Ғажайып күш тылсымнан,
Нұрынан Алла қосылған.
Қозғауды салып тағдырға,
Пенденің жанын оятқан.
Қадамды алға бастырған,
Оңы мен солын танытқан.
Өз қауымыңнан әруақтан,
Алды-арттан қорған салдыртқан.
Түзелмес қисық ағаштан,
Миуасын тәтті алдыртқан.
Ұғымын дүние өзгертіп,
Ақылға қуат қостыртқан.
Ғайыптың күшінен елітіп,
Ой сана бойды кеңітіп.
Көңілдің құсын ұжданды,
Кеңшілігінен несібе тергізтіп.
Аталар жолын жаңғыртып,
Ақ батадан бұлақ ағызып.
Құдайдың ісі хикметін,
Білгізген сана аштыртып.
Жаннатына жүрек жалғанған,
Ғибратын алып хабардан.
Құдайдың дәні егіліп,
Номадтық нәсіл тараған.
Алланың түскен назары,
Ойпатты жерге құнарлы.
Өнеді нәсілдер қайтадан,
Елдің мұндай бағы жанады.
Япырмау бар ма түсінген,
Пәнші мен дінші не білген?
Ел билесе надандар,
Қарсылыққа елді түсірген.
Орындап ібіліс жобасын,
Жоғалтқан елің тобасын.
Алланың түсіп назары,
Сатып ап қиямет азабын.
Ажырап халық ақтықтан,
Дәстүрімен ата қас болған.
Ғаршыдан қуат назарын,
Ғайбатын Құдай арттырған!
(Қыркүйек 2018 жыл)