Нұр(132)

Бөлім: Зікір өлеңдер 88

Нұрдан үлес алғандар,

Тағдырын көріп амалдар.

Кемшіліктерін көрумен,

Түзетіп аман қалғандар.

Ғаршыға жаны сапарлап,

Көңілге түйіп ашалап.

Жақсы менен жаманды,

Өзімнен деп бағалап.

Түс көре білген адамдар,

Аян мен, уақи алғандар.

Кітабын тағдыр парақтап,

Жеті ата рұқ әкеге жалғанар.

Қалтарыста қалса күнәлар,

Ойпатын жердің аралар.

Еселеп арттырып намазын,

Хайырмен артық ағарар.

Қарадан үстем болғандар,

Ақ қуаттан үлес алғандар.

Ағасы бардың жағасы,

Рұқымен достың бар болар.

Інісі бардың тынысы,

Күнәға қарсы боп ісі.

Қарсыдан қуат өндірген,

Қайратпен жігер бар күші.

Жеті өріс бойда түгелсіз,

Пендесі болар жетесіз.

Жеті айтса да түсінбес,

Ділі қатты, тектен дерексіз.

Жүректен шықпас сөздері,

Білімді ақыл деп білмегі.

Ой жорып, нұрын өшірмек,

Жазуын тағдыр тектегі.

Алланың рахым, мейірімі,

Сонда да нұрын бермегі.

Дәм-тұзы өлшемді таусылып,

Таусыншақ өмір өлмегі.

Жетеден сана ашылса,

Ғылымынан қуат қосылса.

Бақ қарап қыдыр дариды,

Жаңғырып өмір тағдырда!

(Қыркүйек 2018 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *