Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE
Әрбір сөздің өз ұғымдары мен оның қуаттық шамасы белгілі бір сандық, үндік өлшемі және пайдалану орнына қарай адамзат санасына беретін әсері де бар. Сондықтан мұндай атау сөздерді жақсылықты да жамандықты да бейнелеуге әрбір пенденің өз ықтиярына беріп қойған. Бірақ адамзаттың түсіну қабілеті де әр түрлі болып біреулер жақсылықты жамандықтай, керісінше жамандықты жақсылықтай қабылдаса, ал кейбіріміз мұны мүлде түсіне де алмаймыз. Сонымен «Шайтандық»- деген ұғым қандайда бір жақсылықты керісінше жамандық деп қабылдап, орындап, ал жамандықты әдемі, көркем, пайдалы деп түсініп солай амал қылғандарды шайтан деп, ал осындай пенделер тобын «шайтан жамағаты» деп атайды. Ал тажал деп мұндай әрекеттерді білімге айналдырып адамзаттың тұрмысына терең сіңіруге тырысатын өзін адамдар арасында дана, ғұлама, парасатты, елге тұлға жанашыр қылып көрсете білумен осы атақ-дәрежесі, қоғамдағы орны, беделі арқылы осындай білімді дәріптейтін қандай да бір адамдарды мейлі ел басқарушы, дін басқарушы, жазушы, ақын, тілші, т.б. ақпараттық саясатты жүргізушілерді атайды.
Енді нақты мысалдармен дәлелдер келтіре кетсек. Осы сайт бетінде менің өз басым латын тілін, тегіңді қазақшала «Ов» деген құдайдың заманаға қарай түсірген біліміне қарсы болып, оны керісінше сатқындық деген және қазақ руханиятын кері тартып жатқандар мен барлық заман білімін, тағдыр істерін де дүниемен бағалаған, ата дәстүріне қайшы әрекеттерді дәріптеген, арсыз, жалаңаш ұятсыздықтарды қалыпты деген және жастардың, әйелдердің, ерлердің, үлкендердің жағасынан алып ақылын тықпалап жүргендермен қарама-қарсы түрлі пікірлермен қарсылық білдіріп аяғы ұрысқа бергісіз сөздермен аяқталып жатқаны жиі кездеседі. Мұны мен кейде тілі ұзын, жан-жағын жалмап кез-келгеннің алдын кесіп өзін, ұрпағын, тұқымын жоюға, шайтанға сезімдік ақылға ерік беріп жүргендерді арандатып аруағына жалғануға мүмкіндік беріп арты аруағының яғни рухани күзетшісінің түрлі жағдайда ескертуімен аяқталуы да сөзсіз.
Енді бар шатақ осыдан басталып, осындай пенделер мені қарғады сондықтан мен жамандыққа түсіп компьютерім сынды немесе бір құнды затым жоғалды дегендей сөздер айтып немесе қайта жоламауға тырысып, менің байланыс дерек көздерімді өшіріп әлекке түсіп жатқаны да көпшілік. Ал егер мен осындай тұрғыда пенделердің өміріне араласып зиян тигізе алсам, яғни солай деп ойлаудан онда мен тәңір болып шығамын да, ал бұндай жағдайда пендеден жалған тәңірлік жасауды шайтандық деп атап құдайдың еркін кез-келген пендесін киеге айналдырып әсер ету құдыретін, хикметін жалғанға шығарып дінге де қарсылық білдіру болып табылады. Керісінше жаратылыс сырына бұл құдайдың берген белгісінен тәлім алып, жамандықтан тиылып, тағдырын түзеуге берген құдайдың нығметі менімен осындай біреуді себепші қылып тілдескені деп қабылдап шүкірлік қылу керек те еді. Бірақ сезімдік ақылға, яғни шайтанға ерік бергендер мұны ойлауы ақылдың аңғарымпаздығын, иманын жетілдіруді ойлай ма? Әрине жоқ, иманды қайдан алсын?
Сол сияқты қазақтың дәстүрі бойынша киеге жалғанумен жұртты жақсылыққа шақырып жамандықтан сақтандыруды құранда ескертуші атап, әрбір тақуалыққа, зиялы, парасатты, даналыққа жеткен адам баласына тән пайғамбарлық қасиеттің бірі болып осы тұрғыда Мағжан атамыз; «Мен пайғамбармын» деп пайғамбарлар өсиетін жалғастырушы екенін ашық өлеңмен жариялапты. Ал енді осындай діннің, пайғамбардың, елшілердің істеріне жалғанып, кейбір қасиеттерін меңгерген кісілер мұны ашық айтып жүргендері де бар. Мұны қазақта бақсылық деп те атаған. Осындай жағдайда тағы да шайтанға айналғандар бұл өзін «Пайғамбар, елші» атады енді мұнан маған зиян немесе қазақ елі зардап шегетін болды, құдай бәрімізді жазалайды деген үрейді тудырып жүргендер негізінен тажалдар болып саналады. Мейлі пенде не десе о десін, бірақ оны пайғамбарлық дәрежеге көтеретін де құдай емес пе? Әлде құдайдың ұлықсатынсыз ондайлар Мұхаммед пайғамбарымыздын орнын ауыстыра ала ма?
Енді жақсылық болу үшін де әуелі адамды азғырып жүрген, еріп жүрген, артына ерген «тіл көз» шайтанына оның ой, сөз болып бейнеленуіне «Лағнет» деп жамандықты қашықтатқан, сөз жүзінде ит құсатып аластап қуған да қазақтың дәстүрі болып; «Жаманды айтып әшкере қылмай жақсылық болмас» деп ескерткен де. Осы тұрғыда жамандығын бетіне басып зұлымдығын лағнет дегені маған жаныма бағытталған қарғыс деп түсінетін де шайтанға айналып ақылдың аңғарымпаздығы жетілмей, сезімнің ырқына берілген осы сайттың ішіндегі ақылшылардың басым бөлігі болып, олардың жазған сезіммен құр ой жорумен берген пәтуалары да айғақ болып тұр есті адамға. Ал кейбір пенделердің осындай сұқбаттан кейін сынақтарға түсуі де ол қалыпты жағдай. Себебі қандай да бір болатын жамандықты құранда; «Сендерге бастарыңа жамандық келсе оны ешкімнен көрмеңдер, оны өзімнің қол екі істегенімнен көріңдер» деген үкім бар. Ал қол екі іс дегеніміз; Бірі- сөз, басқа бәле тілден, екіншісі- қылық дәстүрден, ардан аттаудан пайда болады. Сондықтан; «Мұнафықтарды жылына бір немесе екі рет сынасам да сонда да түсінбей ме?» деген аятпен әрбір адам баласы осындай екі жүзділігіне жылына екі рет сынаққа түсетінін ашық білдірген Раббымыз. Ал ол үшін де пенделерді түрлі жағдайда, дәрежеде себепші қылған бір-біріне. Яғни ата жолын, дәстүрін, әдет-ғұрпын үйретіп, әйелдің ер алдында оза шығып сүйреңдеп ақыл айтуы, жастардың үлкендерді мейлі қандай болса да сыйламай алдын кесіп жағасынан алуға да, «Үлкен отырып кіші сөйлегеннен без, еркек отырып әйел сөйлегеннен без ..» дегендей көптеген нақылдармен осындай жаза беріліп отыратыны қазақ дәстүрінде сақтану шараларының бәрін де толық әдетке, салтқа айналдыра білген. Енді адамзат ойлап тапқан заңның бәрін толық білмеу күнә емес, ал ата-аналардың қалдырған аманатын біліп қана орындамаудың өзі күнәні, екіжүзділікті, шайтандық, тажалдық әрекеттерді туындатады.
Осы тұрғыда енді намаз оқысаң мешіттен шықпай «намазхан» аталсаң кісіге айналып құдайдың жақын досы боласың деген де ақымақтық және тажалдық. Мешіт пен намазды, барлық жаратылыс егелерін де, періштелерді де адам игілігіне қызмет үшін және адам арқылы ғана құдай өзінің еркін білдіру үшін жаратты да, ал мешітті де намазды да қандай жағдайда киеге айналдыру ол құдайдың ғана өз ісі. Сонымен бірге барлық адамзатқа да кие болып намаз оқып, мешітке барсаң болды керемет болып кетесің деген де дінсіздік және тажалдық білім болмақ. Сондықтан мұндай пәтуамен мешітке, намаз оқуға бола жаралдың деген де тажалдық ұғым пайда болады. Керісінше тақуа құлдары арқылы мешітті де, намаздың да қандай жағдайда киеге айналатынына оларды қорғауға да адамды себеп қылған. Құранда мешіттерді де киелі қылуға, қорғауға ғалымдар мен сопыларға міндеттеген. Сондықтан да пайғамбарымызға; «Ол мешітте намаз оқыма, негізінен тақуалыққа бейім мешіт саған дұрыс» деп ескерткен де. Енді қазақтың дін ұстанымында жақсылыққа, ізгілікке, даналыққа табынудың орнына мешітке, намазға тәңірдей табынып және ел биліктің ойлап шығарған заңдары да құтқарушымызға айналып, ақша мен дүниенің маңызы бәрінен үстем «тәңірдей» болып, осындай да түрлі жалған тәңірлердің пайда болуымен қазақ елінің ойлау жүйесі істен шығып жастарымыз мәңгүртке айналып жатқаны да хақ. Бұл жағдай нені білдіреді?
Қазақ философиясында да, масһаб білімінде де ақылды оңды-солды беруге машықтанғанмен ақыл туралы білім де, ой да жоқ. Ақылдың алғашқы сатысы сезімдік ақылды тек оның аңғарымпаздығы арқылы ғана яғни иманды, құпия білімді меңгеру арқылы ғана қаракеттік ақылды «интеллекттік» дәрежелерін толық меңгеруге, сосын ілім, білім ортасы болған танымдық ақылды меңгеруге, танымдық ақылдың да түрлі дәрежесін имандылық тұрғысында меңгеріп барып даналыққа яғни жанды ақылды меңгерудің шарттарын мүлде қазіргі білімді қоғам өкілдерінің басшылары да, философ, психолог, теолог ғалымдар да білмейді. Сондықтан қазақта ең дана дегеннің өзі танымдық ақылдан, логикалық пайымдаудан аса алмай оны кез келген жас та, қатын да меңгеріп енді кім ақылды, кім ақымақ айырудан қалып зұлымдыққа түскен елміз. Оның көрінісі көшеде жүрген кез-келген пенде ел билеудің жайын үйретіп оның ақылдарын керемет деп күнде дәріптейтін көшеден қырыққа толмаған жастардан, өз басын алып жүре алмай жүрген қатындардан ақыл іздеген ақпараттық қоғамның жағдайы паш етіп тұрғаны да хақ.