындағы» «истикрар емес» яғни жетекке алу екенін түсіндіріп отыр.» (Әбу Ханифа –Аллаға ниет етуді яғни жетекке алу екенін түсіндіріп отыр) деген сөз тіркесі пайда болады. Бұндай сөздер оқыған пенденің қандай да сөз ұғымдарының сандық мәндерге, қуатқа, өріске айналуымен сана мен жады, миында теріс пікір болып қалыптасып және діл бақшасында тақ сандармен бейнеленеді. Онда жағдайда түйсік қуатына айналып, өрістің қараңғылануымен және ақылды да тұзаққа түсіреді. Абай, Шәкәрім аталарымыз осындай жағдайларды; «Аю болып, адамды аулама!» деп ескертсе, ал мұндай жағдайдағы сөз бұзушы, тәпсірші ғұламалықты пайғамбарымыз; «Дүниеде екі тілі болған, екі түрлі сөйлеген кісіге қиямет күнінде Алла тағала оттан екі тіл береді» (Әнестен 9-өсиет) «Жамандыққа ұшырамайын десең, тіліңді тый, бәле тілден.» (336-өсиет).
Енді осылай қазақ діншілері мен теолог мырзалардың кітаптарындағы қателіктерді Раббымыздың «хабари?» ақылымен (батамен) жүйелеп салыстырып шықсақ, арап және қазақ тіліне жасалған зұлымдықтардың жүздеп санайтын құран аяттарына ортақ қосу сипаты шығады. Қазақтың мүфтият және нұр мүбәрәк дін ғалымдарының пайымдауынша; «ақида» деген «Аллаға шүкіршілік жасау» ұғымын, яғни намаздарды орындауды, дін амалын, дін ғылымына яғни намаз оқу біліміне; «сөздердің ұғымын меңгеру» болып өзгергендіктен, арап тілін меңгергендердің құран тәпсіріндегі өзара пікірталасының «ақидасы» деп шатасып кеткен. Сондықтан осындай жалған атауларға айналып үлгірген, сөздерді пайдаланған қандай да пенденің жүргі жабылып қарсылыққа түсуі хақ. Ал, негізінен «ақида» яғни Аллаға шүкіршілік дегеніміздің өзі біздерге түсірілген 8 сипатының дәлел, хикмет иелеріне рахмет айту, құлшылық істерін түсіндіреді де, оны «ақида!» яғни «Маған ғана құлшылық жасаңдар» деп ескерткен жаратушымыз. Бұл сипаттарды Абай-Шәкәрім аталарымыз өлеңмен өрнектеп, ғылымын, құлшылығын түсіндіріп, қазақ дүние танымындағы білімін де, дәстүріміздегі алатын орнын көрсеткен. Бірақ екі жүзді ойшылдықпен бұл жағдайды дін ғалымдарымыз мақұлдап, сосын қайта өз пікірлерін терістеп, тіптен құран аяттарын да мазаққа алған пікірлер бар. Мысалға; «Ахмет ибн Ханбалдың мына сөзін келтіре кетейін: «Алла Тағала өзі қаласа солай сөйлейді. Бірақ қуыстан шығарып айтпастан әрі ауызсыз, екі ерінсіз және тілсіз сөйлейді» Бұл топ өздерінің шатасқанына қарамастан, өздері сияқты ойламайтындардың бәрін адасып жүр дейді.» (160,161-бет) Кімнің атынан, кім шатасты деп отыр? Алла тағала тілсіз сөйлейді дегендер ме, әлде «Мен Алламен тілдестім», Алла тағаладан аруақтар арқылы бата, аян, уахи алдым, немесе түсімде хикметтер, ескертулер алдым деген адамдарды «жын-шайтан» атаған мүфтияттық діншілер тобы ма? Бірақ әйтеуір арасында жаратушымыздың еш нәрсеге ұқсамайтын; дыбыссыз, дауыссыз, үнсіз тілі бар екенін мойындайды, демек арап тілі ғана жаратушы арасындағы дәнекер емес, адамзатқа ортақ ұғынықты сөйлесу тілі бар деген «ақида» яғни шүкіршілік амалын мойындайды. Осындай шежіредегі тарихи бейнеленген, ақиқатты және кейіннен сондай елшілері, сүйікті құлдары, әулие-әмбилері арқылы оқылған аяттардың құпияларын халықтан жасыру үшін: «Ендеше, ана тілдері арапша әрі Мұхаммед (с.а.у-жынды емес) пайғамбарды көздері көрген сахабалардың және сахабаларды көздері көрген табиғиндардың өздері діни мәселелерде арасындағы білімділерге (Арыстан баба, Укаша сахаба сияқты) жүгінген болса, кейінгі ғасырдағы адамдарды Әбу Ханифа секілді Құран ілімімен қоса хадис ілімін, мантық (тантық?)-қисын, фиқһ негіздерін, сахаба пәтуалары мен басқа да ғұламалардың көзқарастарын т.б. ислами ілімдерді жетік біліп, әрбір аятты зерделеп, мыңдаған хадисті мұқият зерттеген мүжтәһид ғалымдардың шығарған үкімдерімен жүруге қаншалықты зәру әрі мұқтаж екені айтпаса да түсінікті. Ал өз бетінше әрекет еткен адамның ақиқаттан адасуы әрі өзгелерді де шатастыруы әбден мүмкін. Бейнебір асау толқынды теңізге желкені жоқ әлсіз қайықпен шыққан ақылсыз бейшараға ұқсамақ…» (Дін мен Діл 18-бет).
Ақылы толмаған жастардың ақылын аю болып аулау үшін осындай көркем пікірмен «масһабты» енді жол көрсетуші, рухани тазартып, рұқтың тұқымын жүрекке егіп, иманды зейнеттеуші құдай деп түсіндіреді. Және құдайдан келетін шындықты, аян-аяттарды, әрбір пендесіне көрсететін жобаны да мүлде жалғанға айналдырып, өздеріне ғана табынып жүруін ескертіп, масһабпен ғана жүрмесең адасқан ақымақсың деп түсіндіреді. Бұндай құбылмалы, оқырманды шатастырып, ақырында өздерінің айтқанымен емес, істегенімен жүргізуге бағытталған әрекеттерді аталарымыз: «Молданың айтқанын істе де, істегенін істеме.!» деп сөз ғылымын меңгермей, ақылыңды азат қылмай, молда айтты деп соңына ере берме десе, пайғамбарымыз; «Жаман ойдан сақтаныңдар, расында жаман ой, сөздің өтірігі, басқаша айтқанда, жаман ойдың түбі өтірік болып шығады. Бір-біріңді мазақтамаңдар, қудаламаңдар, бақталаспаңдар, күншілдік қылмаңдар, ашуландырмаңдар, сырт айналмаңдар, сондай-ақ сендерге Алла бұйырғандай Алланың туысқан құлдары болыңдар, мұсылман мұсылманның туысы, оған зұлымдық істемейді, одан көмегін аямайды және қорламайды, тақуалық осы жерде, тақуалық осы жерде деп кеудесін көрсетті…» (Бұхари, Термизиден. 13-өсиет) Тақуалық ойдың тілмен, сөзбен бейнеленген нәтижесі, жүрек пен көңілде яғни ана тілімен тікелей байланыста жетілетін ұжданда екенін ескертіпті пайғамбарымыз. Ұжданды, арлы болудың да нәтижесі; тек шүкіршіл жүрек, зікіршіл тіл ғана, қайырлы ғұмырмен ғана өлшенетінін тағы ескерткен. Бұл кітапқа Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мырза мынандай пікір беріп; «Дін адамға екі дүниеде дұрыс өмір сүрудің, Хақтың ризалығын бастайтын ереже қағиданы қамтыған иләһи(?) бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын құраса, діл-халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен салт-дәстүрін, менталитеті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс тіршіліктері мен ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан дүниесін, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерін, біркелкі сипатын білдіреді.» (Дін мен Діл 5-бет) Қандай ой! Қандай жанашырлық, ұлтшылдық ақыл!- деп таңқалып, риза болып, жалпы кітаптың мақсатына, негізгі ішкі «ақидасына» ақыл тоқтатсаңыз, онда мүлде керісінше болып, ал осындай алдарқатулармен тұзақ тастап, яғни жастардың ділін аулап, тұншықтыруға арналған екеніне көзіңіз жетері хақ. Оған өздерінің тұжырымымен: «..Бұл жерде айтылған шариғат өлшемдері мен талаптарына сай тәуәссулге(??) (Қазақша аудармасы; Сабырлыққа келуге, тақуалыққа) байланысты келтірілген дәлелдерді қазіргі таңда «халықты емдейміз» деп алаяқтықпен айналысып жүрген кейбір топтар өздерінің қате істеріне айғақ ретінде қолдана алмайды. Себебі, шариғаттың өлшемдерін аяққа таптап, түрлі мүрде, бейіттердің басына барып мұң-мұқтаждарын Алладан емес, сол бейітте жатқан адамдардан тікелей сұрап, серік қосудың бұл жерде айтылған тәуәссулмен (сабырлық амалдарымен) ешқандай байланысы жоқ екенін ескерте кетейік.» (209-бет) Қазақ болып туылып, өліктердің қанына жазылған ділден пайда болған дін ғалымымыз Қайрат Жолдыбайұлы; Ең бастысы өліктерді адам деп атағанмен, Адам атамыздан бөліп тастап, енді олар Аллаға қарсы тұрған ібіліс әскеріне айналып, сондықтан есеп беруге Алланың қасына да, алдына да бармайды, сондықтан мүрделер (шіріген сүйектер) яғни біртұтас адамдар шариғат өлшемдерінен шығып, сәжде ұғымына кірмейді. Құранда ескерткен тау, тас, ағаштар, құстар, хайуандар, жаратылыс әлемі де, жындар да Аллаға құлшылық жасап, тәспих айтып сәжде жасап тұрады да, ал оларды сөйлетіп тұрған адам жаны, рухы Алладан басқа деп ұқтырады. Және әрбір зияраттаған пенделердің міндетті түрді құран оқып, немесе шырақшылар арқылы оқытқан кездерде де құранның анасы болған Аллаға жалбарынуға кілті де болған, сүрелердің құлшылық маңызы жойылып кететінін де ескертеді. Яғни бұндай жағдайда рухани құлшылық тілі, құран тілі пенденің тілегі алдында әлсіз, кейінгі айтылған пенделік сөзі, тілектері құраннан да басым болып, аят болып, қабылданып кету қаупі де зор екен. Және өліктер арқылы ем-шипаны жаратқанымыз беруі де мүмкін емес, әулиелер өз ұрпақтарына Раббымызбен аралықта жәрдемге тұрып, үкімдерін орындаушы құлдары, шапағатшы да бола алмайды екен. Олай болса пайғамбарымыз; «Ей Алланың пенделері, аурудан емделіңдер, Алла тағала ешқандай ауруды әдейі жаратпаған. Ал егер ауру келген болса, сол ауруға лайықты емді жаратқан. Тек бір кеселдің емі жоқ-ол кәрілік.» (549-өсиет) «Азаптың ажалымен өлген адам (шейт болу т.б.) ақирет күні өз тегінен шыққан 70 адамға жәрдемдесе алады.»(999-өсиет) «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет).
Енді Жолдыбай мырзаға және осындай пәтуа беретін жүздеген дін ғалымдарына сену керек пе, әлде пайғамбарымызға сену керек пе, өзіңіз шешіп көріңіз оқырман. Ал жаратушымыз 18-сүремен өлім, несібе, тағдыр себептері мен сабырлықты, даналықты меңгеруді Мұса пайғамбарымызға қызыр арқылы түсіндіріп және 73-ші сүрені нәпсіні тәрбиелеп, рухани азық, ем-шипа, несібе алуды сабырлық ету (тәуәссил?) амалдарымын, яғни ділдің тәрбиесі, ислам әлемінің бірлігін қалыптастырушы, Алла жолындағы соғыстардың қағидасы ретінде түсіріп; «…Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Ал енді құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. (Зияраттап әуелі; Аруақтарға құран бағыштаңдар!) Сендерден науқас болғандар, басқалай несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, (әулие аралап зияраттағандар) тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар (өлілерге құран бағыштаңдар). Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер (құрбан шалу, садақа беру). Және өздерің үшін алдын-ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында (бейіттерде, қорымдарда, ойпаттарда, әулие бастарында) жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (73-20) (93-уахи) Адам баласының тағдыр есебі ішкі күндізі-нұры мен қараңғылық күнәсінің көріну үшін, тағдырларыңды түзеу үшін, ауырсаңдар ем-шипа іздеп және басқалай несібе іздеп зираттаңдар. Және құраннан оңайын яғни жалбарыну аяттарын, зікірін ғана оқып, дұға жасап, сосын жалбарынып, өз тілдеріңде жарылқануларыңды тілеңдер, құрбан шалып, бір-бірлеріңе көркем қарыз беріп хайыр жасап, Алладан сыйларыңды алыңдар! Бұл үкімдер пайғамбарымыздың түнде тұрып, нәпіл намазын оқыған сүннетімен бірге бір аяттың ішінде болып, енді нәпіл намаз бес уақыт намаздың оқылуымен ғана болатын болса, намаздарды толық орындау дегеніміз мұсылманның бес қарызымен бірге (жоғарыда көрсетілді, қаж парыз емес), ата-баба бастарына зияраттап, құрбан шалып, зекеттер, садақалар таратпайынша орындалмайтынын ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыз; «Алла тағала былай деді: «Мен үшін сәлемдескендерге, отырыс ұйымдастырғандарға, дүние жұмсағандарға, зиярат қылушыларға мейірім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір.» (596-өсиет) Ал енді осы өсиетке масхаб ғалымдарының және Қайрат Жолдыбайұлының береген пәтуасын қасына қойсаңыз, онда пайғамбарымыз ата жолдықтармен бірге сотталып, және біздермен бірге жалғаншы сектаның бір мүшесі болып шығады. Бұндай әулиелеріне зияраттап, арап тілінде құран оқу арқылы Аллаға мадақ айтып, артынан дұға жасап ата-баба, аналарымыздың рухына сәлем жолдауды аятта; «Мұхаммед: «Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?»,-деп сұра!» (27-59)(89— Рабб сыйы) деген ашық үкіммен Алланың сүйген құлдары Алланың өзі, құдіретті қолы, қанатты періштелері «Бірі», бірліктегілері болып, ал құран аяттары сөзі екенін, сондықтан бұл жағдай жансыз пұттарға табынғаннан бөлек екенін ескертеді. Енді дін ғалымымыздың яғни бүкіл масһабтық, Ханафилік дін ұстанымы «ақидасы» мен қазақ әулиелері меңгерген «ақида»-Аллаға шүкіршілік жасау, намаздарды орындау амалының, Раббымыздың алдында лайықты екенін, және кімдер Аллаға ашық жала қойып, аяттарына, құранға ортақ қосып, пайғамбарымызға ашық қарсы болып, кәпір және тозақтық болып құдай сотымен жазалану керек? Бұл жағдайды да ақылыңызды аю қақпаннан босатыңыз да өзіңіз шешеңіз оқырман. «Хира қаласына барған едім. Олардың мәзбураға (бастықтарына) сәжде еткенін көргенімде: «Бұған пайғамбар лайық» дедім. Сосын пайғамбарға келіп жағдайды айттым. Пайғамбар: «Сен бір қабірдің жанынан өткенде оған сәжде етесің бе? (құран оқисың ба?)» деді. «Жоқ» дедім. Пайғамбар: ендеше ешкімге сәжде етпе. Егер біреудің басқа біреуге сәжде етуін әмір еткен болсам, Алла тағаланың ерлеріне, таныған қатындарындағы хақтары бойынша, қатындардың ерлеріне-сәжде етуін әмір етер едім»-деді.» (Термизиден 16-өсиет) Пайғамбарымыз тірі кезінде-ақ, менен де өліктердің дәрежесі жоғары және әулиелерді Алла тағаланың жауынгерлері, ерлері деп астарлап, егер оларға сәжде етпесең, онда Аллаға да сәжде жасама деп астарлап ескерте отыра және бұл сәждеден бір саты төмен тұратын, тіршілік бойынша әйел еріне сәжде жасауына болады да, ал қалғандарының бәрінің бастықтары өлілер арасында, «Біреуде» деп ескертіпті. Пайғамбарымыздың өзі де кейбір қабірлердің қасынан өтіп бара жатып, егер ол жаннаттық болса тоқтап, аттан түсіп, құран бағыштап, сәжде жасағаны өсиет етілгені хақ. Тек қабір үстіне намаз оқуға болмайтынын ескерткен. Сонымен құран оқу арқылы сәжде жасау мен намаз оқу арқылы сәжде жасау ұғымы өзара жұп болып, сондай бүкіл мұсылмандарға және өлілермен де ортақ жұптасу күнін жұма деп те атаймыз. Осындай үлгімен пайғамбарымыз бүкіл әлем діндегі жалбарыну, құлшылық амалдарын құран оқу арқылы атқарылғанда, жаратқанға жасалған сәждеге айналатынын көрсетіп кеткені де хақ. Сонымен қандай да бір амалдың алдында құранның бір аяты оқылса болды, онда жаратқанға арналған құлшылыққа айналып, сәжде, таспих, зікір, Алланың сөзі арқылы өзін еске алу болып аталады. Енді біздің масһабшыл ғалымдарымыздың пікірінше, ата жолындағы алаяқтықтың негізі де; құранда да, пайғамбар істерінде де болып шығады да, сондықтан кімдердің кәпір болып, ислам дінінен шығып кеткенін оқушының «ақидасына» (шүкіршілік пәтуасына), адамгершілік ақыл-ой парызына қалдырдық.
Иман- түсінік-сана рух егіні.
Көп қалалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді: -Бір дихан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Көктеп шыққаннан кейін ылғал жетпегендіктен қурап қалады. Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар өсіп, жүз еседен өнім береді.-Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: -Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!-деді. Сонда шәкірттері Исадан:-Бұл астарлы әңгіменің мағынасы қалай?-деп сұрады. Иса оларға былай деді: —Құдай өз патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқалар көріп тұрса да шынымен көрмесін, естіп тұрса да түсінбесін деп, оларға осы құпиялар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Ал әңгіменің мағынасы мынадай: Тұқым Құдайдың Ізгі хабарын білдіреді. Жол бойына түскендер Ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді: оларға әзәзәл шайтан келіп, сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректеріне қонған сөздерді ұрлап алып кетеді. Ал тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана өнеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезінде сенімдерінен безіп кетеді. Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді: адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап, абыржып, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып өнімі пісіп үлгермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым мынаны белгілейді: бірсыпыра адам Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі, таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.» (Лұқадан 8-тарау).
Абай-Шәкәрім аталарымыздың «Бәйшешек бақшасын» өсіру, яғни дін білімін жетілдіру дегеніміздің астарлы сырын осы әңгімеден байқауға болады. Және рухани өмірдің адам тәніне рух хабарының ұйқы кезінде, жанмен бірге дәні де себілетінін, сол дәндердің қалай иман егіндігі болып өнім беретінін түрлі себептерін баяндайды. Және мұндай рухани егінді өсірудің де төрт түрлі себептерден тұрып, арнаулы сынақтардың да бар екенін ескертеді де, аталарымыздың; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген нақылы осы әңгіменің құпия, рухтың сыры болып шығады. Сонымен, бұл әңгімеден қазіргі діндегі рухани жетілудің маңызы да және әлемдегі халықтардың түсінік қабілеті де; бірінші есту қабілеттеріне тәуелділікте болып, яғни жермен байланыстылықта, ішкен-жеген тамағымен, қаншалықты тәндерін арамдамай, ішкі құрлыстарын таза сақтай алғандығына, ал естіген сөздерді сіңіру сөз ғылымын қаншалықты меңгеруге, тілге тәуелді екен. Олай болса, мен өзім қандай бөтен тілді меңгеріп, білімімді жетілдіргенмен, ана тіліндегі сөз қорым тапшы болып, немесе қаншалықты сөздерді меңгергенімен, оның сөз астарларын нақты қандай қуатты сипаттайтынын, негізгі болмысын, тарихын біліп илана алмасам, ол аят туралы түсінігім шала болады екен. Демек тілі бір, бірақ сөз түсіну қабілетінің ерекшелігімен 8 түрлі түсінік белгісі шығады. Олай болса, бір қазақ бар қазақты 8 түрлі көріністе түсінеді екенбіз. Оған енді құранда, аяттарда ескерткен 9 түрлі бұзықтығымызбен көбейтсек; 72 топқа бөлініп шыға келеміз. Осыдан барып елдегі 72 түрлі көзқарастың, келіспеушілік тартыстың, саяси партиялардың тізімдері шығады. Әулиелеріміздің, сөз данышпандары билеріміздің толық басқаруында болған замандарда мамыражай тіршілік кешіп, алтын ғасырды бастан өткізген замандар қазақ елінде болғаны ақиқат. Өйткені ол кезде өлімнен ұят күшті болып, бір сөзге тоқтап, бір сөзбен әкесін өлтіргенді де кешіре білетін, ақылдың тазасын меңгерген уақыттар еді. Өйткені, әулие бабаларымыз киелі кітаптардың астарлы сөздерін қарапайым тілмен халыққа ұқтырып, сөз нұрының жарығын елге жеткізе білді. Өйткені сөздің құдіретті көрінісін көрсететін, оңай жүрекке иман қылып ұялататын, жаратқанның сыйы, «мұғжизалар», ерекше хикметті істері бар еді. Ал қазіргі әулиелер санатында жүрген діни сауаттылар мен хазірет, шейхтарымыз қандай? Ондай аталарымыздай толық иманы бар болса, нұры (шамы) да біріне-бірі ұқсамайтын керемет істері де болу керек. Оны иманның шарты, нақты көрінісі деп түсінгеніміз абзал. «Ешкім шам жаққан соң, оны ыдысымен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып жария болмайтын ешбір құпия жоқ.» ( Л; 8-тарау)
Кімде жүрегінде иманы болса, онда шамы да болып, ол жан-жағына жарығын түсіріп, және жарықпен бірге құпия сыр, білімнің болатынын ескертеді. Қазіргі таңдағы ислам дінінде қалыптасқан; «иман келтірдім» деп өзін-өзі ақтаушылар осындай шамымды жақтым, құпия білімімді алдым деген белгіні білдіреді. Шындығында бүкіл масхаб діншілерінің ішінде шамы бар, жарығынан жол тауып, нығметке бөленіп жатқандарыңыз, нағыз әулиелеріңіз араларыңызда бар ма? Ойланыңыздар! Ал кімде ондай жағдай болса; «Сондықтан қалай тыңдағандарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады,-деді Иса.» (Л; 18; 8-тарау) Яғни кімнің жүрегінде батаны, ата-баба аманаттарын түсініп, тыңдай білген қышадай болса да иман дәні болса ғана, оған жарық беріліп, ал жоқ болса керісінше қараңғылыққа түсетіні де хақ. Бұл насихаттан Әл-Фараби атамыздың; «Ғылымды меңгергің келсе, әуелі білмеймін деген ғылымды меңгер» деген астарлы өсиеті шығады. Егер мен бір нәрсені жетік білдім, менен артық білгіш жоқ десем, онда сол білгенім алынып, надандықтың құлдығына түсіп, түбінде күнәкар атанады екенмін. Егер менің мына білгенім, үйренгенім жеткіліксіз, әлде де білсем, бір сөз болса да, баладан болса да алсам деп ізденіп, сұрап, жаратқанның алдында мүлде білімсіз екенімді, оңашада мойындап, жалбарынсам тағы сол білгенімдей шамада ғана беріп отырады екен. Онда неге өмір бойы әлі біліп болғаным жоқ деп алақанымды жайып, жаратқанға жалбарынып өтпейміз? Осы тағлымнан енді біздің масһаб ғалымдарымыздың құран насихатын тек арапшадан ғана оқып араптардың дәрежесінде ғана тылсым, ақирет өмірін білу керек деген, сонымен бірге олардың иманындай ғана нұр жинау үшін арап еліне ғана «Ғұмыра хаж», тағдырларына жалғануды дәріптейтін, ал одан жоғары иманның 70 бұтақты білімін қалыптастырған дана әулие бабаларымызға зияраттауды; «Серік қосу» деп атаған себебін де түсінуге болады. Сондықтан да енді; «діни сауаттымын, тек мен білемін, қазақта әулиелер де адасқан екен, қазақ елі тек ислам келгеннен кейін ғана дінге келген» дегендер мейлі солай жүре берсін, кел бауырым, әрі қарай білмейтін өмірдің құпиясына, құранның қазақша ғалым атамыз аударып берген нұсқасы арқылы Раббымыздың үкімдерін, насихаттарын жадымызға тоқып, жүректерімізге зерделеп, ұйқы кезінде «кеңшілік өміріне» бірге сапар шегіп, жаратқаннан тікелей сұрап көрейік. Осындай жағдайлармен бір кітапқа жүгініп, біртұтас қазақ тілінде ойымызды, сөзімізді біріктірсек, орындайтын сәждеміз де бір болып, әлде де иманның нұрын молырақ алмаймыз ба? Онда ортақ сәждеміз қандай болу керек?
(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)
Сәжде діннің орта қазығы.
Жалпы сәжде ұғымын діншілер насихатымен тек «намаз оқу» деген түсінік қалыптасқан. Алдыңғы басылымдарда да, жалпы құран негізінен; 32 санымен яғни сәжде арқылы түсірілген деп мысалдар келтірдік. Енді осы санның құпиясына тоқталсақ, онда сәжде ұғымының да қамтитын аясын, мағынасын да түсінуге болады. Барлық нәрсені де жұбымен және пар-парымен жараттым деген жаратушы үкімін назарға алсақ; жалпы адамзатқа лайық; 3 түрлі сәжде амалы болып және олардың жұбы болуы да шарт. Осындай сәжденің нәтижесінен 6 түрлі амалдар пайда болып, аталарымыздың; «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деген нақылымен қазақтың дәстүрлі сәжде білімі пайда болады. Енді сәжде туралы арнаулы сүренің 32 санды белгісі де осы құлшылықтың негізгі ғылымы болып, 30 түрлі қуаттық белгіні яғни 30 параны белгілеп тұрса, ал көлденеңінен тізбектегі аяттар болып жүздеген белгілері де бары анық. Бұл салада арнаулы есептер жүйесін көрсетіп дәлелдей жатармыз, әзірге қарапайым мысал берсек; Абай атамыз 32 санымен сәжде құлшылық ұғымын белгілеп, қара сөзінде; «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенімен табылмас…. ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет деп білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңіліңде бір рақат хұзир хасил (шабыт, қанағат сезімі) болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді берік ұстап, білмегенді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңілің мейірімі (махаббатың) асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды...».
Бұл сөзден сәжде дегеніміз жаратушыға деген ықылас, мейірім, махабатты қалыптастыратын талап-ниеттіліктен пайда болған сезім қуаты болып шығады. «Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген сөздің астарын осыдан білеміз. Сонда жаратқанға бүкіл жаратылыстың сәжде жасауы болып, өз үнін яғни мейірін білдіру үнін, рухының тербелісін сәжде деп атаймыз. Адам баласының сәждесін хайуандардан әлде қайда күрделі және ақылмен орындап, әрбір түсірілген белгіге, хикметтеріне, сынақ, азаптарын да жеңілдетуге жалбарынып, жауап қату үшін бүкіл жаратылыс егелерін бағындырып, құлшылық жасатып қойған. Сондықтан адам баласының сәждесі талаптылықтан, ниеттіліктен пайда болып, осындай құлшылыққа арналған, жаратылған нәрселердің білім-ғылымын анықтау арқылы; пайда, зиянын, артық, кемін таразылап, жақсы үлгісіне табынып, жаманынан жиреніп, сақтанып, сәжде жасау арқылы өзімізге рухани тұрғыда қабылдап зейнеттейміз, қабылдаймыз. Сондықтан масхаб имамдары ескерткендей, сәжде жасау арқылы Аллаға беру емес, керісінше рахымынан өз үлесіңді алу болып түсіну керек. Енді Құрандағы «Сәжде» сүресі 30 аяттан тұрады деп ескерсек, сондықтан да осы сәжде құлшылығын негізге алған бұрынғы ислам ғалымдары құранды негізінен; 30 параға яғни сөз қуатына, нәсілдік белгіге, яғни уәделер, аманаттар санына бөліп қарастырған. Негізінен пара ұғымы, бастапқы жер бетінде өмір сүрген нәсілдермен байланысты болып, негізінен 30 нәсілдік белгіден тұрса, толық иман; 60 нәсілдік белгіні алып, ал жетілген иман; 70 нәсілдік белгімен, кейінгі топан судан аман қалған жер бетінің тіршілігін жалғастырушылар болған; Нұх қауымына толық жалғану болып есептеледі. Мұндай белгіні Абай атамыз; «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол-ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз тыңдамас бір парасы…» деп нәсілдік белгімен, есту сезімдік қуатымен және сөз сөйлеу шешендік өнерімен, ділдік ерекшелігімен де байланыстырған. Қазақ халқы жалпы түркі әлеміне тән нәсілдік белгісі; 11, 15 және 26-шы паралар болып келеді. Қазіргі заман дін ғалымдары да, теолог және арапшаға судай сауатты діншілеріміздің де құранды неге параларға бөлгенін және оны қалай пайдалану керек екенін түсіндірген, арнаулы ғылымда кездеспейтін айдар тағылған; «фиқһ» ғылымында немесе басқалай сопылық жолды ұстанған топтардың және «тасафувв» деген кітаптарында да діни анықтама, білімін әлі кездестіргенім жоқ. Ал, негізінен бүкіл құран сөздерінің және жаратылыс, нәсілдік сезім қуаттарының қалыптасуын сәжде сүресімен нақты көрсетіп қойған. 32 саны Адам атамызға сәжде жасаған періштелер және адамзатқа сәжде арқылы қызмет қылатын денелік қуаттар түрі және саны болса, 30 саны білімнің, сезімнің яғни иман, сабыр қуаты болып табылады. Осы екі саннан 30+32 адам баласының негізгі қуаты, қан тамырларының түрі және тазару, есеп беру сүресі «Жұма»-сы пайда болады. Құран құпиясының өзі иманның екінші жартысын яғни 30 парасын інжіл мен тәураттан, зәбурден және пайғамбарларға нұсқаулардан кітаптардан алуға негізделген. 30 пара иман ағашының 30 негізгі бұтағы!
Енді, масхаб біліміндегі мұсылманның 5 парызы дегеніміз құранның алғашқы 5 парасымен есептеледі. Мысалға; «Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны меңгерді. Сондықтан сендердің Одан өзге шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар ма?» (32-4) Бұл аятпен адам баласына «төртеуді түгелде!», есіңді жи, ойыңды жаратылыс туралы, ақиреттік білімді толық меңгер!- деп ескертіп тұр. Абай атамыз 4 санын; «..Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, бір-біріне мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды.» (4-ші сөз) деген өсиетпен, мұсылманның 4-ші парызы адал еңбекпен, өнермен, естілік істерінде деп ескертіп, төртеуді түгелдеудің ішкі сырын біліммен байланыстырып және құранның 28 әрпіне құлшылық сипаттамасын; «..Қаф, қабыл болар ма екен жазған хатым, Кәф, кәмил ақылың, асыл затым. Ләм, лебіңнен ем қылсаң мен дерттіге, Мен, меһіріңген қылмас ед бар апатым…ләм әлиф, лә иләһа иллала деп. Я, ярым (жарым), қалай болар жауап сөзің, Мәт-қасың, тәштит-кірпік, сәкін –көзің. Үтірмен асты-үсті жазуда бар, Болуға асты-үстілі көнсең өзің.» деп жаратқанның адамзатқа түсірген рахым, шапағатының сырын суреттеп кеткен. Ал енді құр сандық мәнмен ғана бес парыз деп, қазіргі масхаб дін ғалымдарының насихаттайтын дін білімінің, құлшылық парыздарының бесіншісінің жалғандығын; «Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?» деген ескертуді сәжде есебімен тексеріп көрсек; «Ол, көктен жерге дейін істі игерді. Сосын сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі.» (32-5) Бұл аяттың сандық мәні 5-ші параны көрсетіп, енді осы парының қамтитын сүрелер мен аяттарын құраннан тексерсек; негізінен 5-ші параның үгіттері мұсылмандық қарызды ескертіп; «Ниса» сүресімен үгіті тұжырымдалып; От басын құрып, жетімге, ағайын туғанға қарайласып, атадан қалған аманаттарға қиянат жасамай, ізгілікті өмір сүріп, өсіп-өніп көбеюді және адам баласының діліне байланысты қағидалары шығады. Сондықтан адамзаттың бесінші парызы дегеніміздің өзі; «Мұсылмандық қарыздар» болып; отбасын құру рухани егінді өсіру, діл білімін жетілдіру болып шығады. Ал, енді масһаб білімінде парызға айналаған қажылықтың ғылымын, насихатын қандай құлшылықтық дәрежеге байланыстылығын осындай есептік жүйемен, яғни пара арқалы тексеретін болсақ; аятта; «..Және айтқан нәзірлерін орындап, Қағбаны тәуап қылсын.» (22-29). Бұл үкімнің, сүренің аятының орны 17-ші параға сәйкес келеді. Олай болса пара санын енді сәжде сүресіндегі аяттың сандық мәнімен сәйкесті тексеретін болсақ; «Ешкім қылмысы жаққандықтан өздеріне көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді.» (32-17) (49) деген ескертумен, жүректің толық күнәдан тазарып, тақуалықты меңгеріп, қосымша сый кітап алумен, иман қуатын (49-санын) зейнеттеп алумен байланысты екенін ескертеді. Ол үшін де барлық күнәдан тазару керек, болмаса ондай құпия білімді, сыйды алу мүмкін емес екенін де ескертеді. Енді, Абай атамыз бұл санның насихатын 17-қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің ғылымның айтқанын істеп жүрекке билетуді ұсынып; «..Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам-сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдайтағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,-депті».
Сонымен адам баласына берілген алғашқы ақыл толу кезеңі 40 жас болып, одан кейін 9 жыл, жоғарғы үш бірліктің рухани өлімнен өтіп, 49 жасты меңгеріп және 5 түрлі тәубелік, тоғыздық сынақтар кезеңінен өту мерзімі болып саналады. Яғни; (9;19;29;39;49) сандық кезеңдерден өтуді бес парыз деп атаған да абзал. Сондықтан да әрбір аяттың өзіндік есеп жүйесі болатынын, есепсіз амалдың босқа кететінін аятта; «…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) «Есепті білмегендер, кітап арқалаған есек сияқты» деген аяттармен және тақуалықты меңгерумен, сопылық түрлі жолдармен, қажылыққа барумен нәтижесінде кітап алу болып, кітабын көріп, уәдесін беріп, бірақ оны әрі қарай жетілдіріп оқып және амалын жасап меңгере алмағандарды да кітап арқалаған есекке айналдырамын деген уәдесі бар жаратқанның. Сонымен сәжде дегеніміз — арнаулы сүремен тігінен 30 аяттық пара санымен көрсетілген және құран үгіті мен насихатын меңгеруге байланысты барлық сүрелерді қамтыған көлденеңінен; 30 түрлі парамен белгіленген, құранның басы мен аяғын толық қамтып тұрған намаздардың амалдарынан ғибадат, Аллаға құлшылық жасаудан тұрады екен. Көместегі кітаптағы аянмен зейнеттелетін жұбымен яғни көлденең 30 пара, тігінен 30 аяттардың сандық мәндерінің өзара тік бұрыш жасап «Хатте»-диван ұғымын беріп, жалпы сандық мәнде; 60 санын беріп, 60 бұтақты иман дегеніміздің өзі құран бойынша сәжде арқылы орындалған намаздардың жемісі, жүрекке берілген параның сезім қуатының шамасымен өлшеніп зейнеттелетіні сөзсіз. Ал енді бұл иман келтіруді; «Сана қуаты» деп атайды да, жалпы иман келтірудің негізгі мәні де осы санмен де байланысты болмақ. Пайғамбарымыз; «Иман жетпіс бұтақ немесе алпыс бұтақ.» (Әбу Хурайрадан) деген өсиетпен, иман келтірудің сандық ғылымын ескертіпті. 60 саны; жалпы момындық істермен сәждемен нәтижеленсе, ал қалған 10 бұтағымен жалғанудың сыры құраннан тыс, бірақ сандық теологиясы қамтылған, Алла қасындағы негізгі кітаппен жалғанумен, яғни 60+10= 70-сандық белгімен; сахабалық қасиеттермен жалғану және ерекше рухани дарындылықтарды игерумен, Алла жолында мал-жанмен соғысып, тақуалықты, иманның екінші дәрежесін меңгеру болып табылады.
Бұл салада пайғамбарымыз да көптеген өсиеттермен иманның қасиеттік сипатын көрсетіп ескертіп кеткен. Негізінен бұл жағдайдың жан қуатымен, иман жарығымен байланысты мұсылмандарға берілген уәде жаннатпен айырбас; 60 саны болып, оның құпиясын, ғибрат үлгісін енді 30 параның сыры болған; 30-сүре «Рұм» 60 аяттарынан іздейміз. Аталарымыз; «Ұлыңды рұмға, қызыңды қырымға қондыр» деп осы имандылық қағидасын ескерткен екен. Рұм-30, ал қырым-40 «Ғыфыр» болып, барлығы 70 санын көрсетіп тұр. Яғни осы сандардан ер азаматтарының 30 жан үйі «парасы» болса, әйел затының 40 жан үйі «Ғыфыры» болатынын білдіреді. Енді сүре ішінің ішкі аяттар саны 85+60=145 болып, барлық шүкірлік, аманат, көркем қарыз беру сияқты ұғымдармен Алланың өлім, ұйқы, түс арқылы жанға жазу белгісін көрсетеді. Бұндай жағдай екі жыныстың бірлігі, отбасылық жағдайға тәуелді болып; «-Сырмақ қып астына Байының тоқымын, Отының басына Төрінің қоқымын…Келді, ойбай, Салды айғай, Түк қоймай боқтады. Сөзінің жөні жоқ, Ақылсыз томырық, Қатынның күні жоқ- Қамшы мен жұдырық, Барқылдап, Тарқылдап, Салпылдап тоқтады.» деген 145-ші өлеңмен Абай атамыздың көпшілік отбасының мұндай өмірінің шүкірліксіз өтіп жатқанын бейнелесе, ал барлық дін істерінің, шариғаттың негізі адамзатқа ортақ дін ісі болған иман қуатының бұлағы болған нұрдың белгісін; 24-ші қара сөзімен; «…Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» деген философиялық жан сырынан, құран ғылымынан хабар береді. Енді әрбір үмметің ұлттық ерекшелігі өз жүзі, қарасы болып, оны қазақта «Бет» деп атап, негізгі салттық азығымыз ет болып, орыстар «лицо» деп «яйцо» жегені сияқты, араптар жеміспен, құрмамен байланысты өзіндік ерекшелік жүздері ішкен тағам, азықтарымен және оған байланысты шаруашылық істерімен салты болып қалыптасады. Сондықтан осындай ұлттық әдет-ғұрпына қарай имандық қуат ерекшеліктерін меңгеруге арналған дәстүрі болып, оны 8 санымен белгілейміз де, әрбір үмметтің өзіндің салт-дәстүрі, жүз қарасын, малдық қуаттарын меңгеретін 108-і болу шарт. Жалпы ұлттық рухани сана қуатын меңгеру; әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен бірге сәждесінің амалын; 45-санынан іздейміз де, Абай атамыздың 45-санды философиялық негіздері біздің ұлттық ұстанымыз дініміздің, ұлттық санамызды қалыптастырудың негізгі сәждесі, намаз орындауымыз және мизан таразымыз болып табылады. Әрбір пенденің салт-дәстүрін сақтауына байланысты, негізгі ниеттілік білімі, діл білімінің негізі, тағдыр кітабы 108-ші санды аяттармен оқылып, оны жоба деп атайды. Сондықтан көмес білімін меңгеруге талаптанып, жиһан кезіп, өз жолын көру үшін, ата-бабаларымызбен кіндікпен жалғану қазақтың негізгі діни ғұрпы болып табылады. Абай атамыз бұл 108-дің, салт-дәстүріміздің жағдайын; «Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял (жоба аяты) жоқ, ілді-жұлды, Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. Жамандық, жақсылық пен-оған бір бәс, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас. Арын сатып, ант ұрып іздегені-Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас. Тұрлаусыздың қолынан не келеді, Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп, Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді. Онда оны алдайды, мұнда мұны, Жанын берсе, табылмас сөздің шыны. Алты жақсы жүз жылқы болған басы Бір семіз ат болады оның құны.».
Бұл жағдай қазіргі таңдағы «намазхан» аталып тек қазақ халқы емес, әлемде бүлік шығарған жастардың да дін ісі мен құдай ісін ажырата алмай, тек сәжденің жалбарыну масһабтық білімін, бекіген дін ісін, тура жол-Құдай ісіне айналдырып алумен алтауын араздастырып, жалаң бас, жалаң аяқ, иманнан жұрдай болып, тек ас ішер адамдық «аты» ғана болатынын астарлап көрсеткен. 108 санымен адам баласының ниеттілігін, талаптылығын, ойлау қабілетін және сәжделік білімін қалыптастырудың негізгі тағдыр кітабының, рухани сүннеттелуді баспен байланыстылығын ескертеді. Және бұл жан сырын Ғиса пайғамбарымыздың үлгісінен, Інжіл өсиеттерінен айқын түсінуге болады. Христиан ғалымдарының да жан тану (психология) ғылымында сананы бастағы мидан іздеудің өзі осы інжіл құпиясымен байланысты болып, бірақ оны меңгере алмаған әлем ғалымдары үлкен қателікке ұрынған. Егер ми санайтын болса, яғни барлық қанға жазылған ақпараттармен салыстырып, жақсы жаман, жанға пайда зиянын өлшей алатын болса, онда көргенін, естігенін бәрін санға айналдырумен, ал жалаңбас, жалаңаш жүретін миы ашыған, сары су басқан адамзат баяғыда хайуанға айналған болар еді. Ми негізінен көруші, естуші, сезуші және бейнелеуші, сәулетші, жүрекке, ішкі ағзаларға байланысты тәнмен біріккен жанның емес, періштеге айналған басқарушы иман жанның және таза ақыл рухтың қызметшісі! Жүрек санаушы, бағалаушы, қозғаушы, үкім беруші, ар-ұяттың да орны, үйі — ұждан! Адам бойында 4 түрлі су бар; қан суы мен 3 түрлі сөл, ніл суы болып, ал сөл суы және адамның сыртқы өрісі бойы болса, мидың жұмысымен байланысты жетіледі. Барлық құпия да негізінен ақпараттарды тасымалдаушы жан қуатының негізі және ғұмыр ағашын қалыптастырушы қандағы су-нілмен, тәндегі, еттегі 3 түрлі су қышқылдарына байланысты екенін және оның бастағы ми қабатындағы «сіленің», ішектің де сілесін қатырмай, құрамын түзеп, шашқа да тәуелді екенін білген ғалымдар діннің жалпы ислам шариғат құндылықтарына мойынсұнып, халыққа үлгі көрсетуші, денсаулық сақтаудың мамандары да жалаңбас жүріп, қандары азып, сонан саналары жабылып, өздері де бастағы сілелері қатып, дін-амандығынан, тағдыр-өлімінен безіп азғындыққа түспес еді. Негізінен бастағы мүшелер қызметі сырттан келетін, тылсымнан берілетін ақпараттарды тері арқылы бүкіл бойдан хабар алып қабылдаушы немесе терістеуші, яғни пенденің сыртқы өрістік қабына тікелей тәуелді. Ал ми болса ақылмен ойлап, ішкі ағзаларға, қанға не керек, ненің қажет емес екенін анықтай алуы мүмкін емес, оны тек жүрек қана салыстырып, қанның жағдайын санау, өлшеу арқылы білетіні де хақ. Жүрек жұмысы; қан тазалығына, ал бас тән тазалығы мен бойдың жетілуіне, сыртқы сезім мүшелеріне тәуелді болады. Сондықтан да бастағы дене мүшелерін жетілдіріп, тәнді сыртқы әсерлерден оқшаулап, жауып, зейнеттерін қорғай білмеген, дәрет білімін меңгермеген пенделерде зәрі, сары суы басқа шауып, сыртқы әсерлермен, қара қуаттармен де тез байланыс орнатумен де түрлі дүниелік қулықтарды игеруге дарынды болады. Ондайлардың басындағы шашы тез ағарып, немесе туғаннан теріс дінді болып, сары суы мол болып, яғни екі аралық жаратылыс себептеріне байланыстық қабілеті жетілген, яғни таз болып туылады. «Тегін адам таз болмас» деген аталар мақалында да осындай астарлы білім бар. Сондықтан басында қулығы көп, шашы аздарды «тазша бала» деп қазіргі заманда «қасқабас», «жалтырбастар», таз-қу бастар ел басқару ісінде жеткілікті кездеседі. Аятта; «Балдарыңның шашын ақ қылатын күннен қалай сақтанасыңдар» деп Раббымыздың ескертуінің өзі қазіргі таңдағы «блондин» деген әйелдер арасындағы сән, керісінше өз қауымынын келген ақылды, білімді меңгеруге қабілетті, бірақ естілікті, ар қуатын меңгеруге, таза ақылды қабылдауға қабілетсіз, жер бетінен жоғалатын ұрпақтарға түскен үкім-қасірет! Адамзатта; Бас пен жүректің мәңгілікке араздасуы деп түсінгеніміз абзал. Ал, уақытымен есі кемелденген білімді қарттарда кездесетін ағарған бастар, бұл шын қайғының, ақирет қайғысының зейнеті, адамдықтың белгісі, бастың денеден еншісін алуы мен жан жұлдызының жүрекпен тікелей байланыста болуымен де, рухани кемелденуімен де байланысты. Сондықтан әрбір жаратылыс себебінің жұбы, пары міндетті болып, қайғының да 3 түрі бар екенін естен шығармау керек. Бұндай жандық сырды алдағы басылымдарда талқылап көреміз. Сондықтан бас егерде иман зейнетінсіз құпия біліммен, жүрекпен тікелей байланыста тұрса, онда әлемді осындай ілімге, дінге қарсы, қабылдауға әлсіз тазша бастар басқарып, жын-шайтанның үстемдігі немесе қан төгіс оқиғалардан көз аша алмас едік.
Ми жұмысының мойынмен шектеліп, мойын орталық тазартушы әйел затынан келетін діл қуатына байланысты болғандықтан, жүрек пен мидан келетін хабарлар көңілде, яғни ұжданда кездесіп, таразыға түседі. Сондықтан ми мен жүректі бірдей, қалай ойласа солай әрекеттерге бару үшін шайтанның азғыруына түскен әйел заты басын, «қисық қабырғасын» түрлі әрекеттермен әсемдеп, шаштарын қиып, жайып жіберіп, сары сумен, арам өрістермен азықтандырып, кеудені «көңілді» зинақор еркек көздермен сұқтандыру үшін үнемі жалаңаш ұстаумен, жан үйі төстерін арттағы құйрық құсатып бейнелегендіктен ділдері де, қандары да азып, тәндері иістеніп, шіріп жатқаны осы жаман ойдан пайда болған сары судың әсерінен болады. Оған себеп, әйел мойыны еркектерден ерекше бөлек, өрістік, бойлық тұтастықты қалыптастыруға қабілетті ерекшелгі де болып жаратылған. Ал еркектердің мойынында ерекше перде болып, оны тек жаратқанның үкімі мен иманды жетілдіру арқылы ғана жүрекпен жалғану тиісті. Ал еркекке ұқсауға тырысқан әйел заттарында «гендік» азуының бірден-бір белгісі де жалпы тәндік сары суы ашып, қышқылдары жындық қуатқа толған әйелдердің басында сақинасы болып, сәл нәрседен ашуланып, жынданып немесе басқалай нәпсілік азғырылуға бейім болады. Негізінен жаулығы бар әйелдің басы сау және белдеу періштелік қуат, сақина болып, оны 4-ші саусаққа салатын неке жүзігімен және европа әйелдерінің бұрынғы салтында бастарына «венок», айнала сәлде сияқты орайтын болған. Ал еркектердің басы тазарғанда қажылыққа барып, «сау басқа сақина» тілеп алып, сәлде орап қайтады. Ал қазіргі қажыларымыз жалаң бас, ақылы толмай сақина салып, оны аяқ асты қылып, араптар сияқты дінді теріске алушылар ғана және бұған дін істерінің басшыларамызды да, дін ғалым, теологтарды жатқызуға әбден болады. Сондықтан пайғамбарымыз араптардың иманы садақтың оғы сияқты мойынынан ұшып кетеді деп, бұлардан дін ұстанымында үлгі алмаңдар деп өсиетінде астарлап ескерткен. Олай болса, әр үмметтің де сәжделік, құлшылық, шүкірлік ерекшеліктері де бар. Пайғамбарымыз осындай қазақ әулие аталарымыз меңгерген, бірақ ислам «фиқһ» білімінде құпия, білмеген; мойын, бас зейнеттері туралы және жан сырын зерттеуші ғалымдардың да әлі ойына да келмеген құпияны 14 ғасыр бұрын ескертіп кеткен. Еркектің мойыны жетілмей, әйел затынан қанынан өріс түрінде алатын несібесі, шарабы толық болмаса, сана тазарып, иман толмайды және баспен де аралық қосылып жалғанбайды. Сондықтан еркек мойыны әйел затының жұбайлық төсек қатынасы арқылы еркекке сыйлайтын шарабы, беретін діл қуаты «5-бересіне», жыныстық қуаттылық суға айналған тұзына да байланысты. Аталарымыздың еркектен келетін жыныстық қуаттың негізін маймен, ал әйелден келер көңіл суын, жыныстық қуаттылығын тұзбен өлшеген. Сондықтан; «Май сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себесің?» деп астарлы сұрақ қалдырған екен. Шындығында, әйел тәнінің сұқталып, иістеніп, еттерінің шіріп сасуына не себуге болады? Қазіргі замандағы бірінші орындағы саясат та, осындай адамзаттан бөлінетін сасық иісті қалай түрлендірумен иісулар ойлап шығарумен өзара жарысқа түсіп кеткеніміз де осы жағдайды, қызға қырық үйінен тыйымдық, ұлттық ар білімін жоғалтудан пайда болған. Ал енді ер азаматтың толық шүкірлік сәждесі қалыптасу үшін майына әйел затынан тұзын толық сіңіру үшін де және қырыққа дейін ақыл толысу кезеңінен өтпей тек намаз оқып, бес парыз орындап, масһаб білімін меңгеріп, құранды толық жаттап алғанмен, еттерінің тазарып, 3-ші дәрежелі хақтық рухани өлім сатыларын меңгеріп, мойнының қатайып, бекіп тазаруы да тіптен мүмкін де емес. Сондықтан да алдымен мұсылмандық қарыздарды өтеу жолында; жан-ұя құрып, бала өсіріп, жарыңды иманға жетілдіріп, ұрығыңды тазартып, рухани егініңді әйел тәніне егіп, жұбайыңды азғырушы жын-шайтаннан күзетіп, бақташы болып баптап, өзіңе тиісті азығыңды алуды да меңгеру керек. Егер сол рухани жан бақшаңнан, ділден азық алмай және әйелің жалаңаш жүрумен шайтанға айналып, тәні, жаны азып, өзіңнің тілің мен сөзің азса, қан суың да азып, жарықтың, рухани азықтың енуі тоқтап, тағдырың қысқарып, жүрек санауын тоқтатса, онда қандай ақылды, білімді, діни сауатты «намазхан» болсаң да, ескі иман аманат тағдырыңмен қоштаса бер. Ал, ондай жағдайдан кейін қандай азапты тағдырдың немесе ажалдың келуі де Құдайдың еркінен болары да хақ. Сондықтан тіршілік сәждесін, әдет-ғұрпымызды, салтымызды толық меңгермей, құр намаздарды амалсыз, намаздарын шүкірлікпен орындаусыз, сәждесін тек намаз қылып оқи беретін қызыл бастардан келген парыздармен көсегең көгеріп, тілегің жаратқанның алдына баруы да екі талай болары да хақ.
Қазіргі таңдағы ел билеушілеріміздің саясаты болған; саналы ұрпақ тәрбиелеп, халқымыздың ден саулығын (ақыл саулық) жетілдіріп, өмір сүру жасын ұзарту дегеніміздің өзі; бүгінгі бесікте жатқан болашақ өміріміздің анасы болатын қыздарымызда, 40-арқылы қалыптасатын 85-те, яғни Раббымыздың құдірет қолы болған лаухы мағфуз кітабымен жалғануда тұр. Абай атамыз бұл 85-іміздің жағдайын; «Менсінбеуші едім наданды, Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды, Өзімді тым –ақ зор тұтып. Таппадым көмек өзіме, Көп наданмен алысып. Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып. Жан шошырлық түрінде, Бәрі бірдей еліріп. Ұстай алмай бірін де, Кекиді кейін шегініп. Әринемен ел кетті, Қоқиланды, мақтанды. Қуат бітті, күн өтті, Жарылқа, Құдай жатқанды… Жарлы емеспін, зарлымын, Оны да ойла толғанып. Жұртым деуге арлымын, Өзге жұрттан ұялып. Барымта мен партия-Бәрі мастық, жұрт құмар. Сыпырма елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? Татулықты, тыныштықты Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер. Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы! Айтып-айтып өтті қарт, Көнбеді жұрт, не лажы?». Ел дегеніміз әйел заттарынан қалыптасып, әйелден көмек болмаса еркектің қолынан ештеме шықпайды, сонықтан ондай әйелдері, әдеті азған елден бойыңды тарт дегені; қойыныңа алма! «Ел болам десең бесігіңнен баста!» деп ескертеді. Пайғамбарымыз; «Мастық әйелдермен жастарға тән» деп астарлы түрде жын-шайтандықтың көрінісін жастар мен әйелдерден ізде деп ескерткен. Мастарға айналған елдің діл-жаны азып, сары су араласқан ана сүтінен нәр алған жастарымыз арамдары, шеріктері жетіліп, әлемнің бар азғын қылықтарын дереу үйреніп алып, жындылар биін билеп, түрлі қулық, зомбылықтарды ойлап тауып жатқаны да діліміздің азып, оны түзейтін дініміздің, қажыған қарттарымыздың, ақсақалдар ақылының азып, сөздің құны жоғалғанынан, иманның жүректерге ене аламай ғылым келудің, жаратқаннан әрбір адам баласына келетін тіл білімінің, жобасының, тәндегі «натрий» жолдарының жабылғанынан деп біліңіз. Сондықтан ондай жүрегінде иманның зейнеті жоқ пендені; «Санасызға «сан» айтсаң да түсінбейді» деп ескертіпті аталарымыз. Кімнің қанында қаншалықты иманы-санасы бар екенін анықтайтын адамзаттың білімі, жетесі жетілгенше, ілім білім ортасын аян, тағдыр кітабын қалай оқитын сәжделік намазынан ғана анықтағанымыз абзал! Дін мен діл тепе-теңдігін, ақыл-ойдың азаттығын, үмметтік философиялық даналықты қалыптастыру үшін; «Жаңбыр менен жер көгерер батаменен ел көгерер» деп тылсым үніне құлақ түруді аманат сәждемізді де ұмытпауды ескертіпті данагөй бабаларымыз. Ал қазақтың сенім артқан дін ғалымдары бұл жағдайды; «Бұл — уахидың (Алладан келген хабар) нұрлы әлемінде ғана қол жеткізуге болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы әсте мүмкін емес..»(Имани гүл 72-бет) Дін ғалымымыз жаңадан атауды яғни; «жалаң сана» деген ұғымды енгізіп, енді қалай қанның немесе жүректің киімсіз жалаң қалатынын көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сонымен сананың ұлттық діл біліміне емес, тек пайғамбар арқылы берілетін уахиға тәуелділігін ескерте отыра және сана деген жаратылыстың өзіндік бейнесі де, киімі де болып, және тән мүшесінен яғни аңның, хайуанның иісі шығатын әуреттің белгісі ретінде дәлелдейді. Есіңіз болса, мұндай шатпаққа күле көрмеңіз! Жас кезімде де қазіргі уақытта да ел аралап жүріп, кітаптарды талғамсыз оқып, амалға айналдыра білмеген, жынын тазартып, тағдыр кітабынан түс көріп жаза алмағандықтан «оқу өтіп кеткен», сөзі мен ісі қабыспайтын, ақылы бар, есі кем «жынды-пері» пенделер көп болды орыс ұлтына көп еліктеген кеңестік қазақтарда. Сондықтан біздің дін ғалымдарымыз, хазіреттерімізге, философ, теолог т.б, осындай әуелі өз ұлтының даналарынан шал емшегін еміп, сөз қадірін меңгермей, ілімнің соңына түскендіктен, ілімнің шалығы түсіп, көздерін шел қаптап, араптардың сәждесіне еліктеумен оқу өтіп кеткендер жағдайын Абай атамыз: «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен..» деп, ой мен тілдің арасын қоса білмесе ауру сөз шығар тіліңнен деп; «Заман ақыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Бір-біріне қастыққа-Қойына тыққан тастары. Саудасы – ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілмен жиғаны Өнімсіз іске шеп-шебер, Майданға түспей, несі өнер? Сиырша, тойса-мас болып, Өреге келіп сүйкенер. Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері.».
Еңбексіз етті ауыртпай, ойдан құрастырған білімін негізделмеген бес парызбен мешіттен шықпай, құранды босқа жаттап кітап оқи бергеннен, секектеп әр нәрсенің басын бір шалып, білімге мас болғаннан пайда болатын надандыққа Алланың азабы міндетті түрде түсетінін білгеніміз абзал да, дін қандастарымызды зұлымдықтарынан құтқаруға қайта қол созғанымыз адамшылыққа дұрыс болар еді. Осы басылымдардың мақсаты да қазақ елінің санасына келген рухани кеселдің себептерін көрсету, емін табуды көш бастаған ағайындарымызға, санды білетін саналы, естілерге аманат деп, ақырын сабырмен, амал жоқ масһабшыларша; «мүштәһит сөздеріне» «тәуәсил жасап», «ижтиһад етіп» «истиуамен» «ақидаларына» «ыстықпар жасап» біздерге берген муфтияттықтар уәдесіне «ахадиус-сифатқа» жатқызып, «инкар» ете алмайтынымызды білдіріп; «Оның ниеті-алаңсыз беріліп намаз оқу. Ал мұсылманның ниеті-жасаған ісінен жақсы» (Ислам ғылымхалі 97-бет) деген муфтият хазіреттерінің пәтуасына сеніп, сөз майданына түспей, ниетімізді семіртіп; «Піс алма піс! Аузыма келіп түс!» деп күткеннен басқа не шара. Ал, еліңді аралап, өлгендерге салауат айтып, тірілерге, ел, халқыңа дұға, тілек тілеп, шал емшегін емуді, уахиыңызды іздеп, ұлттық негіздегі сәждеңізді орындауға шыға қалсаңыз, біліммен семірткен «иттерін» қосып жіберуге ұлықсат берген үкіметіміздің аталарын да талататын «ата заңымыз» бар екенін де біліңіз.
(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)
Намаз оқу мен орындау ерекшеліктері.
«Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарлары олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69) (92) Бұл аятпен дін қағидалары күрделі көптеген ұғымдарды беретін сөз атауларымен түсіндірілетінін ескертеді. Сондықтан да пайғамбарымыздың; «Әрбір 100 жылда сөз атау ұғымдары өзгеріске түседі» деген өсиетін осы аят та растап тұр. Және бұл аяттың сандық мәнін, сырын терең зерттеген оқушыға, осы сандар тағлымы арқылы да көптеген насихаттың ашылары даусыз. Сонымен қазіргі таңдағы масһаб білім, мейлі қандай дін топтарының да бұрынғы замандарда берілген құран аудармасын тікелей тәпсірлеп пайдалануға болмайтынын да ескертіп тұр. Және заман біліміне, сөз ұғымдарының өзгеруіне қарай әрбір ұлттың, үмметтің аударма ғылымы мен философиялық, логикалық сөз зерттеу арқылы ғана құран аяттарының тәпсірленетінін, ғылымдық маңызы ашылатынын да ескертеді. Сөз ғылымы негізінен 8 санына тәуелді болып, «сендерге 8 түр жараттым» деген құранда ескерту бар. Жаратылыс сөзден бастап жаратылды деген киелі кітаптардағы ескертуден, сөз қуаты сегіз қозғалыстан пайда болады. Және Інжіл жазбаларында да «Нұхпен бірге 8-ақ кісі құтқарылды» дап астарлы түрде, жалпы адамзаттың 8 түрлі нәсілдік белгісінің құтқарылғанын ескертеді. Абай атамыз сегіз түрге байланысты бұл құпияны; «Алла мықты жаратқан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз, Таба алмасам, ақылды болар неміз? Қыс пенен жаз, күн мене түн, тақ пенен жұп, Жақсылық пен жаманшылдық болды сегіз.» Жаратылыстың бүкіл сыры осы сегіз түрді және сегіз үннен (до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до) меңгеруден 16 санды «мал» қуаты пайда болады. Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мақалдың негізі сегіз батырды бір ақылға бағындырған деген ұғым туады. Рухани кемелдену болып, осындай 8 түрлі бірліктеріміз іспен нәтижеленіп 10-ға айналып, ал рухани азықты сегіз түрлі қуаттар, қозғалыстар жүйесінен, тек бейнеленген сөздер арқылы аламыз. Сондықтан сөз, рух ғылымының ілімі Інжіл болып, көркем сөздің киесі Алланың жалғасты бейнелеген сөзі, рухы болған; рухани қозғалыстың бәрі адам періштелігімен бейнеленіп; енді рух істерінің сөзден істерге айналуы Ғиса пайғамбармыздың құзырында болып, оны оң қолдағы 18 санымен белгілеген. 18 мың ғаламның пайғамбарларына, періштелеріне, елшілеріне арнап дұға жасауымыздың өзі осындай оң санды рухани әлемге байланысты болмақ. Барлық құлшылықтың ірге тасы, атау ұғымын, сөз астарын меңгеруден, сұхбаттан басталып намаз деген ұғым кері қарай заман болып оқылып, заманға сай сөз ғылымын, білімін меңгеріп, ойды жетілдіру, адам баласының білімін жетілдіру мақсатында білімнің пайдалану аясын, түсінік, көрегендік, ақыл, ұжданды жетілдіру, қасиеттерді кемелдендіру үшін түсірген ілімді меңгерудің барлық амалдарын намаз деп атаймыз. Сондықтан намаз арқылы оң ақпараттарды меңгерумен көрінісін берсе, ал амалдармен яғни ғұрыптық, тұрмыстық намаздармен сол жақтық замандық амалдарды меңгеру де керек болады. Ал намаздың жұбы қашанда заман білімін меңгеру, намазын оқу, орындау болып және бұл намаздардың орындалуын барлық намаздар ортасын табу болып саналады да, құранда; «Раббыларыңнан өздеріңе түсірілгендерді орындаңдар» деп түс жору арқылы орындалатын, ақиреттік тіл білімін меңгеру намаздарын біздердің масхаб білімі де, сопылық жолдағылар да ұмыт қалдырған. Ал, жалпы намаздың мақсаты, талабы, ниеті қандай болу керек?- дегенге құранда 18-ші сүремен және 110-аяттық өлшемін, үгіт, насихатын көрсетіп қойған. Сондықтан да барлық дінде де рухани білім маңызды болып; «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!…» (5-68) (73) деп әрбір дәуірдің, қоғамның заманға сай намаздары көрсетіліп отыратынын ескерткен. Бұл аят үкімімен жалпы адамзатқа берілген, жалғасты түрде бүкіл пайғамбарлар арқылы нұсқаулармен көрсетілген және Інжіл, Тәурат арқылы түсірілген аяттар оны меңгерген тақуа, сопы, дін ғалымдары арқылы кітаптарға айналып, тарихи ұлттық шежіре ата–баба білімдерімен, заман оқиғаларымен бірленіп, Раббыларымыздан түсіріліп тұру және оны міндетті түрде меңгеруді (5-68) сандық нәтижесі 5+68=73 белгісімен, Мұхаммед пайғамбарымыз ескерткен 73-ші топтың намаздық ерекшелігін көрсетіп тұрғаны хақ. Ал, осындай барлық кітаптар намаздарын, ислам құндылықтарын, Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері арқылы бірлеу амалын, намаздардың жиынтықтарын, бұйрықтарын — сәжде деп атайды. Сондықтан құран 32 санымен сәжде жасау арқылы оқылғандықтан, құранның қазығы және арап халқына берілген негізгі құлшылық амалы намазды оқу сәждесі болып табылады. Осындай арап халқына берілген орта топтық құран үнін толық сақтауға арналған, ділдің бейнесін сол қалпында алуға бағытталған «масһаб» ілімін Абай атамыздың «Имансыздық намазда қызылбастан салған жол» деп 49-ды иманның екінші дәрежесі санымен белгілеп ескертуінде үлкен сыр бар. Жалпы мұсылман қауымына 9 тәубе саны арқылы және үш дәрежелі сатымен 60 бұтақты иман қуатын меңгеру де ортақ дін амалына жатады. Бірақ, әр халықтың үмметтік ерекшелігі болып, (60+8) яғни 8-ді орындау намазында да ерекшелігі болу керек. Сондықтан 60-шы сүре 13 аяттан тұрып (60+13)=73 сандық белгімен, қабырдағылармен, ата-ана шежіресімен, зияраттау намаздарымен байланысты болғандықтан, сол жақтық, ақиреттік болған, заман намаз орындауы болып табылады. Ал бұл екінші дәрежелі иман намаздарын меңгеруге дейінгі яғни (5-68) бес парыз деп аталудың да себеб, осы аяттың құпиясына байланысты, 5 сандық рухани қуаттарды меңгеруге тәуелді болып, яғни; 68+18=86 (68) сандық мәнді құлшылық істері яғни Раббына жолығу, «Жарыңды көру» деген сопылық амалдың нәтижесі пайда болады. Сонымен қандай да бір намаздардың нәтижесі де 5қуат қолқабыс (саусақ) арқылы; ғаламдық, замандық 8 түрді, қозғалыс басын меңгерумен нәтижеленіп отырады. «Кең жайлау-жалғыз бесік жас балаға Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға» Абай атамыз 8 санымен ақылды, насихатты меңгеру несібесі және жастықтың несібесі болып, ержеткен кейінгі 18-дің қазақтағы жағдайын «Қалың елім, қазағым қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың..» деген ескертумен; үстіңгі ерінді рухани егін, мұртың деп, егініңді отамай, арам жеумен ұртың арамданды, сондықтан жақсы менен жаманды ажыратуға себеп болатын намазыңның нәтижесі, мақсатың болсын деген үгітпен; 110-санымен белгілеп; «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де-бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар, қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу (ақыл мен қайрат) соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың мұз, Барар едің қай жаққа?»деп әуелі жан, рухыңның «сандыбат сарайын» алты бұрышты жан сарайын «қағбаңды», ішкі жан сарайыңның, жылу беретін пешін тұрғызып және онымен амал қылып, Алла жолында соғысып, әбден қайратың қайтып қажып барып, негізгі адамзаттың рухани жер бетіндегі пешінен, үйінен жылу алып, қажы болып қалана аласың, болмаса артыңда ерімей жатқан, суға айналмаған мұзың-тарихың, күнәң, алдыңда намазыңмен тазармаған сөзің, тозақ жалыны болып күтіп тұрғанын ескертеді. Құр ақыл-біліммен және тәнді ғана шынықтырып батыр болған, әкім болған, ғалым болған дүниелік ісіңмен бәрібір тозаққа қана жол табасың деп те ескертеді. Рухын, жанын бірлеуге мұсылмандық қарызды — намазын орындауға жұмсап, кірпішке-қағбаға ұқсата алмай, қажы болған ақымақтық деп те ескертеді. Кірпіш-Қағба намаз орындау орны, сананың үйі жүректе болып, көлеңкесі, сызықтық бейнесі көкіректе-көңіл болып қаланып, 6 бұрышты парсы, ирандықтардың туындағы бейнесін көрсетеді. Қағбаның табанымен қоса алты қабырғасы болып, оны аталарымыз «сандыбат сарайы» деп тәурат түспей тұрып ғылымын меңгерген екен.
Пайғамбарымыз миғражға шығып, жаратқаннан үш түрлі аятты алып, діннің негізгі намаздар қағидасын толық бекітті. Бақара сүресінің екі соңғы аяттарының екілік жүйедегі сандық мәні; 285=15 жүректі тазартып, жан қуаты иманды зейнеттеумен, 286=16 мал қуатын меңгеріп, рухани сүннеттелуді екі «жұлдызды» жер бетіне алып түсіп және осыларды орындау иман келтіру ғылымын, намаздардың үкімін алып, сүннеттерімен орындау амалдарын көрсетіп кеткен. «..Ол (намаз)- оқуда бес, амалда-елу (50). Менің алдымда сөз өзгермейді»-деді…» (221-349; өсиет Әнестен) Барлығы; 5+50= 55-намаз түрі болып шығады. Енді бесеуін намаз оқу дегеніміз бес уақыт емес, бес түрлі намаз оқу түрі бар деп түсінген абзал. Құранда 50-ші сүре «Қаф» деп аталып 45-аятпен белгіленген. Қаф дегеніміз таудың аты емес, оны аталарымыз; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп Раббымыздан келетін, оқылатын уахимен, төбеден келетін зейнет кісімен түсіндірген. Қазақша «Төртеуді түгелдеп, төбеден келумен» «Ақ төбе» болу деп, және жер атымен де байланысты да құпия сыр бар. Енді «ақтөбе» болу үшін 45-ті меңгеріп, ғибрат алып, намаздарды орындау керек. Және бұл сүре бойынша да бес уақыт намазды оқу; «Мұхаммед олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте. (39) Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте.» (50-40) (90-құлшылық түрлері) деген үкіммен бес уақыт намазбен қоса, түнгі нәпіл намаздарын да оқып; аруақтарға, пайғамбарларға, Алланың достарына құран бағыштап, Раббыларымызды дәріптеп, зікір айтуды үкім еткен. Яғни төбеден келтіру намазын да оқу керек екенін білдіреді. Ясауи бабамыздың көрсеткен қазақтың дәстүрлі діні және сопылық негіздеріне жататын амалдар, осы 50-70-ші сүрелердің намаздарын орындау амалдарын меңгерумен ерекшеленеді. Бұл амалдарды кезінде санаулы сахабалардың ғана орындағанын және соған байланысты пайғамбарымыз; «Сіздер жетпісінші үмметсіздер және үмметтер арасындағы Аллаға ең жақын көрінгенісіздер.» (255-өсиет) деген ескертуінің 255-(12) санымен белгілегеннің өзінде үлкен сыр бар. Және «69 сан қауіпті белес» деген пайғамбарымыздың ескерткені болып, жоғарғы өсиеттің осы белестің сынағынан өткен, Алла жолында соғысушы сахабаларға арналғанын білдіреді. Әрине бұл өсиет жалпы әулие-әмби болып жаратқаннан кітап алып, оны оқи білген момындарға қарап айтылған екені даусыз. Ал енді ол замандағы намаздарға қарай 70-ші үммет Аллаға ең жақыны болып саналғанмен, уақыттар өте дін ғылымы да намаздары да дамып өркендеуін білдірген; «Мұсылмандар 72 топқа бөлінеді, негізінен 73-топ тура жолда болады» деген өсиетке жүгінсек; 7-ші топқа осы 70-ші үмметтіктер яғни дін жолында алғашқы соғысушы сахабалар жатады; 71-ші топқа тақуалар; 72-ші топқа шейхтар; 73-ші топқа масіхшілер; 74-ші топқа пайғамбарларды жатқызамыз. Енді тура жол дегеніміздің де заман білімі мен осы топтағы үмметтік белгілерге жалғанумен 73-ші топтан бастап әрбір жеке адам баласына берілетін масіхші, тазартушы, емшілік істермен байланысты екенін білдіреді. Енді осы берілген дәрежелер де құран аяттарымен, сандар теологиясымен насихаты түсіндірілген. Әрбір саннан діл білімі жетілген оқырманның өзі-ақ дін сауатын тексеріп, топтарға жіктеп көруіне болады. Және де бұл қағиданы Ясауи бабамыз; 70 хикметпен бірінші дәптермен көрсеткен. Ал қалған екі дәптер бұдан да жоғары сатыларға шығатын тура жолдың негізін қалайтын, 73-ші және пайғамбар шапағатына қосылып, пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгеретін; 74-ші үмметтік асуларды меңгеруді түсіндіріп, насихаттаған құран аяттарымен бекітіп, насихатын баяндап өткен. Ал жалпы Меккелік араптар; 43-ші топқа жатып, діннің ортасы қазығы болып табылады. Үмметтік белгі дінді меңгерумен яғни тіл, сөзді меңгеру ерекшелігімен белгіленсе, ал топтық ерекшелік нәсілдік белгімен, өмірден өткен халықтардың қылықтарымен байланысты болады. Енді тура жолын табушы 70-ші үмметтер мен орта жолдық намаз оқушы араптар арасын 26 топ түріндегі түрлі сопылық, масһабтық, сәләфтық, таблиғи жамағат т.б. түрлі топтарды құрайды да, бес парыздық амалдарымен 68 санына келіп тіреліп, емшілік, масіхтік намаздарын меңгере алмай, сондықтан 69-дық белестерден аса алмай, тура жолдың қисығын таңдағандар да арамызда жеткілікті. Пайғамбарымыз 69 санын қауіпті белес деп те ескерткен. Және бұл жағдайды құранда 69-шы аяттардан түрлі жағдайлардың себептерін және қандай нәсілдердің де меңгеретінін, толық көрсеткен. Негізінен 7 саны 70-ші топтық діннің қазығы, ортасы болып; «Раббыларың тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артық қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар». (7-69) (76— Алланың қалауындағылар) деген ескертумен өз араларыңнан артық ерекше жаратылған ақ жүзді кісінің елші болып келіп, құран насихатын хикметін көрсететінін ескерткен. Бұл топқа жататындар негізінен 47-45-ші нәсілдік, ділдік белгілер арасын құрайды. Ал негізінен араптар үшін бұл жағдайды; «Мұнафықтар! Өздеріңнен бұрынғылар сияқтысыңдар. Олар сендерден де күшті және малдар, балалар тұрғысынан да көп еді. Олар, дүниеде несібелерінен пайдаланған еді. Ал сендер де, бұрынғылар несібелерінен пайдаланғандай несібелерініңнен пайдаландыңдар. Сондай-ақ жамандыққа олар сүңгігендей сендер де сүңгідіңдер. Солардың дүние, ақиреттегі ғамалдары жойылып кетті. Міне солар зиян етушілер.» (9-69) Арап елі бұрынғы замандағы нәсілдік белгідегі аталары сияқты, Алладан нығмет беріліп, несібелерін де солай түсіріп қойған. Бірақ аманатты толық орындамай, орта топта қалып, және заман намазына қарай дінді қысқартушы болып, екіжүзділерге айналатынын ескерткен. Апатқа ұшыраған Нұх қауымының негізгі орнын басушы арап халқын 34-ші нәсілдік белгісімен құранда анық көрсеткен. Ал пайғамбарымыз мұндай жағдайда жерге жауған жаңбырдың және жер бетінен адамдарға пайда болатын азықпен дін білімін, тура жолды табудың қатысты болатынын ескерткен; «Алла менімен жіберген тура жол мен білім жерге жауған нөсер жаңбыр сияқты. Жердің біраз бөлігі құнарлы болып, суды бойына сіңіріп алады да, онда түрлі өсімдіктер мен шалғын шөптер өсті. Басқа бір бөлігі қатты болып, суды сіңірмей ұстап тұрды да, оны Алла адамдардың пайдасына жаратты (көлдер пайда болды). Олар судан ішті, малдарын суарды, егінге пайдаланды. Сондай-ақ жаңбыр басқа бір су да жиналмайтын, өсімдік те өспейтін бөлігіне жауды. Бұл нәрселер Алланың дінін түсінген, Алла менімен жіберген білім оған пайда беріп, білім үйренген және оны басқаларға үйреткен, сондай-ақ бұған ұмтылмаған, Алланың менімен жіберген тура жолын қабылдамаған адамдарға ұқсайды» (69-өсиет. Әбу Мұсадан) Міне пайғамбарымыздың осы өсиетінен «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген ата-бабамыздың дін ұстанымының негізі мен қазіргі ата жолының намаздарының алғы шарты, яғни тылсымнан уахи, аян алудың қағидасы шығады. Тура жолда болған елдің де екі сипаты болып; Біріншісі — жердің жаңбырмен түлеп көктеуімен; Екіншісі — жаңбыр арқылы өзен, көлдердің суының ел шаруашылығына пайдалы әсер беруімен көрінісін беретінін де ескертеді. Сондықтан егер туған жерімізде жеріміз көктеп көгеріп өнім бермесе, қуаңшылыққа ұшырасақ, онда діннің заманға қарай берілген үкімдерін, Раббымыздың көрсеткен білімін қабылдамаудан, заман намаздарын үйренуден бас тартқан жағдайда жаратқанның сынағына ұшыраған боламыз. 69 санын дәрежелесек 15-санымен 285-ші аяттың орындалуын, жүректің тазаруын; 69, 51,15,78,86,95-ші сүрелерді белгілесе, ал 286 саны 16 болып; 61, 16, 79,88,97-ші сүрелер үкімдерін көрсетеді. Осы сүрелердің насихатынын пайда болған намаздар саны да 11 болып, сопылар таспихы яғни 3 бөліктен тұратын 33 санды таспихтың белгісі пайда болады. Енді бес уақыт намазды, ораза, зекетті қосып, мұсылмандық бес парыздың, яғни бес қуаттарды толық меңгерудің намаз амалдарын да осы сүрелер насихатынан іздеу керек. Енді масхаб білімінде, яғни муфтияттық ғалымдарымыз тура жолдың сәждесін қалай түсіндіреді?-деген сауалаға жауап іздеп көрейік.
(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)
Масһаб, фиқһ білімі және сәжде білімі.
«Сәжде сөздікте — бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде — намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір нәрсеге қойылады...» (Ислам ғалымхалы. 123-бет) Ал Қайрат Жолдыбай ұлы өзінше жеке дара пікірінде бұл тұжырымды онан сайын жетілдіріпті; «Мен жындар мен адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат етсін» деп жараттым» дейді…Ендеше адам баласының ең басты міндеті-Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп, «Аллаһуәкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту. Иә, Оның құдіреті мен құзыретінің, шеберлігі мен шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының алдында таң қала бас иіп, мақтау айту-құлшылықтың нағыз өзі…» (Имани гүл; 204-бет) Міне көрдіңіз бе, жаратушыны тану үшін мүлде жеке адамның ақылы, білімі, есі, өмірден өзі танып, өнер іздеуі, ата-ана алдындағы борышы мен тіптен адамгершілігі де маңызды емес, тек біздердің яғни муфтият, масһаб діншілерінің айтқанын істеп, бес сезімге табынып, жаратушы хикметін іздеп, көрмей-ақ намаз оқысаң болды дейді. Яғни 58-санды жүздеген аяттармен, ал 85-ші құлшылық негіздеріне ашық жала қойып құранға, аяттарына қарсы, Аллаға ортақ қосып отырғаны да хақ. Және бұл пәтуамен жындардың да қалай адам баласымен бірге; «таң қала бас иіп, мақтап-құлшылық жасайтынын» көрсетуді ұмыт қалдырыпты. Жындар деп кімдерді, адам баласы деп кімдерді айтамыз, бұл сауалға жалпы масһаб білімінде жауап табу мүмкін емес. Сонымен бірге махаббатпен құлшылық ету, жақсылық пен мейірімділік арқылы адамдық борыштарға қызмет қылу, яғни адамдық парыздарды орындау масһаб білімінде тек сәждеге бас ұрып, намаз оқу ғана екен. Онда; «Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер.» (53-62) деген сәждені оқу емес, қылу-әрекет яғни адамшылықты іспен көрсету керек деген аятқа ашық қарсылық, ортақ қосу болса; «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді.» (2-45) «Әй мүміндер! Сабыр және намазбен Алладан жәрдем тілеңдер, Күдіксіз Алла тағала сабыр етушілермен бірге.» (2-153) Және сабырлық қуаттарды меңгерудің нәтижесі рухани қасиеттермен ерекшеленетінін аятта; «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34)Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35).
Әрбір аятты зерттегенде, оның сандық мәніне міндетті түрде назар аудару керек. Бұл аяттармен сабырлықты меңгерудің де намаз оқумен бірге орындалатын 3 түрлі сипатын ескертіп тұрғаны да хақ. Сабырлықты меңгеру құлшылық амалдарынсыз, яғни пайғамбарымыз «Сабырлық тәнде» деген өсиетін негізге алып, 100 түрлі бұлшық еттерді тазарту үшін ет ауыртып еңбек қылмай, құр намаз оқып, жәрдем тілеудің босқа екенін ескертумен бірге, қасиеттілік, дарындылық, бақсылық істерді меңгеру, жынды тазарту, білекті болып, бірді жыға білудің яғни қазақтың дәстүрлі дін ғұрпымызды, бірлеу дін намаздарымызды масһаб дін ғалымдары мойын ұсынбақ түгіл, осындай насихатын ашық көрсеткен аяттарды да мүлде жоққа шығарады. Мысалға; «Жамандықты жақсылықпен кетіру» ұғымын ғана зерттеп көрсек; Намаз оқумен тек рухыңды ғана тазартуға болады. Ал біреудің етін өлтіріп, сүйегіне сіңіп алған, рухани зұлымдыққа бастайтын бой өрістік жамандығын қалай кетіресің? Сол сияқты зекет берумен, ораза ұстаумен, қажыға барумен қай ағайын-туғаныңның, бауырыңның ғана осындай рухани жамандығын кетіріп, жанына желеу бере аласың ба? Тіптен барлық жаратқанның парыздырына, үкімдеріне иман келтірдің дейік, сонда кім үшін иман келтірдің? Осындай масһаб дін ғалымдарының барлық ұсынып отырған бес парыздық намаздары тек қара басыңның қамымен, қалай да жанаттық болу үшін жасалатын амалдар болып, сонда біреудің жамандығын қандай жақсылықпен кетіруге болады? Садақа беріп немесе дүниеңнің жартысын жамандыққа түскен, рухани түрде жаны ауырған, рухы азапталған, соры қайнаған мұсылман бауырыңа бөліп бергеннен рухы, жаны тазарып, ауруынан жазылып, жолы ашылып, басына бақ қонып, аяқ астынан мүмінге айналып, ақылды, иманды болып кетеді ме? Әрине жоқ. Демек, осындай ашық үгіттелген аяттарды теріске алып жалғанға айналдырушы барлық, масһабшы, тарихатшылар да Аллаға ортақ қосушылар болып саналады. Ал, сабыр амалдары біріншіден; нәпсіге, асқазанға, тән тазалығына, етті ауыртып еңбек етуге және өткендерден өнеге, үлгі, ғибрат алып өз үмметтерінен шыққан Алла достары, сабырлы құлдарына табыну арқылы атқарылатынын бұрмалап, бұрынға дін бастауындағы заман намазына сәйкес келмейтін құлшылық істеріне табынып, тура жол қылып алған. Сабырды меңгеру; тағдыр сынағына түсу, оны майданға түсіп сыналу, даналықты, қасиеттерді, берілген жоба-хабарларды, аянды меңгеру деп атаған аталарымыз. Аятта; «Әлбетте сендерден жауынгерлер мен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз.» (47-31) Сабырлықпен бірге болатын бір жарты амалы жобасыз сөз майданына түспей, құдайдың заманына қарай белгілеген дін саясатын, түсірген хабарларды меңгермей, тазартушы, масіхші жауынгерлік дарындылықтарын меңгермей, амалға айналдырып орындамай, құр аузын буған өгіздей өз басын күйттеген сабырлықтың да пайдасы аз екенін ескертеді. Енді сабырлықты меңгеру амалын намаз оқу, ораза, зекет т.б. «Фиқһ» және дін ғалымдарының ұсынған намаздарынан бөлек жоғары тұратын амал екенін көрсеткен аятта: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы түрде ынтамен бір беткей (әдет-ғұрпын сақтап) орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін.» (98-5) (103—Иман келтіру, сабырды үгіттеу) Сабыр және аян, уахи, батамен берілген хабарларды орындауды ғибадат деп атаған. Шәкәрім атамыз ғибадат жасауды; «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» «Адамдық борышың» деп атап: «Бай, ұлық жуандарды бақты көрмек, Ол мисыз шолақ оймен баға бермек. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Бұл үшеуі біріксе сорды жоймақ. Шын бақ осы деп бұған ақыл қоймақ. Бір адамға мұндай бақ біте қалса, Өзімшіл көп күншілдік көзін оймақ…» «Адамдық борышың, -Халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, Болады ақыл тұл…Барыңды нәріңді Тірлікте бергейсің, Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт — Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!..» деп ғибадатты өмірдің құлшылығын өсиет еткен. Ал бұл аяттардың сәждесін түсіндірмек болған дін ғалымының, хазіретінің «Ғибадаттың ұлысы намаз» деген кітабын алып ашып көрсем, ғибадат жасаудың шын бақтың маңызы, тек намаз оқудан ғана пайда болады екен. Сонда намаз оқу ғибадаттың тек бір бөлшегі екенін пайғамбарымыз ескерткен болса, онда ғибадаттан туған намаз оқу амалы, яғни бала әкесінен қалай ұлық болады? Мысалға: «Ғибадат-Ұлы Шебердің мына ғаламдағы жаратылыс туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің, шеберлігінің, білімінің алдында таң қалып, бас шайқап, қайран қалудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмақ…Ғибадат-адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі барлық мұқтаждығы мен қыжалат-керегін(?) Ұлы Жаратушысына білдіруі, Оның алдында қолын жайып мінәжат етуі.» (Имани гүл; 230-бет).
Біреудің жамандығын, жүгін бөлісіп көтеру, артық хайыр жасап, Алла жолында соғысу түгіл, енді тек қара бастың қамымен ғана Құдайдың хикметін жобасын көрмей-ақ, бес сезімге беріліп, таң қалып сәжде жасап, «қыжалатын» керегін бастарын шайқап, қайран қалып, қолыңды жая берсең, мінәжат етумен зіл-батпан жүгің түсіп, жаннаттың төрінен орын аласың деген жындылық сөздерді құлшылықтың жалауы қылып алғандарына, егер мешіттерге жұмаға бара қалсаңыз «намаздың»+ «ханы» аталып, міндетті түрде тура жолда келе жатқаныңызға мақтау, мадақ еститініңізге куәлік беруге болады. Бұндай жағдайлар бүкіл ислам ғалымдарына тән, тәкаппарлықты жетілдіруге арналған, құран аяттарын еретегіге айналдырып, дінді бөлшектеген надандықтың белгісі деп біліңіз. Сөз, атау ұғымын аздыруға себептің негізі де; құранда арнаулы сүре мен «Сәжде» деп ат қойып, санмен белгілеп, 30 аятпен 30 түрлі намаз орындау амалдарын насихаттап, көрсетіп қойса да, жаратқанның үкімін, сөзін өзгертуге, құлшылықтың «сәжде» ұғымын намаз оқудың бір амалына айналдыруға теолог, дін ғалымы деген атақ, марапаттың, төс белгілердің керегі не? Ал, намаз оқуға байланысты 15-ші аятпен және 16-шы аятпен, түнгі нәпіл намаз оқуларын ескертіп, қалған 28-аят намаз орындауға және 28 паралық құран насихаттарына тәуелді екенін естен шығармаған да абзал. Егер, масһаб білімі арқылы құранды тәпсірлегіңіз келсе, онда сандық білімнің де, аудармашылық ғалымдықтың да маңызы болмай, тек бұрынғы замандағы дін ғалымдарының кітаптарынан өзіңе ұнағанын көшіріп жазып, ойыңа не келсе солай жоруға, көп білімділіктің, мектеп білімінің де қажеті аз. Сонымен жоғарыдағы масһаб дін ғалымның пәтуасы да; «Мен жеті сүйекпен сәжде етуге әмір етілдім…» деген пайғамбарымыздың жан ғылымына байланысты айтылған өсиетін түсінбестікпен бұрмалап, осындай зұлымдыққа түскенін де өздері көрсетіп және дәлелдеп тұрғаны да даусыз. Ал негізінен «Жеті сүйек» деген астарлы ұғыммен жанның негізгі зейнеттелетін орындарын, адам баласының қолға байланысты аруақтық бейнеленуін ескерткен. Олар; 1—тырнақ, 2—саусақ, 3-алақан,4-білек, 5-қар, 6-шынтақ және 7—иық сүйектерін айтады. Бұл сүйектер жанның қуатын қалыптастырушы негізгі сәжде жасаушы періштелер жүрек, бауыр, көк бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан секілді және жеті ішкі қан айналымын қамтамасыз ететін ағзалардың зейнеттелетін қуат орындары болып табылады. Және ең ұзын толқынды жиілікте түсі қызыл болып, қанның нәтижесін көрсетіп, өріспен бейнеленеді. Қазақта; «Үйірімен үш тоғыз» деген 9 саны тәубелік қуаттармен, малдық, еттік періштеліктерінің тазаруын, қуаттарының бірленіп, рухани сүннеттелуін (3х9=27; 9-19-29) ескертсе, ал «үш жеті» 21-саны (7-17-27) пайғамбарымыздың жанды сүннеттеу шүкірлік намазының, ділді жетілдіру ғылымын көрсетеді. Ал енді дін ғалымдарымыздың, муфтиятымыздың ғибадат шүкірлігі туралы негізгі ұстанымы; «Ораза мен намаз секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны болған ғибадаттар алыстағы ауылдағы кейбір сексенге келген қаһарман қариялары ғана оқып, бейне бір Ұлы Құдайға шүкір ету қарттарға ғана тән іс көрінеді. Ілеуде жас жігіт намаз оқи қалса, қаңыраған қара шаңырақта «атынан айрылып, қанатынан қайырылып», тұяқсыз атанып, жақында кемпірі де өліп, жалғыз қалып жабығып, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде қалған қара шалдың қылығын жасап жатқандай, оқыс көріп, үрке қарап, заманауи талапқа теріс келеді деп, бір түнде жын жабысып, есі ауысқан адамдай төмен, кертартпа деп елге жат санап, шеттелген бір заманда…»( Ислам Ғалымхалы 37-бет) Дін ғалымымыздың мүмкін жыны қозып, шабыты келгенде, рухы толық тазармаған сөздерден пайда болған шығармашылығы болар; Қазақтың шалдары кемпірі өлгенде, жалғыз қалғанда, шүкір етудің нышаны, ғибадат жасайтынын…осындай сандырақ, былдыр-былық, быды-быды мағынасыз теңеулермен, ал өздері сол қазақтың тәубешіл қара шалдарының барынан, артына қалдырған рухани нәрінен пайда болып, енді араптың нәсілінен және иман білімінен жаратылғандай өзгенің қосын тігіп, түйесінің бұйдасын ұстаған дін ғалымдары мен оның қолдаушы бүкіл басшыларына Шәкәрім атамыздың сөзімен жауап бере кетсек: «Қай жолдасың, айтшы сен? Адамды аңша атасың. Өз анаңның сүтінен (ділінен) Қанды адал деп татасың. Өмір қылмен байлаулы Өз қамыңды жесеңші. Заманды себеп жайлаулы, Онда нем бар десеңші…Таза емес деп шекпенін, Сыртын көріп сын тақпа. Әркім орар еккенін, Өз ішіңді салмақта…»
(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)
Заманның намазы себепке иман келтіру.
Жалпы иман дегеніміз қандай себептік жаратылыс, қалай және қандай жағдайда келеді, жүрекке зейнеттеледі? Иман келген кезде адам баласында қандай өзгеріс болады? Енді, осы мәселе тұрғысында масхаб діни сауатты саналған имамдар тарапынан ертегіге айналып, көптеген жағдайда пендені қияли болмысқа жетелейтін, жауапсыз сауалдардың шешімін іздеп көрсек. Сонымен иман келтіру үшін әуелі ниеттене білу керек. Ниеттің негізі ұлттық несібеміз, салт-дәстүрімізден, нанымнан басталады. Енді бәрімізде де осы заманға лайық ақыл да, білім де бар, бірақ көбіміз білімнің заман жетістігіне сүйеніп, дін-дәстүрін ескіліктің қалдығы деген наныммен өткенге, ата-баба салт-дәстүріне толық иланып нанбаймыз, ал кейбіреулеріміз діншілер көрсеткен ізбен жүріп, әйтеуір бес парызымызды орындап, ақиретте жаннаттық болатынымызға кәміл сенімдіміз. Ал, енді үшінші біреулеріміз өткенімізге толықтай нанамыз, бүгінгі ісіміз дұрыс, ізгілік жасап, ақыл, білімімізді жетілдіріп, халыққа ізгілік, жақсылық істерге, сауапты амалдармен қызмет жасап жүргенімізбен, діншілер айтқан болашақта «роял» деген жаннатқа кіресің, намаз оқымасаң кәпір қатарында өлуің мүмкін деген үгіттеріне, пәтуа сөздеріне сырттай мойындап, іштей күліп, өзіміздің жүрек қалауымен тіршілік базарын жүргізіп жатқандарымыз басым көпшілікті құрайды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс құдай біледі деп, әйтеуір жаратушы иеміздің бар екендігіне де күмән келтірмейміз. Олай болса, сол білетін құдайымыздың мекені бар ма, болса қайда? Негізінен құран насихатына жүгінсек; ғибадат яғни намаздардың негізі Аллаға құлшылық жасау, толық «Бой ұсыну» болып, яғни қазақ халыққа ортақ ұғымда, құдайға мойынсұну деп түсіндіреді. Жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың, діни философиялық ойшылдық негізінде келтірген мысалындағы қаһарман қарттарымыздың «шүкірлік етудің нышаны болған ұлы Жаратушыға деген ғибадаттарының көрінісін» Шәкәрім атамыз; «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп. Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек, Керегі жоқ бұлардың. Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықты Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың Әлде сайтан, әлде жын. Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың. Неге тұрсың, сен де шын!?».
Олай болса; Құдай дегеніміз шын, рас бар. Бірақ, ондай шын ешқашан бұзылмайды және бұрында болған, бүгінде бар, ертең де болатын, негізгі тұтастай барлық әлемді жаратушымыздың бізге көрсетіп тұратын, ғайыптық жаратылыс істерін жүргізуші, ғайыптан көместік себебін-хикметті істерін меңгеруші жаратушылық құдіретті қолының, әулиелер меңгерген қасиеттері арқылы хикметті бейнеленуін Шәкәрім атамыз ескертіп тұр. Демек; Хикмет-ғылым, әулиелер арқылы адамзатқа көрінетін, білінетін, естілетін құпия білім хикметтер-шындық. Бірақ бұл хикметті істерге, яғни құдайға мойынсұну үшін махаббатпен құлшылық, ғибадат, шүкірлік қылу үшін де таза ақыл мен сабыр қуаты керек дейді атамыз. Таза ақыл болмаса; көрінген, көңілің қалаған сиқыр, алдамшы жылтыр сөздермен, сондай істерді меңгерген пенделердің соңынан ілесіп адасасың, сондықтан таза ақылды әулиелер қасиетіне жалғанып, әуелі жындылығыңды тазартып, бойыңды меңгер, ойыңды түзе деп ескертеді. Баянды мінез-құлық, таза ақыл, сабыр қуатымен жүректі иманмен яғни хикметті біліммен зейнеттеп барып, махаббатпен мінәжат еткенде ғана құлшылығымыз құдайдың алдында Алланың қалауына ие болады екен. Сабыр мен таза ақыл егіз болып, енді сабырлық қуаттың тән тазалығымен тікелей қатыстылығын естен шығармаған жөн. Сондықтан тәнді арамнан тазартып, етті ауыртып, 40-қа келгенше еңбек етіп, адамзаттың 40-тан кейін ғана ақылы тазара бастайтынын да білген абзал. Олай болса Шәкәрім атамыз ескерткендей, біздердің тәнімізді толық тазартпай, сабырлық қуаттарды меңгеруде тұрмыс тауқыметімен де сыналмай, тек бес парыз орындаумен «намазхан» аталып, құранды жаттап алып, яғни қазіргі таңдағы исламдық дін ұстанымындағы осындай себептермен; «иман келтірдім» деп өзіміз тапқан шынымыз, яғни иман деп атап жүргеніміз бәрібір бірімізді хайуанға, бірімізді сайтанға айналдырып, адамдық бейнемізді бұзып жатса, онда қандай иман келтіру, қандай құдайлық шын? Осындай қызылбастық салтпен иман келтірдім деген құр ой жорыған намазхандық әдетімізден, қазақ елінде де тек жындылық қылықтардың туындауымен көрінісін беріп жатқаны да даусыз. Сондықтан мұндай құбылмалы жындылық мінезден құтылудың басты жолы тек әулиелік сабырлық пен таза ақылды тауып барып және кешегі, бүгінгі, ертеңгі тағдырымызды тазартып, осы үш шынымызды баянды қылу үшін, тапқан табысымызды шынымызды тексертуге, түзетуге құдайдың құзырына аманаттарды қайта ұсынуымыз керек екен. Ол үшінде жер бетінде хикметтермен белгілеп қойған өзінің достары, сүйікті құлдары, әулие періштелері арқылы атқарылатын, Құдайдың үйінің есіктерін қағып, жалбарынып сұрауды білуіміз керек. Сондықтан да жаратқанның сүйікті құлдарына табынып, ішімізде болып жатқан үш кісінің өзара дауына, араша «қолдау» сұрауға, Құдай патшалығын сипаттарын іздеп көрейік. Құдайға мойынсұну туралы және жаратқанның адам баласына өзіне құлшылық қылуға негізінен үш себепті ашық көрсетіп қойғанына, Мұса пайғамбарымыздың Раббына қойған сұрақтарынан көрінеді: «Мұса пайғамбар; «Ей, Алла Тағала, адамдарға саулық бердің, бірақ ауру бермесең не болар еді?» Құдай тағала былай деп жауап қайырды: «Ей, Мұса, адамдарға саулық беріп, ауру бермесем, мені ешкім де есіне алмас еді.» «Ей, Алла Тағала, бізге тіршілік бердің, өлімді бермесең болмас па еді?» Алла Тағала былай деп жауап қайырды; «Ей, Мұса, тіршілік беріп, өлім бермесем, халық менен қорықпас еді». «Ей, Алла Тағала, адамдар үшін жұмақты жараттың, бірақ тозақты жаратапай-ақ қойсаң болмас па еді?» Алла Тағала айтты; «Ей, Мұса, егер тозақты жаратпасам, ешкім менің рақымымнан үміттенбес еді».
Сонымен бірінші иманның себебіне тоқталсақ; Адам баласының бірінші байлығы — ден саулық. Ден саулық дегеніміз, тән саулықтан туындайтын яғни сабырлықпен, таза ақылмен амал қылумен, естілікпен, есейгендікпен, адамгершілікпен көрінісін береді. Қазақта теріс қылық жасағанда; «Денің сау ма өзіңнің?» деген сауалмен ақылының, есінің түзулігін ескертеді. Енді Мұса пайғамбарымызға білдірілген үш түрлі Алланы еске алудың адамзаттық құлшылық намазын аталарымыз; «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық» деп ғибадаттың үш түрлі білімін, парасын ескертіп кетіпті. Осы үш түрлі байлықтың негізі болған; 30 пара қуатты меңгерген адам баласының ғана Алла Тағалаға ғибадаты түзу деп атауға болады. Олай болса иман келтірудің бірінші шарты естілікті қалыптастыру, яғни ден саулық. Дені саудың жаны сау болып, ол үшін де ұлттық салтымыз, дәстүріміз, әдебімізді меңгеру керек. Қызға! «Қырық үйден» Ұлға; «Отыз үйден» тыйым салтын меңгеру керек. Екіншіден; өлімге иман келтіруді қазақта «аруақ заңдылығы» деген қалыптасқан әдет-ғұрпымыз, жерлеу рәсімдерімізбен; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген Құдайдан қорқу амалының, яғни ұлттық намазымыздың берік қағидасы қалыптасқан. Және өлімнің сыңары ұйқы, ауру деген қағиданы берік ұстанумен ауырмаудың, дұрыс мәнді ұйықтай білудің, ұйқы кезіндегі көретін түс, аян арқылы да емделу тәсілдерін, білімін жорып орындаумен бірге өлімге иман келтірумен біртұтас деп білген. Енді осындай екі түрлі тәрбиені меңгергенде ғана ақ жаулық, яғни тұрмыстық салт-дәстүріміз, жетім, жесір қағидалары, ұрпақ тәрбиесі сияқты әдет-ғұрыптық ерекшелігіміз, ақ жаулықтық діл байлығын яғни көктегі қазынамыз рухани егінімізді өсіруге арналған имандылық қағидамыз пайда болады. Сондықтан ақ жаулық қағидасы ұлтымыздың ар білімі болып, әрбір еркек, ұрғашы жынысқа бірдей міндетті орындалатын намазымыз, ерекшелік ғибадатымыз тағы да бар. Ден саулық жан саулықтың күзетшісі болса, ақ жаулық ар-ұжданымыздың күзетшісі болып саналады да; «Өлімнен ұят күшті» деген нақыл қалдырған аталарымыз. Ал енді үшінші байлық- он саулық турасына келсек, бұл енді тозақ, жаннат ақирет тіршілігімен, біздердің сәжде намаздарымыздың орындау шамасына тәуелді және ұлттық дәстүрлі аруақтық білімімізді ескертеді. Бұл үш байлықтың да мекендері және өлшемдері бар. Бұл жайды келесі басылымға қалдыра тұрайық. Осындай тірі адамға бақытты өмір сүруге керекті үш түрлі адамгершілік қағидаларын өтеу міндетін толық атқара білген пендені ғана енді Алланың рахымына бөлену үшін намаз оқу, ораза, хаж, зекет сияқты ғибадатын толықтыру арқылы орындайтын қазақтың дәстүрлі дініміз деп атауға болады. Сондықтан да аталарымыз алдыңғы үш байлығың болмаса; «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме!» деп қатаң аманат еткен. Абай атамыз да бұл жағдайды «Иман гүлі» деп атап; «…Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанымен татымды бермес жеміс..» деген өсиетпен, дін құлшылығы барлығы 7 амалмен пайғамбарымыздың ескерткен, жеті сүйекпен сәжденің діл бақшасын өсірумен ғана құлшылықтың нәтижесі болатынын ескертіпті. Сондықтанда адамзат баласына жаратушы иеміз тіршілік етуге керекті барлық нығметтерін беріп, және мәңгілік өмір бастауы жанатын жаратып, енді оның тұрғындарын таңдауды сынақ қылып және адамзат арасында әділеттілікті қамтамасыз үшін түрлі нығметтерін де және аздыратын қарсылық себептерін де қоса жаратқан. Сонымен, әрбір жаратылған пендесі Алла Тағаланың алдында бірдей рахымға жету үшін құлшылық жасап, бұйырған тіршіліктік, сәжделік намазымен әрбір пенденің өзіне лайық істеріне қажетінше жобасын біліп, осы нығметтерін көбейтіп алуға, орындайтын ғибадат-намаздарын араларымыздан ұстаз-үйретуші пайғамбарлар, елшілер, әулие-әмбилерді тағайындап және әулиелік дәрежелерге жетуге әрбір пендесіне мүмкіндік те беріп қойған. Сондай әулие болып өткен аталарымыздан бұл жағдай туралы мынандай өсиет-ғибрат қалыпты: « Адам атамызды жаратқанда оған әуелі жаратушымыз ақылды жіберді. Ақыл келіп айтты: «Ей, адам, мені саған жіберді». Адам ата айтты: «Орның қайда болуы керек болса, сонда тұрғын» деп. Ақыл келіп басына кірді. Онан кейін ұят келді. «Ей, адам, мені саған жіберді». Әзірет Адам ата ұятты жылы қарсы алып, былай деді: «Тұратын орның қайда болса сонда жайғас» деді. Ұят келіп көздеріне тұрды. Онан соң мейір келіп адам көңілінде орын тапты. Сабыр келді. Ол адамның қарнында болуға бұйрық алды. Және төрт нәрсе жіберді. Әуелі өлім келді жетіп: «Ей, адам, мені саған жіберді.» деді ол. Адам атамыз оған да: «Өз орныңды тауып орналас» деді. Өлім болса оған: «Менің орным сіздің басыңызда тұр» деді. «Ол жерді ақыл алып тұр ғой, болмайды»,-деді Адам ата. Өлім айтты: «Әр уақытта өлім келгенде, ақыл жайына кетер». Сонан соң ләпсі келді. Ол өз орнының адам көзінде екенін айтты. «Сенің орныңды ұят алып тұр»,-деді Адам ата тосылып. Ләпсі айтты: «Мен келген кезде, ол жерден ұят кетер болар». Үшінші болып ашу келді жетіп: «Ей, адам, мені саған жіберді». «Құп-ақ, орның қай жерде болса, сонда барып тұра ғой»,-деді Адам ата. «Орным сіздің көңіліңізде дүр» деді ашу. «Ол жерді мейір алып тұр ғой». Сонда ашу айтты: «Әр уақытта ашу келген кезде, мейір қашады емес пе?» Осы кезде нәпсі жетті: «Ей, адам, мені саған жіберді». «Тұрар жайың қайда болуы керек болса, сонда бара ғой»,-деді Адам ата. «Менің жайым қарныңызда дүр». Адам атамыз айтты: «Ол жерді сабыр алып тұр ғой». Нәпсі айтты: «Әр уақытта нәпсі келген кезде, сабыр қашар болар».
Бұл ғибраттардан әуелі тағдырға иман келтіру деген шариғаттың қарапайым шарттары, яғни «Төртеу түгел болса, төбеден келер» деген аталар нахылы пайда болады. Сондықтан жоғарыдағы 3 түрлі иман гүлін өсіру үшін енді 4 қуатты жетілдіріп меңгеру керек. Және оған қарсы 4 түрлі сынақты да қоса жіберіпті. Егер ақыл болмаса, адам баласының денсаулығы да болмай ауру-өлім күнде қонаққа келер. Ал ұятты бесіктен бастап қалыптастырмаса ол білуге, көруге деген құмарлық, құштарлық, асықтық, ғашықтық деген ләпсі қуатының, арсыздықтың қақпанына түсері даусыз. Мейірімділікті ашуды жеңумен ғана қалыптастырып, сабырлық болса жалпы нәпсіні тәрбиелеп, тәнді тазартумен ғана пайда болмақ. Бұл төрт сөзге, 4 түрлі қуаттарға байланысты тағдырлық жазудың жағдайын Пайғамбарымыз; «Расында, әрбіреуіңнің жаратылысы анасының жатырында 40 күн бойы тамшы түрінде қалыптасады, сосын дәл сонша (40 күн) уақыт ұйыған қан түрінде болады, сосын дәл сонша (40 күн) уақыт бір тістем ет түрінде болады, сосын Алла бір періштені жіберіп, оған 4 сөзді жазу әмір етеді және оған: «Оның амалын, ризығын, өмірін және бақытты не бақытсыз болатынын жаз!» деп айтылды. Содан кейін шаранаға жан үріледі. Солай, сендерден бір кісі жаннатқа бір кез қалғанша игі амалдар жасап келіп, сосын тағдыры озып, тозақтықтардың амалын жасайды және тозаққа бір кез қалғанша жаман амалдар жасап келіп, сосын тағдыры озып, жаннаттықтардың амалын жасайды». (1294-өсиет).
Міне адам баласына бұйырылған құлшылық ана құрсағынан басталып, осы төрт белгімен жазылып, оған қарсы сырттан келетін; 4 қарсылықтың әсерімен тал бесіктен жер бесікке кіргенше күресуді тағдырдың жазуы, өзіңнің бақытың үшін рухыңа, жаныңа, тәніңе қызмет жасатуды, Аллаға құлшылық ғибадат жасау дегеніміз ақылға дұрыс болар. Адам баласының тағдырын жазуға келген періштені; «баланың жолдасы» атап, оны кезінде арнаулы көміп қадірлеген. Сол адам баласының інісі болатын, өкпелеген періштенің қайда кеткенін іздеп, намаз оқып шақырып, жер бетін кезіп тауып және жоғарыдағы төртеуімізді түгелдесек, төбеден қайта келері даусыз. Әрбір іс, амал, құлшылығымыз тек құдайдың бұйрығымен болатынын аталарымыз: «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп ескертіп, сыйыну амалын, намаздарымыздың исламдық дініміздің көк тәңіріне сыйынған Нұх пайғамбарымыздан бастап жалғасты келе жатқанына аталардан қалған аманат асыл сөздер куә. Абай атамыз тағдыр жазуын төрт сөзбен және қарсы төрт себептің және пайғамбарымыздың өсиетімен байланыстырып, көптеген аяттардың тәпсірінің жан сырын; «Алла мықты жаратқан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз, Таба алмасам, ақылды болар неміз? Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, Жақсылық пен жамандық-болды сегіз.» Атамыз ақынның ақылы қандай болу керек дегенге де жауап бере отыра қыс-суықтық болып оған ақыл, өлім, нәпсі, сабыр болса, жаз-ыстықтық болып; ләпсі, ұят, мейір, ашу болып, ал күнге ақыл, мейір, ләпсі, түн-қараңғылыққа; ашу, нәпсі, ұят, және тақта зұлымдық, жұпта жақсылық болып бір-бірімен үнемі орын алмасып, адам бойында соғысумен болады. Енді осы төрт түрлі қарсылықтан адам баласында пайда болатын дінсіздік қылықтарды Шәкәрім атамыз; «..Туған елім надан жұрт, Жуандық тағы, бір қыл құрт, Жетім ерке болып қырт Мансапқа мінген мен бір мас.» деп Надандық, тәкаппарлық, мақтаншақ, даңғойлық және жындылықтың әртүрлі дүние қызығына мастықтықтың пайда болатынын және төрті кеселдің де адам бойында оның пайда болу себебі мен онымен күресу үшін; «Араб, парсы оқымай, Орысшаны тоқымай. Бұтасыз біткен шоқыдай, Ғылымнан едім жалаңаш. Түрікше ғана білуші ем, Сонымды қару көруші ем. Перевод оқып жүруші ем, Орысша, араб аралас. Адасып діншіл алғанын, Пәншілдер ғылым қазғанын, Философ-ойшыл жазғанын Сынауға енді бұрдым бас. Жоғары төрт кеселдер, Өзіңнен болды десеңдер. Дәлелін айт, шешендер…» Адамзатқа бұл төрт кеселдің тағдырға сынаққа берілетінін ескерте отыра және осы кеселдерді жеңе алмаудан да халықтың надандыққа ұшырап, діннің азып, одан жеке адамдардың мастықпен жындануын дін ғалымдары мен философ ойшылдары және ел басқарушыларының адасқанынан, дәлелсіз білімнің соңына түсуден пайда болады деп түсіндіреді. Данагөй аталарымыз; «Дінге үш түрлі адамдардан қауіп төнеді: 1) ниеті бұзық ғалымнан, 2) залым патшадан, 3) өзін білерменге санайтын сопыдан, дін ғалымдарынан. Ал хадисте: Алдыңғы екеуі қоғам ісіне байланысты. Залым ғалым да, залым патша да халықтың арасына түрлі ойдан шығарылған заңдар шығарумен іріткі салып, құдайдан келген шындықты, ескертулерді мойындамай бұрмалайды, ел ішіне сонан алауыздық тарайды. Ал-үшіншілері-надан сопы, діншілер ғылымнан хабары жоқ болса да, ешқандай қатысы жоқ істерді дінмен байланыстырып, өздерінің жеке бастарының мүддесі, бедел-абыройлары үшін басқаларға түрлі түсініксіз сөздермен, діни ұғым, жоралғылармен тұзақ құрып, өздеріне берген ақылдарына ғана табындырады. Бастарына сәлде орап, үстеріне түрлі шапан киіп, діннің тонын жамылады да дінді дүниемен бағалап, пайда іздейді. Бұл қауіптің ең зоры» деп ескерткен екен. Сондықтан да адам баласы құдайлық хикметті, білімді алумен ғана жоғарғыдағы ескерткен жетеуін түгелдеп қана иман келтірген болып момын бола алады. Ал тек төрт амалмен яғни шариғат ұстануларымен, сәжделік жалбарыну құлшылық амалдарымен алдыңғы үш иман гүлін өсірмей, соңғы төртті меңгергеннен тек мұсылман ғана болады деп те ескертіпті. Момын (мүмин) адам баласын ақиреттің де, дүниенің де құлшылығын тең ұстайтын адам баласын айтады. Ал Шәкәрім атамыз сопы болудың көрінісін; «Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар, Берейін атын атап, ұқсаңыздар: Махаббат, ғаділет пен таза жүрек. Бостандық, терең ғылым-міне осылар. Жарамас сөз ұғуға сыртқы құлақ, Іштегі құлағыңмен тыңда шырақ! Бұлар жоқ дүниеде деп ойлама, Қазақта ол бесеуі болмас бірақ… Қазақта ғаділетті ғалым бар ма? Бұл күнде момын жемтік залымдарға… Ақ жүрек таба алмадым елді шарлап, халқым деп жабырқадым күнде зарлап. Ләйлінің қабіріне барғандаймын. Табамын мен де қабір бір күн қармап…» Бұл бес нәрсені табу үшін әуелі үш байлығыңды түгелдеп, сонан кейін ғана ақылдың бостандығы, еркіндігі қалыптасып, жүректің көзі болған, іштегі құлағыңа аруағыңа, тылсым үніне құлақ сал, оны әулиелердің қабірінен ізде деп астарлап ескертеді.
(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)
Құдай үкімдеріне мойынұсынып сиыну туралы.
Енді исламдық шариғат — дін ісі мен исламға дейін қазақ жұртының табынған Құдай ісінің ерекшелігі бар ма? Бір тәңірге табынудың, «Бір Аллаға» табынудан қандай айырмашылығы бар? Және ислам ғалымдары мен имамдармыз Інжіл, Тәурат, Зәбур құлшылық істерін неге исламдық шариғаттан бөлек және күшін жойған деп пәтуа береді? Сонымен, Құдай ісіне мойынсұну дегеніміз исламнан да бұрын түсіріліп, исламдық шариғат осы білімнің жалғасы және қазақ салт-дәстүрлі діні, Ғиса пайғамбарымызға берілген намаз амалдарын да толық қамти алатынын Абай атамыздың иман гүлін өсірудің, үш сүюдің және үш байлықтың да негіздері болатынын оқырмандар өздері салыстырып көрсін деген ниетпен, Інжілден: «Сонымен ер адамдардың әр жерде (киелі орындарда, мешіттерде, зираттарда) адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын. Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық. Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойын ұсынып, тәлім алсын. Олардың Құдайдың ілімі жайлы тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізуіне жол берілмесін. Олар тыныштықта болсын. Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды. Ал егер әйелдер сенім, сүйіспеншілік, қасиеттілік және сыпайлықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда ғана күнәнің ықпалынан аман сақталады. (Басқа жағдайда күнәнің ықпалынан құтылу қиын.) Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар! Иемізбен байланыста сендердің осылай істегендерің жөн, өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек-әйелдің «басы». Әйелдер қауымы күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк, таза болсын. Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар! Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру-күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкімде өз тәнін жек көрмейді, қайта оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз. «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады» деп жазылған. Әрқайсысың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті. Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар! Қайдағы біреу пәлсапасымен пайдасыз іліммен сендерді өзіне баурап алмасын, байқаңдар! Адамдар ойлап шығарған аңызға негіздеген ондай ілім Мәсіх туралы емес, әлемдегі тұрпайы рухани күштер туралы үйретеді. Сондықтан ешкім сендерді белгілі тағамдар мен сусындарды ішкендерің, немесе бір мерекені, жаңа туған айды не діни демалыс күнін сақтамағандарың (жұма намазы) үшін айыптамасын! Ондай парыздар мен ілімдер адам ойынан шыққан. Олар кісінің өз бетімен құлшылық етіп, кішіпейілділік танытып, тәнін қатаң тәртіппен ұстауын талап етулеріне бола дана болып көрінеді. Алайда олар адамды ізгілікке жетелемей, оның күнәкар болмысының құмарлықтарын қанағаттандыруына жол береді. Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделділері (имамдары) себепсіз кеуделерін көтеріп, қауымның Басы Иса Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен (Раббымызбен) байланысып, нұрсыңдар; ендеше нұрдың адамдары болып әрекет етіңдер! Ал нұрдағы өмірдің өнімі-нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдайға не ұнайтынын біліп алып, түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! Мұндайлардың жасырын істейтіндерін айтудың өзі ұят. Ал түнекке нұр шашылса, ондағылардың бәрі анық көрінеді. Бар нәрсені әшкерелейтін Нұр. Сонымен парасатсыз емес, парасатты өмір сүруге ерекше ден қойыңдар. Жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы. Сондықтан ақымақ болмай, Құдайдың еркін біліп алыңдар. Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Зәбур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер! Ал өзара буындармен, сіңірлермен нығайып, тұрасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағынындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады. «Егер біреу қауым басқарушысы (мәдениет басшылары, имам, сауаттандыру ордалары, керуен, дін басшысылары) болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз. Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, есті, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы, не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс. Ол отбасына жақсы басшылық етіп, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт. Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады? Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе мақтаныштан кеудесін көтеріп, шайтан іспеті Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін қауымнан сыртқы жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек. (Жоғары басшылықтың пәрменімен тағайындалмауы керек. Халықтың талабы ескерілсін.) Сол сияқты қауым қызметшілері де (мәдени, діни қызметкерлер) байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлақтардан аулақ жүрулері қажет. Олар бізге сенім туралы ашылған құпия ілімді (хикметті істерді, уахи-бата, аманаттарды) таза ар-ұждандарымен ұстануға тиіс. Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып, балалары мен отбастарына жақсы басшылық етулері керек. Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде (Құдай патшалық істерінде) үлкен батылдыққа (сабырға, аруаққа) ие болады. Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық. Себебі Киелі жазбаларда былай делінген: «Астық басқан өгіздің аузын жаппа!» Және: «Жұмысшы еңбек ақысын алуға лайық». Қауым жетекшілерін айыптағанда ең аз дегенде екі-үш куәгер болмаса, оған құлақ аспа. Басқаларды да сақтандыру үшін күнә жасаушыларға бәрінің алдында сөгіс бер. Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдір. Құдай, Иса Мәсіх және таңдаулы періштелер алдарында саған мықтап ескертемін: осы нұсқауларды алаламай орында, еш нәрсені де бір жақтылықпен істеме! Адамдардың үстеріне қолыңды қойып, батаңды беруде (аруақ батасын жеткізуде) асығыстық жасама, әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың. Өзіңді пәк, таза ұста. Кейбіреулеріңнің күнәлары көзге айқын көрініп, оларды тікелей айыптауға бастап әкеледі. Ал басқалардікі кейінірек әшкереленеді. Сол сияқты, игі істер де айқын көрінеді, ал білінбейтіндері де жасырын қала алмайды. Құдайдың есімі мен біздің ілімізге жұрттың тіл тигізбеулері үшін, құлдықта жүрген барлық қызметшілер қожайындарын құрмет атаулыға лайық деп есептелсін! Қожайындары сенуші болса, қызметшілері соларға рухани бауырласым деп тиісті құрмет көрсетпей жүрмесін, керісінше оларға одан да жақсы қызмет етуге тиіс. Себебі соның пайдасын көретіндер-сүйікті бауырластары ғой. Осы нұсқауларды қауымға үйретіп, ескерте бер! Ал сен, Құдайдың адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділетті, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім, сүйіспеншілік, төзімділік пен ілтипатқа ұмтыла бер. Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан. Тәңір сені осыған шақырды, өзің де көптеген куәлардың (аруақтың) алдында Ізгі хабарды мойындадың… Берілген нұсқауларды Иса Мәсіхтің (көктен) қайта келіп, ұлылықпен көрінетін күніне дейін мүлтіксіз, таза орында! Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер! Құдайға мойынсұнып, терең қастерлеп, Оған ұнамайтын атаулыдан қатты жиіркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асуларына түрткі болушы-Құдай. Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай істеңдер! Осылай қазіргі қыңыр, азғын ұрпақтардың арасында еш кінәратсыз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап, адамдарға шынайы өмірді жеткізетін Құдай сөзін ұсыныңдар. Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілердің, дүниені билеп-төстеушілеріне-көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақты» бәрін асыныңдар, сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар. Сонымен шындықпен «белді бекем буып», әділетті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар! «Аяқ киімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды (Құранның хикметті аяттарын, батаны,уахиды) таратуға дайын болыңдар! Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп», қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»! Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінәжат ете (намаз оқу, жалбарыну) беріңдер! Өзінің белгілеген кезінде Мәсіхті салтанатпен көрсететін Құдай-мадақталған, бірден-бір қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі, мәңгіліктің жалғыз Иесі! Ол ешкім жақындай алмайтын нұрда тұрады, ешбір адам баласы Оны көрген де көре де алмайды. Қадір-құрмет пен билік мәңгі Оныкі. Аумин!»
(Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.local/сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)