Намаз оқу мен намаз орындау ерекшелігі.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 170

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл,                     Молдеке-ау, оған таңданба.

Тас суретке шоқынса,                            Сол кіреді бейіске.

Өлсе де болып соған құл,                      Екі жүзді сандалма,

Иманын бұзбай отырса.                         Сен қаласың кейісте.

Атақ, пайда іздемей,                                Құдайың мен дүниеге

Ойында мақтан жоқ болса.                    Кезекпе-кезек шоқынсаң.

Қиянатты көздемей,                                Инедей пайда тие ме

Қанағатқа тоқ болса;                                Мешітте мың жыл отырсаң.

      Шәкәрім атамыз намаздың шыңы иманның неден бұзылып неден кәмелет табатынын меңгермей тек мешітте мың жыл намаз оқығаннан түк пайда жоқ деп ескертеді. Қазіргі қазақ еліне келген нәубәттің бірі дінге шақырушылар елді кедей болып қаласың деп Алла жолына мал жұмсаудан тыйып дүниеге шоқындырып дінді ойынға, мақтанға айналдырып алды. Дәрет пен қалай киінуді білмеген жастар жалаң аяқ шуашымен Алланың үйін былғап молдалардан «намазхан» деген атақ алғанына мәз, жаннатқа тек солар кіретіндей «Сәжде» атты киенің мақтанға, дәрежеге айналғаны халыққа мәлім. Жалпы намаз діндегі ортақ ұғым болып есептеледі де, ислам дініндегі жалбарыну амалының аты «Сәжде» деп аталады. Болашақта  «Сәжде» сүресінің неге 32 санымен белгіленгені 30 аятпен берілген ғылыми жүйесін түсіндіреміз, әзірше сәжде жасау бет бұру амалы болып есептеліп, тек қана сәждемен иман келтіру тәкаппарлық болып толық иманға жатпайтынын ескерткен аятта; «Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, дәріптейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді.» (Сәжде-15). Біріншіден Құран аяттарына иман келтіріп, үгіттерін парыздарын орындап барып, сәждеге жығылып тәкаппарланбай ата-баба салт-дәстүрімен Алла жолына тиісті орындарға мал жұмсау арқылы иманды толықтырады. Екіншіден сәжде жалбарыну ғылымы болып Аллаға тек ізгі тілектердің жетуімен ғана адам баласы жарылқанып отырады. «(Мұхаммед) оларға; «Сөз жоқ, Раббым әлде кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады; бірақ адамдардың көбі түсінбейді» де» (Сәбә-36).

       Дін танытушы халықтың басым бөлігі арапшыл болып жаратушымыздың Раббтық сипаты Тәуратпен бірге өзгертіліп жоғалып сол тілек тілеу ғылымы ескі қазақтарда қалып жаңа өзгеріске түскен қазақтар арасында ақпараттық соғыс жүріп жатыр елімізде. Жеңіс әзірше қарапайым халықта емес билік пен байлар қолында. Сондықтан аятта;  «Сендерге бұрынғы өткендердің басына келген сияқты (сынақтар) келмей жаннатқа кірулеріңді ойлайсыңдар ма? Оларға ашаршылық, ауыру науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,-дегенге дейін тербетілді. Естеріңде болсын, Негізінен Алланың жәрдемі жақын.» (Бақара-214) «Оған иман келтірдік дейді, бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына (қолдау) қалайша келеді? (52) Расында олар, оған (Раббқа) бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді.» (Сәбә-53) Әрбір пенде баласы бұрынғы ата-анасына келгендей өз заманының сынақтарынан өтіп Алладан жәрдем сұрай білуді және Алла жәрдемі қашанда Меккеден немесе басқа халықтан емес қасыңда жақын жерде соны іздеуді ескерткен. Ғұмыра жасау тек арап еліне бару деген надандық, көз алдыңда әуелі өзіңді көр (түс көре біл) деп ескерткен. Ол үшін Алла жолында мал жұмсай білу керек. «(Мұхаммед) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей хайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де». (Бақара-215)  Дін ғұламалары тозақтың жеті жолындағыны міскіндерді жолаушымен шатастырып алған. Аруақ жоқ деген ұғымның өзі осы құпия бір сөзден қате түсінуден басталады. Әрине бұл даулы мәселелерге алдағы басылымдарда сандық жүйемен, әлемге ортақ тілде мысалдармен, сызықтық белгілермен нақты дәлелдер келтіреміз. «(Мұхаммед) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла(Т) не жасағандарыңды біледі.» (Ғанкәбүт-45) Пайғамбарымыздың өзіне тек Құранды мағынасыз оқыма, үгітін түсіндіріп, белгілі ескерткен аяттарды ғана намаз қылып оқы деп ескерткен. Ал намазды орындау Алланы еске алу істері болып, оқығаннан емес, жасаған істерден сұралатынын ескертеді. Алланы еске алу ақирет ғылымын меңгеру болып, демек ақирет тіршілігінен тозақ, жәннат өмірінен мағлұматтар ала білу болып табылады. Намазды орындауды 45 санымен белгілеп Абай атамыздың 45 қара сөзімен салыстырсақ, онда арсыздықтан, жамандықтан тыйылу үшін әр халықтың өзін тану шариғат істері болу шартты үкім екен. «Кітап иелерінің бір тобы (бедеуилер, араптар, тәпсіршілер) сендерді адастыруды қалады. Олар, өздерін ғана адастырады. Бірақ олар аңғармайды. (түс көрмейді)» (69) «Әй Кітап иелері! Өздерің көріп, біле тұра, Алланың аяттарына не үшін қарсы келесіңдер.» (70) «Сүйген нәрселеріңді Алла жолына жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсең де Алла (Т) оны толық біледі.» (Әли-Ғымыран 92)  Сондықтан пайғамбарымыз; «Әр алуан жерлерді аралап жүрген саяхатшылар Алла тағаланың алдында ораза баспалдағына аяқ баса алады.» (485) «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы (аянмен) ескертеді.» (467) Себебі; «Азаптың ажалымен (Алла жолында елі, діні үшін соғысқан.) өлген адам, ақырет күні өз тегінен шыққан жетпіс адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады» (999-өсиет) Демек бұл өсиетпен пайғамбарымыз мына аяттың үкімін ескертеді; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13).

      Адам баласында тіршілік барысында біліп, білмей істеген күнәлары міндетті түрде болады. Сондықтан ата-анасының жасаған күнәсынан кешірім сұрау әрбір мұсылманның парызы, себебі ол өзің.  Аятта; «Ешбір күнәкар, басқаның күнәсін көтермейді. Күнәсі ауыр болған біреу көтеруге шақырса, олар жақыны болса да одан еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед) шын жөнінде Раббыларын көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды (тек намаз оқушы емес) ғана үгіттей аласың. Ал кім күнәдан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ.» (Фатыр-18) Рабб сипатын біліп, намаздарды орындау арқылы ғана күнәдан тазаруға болады, сонда ғана Құран үгітін түсінуге болады деп ескертеді. Әке-шешеңе ғана қайғың мен қасіретің ортақ, мейлі олар бақилық болсын. Сол сауданы ата-ана мен ұрпағы арасындағы ақирет саудасы; «Бодау төлеу» деп атайды. Пайғамбарымыздың әрбір өсиеті аяттар түсініктемесі деп біліңіз; «Алла тағалаға (таға туған жерден) жалбарын! Алламен ешкімді де қатар қойма! Сенің жалбарынуың Алланың жарқын жүзіне (Раббыңа) бағышталсын. (Алла достарына құран бағыштау). Міндетті намаздарыңды мезгілімен оқып жүр, (сәжде) байлығыңның бір үлесін тазару жолына (дәстүрлік шариғат амалдары) жұмса, міндетті (хаж-зираттау) және өз еркіңмен қажыға барып тәуап етіп қайт, рамазан айында ораза ұста, өзің үшін адамдар бойында не қымбат, соны оларға да жаса, өзің сүймегенді өзгеге істеме, оған жолама!» (129-өсиет) Қажылықтың да міндетті және өз еркімен жасалатын түрі бар екенін пайғамбарымыз да ескерткен. Жалпы қажылықтың да зираттап, тәу етудің де алар сыйы бір-зейнет. Тек шамасы ғана бөлек. Олай болса  Алланың достары әулиелерден Аллаға жалбарынып жәрдем сұрағандарды ашықтан-ашық баспасөз, теледидар беттерінен қудалаушылар дінді бөлшектеп пайғамбарымызға қарсылық білдірушілер деп біліңіз! Демек Аллаға, дініне түсірген шариғат ісіне қарсылық! Әрбір аурудың неден туындайтынын білмей ауруды емдеу нәтижесін бермейді. Дін адамзатқа берілген ортақ белгі болғанмен үш сипаттан тұратынын біле бермейміз. Әр пенденің маңдайына тағдыр тек дінмен жазылады. Дін сипатын анықтау үшін екі жолды тауып барып дінімізді анықтай аламыз. Бірінші Алланың жолында жаратыламыз, сол қағидамен өмір сүреміз, өлеміз, ал екінші сол Алла жолындағы тірі болу тіршілік үшін арпалыса жүріп, ақыл-есіміз толғаннан кейінгі дініміздің қандай, не үшін келгенімізді, өзіңді табу бақытты өмірге жаратушы қасына жолдама алу үшін дін жолын түсірген. Сондықтан екі жолды сипатына тоқталып өтейік, ал дініңіздің сипатын Құраннан тапсаңыз бірге айналу шартынан Ілімнен біліміңіз пайда болып, Шәкәрім атамыздың жұмбағын шешкен болып шығасыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *