Мүміндік және қазақ дәстүрі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 186

 (Абай атаға жалғау)

Мүмін деген ұғым бар дінші білген,

Бес парызбен қызылбастан салты келген.

«Намазхан» болу дейді мүміндікті,

Білімді жан бұл сөзге сыртын берген.

Түрлі елден әдеттері салт боп келді,

Замана европалық біліммен қылық енді.

Өзіне ұнаған салт, әдетті дәстүр атап,

Дәстүр не, салтың қандай, кім біледі?

Абай атаң белгілеп санмен ғылым,

Мүміндікті-дәстүрмен тізіп берген.

Қазақтың оянсын деп ар ұяты,

«Алтауыңды араз қылма» деп өсиет еткен.

****  ****

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйінен шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халынша.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.

Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе.

Керек іс бозбалаға-талаптылық,

Әр түрін өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

Бір жерде бірге жүрмең басың қосып,

Біріңді бірің сөйле сөзің тосып.

Біріңді бірің ғизат, құрмет етіс,

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.

Жолдастық, сұхбаттастық-бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.

Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,

Салынсаң, салдауарлық қадір қоймас.

Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,

Төбетке өлекшінің бәрі бір бос.

Біреудің көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсеқызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!

Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар,

Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар.

Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар,

Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар.

Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,

Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр.

Жар көңіліне бір жанын пида қылып,

Білместігің бар болса, қылар сабыр.

Шуу дегенде көрінер сұлу артық,

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.

Бетім барда бетіме кім шыдар деп,

Кімі паңдау келеді, кімі тантық.

Ақыл керек, ес керек, мінез керек,

Ер ұялар іс қылмас қатын зерек.

Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,

Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.

Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,

Қоржаң, суық келеді кей сасық ми.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, жайнап тұрар үстіндегі үй.

Жоқ болса қатыныңның жат өсегі,

Болмаса мінезінің еш кесегі,

Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,

Кем емес алтын тақтан жар төсегі.

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.

Үйіңе тату құрбың келсе кіріп,

Сызданбасын қабақпен имендіріп.

Ері сүйген кісіні о да сүйіп,

Қызмет қылсын көңілі таза жүріп.

Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі,

Абыройлы қалжыңмен келсін сөзі.

Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,

Қатыныңда болмасын оның көзі.

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,

Тілеуі, жақындығы-бәрі сату.

Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,

Қажымас, қайта айнымас қайран тату!

Пайда деп, мал деп туар ендігі жас,

Еңбекпен терін сатып түзден жимас.

Меліш сауда сықылды күлкі сатып,

Алса қоймас, араны тағы тоймас.

Асық ұтыс сықылды алыс-беріс

Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс.

Бірі көйтке (несие) таласып, бірі арам қып,

Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс.

Жас бала әуел тату бола қалар,

Ата-анадан жақын боп, ертіп алар.

Бірін-бірі құшақтап шуылдасып,

Ойын тарқар кезінде ұрыс салар.

Біреуі жылап барса үйге таман,

Ата-анасы бұрқылдар онан жаман.

Татулығы құрысын ойынымен,

Дәл соларға ұқсайды мына заман.

Жаман тату қазады өзіңе ор,

Оған сенсең, бір күні боларсың қор.

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзі зордың болады ығы да зор.

Қазақтың қайсысының бар санасы?

Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.

Пысықтықтың белгісі-арыз беру,

Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы.

***   ****

Даналықтан Абай атаң насихатпен,

Дәстүрін түгел тізген ата салтпен.

Әрбір өлең мәні бар санмен берген,

Қара сөзін оқысаң дәстүрден ғибратпен.

Дін керек көңілді пенде тазартуға,

Мінез керек, жан ғылымын жаңғыртуға.

Қазақтың дәстүрі деген — ар білімі,

Имандылық өз ұлтыңда, дін салтыңда.

Дәстүрді меңгеру байланысты санаменен,

Ал санаң байланысты  нәзіктер қаныменен.

Анаңның сүті таза, ділінің қуаты кеп,

Ердің қаны тазарған жарының суатымен.

Ер мен әйел достығын толық білмей,

Әр ісіңді ар, ұятпен өлшеп көрмей,

Дәстүрін ұлтыңның меңгеріп біле алмассың

Сөз астарын, меңгеріп сұхбат білмей.

Үйлену оңай да, ал үй болу қиын деген,

Абай атаң дәстүріңнен үгіт берген.

Ары бар, ұяты бар, зерек есті білген

Қызды ал деп ата-ана салтын көрген.

Болмаңдар сасық милы, суық ойлы,

Таза ұстаңдар дегенді ар мен бойды.

Төбеде салыңдар деп жанның үй бақшасын,

Жар төсегі болар еді ұжмағың абыройлы.

Арзан күлкі, жас баладай асық ойнар,

Болмаңдар деген мұндай іске және құмар.

Заманның бар салтына күйлей берсең

Жыртың-тыртың, ойнастан арың тозар.

Талаптан, адал еңбек ет, сат теріңді,

Меліш сауда дәстүріңе жат дегенді.

Татулық, құрбы-құрдас, жолдастықты,

Қиянатсыз, айнымастай сақта деп  көңілді.

Үлкенді сыйлау дәстүрі ұлтыңның еді,

Үлкендерден үлгі алу шапағат дегенді.

Бес қуатты жұмсаумен алтыны алсаң,

Бұл рухани тазару, дін дәстүрі болар деді.

Абай дана дәстүріңді түгел жазған,

Дүние мен ақиретті қосып баққан.

Қызылбастан келетін діннің салтын,

Имансыздыққа бастар жол деп еді айтқан.

Әулиелігі Абайдың айналды бүгін шынға,

Өзге елден сөз сатып алған болды мырза.

Бар сөздің түбі араптан шықты деген

Дінші, ғалымдарың түсірді елді зұлымдыққа.

Астарлап жан сырынан сөз қалдырған,

Өлмейді жан, мәңгілік деп атаң жазған.

Әулиеңнің жаны басқа, шайтан деумен,

Масһабшылар зұлымдықпен елді аздырған.

Құл емес, құлға қожа болып өткен,

Ясауи дана салған дәстүріңді және тепкен.

Бес парыз деп ғылымы жеті жолдың

Ханафилік тәңірге шоқынуға билік еткен.

Пайғамбар  сөз асыл еді, үлгісі адамзаттың,

Діндердің ортақ дін дәстүрін тұрақтатқан.

Сегіз түрді меңгеруге сынақ қылып,

Әр ұлтқа өз жобасын иман мен серік қылған.

Қоштасып ақиретке кетерде ұзақ жолға,

Пайғамбарымыз серікке қос деп жалбарынған.

Иманды келтірдім деген серігіне қосылумен,

Кітапқа жалғануды бар ма дінші ұққан?

Мүміндік дәстүрі еді Абайдай даналардан,

Ақиреттен дос тауып, аруағын серік қылған.

Дүние жолдас, ақиретке бірдей болмас,

Доссыз, серіксіз алты дәмнен, аузың тұшымас.

Серігің, иманыңды діншілер  шерік атап,

Рух деген сөзді жан дейді ғалым масһаб.

Қазақтың білімді қауымы да бұған көніп,

Ясауи, Абай, Шәкәрімдер дін жолын кетті тастап.

Масһабта тілдеспейтін болды; «өлі құдай»,

Тірілуге емес, жансыз дінге шоқындырды-ай.

Санды біліп, жанды сөзден уахиға жалғана алмай

Үлкендердің миы суып, жындылықтан есі азды ай.

Ел билік- жынды өңшең, суық ми сөз ұқпайды,

Дүниемен, заңмен түземек бар жағдайды.

Құдайдың хикметті ескертуін мойындамай,

Шариғат, масһабпен түземек бір құдайды.

Ата жол дәстүрін артқа билік тастаттырды,

Масһабшы, дінші ғалым аруағына тас аттырды.

Ақталмай тылсымнан үні, әулиелер ақ батасы,

Аруақтар шырылдайды көтерілмей ғазиз басы.

Қиындықтан ел тағдырын дүниемен түзегенін.

Мақтайды  ел билік құдайды емес өз-өздерін.

Арсыздықты дәріптеген  салттарын дәстүр атап,

Ессіздер білмейді заманаға мастарша күйлегенін.

Мал да аманат тәңірге, жан да аманат,

Аманатын жинайтын жан ашыр досыңды тап.

Әуеде ұшып жүрген қара шыбын,

Ол да іздемей ме өзіне жан ашырын.

Досыңды жақын жүрген білмей халқым,

Көңілдерің ағайын, туысыңа болып салқын.

Дәстүріңе қарсы болған дұшпанның тілін алып,

Адастың алдыңда бас ауырмас елдің салтын.

Құдай мұндай арсыздыққа жауап берер,

Мезгіл бұл, жақсы-жаман шегін де белгілер.

Жамандықты бір арнаға жинап болса,

Қай күні ажал оғын кімге түсірер, көзің көрер.

Тағдырдың қиындығы, сынағы тұр ғой алда,

Тиіп жатқан жоқ па басың тас пен жарға.

Оян қазақ, құлағыңды түр, аруақтың шырылына,

Құдай өзі көрсетпей ме жүрегі ояу, ары барға?!

(Т.Б.К Желтоқсан 2013)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *