Жаратылыс сыры ғаламат,
Жалғандық тағдыр жамағат.
Маңдайға жазған жазымыш,
Сұраққа жауап табыңыз.
Пенделік өмір өткінші,
Санаға ұғым жетсінші.
Сауп пен күнә айырма,
Тауқымет тағдыр жолында.
Ниетің бастау бұлағың,
Жүректен табар тұрағың.
Ақ пен қара айырма,
Сауап пен күнә бойында.
Сауаптың жолы ақтылық,
Күмәнмен қара қатлық.
«Аққа құдай жақ» дегің,
Аллаға аян ниетің.
Ниетің жазар маңдайға,
Жақсы мен жаман қандайда.
Шытырман жолын тағдырдың,
Алдамшы өмір атының.
Сауапты жасап жалғанда,
Жүреке ақтық салғанда.
Аллаға тәуба жасайық,
Қол созып биік арманға.
Тілеумен пенде өрлеген,
«Көп-тілеуі-көл деген».
Тілейік ел-жұр, халыққа,
Береке, бірлік шаттықты.
Ақ жолым болар қазығы,
Ел-жұртың тілеу азығы.
Жақсыны халқым бағала,
Қабыл етсін Алла тағала.
(2001 наурыз. Тарыбаев Қыдырәлі Момбайұлы