Байтасов Т.К. жеке блогы
«Тіл дұрыс болмаса жүрек түзелмейді. Ал жүрек дұрыс болмаса-иман дұрыс болмайды.» (хадистен)
«Жеберейіл періште Мұхаммед пайғамбарымызбен сұқбаттасып отырған еді. Бір кезде көктен бір періште түсті. Жәбірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айты. Періште; Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен; «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?,-деп сұрап жатыр,-деді.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
«Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет)
Қазіргі Масһаб білімінде қазақ дәстүрін және аруақтық білімді айқындайтын жүздеген пайғамбар өсиеттерін және құран аяттарын дін ғалымдары мүлде болмағандай айналып өтіп өздерінің ой жоруларын тықпалаудан халықтың ақылын қазыққа байлаумен ғана айналысады десек қате емес. Иман мен сенім ерекшелігін, өлшемін білетін бірде-бір масһаһшы имамды, дін ғалымын немесе осы тұрғыда жазылған еңбектер де жоқ. Ал пайғамбарлық пен елшіліктің сырын оны қандай жағдайда қандай амалдармен меңгеруге болады деген сұраққа да жауап жоқ. Сондықтан Пайғамбарлық 46-қасиет дегеніміз қандай сипатта деген сауалды Раббымызға қоюмен, әулие, даналар аруақтарынан келген жауапты көкірегі ояу азаматтарға таныстыра кетейік;
Тектілік Табынушы Естілік Ілімдік Ізгілік Сабырлық Тақуалық Аян алу Көктен көру Жерде жүздесу Болжау Тәндік белгі 7 хикмет алу 7 саусақ өнері 7 бой белгі 7 жұлдызды белгі 7 із белгісін алу Емшілік Қаралық Ақиретте болу Бөз ілу (кию) Зейнет киімі Ақ алғыс (Әулиелер батасы) Уағыз (ілімділік) Өсімдікпен үндесу (Шипагерлік) Оң білек, сол білек теңесуі Аласалық (асқақтық, тәккапарлықты жеңу) төмен бола білу Бақсылық. (Ағаш отырғызу) Аз жеу, оразамен жүру Аз сөзділік (мейірімділік) Белдікті, кебісті, тізелі болу Құс қанатыменен жалғану (Мақам алу) Мәңгілік жан Сәжделі болу Құштарлық (ғашықтық) Жұмбақтылық (құпия сырлар) Сүйіншілеу (ұжамақтық болу, жаннатпен сүйіншілену) Ақ бастау (табысу) Естуші (уахи алу) 7;9;13; сатыны меңгеру Мүмін болу, елшілік (хабаршы болу) Қайсарлық, қажырлық Қыдырлы береке (өткен жер) 40 өнер иесі Сапарлы (жер бетін кезу) Қылышты (найзалы, алақан қуаты) 17-ші сатылық кезеңнен өту