Аллаға табынамын деген ұғымда-Аллаға ғашықтықтан бастап оған ұқсау, еліктеу, сондай болу деген ұғым пайда болады. Біз түп иеміз жаратушыға табына алмаймыз. Ондай болғанда бізде жаратушы боламыз деген ұғым пайда болып немесе барлық қарсылық жамандақтарына да табынуға тиісті боламыз. Сондықтан бар әлемді жаратушыға табыну да мүмкін емес. Бізге ақылымызбен қабылдауға лайық, әлем ішіндегі «ӨЗІНДІК» «Бірлік», «Мендік», махаббаттық сипаттарының көрінісі пайғамбарларға, ғұлама-даналарға, елшілерінің меңгерген ақылындарына ғана табыну арқылы біз бірге, жаннат тұрғындарына бірленіп қосыла аламыз. Ал «Мен» , «Маған»-деген де таза ақыл нұрының сипаты екенін білген жөн. Раббымыз; «Мұхаммед егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?», де.» (10-16) Құран деген барлық адамзаттың жаны-Мен болып және әрбір менде құдайлық нұр Мұхаммед –сүйіспеншілік-махаббаттың біздердің өмірімізге жарық беретін шырақ екенін сондықтан да; «Лә илаһа илла Алла Мұхаммадур расулла» деп Аллаға сыйынып пайғамбарымызға табыну ислам дінінің қазығы екенін де неге мойындамасқа? Қазақ елінің ел билігі, дін ғаламдарының пәтуасымен әулие-әмтилеріне зияраттауды, құрбан шалып артық хайыр беруді, нәпсімен соғысуды тиым салып заңмен қудалануына және құранды, дін өсиеттерін теріске алуына не себепші болды? Қарапайым ғана табыну сөзінің ұғымын теріске алған қазақ зиялы қауымының ойшылдығының көрінісі десе де болғандай Аңыз адам жорналының шілде айындағы №13 санды басылымының соңғы бетінде; «Әйгілі адамға табыну, сыйыну дұрыс емес» деген мақаланың авторы Оралхан Сейдманов Алматы орталық мешітінің найб иманы, Египет ислам университетінің оқытушысы болып жұмыс істейтінінен-ақ зиялы қауым өкілдердің надандығын бағалауға болады. Бізге табынсын, үлгі алсын деп жаратушымыз құранды түсірген Құранға табынуымыз яғни иман келтіруміз керек пе, керек. Олай болса Құранның сүрелерінің бәріне де ешқандай күмәнсіз иман келтіріп табынуымыз, ғибратынан үлгі алуымыз керек. Онда құранда берілген сүремен көрсетілген негізгі 8 ұлы адамдардың есіміне және Мариям анамызға табынумыз да шарт. Және құранда көрсетілген 25 пайғамбарларға неге біз өзіміздің сүйіспеншілігімізді арнағаннан Аллаға серік қосылған болып саналу керек. Бұлардың бәрінде сендерге табынатын яғни ғибрат алатын, шүкірлік қылатын мысал бар деп ашық ескертіп тұрған жоқ па аяттарында? Ал жалпы құран оқылып Аллаға мадақ айтылғаннан кейін тіптен «Бисмилламен..» басталған қандай да бір амалдың Аллаға серік қосу болып саналуы мүмкін бе? Әрине ақылмен ойлана білген қандайда бір пенденің жоқ дейтіні де сөзсіз. Мұны біліммен масһаб тұрғысында ақылсыз ойланғандар өз ақылын қазыққа байлап қойғандарынан ғана қарсылық білдіруі де сөзсіз. Сонымен қандайда бір болмысты сүю үшін сол ұнаған болмысымызға табына білу керек. Өзіңе ұнаған сипаттарын айқын ажырата білу керек. Ал осындай шала ақылымызбен таза ақыл — Құдайды сүйем деген бос қиял ғана. Құдайды өзіңдегі айқын болған сипатының дәрежесінде ғана сүйе аласың. Сондықтан мен Құдайды сүйемін дейтін болсам, өзімдегі даналықты, мендік құдайлық тазалық нұрды ғана сүйемін. Бәрібір бұл құдайға деген махаббат бола алмайды. Сондықтан құдайды көрсеткен хикметі арқылы ғана шынайы сүйе аламыз. Ал Құдайдың хикметі кімдер арқылы көрсетіледі? Періштерлердің қанатты-қанатсызын, жанды-жансызын қалай түсінеміз. Масһаб білімінде неге бұған тиянақты жауап жоқ?….