ҚАБЫЛ БОЛМАЙТЫН АМАЛ

Бөлім: Дәстүрлік ғибраттар 98

Сахабаларымен отырған Мұхаммед пайғамбарымыз  бірде қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.
«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла тағала қабылдамайды».
Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа : – Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.
Сонда Пайғамбарымыз оған: – Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза да ұстайды, намаз да оқиды. Алайда, бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *