Асықты көңіл дүниеге,
Ниетті беріп әрнеге.
Қызығын жалған аңсайды,
Байланып білім, сезімге.
Қайта айналып келместей,
Болашаққа көз жетпей.
Тірлікте боқты қармайды,
Үмітсіз шайтан өлместей.
Тәнің нәпсі қалауын,
Заманаға лайық болғаның.
Біреулер жөн деп ақталған,
Арасын білмей жалғауын.
Жан не, тән не, нәпсі не,
Үшеуіне болар кім ие?
Қайсысы досың, қайсы жау?
Адамдық сыры тұр неде?
Үш кісі сыбдыр үніне,
Жөн көретін түсіне.
Қай қуат үшті матаған?
Бағындырар киеге?
Денеге керек тән рахат,
Нәпсіге жанды байламақ.
Жанға керек бұл емес,
Қараңғы мұндай тар қапас.
Жан жарықты сұрайды,
Іздетпей оны тұрмайды.
Жүрек байғұс тыншымай,
Бірде жәй, қатты тулайды.
Ырқына жанның тән көнбей,
Жүректің үнін сездірмей.
Нәпсімен тәнді арбаған,
Қараға тартып төмендей.
Қара ойдың құрсауы,
Тері азғаннан болмағы.
Жала боп сасық иіспен,
Шекпен боп бойды жабады.
Әуретті жерлер араммен,
Қараға сезім жалғаумен.
Парықсыздық ниеттен,
Тазасынып өзін ақтаумен.
Дұрыс пен бұрыс арасы,
Ниетпен көңіл таласы.
Бет терісі қалыңдар,
Ар-ұяттан болмай хабары.
Тілінде болмас тиегі,
Білімде артық білгені.
Арам терін шығармас,
Қарсылықпен дінге сөздері.
Шенді менен шекпенді,
Нұрынан Құдай дәмелі.
Отырған таққа жармасып,
Ақшамен байлық сенгені.
Артық көрсең дүниені,
Тірлікке деп осы керегі.
Жан тіріліп көбеймес,
Ғылымсыз хайуан демегі!
Жейсіңдер табан, төбемен,
Аятын Алла түсірген.
Жер мен көкке жалғанған,
Ойпатынан жерді кезумен.
Араммен ерін былғаған,
Сасық иіс бауралған.
Жан азығын ала ма?
Бас, аяқ болмай ақталған?
Ішкі сарай тарылған,
Аманат, мирас қалдырсаң.
Өзге елдің алсаң салттарын,
Нәсілің енер қарсыдан.
Қыр соңынан қалмайтын,
Күнәң бар пенде жалғайтын.
Беттің жүзін күйдіріп,
Қара бет қылар нанбайтын.
Жылуың кетіп жанардан,
Нұрың тілмен ұрланған.
Қиқымдалып асыл сөз,
Салғыртық мінез енжардан.
Қорқыныш салып қайғыртып,
Сары уайымға салдыртып.
Іш, бауырға еніп тереңдеп,
Қатайып діл, қан аздырып.
Қасиет тегі қарсылық,
Кісілігі тұрса артылып.
Ата-баба тегімен,
Мақтан десін дер артық!
Адамдық артық ғылыммен,
Тектілік, қасиет өндірген.
Алты жанды көбейтіп,
Төрт рұқ, анасы түгелден!
Әр істің болмақ ақыры,
Есебімен кітап тағдыры.
Ажалсыз жерде жанды жоқ,
Тұз, дәмің бітер қай күні?
Басы да соңы өлімнен,
Жарықпен, түнек түрленген.
Екі қол ісің, қылығың,
Нәсіл боп шығар жеріңнен.
(Наурыз 2019 жыл)
**** ****