Надандық негізінде сөзден туындап, пендедегі көрнісі ойлау түсінігі болып қалыптасады. Надандық әйелде қылықпен, жаман әдеттермен көрінсе, ал еркекте иттік немесе жіңішке әйелдік мінез болып қоғамда тұрақты әдетке айналып, сол әдеттер жиынтығы заң болып бекіп отырады. Негізінен әр халықтың өзіне қоршаған ортаға тән ауруы, әдеті, оған қарсы әдебі қалыптасып отырады. Жер ана да екіге бөлініп, Америка құрлығы ұрғашы болса, біздің өмір сүріп жатқан құрлығымыз еркек жынысты. Оның болашақ ғылымда дәлелденетіні ақиқат. Сондықтан америка құрлығының халқы әйел ауруымен көп ауырса, біздің құрлықта еркек ауруы көп. Америка халқының еркектері әйел болуға құмар, ал біздің құрлық халқының әйелдері еркек болуға құмар. Бұл қылықтың ауруы болып әр түрлі апаттарды тудырса, сөз ауруының зардабы онан зор ауқымды. Енді жер бетінде жаратушымыздың екі басты қозғалыс себебінің белгісі бар. Бірі қадірі, бірі қасиеті. Қадірін көріп қасиетін естіп түсінеміз де белгілі болған болмысын таңбалаймыз ат қоямыз. Қадірді ішкі сипаттық (химия) ғылымы деп ескерсек, қасиетті қуаттық шама (физика) ғылымымен болжаймыз сипаттаймыз. Сонда негізінен жаратылған нәрселердің ішкі шамасын болжау ғылымын жаратушымыз Американдық халыққа беріп, олар естісе болды көруге құмар болып, ел кезіп, сол білгенін басқа жұртқа тықпалайды. Тура әйелдік сипат. Ал жаратылған нәрселік заттардың қасиетін бағалау Европа халқына бұйырылып, қалай көрсе солай қабылдап, соның бәрін дыбысқа естуге, білуге айналдыруға құмар. Сол екі қасиетті елеп, екшеп ғайыппен болжап, үндестік заңын қалыптастырып текпен біріктіру, тазалығын қалыптастыру Азия халқына бүйырған. Сондықтан да бәрібір ғайыпқа байланысты, белгісізді белгіліге айналдыру білімі таңбасы, үндестігі көп елге жүктеледі. Кезінде азия мен америка құрлығы қосылып тұрған, арасында қыдырып әңгіме сөз алысатын жол болғанын, жер бетінде екі бақша болып, сөз бұзылғасын ниет бұзылып, екі бақша да қиратылып бұзылып арасын бөлгенін ескертеді аятта. Бұл мысалдан шығатын қорытынды қазақ түгілі европа халқына бірінен-бірі әдетін, әдебін жұқтыруға болмайды деген үкім. Америкалықтардың қылықтарын сол қалпында көшіріп алып өмір сүруге болмайды, ғылымын, білімін ал онда да Құран арқылы дінін, ақиқатын тексеріп алмасақ, надандыққа белшеден батуымыз әбден мүмкін, батып та жатырмыз. Сол сияқты көршіден кімнен алып кіммен жақын болып көп араласуды таулармен шектеп, бөліп ескерткен. Таумен жасырып қойған халықтардың қылығын өздерін көп көре бермей, бірақ ғылымын, білімін, шаруашылық жетістіктерін естіп, біліп ал жандықтарын біліп, көрмегеніміз абзал да, ал әйел халқына мүлдем ондайларын дінге теріс қылықтарын көрсетуге болмайды да. Ақылды да хайуаннан үйренген қазақ енді хайуандық әдісті адам хайуандарынан үйреніп жатырмыз. Надандық емес пе? Келіспесеңіз де адамдық емес әйтеуір. Енді сөз надандығына тоқталсақ, әңгіме одан да көп, тек өз ішіміздегі дін мен ел арасына тоқталайық.