Нәзіктік пен беріктік  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 138

Әйел нәзік жіңішке жолды деген,

Мінезі кішіпейіл, мейірім білген.

Еркек Бек-беріктік, ашу бізге,

Нәзіктік, жуастықты қызға берген.

Ренжу, кінәлауды ерге берген,

Төзім мен көңіл табу әйел білген.

Әлсіздік пен қателікті ер жасаса,

Кешіріммен нәзік жан қуат берген.

Келіспей, талас, тартыс түсінбейтін,

Бұл өмірдің сыны көп ер жүктейтін.

Әділдікпен, мейірім шуақ төгіп,

Әйелдерге махаббаттың сыйын берген.

Кейін қалу, жалқаулану бұл да бізге,

Ынта мен ыждағаттық нәзіктерге.

Шалбармен тұрпайылық ат мінетін,

Ерлерге бұл артығы жынын меңгеруге.

Ақ жаулық — сана қуат етектіден,

Нәзіктерден қаны таза шарап берген.

Таза ой құран үні ділің ұлттан,

Әйелдердің қазынасы құдай берген.

Нәзік пен Берік болған екі жарты,

Бүтін боп бірін-бірі толтырады.

Жатыр- жер адамзаттың ақ бұлағы,

Егінін еркек егіп, малдарын суғарады.

Ерден алты, әйелден бесеу өрген,

Махаббаттың бақшасы бізге берген.

Бесті беріп, алтауды және алатын

Нәзік жаны ер рухымен өсіп-өнген.

Ендігі жалғыз басты жандылар көп,

Ұлтыңның жаны көбеймей болашақ жоқ.

Жесірлерін бос қоймайтын дәстүріңді,

Байлығын ата-баба тастадың бос.

(қыркүйек 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *