ПАЙҒАМБАРҒА БАҒЫНБАЙ ТҰРЫП АМАНДЫҚҚА ЖЕТУ МҮМКІН ЕМЕС

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 115


Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де.
Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді. -3:31-32
Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер. -24:56
“Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын.
Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.” -72:23
Барлық пайғамбарлар бірдей жолдау әкелді:
«БІР ҚҰДАЙҒА СИЫНЫҢДАР ДА ҚЫЗМЕТ ЕТІҢДЕР!».
Пайғамбарларға бағынбау сенбеушілік пен пұтқа табынушылыққа апарады.

ПАЙҒАМБАРЛАР ҚҰДАЙШЫЛ ЖОЛДАУ ӘКЕЛГЕНДЕ,
олар өз аттарынан ештеңе қоспайды/айтпайды
Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады.
Соның айтқандарын тыңдаңдар!
Таурат, Заңды қайталау, 18:15
Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады.
Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын.
Таурат, Заңды қайталау, 18:18-19
Менің Әкеммен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екенімізге сенбейсің бе? Сендерге айтып жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол сияқты Менімен тығыз байланыстағы Әкем Өзінің істерін де Мен арқылы істеп жатыр.
Інжіл, Жохан жазған Ізгі хабар, 14:10

Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді. Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашақта не болатынын сендерге хабарлайды.

Құдай Рухы Менің ұлылығымды көрсетеді, себебі Ол Менен қабылдаған хабарларды сендерге жеткізбек.
Інжіл, Жохан жазған Ізгі хабар, 16:13-14
Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады. Ал және кім бет бұрса, оларға сені аңдушы етіп жібермедік. -4:80
және…
Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. -53:3-4

МҰХАММЕД ҚҰДАЙДАН ТЕК ҚҰРАНДЫ ҒАНА АЛДЫ
Саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.
Олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе және саған Алла түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз Алла оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында адамдардың көбі бұзық.
Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздей ме? Анық нанған ел үшін Алладан жақсы үкім беруші кім?
-5:48-50

МҰХАММЕДКЕ ҚҰРАННАН ТЫС ДІНИ ҮКІМ ШЫҒАРУ ТИЫМ САЛЫНҒАН ЕДІ
Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі.
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.
Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген.
Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса;
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік;
Сосын оның күре тамырын кесер едік.
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. -69:40-47
Осы анық аяттар, пайғамбарға Құраннан тыс үкімдерді шығаруға тиым салынғандығыны білдіреді. Аудармаларда ішінара жеткізілетін, арап тілінің тереңдігі мен айбралығы, пайғамбардың жалғыз міндетінің Құранды ЖЕТКІЗУ екендігіне ешқандай күмән қалдырмайды, күллі Құранды һәм Құраннан басқа ештеңені.

МҰХАММЕДКЕ ҚҰРАННАН АУЫТҚЫП КЕТПЕУ ӘМІР ЕТІЛГЕН. АУЫТҚЫП КЕТУ ҚАТАЛ ЖАЗАНЫ ТАЛАП ЕТЕДІ.
Олар сені, саған уахи еткенімізден басқа нәрсені, бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар, сені дос тұтады.
Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің.
Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе, бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің. -17:73-75
Пайғамбардың өнегесі Құранмен шектелген құдайшыл уахиды ұстану болып табылады. (5:48-50)
Құраннан(17:74) сәл ғана болсын ауытқу қатаң жазаны талап етеді.
МҰХАММЕДКЕ ТЕК ҚҰРАНДЫ ҒАНА ЖЕТКІЗУ ӘМІР ЕТІЛГЕН
ешқандай бұрмалаусыз және өздігінен ештеңе еңгізбей.
Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!»,- деді. Сен: «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын» де.
Сен: «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де.
Ал енді Аллаға бір өтірік жала жапсырған не аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Шынында күнәкарлар құтылмайды.
Олар, Алладан өзге, өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге шоқынып: «Оларды, Алланың қасында шапағатшымыз» дейді. Сен: «Сендер Аллаға, көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бересіңдер ме?»,- де. Алла, олардың қосқан серіктерінен пәк, жоғары. -10:15-18

****  **

ЖАЛҒЫЗ ҚҰДАЙ-ЖАЛҒЫЗ ҚАЙНАР
Біздің Құдіретті Жаратушымыз ТЕК ҚАНА ҚҰРАННЫҢ ҒАНА діни ілімнің ЖАЛҒЫЗ ҚАЙНАРЫ болуы керектігін әмір етеді.
Сондай ақ, діни нұсқау ретінде Құраннан БАСҚА ҚАЙНАРЛАРДЫ ҚАБЫДЛАУ Алладан БАСҚА ҚҰДАЙЛАРДЫ қабылдаумен тең болады: «Куәлік тұрғысынан қай нәрсе үлкен?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Алла куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды қорқытуым үшін уахи етілді; Сендер Алламен бірге басқа тәңірлер барлығына айғақ бола аласыңдар ма?»,- де. «Мен куәлік бере алмаймын! Шынайы түрде Ол, жалғыз тәңір. Күдіксіз мен сендердің қосқан ортақтарыңнан аулақпын» де. -6:19
Осы терең мағыналы аят, иман келтіргендерді ҚҰРАННАН ТЫС ҚАЙНАРЛАРДЫҢ артынан еруден сақтандырып, бұны пұтқа табынушылықпен теңейді.
Бізге тек Құранды ғана ұстануды қатал түрде өсиет етеді. Тек қана Құран, Құраннан басқа еш нәрсе.
Бізге Құранды ДІНИ НҰСҚАУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҚАЙНАРЫ ретінде қабылдауымызды қайта-қайта әмір етеді.
ҚҰРАННАН ТЫС ТҮРЛІ ҚАЙНАРЛАРҒА ЖҮГІНУДІҢ ПҰТҚА ТАБЫНШЫЛЫҚПЕН ТЕҢ болғанын қайта-қайта есімізге түсіреді.
17нші сүренің 22-38інші аяттары бізге Алланың ең маңызды өсиеттерін хабарлайды. Бұл аяттардан кейін біз бірден мына аятты көреміз: Міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың.-17:39
ҚҰРАН-ҒАЖАЙЫП КІТАП
Неліктен хадис пен сүннетке ерушілер бір мәнді мәлімделерге қарамастан ҚҰРАННЫҢ БІРДЕН-БІРЛІГІ МЕН ЖЕТКІЛІКТІЛІГІНІ қабылдамайды?
Бұның жауабын сол сүреде табамыз. 17 нші сүренің 45-46ншы аяттарында, Құдайға және ахирет күніне иман келтірмейтіндер ЖАЛҒЫЗ Құранды ғана ұстанудан бас тартады, сондықтан олар Құдай тарапынан Құраннан әдейі алыстатылады:
Сен қашан Құран оқысаң сенімен ақыретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз.Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Раббыңды жалғыз Құранда ғана еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді. -17:45-46

БАСҚА СӨЗ ҚАЖЕТ ПЕ?
ҚҰДАЙҒА СЕНІМ БІЛДІРЕСІҢДЕР МЕ?
Құдай, Құран ТОЛЫҚ, КӘМІЛ әрі КЕРЕКТІ БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕНІ ҚАМТИДЫ дейді, және де біз басқа қайнарларға жөнелмеуіміз тиіс:
Жазуда еш нәрседен кенде етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады.Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар, саңырау, сақау қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа оны тура жолға салады. -6:38-39
Сен: «Ол, сендерге егжей-тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Алладан басқа би іздейін бе?»,- де. Және сондай Кітап бергендеріміз, оның Раббың тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі. Ендеше, әсте күдіктенушілерден болма. -6:114
Раббыңның сөзі шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші. -6:115

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *