Дүние байлық болмайды,
Иманы жоқ көмеске,
Байлығың ұзақ тұрмайды,
Қорқытпа босқа жемеске.
Жындыларға мал қайғы,
Сенетін шайтан елеске.
Салып жүр құр ойбайды,
Саудасыз елге бермеске.
Біліммен тағдыр болжайды,
Құдайды алмай есепке.
Таусылар байлық болмайды,
Жаратқан өзі бермекке.
Тарихты өткен қозғайды,
Құдайдың ісін жеңбекке.
Қайталайды деп орыс ондайды,
Атасын кеткен келмеске.
Ал өзің есті болсайшы
Атаңдай текті өспекке.
Жаныңа неге қонбайды?
Даналығын Абай бермес пе?
Діншінің ісі қандайды?
Иманы бар ма өнбекке?
Құр сенім жарық болмайды
Дене боп қайта келмекке.
Хикметсіз дін болмайды,
Құдайдан жоба білмекке.
Дін ісі жол болмайды,
Шексізден ісін көрмекке.
Анттасумен тарқайды,
Діншілер түгел кеңесте.
Бірлігін ислам алмайды,
Масһабпен жынды жеңбек пе?
Қорқытып заңмен алдайды,
Айналған билік дөңбекке.
Бөлегі діннен сол қайғы,
Тажал боп ажал жеңбек пе?
Ақындар салды ойбайды,
Ары қап артта келмеске.
Білімге сөзін жалдайды,
Ойы жоқ иман ілмекке.
Шаштарын нәзік қыз жайды,
Қайғының жайын білмекке.
Көт ашқан ұят болмайды,
Ары жоқ ерге көрмекке.
Үш тілге болып оңтайлы,
Аздырған қанын ермекке.
Ұрпақты кім қорғайды?
Алты ауыз араз ер жетсе.
Етексіз қатын оңбайды,
Сананы берген өлмекке.
Туғанмен тегі болмайды,
Шара жоқ арам енбеске.
(қыркүйек 2014 жыл)
*** **