Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}
Бұл бір іс ойланатын замандастың,
Даналардың қалдырған ғибратын.
Партиядан бар жамандық елге деген,
Оқысаң Абай-Шәкәрімдер насихатын.
Бүгінгі қазақта көп жақсылардың,
Іс басында жүргендер бар басшылардың.
Сөздерін саясатпен, өзара сындарын,
Алған, берген, ішті-жеді, дүниесін санағанын.
Халық үшін жан пида деп жеп айтады,
Хайырлы ел құрмақ негізгі мақсаттары.
Халықта кедей көп, жұмыс жоқ деп,
Таратса деп қазынадан кедейлік жоғалады.
Осылай халықты да масыл қылмақ,
Жалқауға, өнерсізге болмақ ұнамдырақ.
«Оппозиция» жасасын деп ұран салып,
Қолдамай жомарттарды кім қарсы тұрмақ.
Көрші қырғыз дейді намысты ел болғанды,
Үш рет билік түгел күшпенен ауысқанды.
Халық мұндай арсыздықтан пайда көріп,
Әлемде қандай бедел, абырой аты қалды?
Намысты ел жындысы көп рас болғанды,
Украина да ел билікті қолға алды.
Халдерін бұқара халық барған білер,
Кедейлік бұл елдерде ойран салды.
Ғылым, білім, өнерсіз байлық бар ма?
Адал еңбекпен жер өңдемей дәулет қайда?
Көктен түсіріп, жерден қазына өндіретін,
Партия, оппозиция құдайдай бола ала ма?
Бар қуаттың себебі құдай өзі емес пе?
Ел байлығы құдайдан түскен сын емес пе?
Сырты адам, іші хайуан қайдан білсін,
Заңмен байлық өндірмек жынды емес пе?
Егемен ел болдық түрлі заң шығарып,
Тыйым да жоқ іс қылғанға ақыл тауып.
Кедей болсаң өнер іздеп оқығаның,
Жер өңде, малыңды өсір, бар ғой жарлық.
Біреулер жапа шегер кедейліктен,
Құдайым сынап ұрпағына байлық берген.
Бүгінгі іс басында бай және ел басқарғандар,
Қайсысы кедейліктен жапа шекпей жетті екен?
Кейбіреуге байлықты берген сынақ салған,
Тұқымы өспей баласы болса бәле қуған.
Не пайда еңбексіз құр елге масылдықтан,
Артының хайыры да болмай тегің азған.
Құдайдың әлемге белгісі түсіп жатыр,
Оппозиция ел билікке қарсы болып жатыр.
Есі жоқ надан ғана ғибрат алмасты,
Талай ел қайғы мен қанды бекер жұтты ақыр.
Үйренгенмен жер әлемнің бар ғылымын,
Ел билік меңгере алмай дін ілімін.
Шарттарын исламның өздері орындамай,
Пайда бермес үлгісі болмай дәстүріңнің.
«Оппозиция» дұрыс сөз айта ала ма кісі сенер,
Надандар тажалдықтыққа мұндай ерер.
Ой мен тілдің арасын қоса алмай басшылары,
Не кісілік иманнан жоқ үлгісі соңынан ертер.
Кеудеңде отың болса Алла жаққан,
Жалғандыққа илана алмас иман баққан.
Ақылы-дария, көзі — өткір, көңілі-шебер,
Ел билеуге лайық болар мұндай Адам!
Тажал ол шақырған елді бұзықтыққа,
Ағайынның арасына от салған қызғанышқа.
Дүние үшін кек алған ғұрпыңда жоқ,
Жамандықты көбейтер нанба арсыздыққа.
Өзі білмей білгеннің көп тілін алмайтын,
Аруағын да және Бір Құдайын танымайтын.
Дау десе арқасы қозған жындылар көп,
«Оппозиция» -тажалдық аюдай адам аулайтын.
(ақпан 2014 жыл)