Кешегі орамал,
Бүгін шұлғау.
Кешегі дін амал,
Ғапыл боп қалды -ау.
Сөздерің анау,
Ісің тұр мынау.
Жайдары жан-ау,
Естелік боп қалды -ау.
Қол-аруақ қашып
Жан кетсе азып,
Құр түрден не пайда,
Тірілей шіріп,
Шайтаның күліп,
Жын тұр ғой мініп.
Ойнас боп жынмен,
Ұйқыда түнмен.
Тағдырмен ойнап,
Құдайды алдап
Құрысын тұрысың,
Күнәнің құлысың!