Раббымыз өзі уәде алған,
Әрбір ұлтқа үн салған.
Сендерді мен жараттым,
Тегің Раббың, деп нұрдан.
Әркімде бастан жар нұры,
Жаратылыстың болмақ танымы.
Өсірмек жардың жарығын,
Тектілігің Құдай барлығы.
Нәсілі қазақ ділімен,
Елдігі қан тегімен.
Жылқыдан жын өсіріп,
Қозғалыс қимыл желінен.
Нәпсі бар хайуаннан,
Көк бөрілік кие алған.
Әр ұлттың өз киесі,
Қаракет, қимыл іс қылған.
Жеріңмен нәсіл топырақтан,
Жел су отпен нәсіл қосылған.
Төрт тек ана тіл, сөзіңмен,
Қаныңда түрлі бейне алған.
Ай астында төрт тек бар,
Жоқ оның сырын тапқандар.
Қан тектен баптап өсірген,
Аспанда жалғыз әсер бар.
Көктен бағып Біздері,
Алланың досы Бірлері.
Пірлік қылар пендеге,
Жаннаттан іңкәр жүрегі.
Бір тілің от бірі су,
Қосылып сөзбен болар бу.
Бойыңда бақшаң өсірген,
Тегіңнен төртің санмен ну.
Сыны болар заманнан,
Нәсілімен әлем жалғанған.
Түрлі қылық бейнесі,
Сөзімен мінез дін болған.
Нәсілімен теріс ой алған,
Атау сөзден ой жоғалтқан.
От ауыз, орақ тілділер,
Мінезін елдің аздырған.
Әлемде аз тіл қалған,
Жанды жансыз аталған.
Болмаса ілімнен қуатты,
Адамдық тегі жоғалған.
Іліммен білім ортасы,
Ғылымнан ақыл парасы.
Атадан қалған аманат,
Дәстүрі қазақ мирасы.
Мінезді анаң тумаған,
Ұлттығың елдік діл болған.
Жүз жылда үнің өзгеріп,
Ойы үні сөздің сыналған.
Сөзін елдің түзеген,
Даналар келіп кезеңмен.
Өсіріп ділін қуаттап,
Жеті жанды өсірген.
Ендігі бүгін заманнан,
Әлемге есік ашылған.
Нәсілі жатыр ажырап,
Бүгінгі тегі қазақтан.
Өзгеріп мінез түрленіп,
Заманаға пенде күйленіп.
Мастар мен жәндік қылықты,
Нәсілімен қара бейне еніп.
Қызығы күйбең тірлігі,
Дүниемен болып үміті.
Өлген тілмен ойлану,
Елдіктің болды ғылымы.
Ібілістің ұрпақ билері,
Қауымы жамағат білімді.
Ұлтының тек орманын,
Аздырып ділін шөлдетті.
Әлемнен түгел жинаған,
Салттарын арсыз хайуаннан.
Өнер-білім ғылым деп,
Адамдық-ғылым жоғалған.
Жапырағы солған ағаштың,
Бұтағы қурап ұрпақтың.
Тамыры төрт аналық,
Қиылып жібі қуаттың.
Ғылымнан жоқ әйел суаты,
Ар-ұят, ұждан жоғалды.
Қара орыс, қу бастықпен,
Еркектің азды бел қуаты.
Қара орыстар ашып майданды,
Сары орысқа қарсы ойранды.
Таңбасын тастап Кер бабаның,
Жансыз таңба латын алғаны.
Елдерден қара нәсілі,
Ұқсатып ішкі мендерді.
Мәңгілік отыз елдер деп,
Алжыды қазақ билері.
Аю боп ұрпақ туылған,
Адамдық тегі жойылған.
Киімсіз жәндік қытайлық,
Тағдыры діл жібі қиылған.
Жындыларда таза ой болмас,
Тіршіліктен ақыл аса алмас.
Бардан жанды жаратар,
Адамдыққа ой қоспас.
Жетпіс екі түрлі қылықтар,
Шайтаннан жын бұзықтар.
Қазақтың бүгін жерінде,
Жиналған әлемнен құзғындар.
Мұны ойлар жоқ үлкендер,
Құдайшыл дәстүрін меңгерер.
Мешітке байлап исламды,
Дін ісін жол, деген перілер.
Мастардың елі бүгінде,
Мазағы жастың күлуге.
Ғұлама, дана, дінші боп,
Ақылын байлап білімге.
Жауабы түсіп Құдайдан,
Белгісі барлық жайлардан.
Таңбалап болды халықты,
Кімдерге жаза кімге сыйынан.
Төменге қайтып оралар,
Өзге ұлтқа көбі айналар.
Жоғарғы ойпат жерінен,
Тегіңнен номад ажырар.
Тегің баста бір кісі еді,
Кісіден нәсіл көбейді.
Жүз қараға екі жүз кісі,
Қадаған сұғын сын еді.
Насихат мирас Абайдан,
Даналықтан кім озған?
Жүректе екі жүз орынды,
Кірпішін-қағба қалаған!
(Қаңтар 2019 жыл)
***** ****