Намаз оқу мен орындау ерекшеліктері.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 136

       «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69) (92) Бұл аятпен дін қағидалары күрделі көптеген ұғымдарды беретін сөз атауларымен түсіндірілетінін ескертеді.  Сондықтан да пайғамбарымыздың; «Әрбір 100 жылда сөз атау ұғымдары өзгеріске түседі» деген өсиетін осы аят та растап тұр. Және бұл аяттың сандық мәнін, сырын терең зерттеген оқушыға, осы сандар тағлымы арқылы да көптеген насихаттың ашылары даусыз. Сонымен қазіргі таңдағы масһаб  білім, мейлі қандай дін топтарының да бұрынғы замандарда берілген құран аудармасын тікелей тәпсірлеп пайдалануға болмайтынын да ескертіп тұр. Және заман біліміне, сөз ұғымдарының өзгеруіне қарай әрбір ұлттың, үмметтің аударма ғылымы мен философиялық, логикалық сөз зерттеу арқылы ғана құран аяттарының тәпсірленетінін, ғылымдық маңызы ашылатынын да ескертеді.

        Сөз ғылымы негізінен 8 санына тәуелді болып, «сендерге 8 түр жараттым» деген құранда ескерту бар. Жаратылыс сөзден бастап жаратылды деген киелі кітаптардағы ескертуден сөз қуаты сегіз қозғалыстан пайда болады. Және Інжіл жазбаларында да «Нұхпен бірге 8-ақ кісі құтқарылды» дап астарлы түрде, жалпы адамзаттың 8 түрлі нәсілдік белгісінің құтқарылғанын ескертеді. Абай атамыз сегіз түрге байланысты бұл құпияны; «Алла мықты жаратақан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз, Таба алмасам, ақылды болар неміз? Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, Жақсылық пен жаманшылдық-болды сегіз.» Жаратылыстың бүкіл сыры осы сегіз түрді және сегіз үннен (до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до) меңгеруден 16-санды «мал» қуаты пайда болады. Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мақалдың негізі сегіз батырды бір ақылға бағындырған деген ұғым туады. Рухани кемелдену болып осындай 8 түрлі бірліктеріміз іспен нәтижеленіп, 10-ға айналып, ал рухани азықты сегіз түрлі қуаттар, қозғалыстар жүйесінен, тек бейнеленген сөздер арқылы аламыз. Сондықтан сөз рух ғылымының ілімі, Інжіл болып, көркем сөздің киесі Алланың жалғасты бейнелеген сөзі, рухы болған; рухани қозғалыстың бәрі адам періштелігімен бейнеленіп; енді рух істерінің сөзден істерге айналуы Ғиса пайғамбармыздың құзырында болып, оны оң қолдағы 18 санымен белгілеген. 18 мың ғаламның пайғамбарларына, періштелерінен, елшілеріне арнап  дұға жасауымыздың өзі осындай оң санды рухани әлемге байланысты болмақ. Барлық құлшылықтың ірге тасы атау ұғымын, сөз астарын меңгеруден, сұхбаттан басталып намаз-деген ұғым кері қарай заман болып оқылып, заманға сай сөз ғылымын, білімін меңгеріп, ойды жетілдіру, адам баласының білімін жетілдіру мақсатында білімнің пайдалану аясын, түсінік, көрегендік, ақыл, ұжданды жетілдіру, қасиеттерді кемелдендіру үшін түсірген ілімді меңгерудің барлық амалдарын намаз деп атаймыз. Сондықтан намаз арқылы оң ақпарпттарды меңгерумен көрінісін берсе, ал амалдармен яғни ғұрыптық, тұрмыстық намаздармен сол жақтық замандық амалдарды меңгеру де керек болады. Ал, намаздың жұбы қашанда заман білімін меңгеру, намазын оқу, орындау  болып және бұл намаздардың орындалуын барлық намаздар ортасын табу болып саналады да, құранда;  «Раббыларыңнан өздеріңе түсірілгендерді орындаңдар», деп түс жору арқылы орындалатын ақиреттік тіл білімін меңгеру намаздарын, біздердің масхаб білімі де, сопылық жолдағылар да ұмыт қалдырған. Ал, жалпы намаздың мақсаты, талабы, ниеті қандай болу керек?- дегенге құранда 18-ші сүремен және 110-аяттық өлшемін, үгіт, насихатын көрсетіп қойған. Сондықтан да барлық дінде де рухани білім маңызды болып; «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!…» (5-68) (73) деп әрбір дәуірдің, қоғамның заманға сай намазадары көрсетіліп отыратынын ескерткен. Бұл аят үкімімен жалпы адамзатқа берілген жалғасты түрде бүкіл пайғамбарлар арқылы нұсқаулармен көрсетілген және Інжіл, Тәурат арқылы түсірілген аяттар оны меңгерген тақуа, сопы, дін ғалымдары арқылы кітаптарға айналып, тарихи ұлттық шежіре ата-баба білімдерімен, заман оқиғаларымен бірленіп, Раббыларымыздан түсіріліп тұру және оны міндетті түрде меңгеруді (5-68) сандық нәтижесі 5+68=73 белгісімен, Мұхаммед пайғамбарымыз ескерткен 73-ші топтың намаздық ерекшелігін көрсетіп тұрғаны хақ. Ал, осындай барлық кітаптар намаздарын, ислам құндылықтарын Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннетері арқылы бірлеу амалын, намаздардың жиынтықтарын, бұйрықтарын- сәжде деп атайды. Сондықтан құран 32-санымен сәжде жасау арқылы оқылғандықтан, құранның қазығы және арап халқына берілген негізгі құлшылық амалы намазды оқу сәждесі болып табылады.

        Осындай арап халқына берілген орта топтық құран үнін толық сақтауға арналған, ділдің бейнесін сол қалпында алуға бағытталған «масһаб» ілімін Абай атамыздың «Имансыздық намазда қызылбастан салған жол» деп 49- иманның екінші дәрежесі санымен белгілеп ескертуінде үлкен сыр бар. Жалпы мұсылман қауымына 9-тәубе саны арқылы және үш дәрежелі сатымен 60 бұтақты иман қуатын меңгеру де ортақ дін амалына жатады. Бірақ әр халықтың үмметтік ерекшелігі болып, (60+8) яғни 8-ді орындау намазында да ерекшелігі болу керек. Сондықтан 60-шы сүре 13 аяттан тұрып (60+13)=73 сандық белгімен, қабырдағылармен, ата-ана шежіресімен, зияраттау намаздарымен байланысты болғандықтан, сол жақтық, ақиреттік болған заман намаз орындауы болып табылады. Ал бұл екінші дәрежелі иман намаздарын меңгеруге дейінгі яғни (5-68)  бес парыз деп аталудың да себебі, осы аяттың құпиясына байланысты, 5 сандық рухани қуаттарды меңгеруге тәуелді болып, яғни; 68+18=86 (68) сандық мәнді құлшылық істері яғни Раббына жолығу, «Жарыңды көру» деген сопылық амалдың нәтижесі пайда болады. Сонымен қандай да бір намаздардың нәтижесі де 5-қуат қолқабыс (саусақ) арқылы; ғаламдық, замандық 8 түрді, қозғалыс басын меңгерумен нәтижеленіп отырады.  «Кең жайлау-жалғыз бесік жас балаға Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға» Абай атамыз 8 санымен ақылды, насихатты меңгеру несібесі және  жастықтың несібесі болып, ержеткеннен кейінгі 18-дің қазақтағы жағдайын «Қалың елім, қазағым қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңы түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың..» деген ескертумен; үстіңгі ерінді рухани егін, мұртың деп, егініңді отамай, арам жеумен ұртың арамданды, сондықтан жақсы менен жаманды ажыратуға себеп болатын  намазыңның нәтижесі, мақсатың болсын деген үгітпен; 110-санымен белгілеп; «Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де-бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар, қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу (ақыл мен қайрат) соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың мұз, Барар едің қай жаққа?»деп әуелі жан, рухыңның «сандыбат сарайын» алты бұрышты жан сарайын «қағбаңды», ішкі жан сарайыңның жылу беретін пешін тұрғызып және онымен амал қылып, Алла жолында соғысып, әбден  қайратың қайтып қажып барып, негізгі адамзаттың рухани жер бетіндегі пешінен, үйінен жылу алып, қажы болып қалана аласың, болмаса артыңда ерімей жатқан, суға айналмаған мұзың-тарихың, күнәң, алдыңда намазыңмен тазармаған сөзің, тозақ жалыны болып күтіп тұрғанын ескертеді. Құр  ақыл-біліммен және тәнді ғана шынықтырып батыр болған, әкім болған, ғалым болған дүниелік ісіңмен бәрібір тозаққа қана жол табасың деп те ескертеді. Рухын, жанын бірлеуге мұсылмандық қарызды- намазын орындауға жұмсап, кірпішке-қағбаға ұқсата алмай, қажы болған ақымақтық деп те ескертеді. Кірпіш-Қағба намаз орындау орны, сананың үйі жүректе болып, көлеңкесі, сызықтық бейнесі көкіректе-көңіл болып қаланып, 6 бұрышты парсы, ирандықтардың туындағы бейнесін көрсетеді. Қағбаның табанымен қоса алты қабырғасы болып, оны аталарымыз «сандыбат сарайы» деп, тәурат түспей тұрып ғылымын меңгерген екен.

       Пайғамбарымыз миғражға шығып, жаратқаннан үш түрлі аятты алып, діннің негізгі намаздар қағидасын толық бекітті. Бақара сүресінің екі соңғы аяттарының екілік жүйедегі сандық мәні; 285=15 жүректі тазартып, жан қуаты иманды зейнеттеумен, 286=16 мал қуатын меңгеріп, рухани сүннеттелуді екі «жұлдызды» жер бетіне алып түсіп және осылардың орындау иман келтіру ғылымын, намаздардың үкімін алып сүннеттерімен орындау амалдарын көрсетіп кеткен. «..Ол (намаз)- оқуда бес, амалда-елу (50). Менің алдымда сөз өзгермейді»-деді…» (221-349; өсиет Әнестен) Барлығы; 5+50= 55-намаз түрі болып шығады. Енді бесеуін намаз оқу дегеніміз бес уақыт емес, бес түрлі намаз оқу түрі бар деп түсінген абзал. Құранда 50-ші сүре «Қаф» деп аталып 45-аятпен белгіленген. Қаф дегеніміз таудың аты емес, оны аталарымыз; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді»деп Раббымыздан келетін, оқылатын, уахимен, төбеден келетін зейнет кісімен түсіндірген. Қазақша «Төртеуді түгелдеп, төбеден келумен», «Ақ төбе» болу деп және жер атымен де байланысты да құпия сыр бар. Енді «ақтөбе» болу үшін 45-ті меңгеріп, ғибрат алып, намаздарды орындау керек. Және бұл сүре бойынша да бес уақыт намазды оқу; «Мұхаммед олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте. (39) Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте.» (50-40) (90-құлшылық түрлері) деген үкіммен бес уақыт намазбен қоса, түнгі нәпіл намаздарын да оқып; аруақтарға, пайғамбарларға, Алланың достарына құран бағыштап, Раббыларымызды дәріптеп, зікір айтуды үкім еткен. Яғни төбеден келтіру намазын да оқу керек екенін білдіреді. Ясауи бабамыздың көрсеткен қазақтың дәстүрлі діні және сопылық негіздеріне жататын амалдар, осы 50-70-ші сүрелердің намаздарын орындау амалдарын меңгерумен ерекшеленеді. Бұл амалдарды кезінде санаулы сахабалардың ғана орындағанын және соған байланысты пайғамбарымыз; «Сіздер жетпісінші үмметсіздер және үмметтер арасындағы Аллаға ең жақын көрінгенісіздер.»  (255-өсиет) деген ескертуінің 255-(12) санымен белгілегенің өзінде үлкен сыр бар. Және «69-сан қауіпті белес» деген пайғамбарымыздың ескерткені болып, жоғарғы өсиеттің осы белестің сынағынан өткен, Алла жолында соғысушы сахабаларға арналғанын білдіреді.  Әрине бұл өсиет, жалпы әулие-әмби болып жаратқаннан кітап алып, оны оқи білген момындарға қарап айтылған екені даусыз. Ал енді ол замандағы намаздарға қарай 70-ші үммет Аллаға ең жақыны болып саналағанмен, уақыттар өте дін ғылымы да намаздары да дамып өркендеуін білдірген; «Мұсылмандар 72 топқа бөлінеді, негізінен 73-топ тура жолда болады» деген өсиетке жүгінсек; 7-ші топқа осы 70-ші үмметтіктер яғни дін жолында алғашқы соғысушы сахабалар жатады; 71-ші топқа тақуалар; 72-ші топқа шейхтар; 73-ші топқа масіхшілер; 74-ші топқа пайғамбарларды жатқызамыз.

        Енді тура жол дегеніміздің де заман білімі мен осы топтағы үмметтік белгілерге жалғанумен 73-ші топтан бастап, әрбір жеке адам баласына берілетін масіхші, тазартушы, емшілік істермен байланысты екенін білдіреді. Енді осы берілген дәрежелер де құран аяттарымен, сандар теологиясымен насихаты түсіндірілген. Әрбір саннан діл білімі жетілген оқырманның өзі-ақ дін сауатын тексеріп, топтарға жіктеп көруіне болады. Және де бұл қағиданы Ясауи бабамыз; 70-хикметпен бірінші дәптермен көрсеткен. Ал қалған екі дәптер, бұдан да жоғары сатыларға шығатын, тура жолдың негізін қалайтын, 73-ші және пайғамбар шапағатына қосылып, пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгеретін; 74-ші үмметік асуларды меңгеруді түсіндіріп насихаттаған құран аяттарымен бекітіп, насихатын баяндап өткен. Ал жалпы Меккелік араптар; 43-ші топқа жатып, діннің ортасы, қазығы болып табылады. Үмметтік белгі дінді меңгерумен яғни тіл, сөзді меңгеру ерекшелігімен белгіленсе, ал топтық ерекшелік нәсілдік белгімен, өмірден өткен халықтардың қылықтарымен байланысты болады.  Енді тура жолын табушы 70-ші үмметтер мен орта жолдық намаз оқушы араптар арасын 26-топ түріндегі түрлі сопылық, масһабтық, сәләфтық, таблиғи жамағат, т.б түрлі топтарды құрайды да, бес парыздық амалдарымен 68-санына келіп тіреліп, емшілік, масіхтік намаздарын меңгере алмай, сондықтан 69-дық белестерден аса алмай, тура жолдың қисығын таңдағандар да арамызда жеткілікті.

      Пайғамбарымыз 69 санын қауіпті белес деп те ескерткен. Және бұл жағдайды құранда 69-шы аяттардан түрлі жағдайлардың себептерін және қандай нәсілдердің де меңгеретінін толық көрсеткен. Негізінен 7 саны 70-ші топтық діннің қазығы, ортасы болып; «Раббыларың тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артық қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар». (7-69) (76— Алланың қалауындағылар) деген ескертумен өз араларыңнан артық ерекше жаратылған, ақ жүзді кісінің елші болып келіп, құран насихатын хикметін көрсететінін ескерткен. Бұл топқа жататындар негізінен 47-45-ші нәсілдік, ділдік белгілер арасын құрайды. Ал негізінен араптар үшін бұл жағдайды; «Мұнафықтар! Өздеріңнен бұрынғылар сияқтысыңдар. Олар сендерден де күшті және малдар, балалар тұрғысынан да көп еді. Олар, дүниеде несібелерінен пайдаланған еді. Ал сендер де, бұрынғылар несібелерінен пайдаланғандай несібелеріңнен пайдаландыңдар. Сондай-ақ жамандыққа олар сүңгігендей сендер де сүңгідіңдер. Солардың дүние, ақиреттегі ғамалдары жойылып кетті. Міне солар зиян етеушілер.» (9-69) Арап елі, бұрынғы замандағы нәсілдік белгідегі аталары сияқты Алладан нығмет беріліп, несібелерін де солай түсіріп қойған. Бірақ аманатты толық орындамай, орта топта қалып және заман намазына қарай дінді қысқартушы болып, екіжүзділерге айналатынын ескерткен. Апатқа ұшыраған Нұх қауымының негізгі орнын басушы арап халқы 34-ші нәсілдік белгісімен құранда анық көрсеткен. Ал пайғамбарымыз мұндай жағдайда, жерге жауған жаңбырдың және жер бетінен адамдарға пайда болатын азықпен, дін білімін тура жолды табудың қатысты болатынын ескеткен; «Алла менімен жіберген тура жол мен білім жерге жауған нөсер жаңбыр сияқты. Жердің біраз бөлігі құнарлы болып, суды бойына сіңіріп алады да, онда түрлі өсімдіктер мен шалғын шөптер өсті. Басқа бір бөлігі қатты болып, суды сіңірмей ұстап тұрды да, оны Алла адамдардың пайдасына жаратты. (көлдер пайда болды). Олар судан ішті, малдарын суарды, егінге пайдаланды. Сондай-ақ жаңбыр басқа бір су да жиналмайтын, өсімдік те өспейтін бөлігіне жауды. Бұл нәрселер Алланың дінін түсінген, Алла менімін жіберген білім оған пайда беріп, білім үйреген және оны басқаларға үйреткен, сондай-ақ бұған ұмтылмаған, Алланың менімін жіберген тура жолын қабылдамаған адамдарға ұқсайды» (69-өсиет. Әбу Мұсадан) Міне пайғамбарымыздың осы өсиетінен «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген ата-бабамыздың дін ұстанымының негізі мен қазіргі ата жолының намаздарының алғы шарты, яғни тылсымнан уахи, аян алудың қағидасы шығады. Тура жолда болған елдің де екі сипаты болып; Біріншісі— жердің жаңбырмен түлеп көктеуімен; Екіншісі- жаңбыр арқылы өзен, көлдердің суының ел шаруашылығына пайдалы әсер беруімен көрінісін беретінін де ескертеді. Сондықтан егер туған жерімізде жеріміз көктеп көгеріп, өнім бермесе, қуаңшылыққа ұшырасақ, онда діннің заманға қарай берілген үкімдерін, Раббымыздың көрсеткен білімін қабылдамаудан, заман намаздарын үйренуден бас тартқан жағдайда жаратқанның сынағына ұшыраған боламыз. 69 санын дәрежелесек 15-санымен 285-ші аяттың орындалуын, жүректің тазаруын; 69, 51,15,78,86,95-ші сүрелерді белгілесе, ал 286-саны 16-болып; 61, 16, 79,88,97-ші сүрелер үкімдерін көрсетеді. Осы сүрелердің насихатынын пайда болған намаздар саны да 11 болып, сопылар таспихы яғни 3 бөліктен тұратын 33 санды таспихтың белгісі пайда болады. Енді бес уақыт намазды, ораза, зекетті қосып, мұсылмандық бес парыздың, яғни бес қуаттарды толық меңгерудің намаз амалдарын да осы сүрелер насихатынан іздеу керек. Енді масхаб білімінде, яғни муфтияттық ғалымдарымыз тура жолдың сәждесін қалай түсіндіреді?-деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *