Мемлекет және діннің саясаты

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 131

Ынтаңның сен іздеген, бәрі де тұр «менікінде»,

Құштарлық, мал, дүние қызықтың бәрін күнде.

Санамен сезімді біліммен елге үйретпекке,

Ел билік саясат ашты діннен бөлек мүлде.

Діннің білмей бейнесін сұлбаларын,

Адасты халқым сенген тұлғаларың.

Діннің шарты тазалық, тәртіп, ниет, сенім

Діліңмен, иманды шайтанға ұрлатқансың.

Саясат заманға қарай ел басқару салты деген.

Қалайша  саясаттың салты діннен бөлек екен?

Тазалық, тәртіп, ниет, сенімді қолдамайтын

Ел билік,  құдайдың саясатына қарсы ма екен?

Ел билігінің саясаты бұл сипаттан бөлек болса,

Саясатың талабы дінінен халық қашық тұрса.

Мақсаты халқын еркін қанап, тонау ма екен,

Заң шығарып, ел дініне мұндай шектеу қойса.

Ел билікғ  дінсіз қалай аталады зайырлы боп,

Діні азған, шаруа қуған әлемдер елдерде көп.

Азғырып  қылғына олардың халқын еліктірді,

Дүние байлықты өндіруші өздері хайырлы боп.

Өздерін діннің ғибарат үлгісінен бөлек дейді,

Саясатты мемлекетің діннен Құдай ерек дейді.

Қатыны арсыз, жасы ұятсыз, мәңгүт елдің,

Қатарына байлық жинап қосылу керек дейді.

Сол елдей тек дүниемен бірін-бірі сүйіп тұрса,

Баланы да  шыны ыдысқа салып туып тұрса.

Сананы біліммен, сезімді қолдан өсіретін,

Заң шығарып құдайды да басқаратын билік құрса.

Заңменен адамзатың тағдырын реттеп тұрса,

Үкімет кімге қанша жас жасауды беріп тұраса.

Жинаған қаражаты, дүниесі таусылған күн,

Ұлықсатын өлуге де заңымен шығып тұрса.

Дін ісі, шариғаттың мекемесін қойды ашып,

Дегендей басқарамыз құдайды заңмен танып.

Құлшылық орындарын құжатап берсең тізіп,

Алла досы, әулиені де меншігіңе берер анық.

Ел билік, әлемнің бар салтын алып құрды кеңес,

Жер анаң да халықтың енді мирасы, деді емес.

Меншіктеп таратты да шенеуік, бай манапқа,

Кедейге мал өсіріп, шаруа бағу оңай емес.

Басшылар ділін, сөзін елінің құлаққа ілмей,

Алланың елге берген хикметін зерттеп, білмей.

Өз ара хайыр жасап, зияратасаң  болдың бұзық,

Надандар әулиеңді, Алла досын деді шерік.

Пайғамбарлық, елшіліктің  сырын білмей,

Құдай ісін меңгеріп, жобасын жібін көрмей.

Хазірет, шейх, теолог философ ғалым болды,

Сананы бастан іздеп, рух пен жанның жігін білмей.

Ел билік, ғалымдарың  Ханафи жолың тура деді,

Бес парыздық құлшылық жеті жолға қалай енді?

Бес түрлі құлшылықпен, жеті үшті меңгергендер,

Әлде кітап арқалған есектердің саясаты тура ма еді?

Игі жақсы,  жазғыштардың болды саясаты,

Мүсінге гүл шоқпен шоқыну салтын тапты.

Ел билік, пірғауындай соңғы дінге қарсылықпен,

Құдайдың қарғысына халықты ашық арандатты.

Намудтай патша ел билеп, халқын тойындырған,

Сонда да сөзге тоқтап, Ыбырайымды мойындаған.

Бүгінгі ел билікпен ғалымдардың ділінің саясаты,

Аталы сөзге тұрмай, құранды да деді жалған.

Ел билікті,  дүниемен қорқытып арандатқан,

Бөліспеді өздеріңмен ата жолда дүние тапқан

Жер тәңірісі, дүниенің барлық егесі өздерің деп,

Заңымыз бар, Құдай ісін секта, деп айдар таққан.

Өлшетті мал, ақшамен Құдайдың саясатын,

Садақаны үкімет алсын, деді шайтанның жамағаты.

Құдайдың хикметіне де аласың және ұлықсатты,

Тіркелемей зияратасаң ояздарға қудалатты.

Ел биліктің бұл заңдары, өзгеріп  ауысарды,

Замана сынғы бұл дүние ешкімге болмас мәңгі.

Белгісіз әлі құдайдың адамзатқа бұл сынағы,

Кімге мирас боп, кімдердің  ұрпақсыз таусылары?

Діннің бар исламдық бірлеуші саясаты,

Адамзат бір-біріне туыстық махаббаты.

Жапа берме, жамандық жаса ма деп,

Пайғамбар жолы және бар дінің бұл талабы.

Пайғамбарлар үлгісі, болғанды адамзатың,

Ғибраты сол, жамандықтан, жақсыны ажыратсаң.

Парасатты, зайырлық, хайырлық, үлгі діннен,

Жалғастырған  әулиелер қасиетін асыл затың.

Бабалар, туған жерді қан-терімен қорғап өтті,

Дін жолын әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атап кетті.

Ата жол, ақ бастау деп хақиқтан кітап алып,

Аманатын біздердей ұрпақтарға тастап кетті.

Діннің ғұрпы, шежіре ағаш еді хақиқаттан,

Дәстүрің еді жалғанған сыны тарихаттан.

Тура жол, даналық, ғылым алу мағрипаттан,

Қалайша жолды таптың масһабпен шариғаттан?

Әр сөздің, білімімен әрекетті, бар талабы

Саясат ел билеуде алға қойған бұл мақсатты.

Құдай бар, қиямет шын ұждан дұрыс,

Бар діннің мақсаты  мен жолының саясаты.

Бабалардың ел басқару саясаты жеті жарғы,

Діні емес, жол емес деп қай наданның аузы барды.

Терең қазбай, исламды масһабпен бөлшектеуден,

Қалайша ел жақсысы тажалдарды қойынға алды?

Өрілген, ала жіптей бабалардың саясатын

Жаңаөзен, бүлікшілдік, түрлі жікшілдіктің,

Себебі ол, тарқатқаннан Алла жібін болып қатын

Аруағыңды тастап, ата дәстүріне болып сатқын.

Енді билік қияметсіз, өлімсіз, ар-ұждансыз,

Дін-жанынан бөлек болса, еш қайғысыз.

Қорықпаса ел билігі, құдайдан қорқайық біз,

Саясатын ұстанайық ата жолдың болмай арсыз.

Қасірет келсе өзіңнен, немесе біл себепті

Қазаққа қияметің сын сағаты келіп жетті.

Түрлі ауру, азап, апат, ажал үкімі және түсті,

Жеті жыл  сынақ болар тазартуға қан мен текті.

Жеті жылда еліңді, тазартады надандықтан,

Етек ашқан, арын сатқан, ұлтын тілін сатқан.

Өзге елдің сөзін алып, шайтандай өрмек құрған,

Құлайды орларына өздерінің қазған бастан.

Ел билігі, ғалымдар  құранды неге оқымасқа,

Дін саясатымен, мемлекет неге қосылмасқа.

Ата жол Ясауи баба, Абай-Шәкәрім салған іздің,

Кітабын алып, хикметіне неге жалғанбасқа!

Жеті жыл, талай хикмет түскенін көзің көрер,

Ата жолдын қазақтың, хикметін әлем білер.

Ғалым имам, хазірет масһабшы өңкей білгіш,

Тажалдық білімдері тозағына айналып, өзі күйер.

Сөздің құны жоғалса, шайтан көңіліңе өрмек құрар,

Саясатың бірлігі  халқыңды сыннан құтқарар!

Бір жағадан басыңды, бер жеңнен қолды шығар,

Саясатын ұстан, аталардың даналықпен сөзге тұрар.

Мемлекет дінен бөлек дегенді естен шығар,

Арыңды ізде, дініңді біл, күнің туды ұйқыңды ашар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *