Қайнар көзі өмірдің

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 126

Адалдық пен арлылық
Қайнар көзі өмірдің.
Талап пенен ұждандық,

Бастауы тегі еліңнің.

Көп наданның сөзіне
Ере берсең жындысың.
Пәк көңілді тізгінге
Сала берсең өкіндің.

Сала құлаш тілге де
Ере бермей көнбіс боп,
Көптің тілеп тілеуін
Қадымды біл, Адам боп.

Ғылымның нұры көгіңнен,
Ұшқын боп енсе ақылға,
Қараңғылықтан өзіңді
Алып шығар жарыққа.

Сән-салтанат мән емес,
Қызығатын жол емес,
Адамшылық арыңды

Ағартатын нұр емес.

Қажетіңді өтейтін,

Азығы жанның өлмейтін.

Сөз әскерін өсірсең,

Өмірің мәнді сөнбейсің.

Жылмаңның да күні емес,

Пәнмен өмір сүрдірмек.

Құдай ісін жобадан,

Өмірден тағдыр жөндемек.

Үш рәуішті күн демек,

Үш күндік өмір білдірмек.

Жастық, қарттық, ортасын

Ең маңызды күн сүрмек.

Бес күндігің үн білмек,

Өнер-білім меңгермек.

Жалғаны көп өмірде,

Алты ақылды өсірмек!

Ақыл алты, жеті ой демек,

Бойдан бақша өсірмек.

Адамдық армен қорғалар,

Жарықтан киім түр бермек.

Алты ай, он күн сүрмек,

Адамзат жанды көбейтпек.

Бір күндік ризық ала алмай,

Босқа өткен өмір құр дүрмек.

Көріп, естіп киінбек,

Зейнетің өмір бейнелеп.

Алла өзі баураған,

Өлмейтін өмір кебенек!

(Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *