Өлетін бала құдайын жамандар  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 85

Атаған соқыр құдайын,

Ақылыңа болайын.

Қорлаған өзін мазақтап,

Өлшеумен Құдай мұнайын.

Құдайдың берген мұнайын,

Болмас елдер сұрайтын.

Нанға жағып жер ме едің,

Деп пе едің отқа жағайын?

Сатсын алсын ақшасын,

Қағазда санды қалдырсын.

Құдай нанды бермесе,

Өміріңді немен сақтарсың?

Соншама жылап қарғайтын,

Арың ба байлық қорғайтын.

Үш байлығыңды іздемей,

Намыс па дүние ойлайтын?

Арсыздық басып еліңді,

Қатыннан жерің кеміді.

Ұятсыз ұрпақ мәңгүрт боп,

Жоғалтып жатсың тегіңді.

Үлкендер басын күте алмай,

Жын суы бастан жоғалмай.

Құдайын соқыр көрмейтін,

Дәлелін ашық жүр алмай.

Күнде  ажал түрлі азаппен,

Қамысқа түскен өртпен тең

Халқың жатыр қырылып,

Аштан ба, әлде бір себептен?

Ал толсын қалтаң ақшаға,

Жарай ма жанға саудаға?

Мұнаймен, алтын, күміспен,

Үш байлық елге бола ма?

(қазан 2014)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *