Қыздарды көріп бүгінгі,
Арланбай тұрмас есті адам.
Болашағын болжап ертеңгі,
Құдайдан талай сұрағам.
Түрткілеп ұятты жүректі,
Қадірін біліп дәстүрдің.
Ақ жаулық байлап басына,
Жапса деп төмен етекті.
Қарасаң көзді ұялтқан,
Жалаңаш тәні сұқталған.
Қыздарды мен аяймын,
Құтқарсам деп тозақтан.
Бала деген көшірме,
Дәстүр мен салтыңның
Ата-ана алған есіне
Адамдық ар парқының.
Бүгінгі дертті балаң көп,
Сырты — сұлу, іші — боқ.
Қаны әлсіздің — ары әлсіз,
Ұяттан мүлде қуат жоқ.
Ерлерден сана жоғалып,
Қаны, етінде тазалық
Әйелден алар тұзы жоқ,
Ит ауру тұр бел алып.
Әйелде баста сөзі жоқ,
Желге ұшып тұр иіс боп.
Ұлттың ділі өне алмай,
Тегің азды, нәсіл жоқ.
Жаулық түгіл етек жоқ,
Қыздарың жүр жынды боп.
Жынымен ердің араз боп,
Құлаған отау болмай шоқ.
Ел түземек біліммен,
Ақылың артта жүрумен.
Ойшылдық өліп қазақта,
Түсінік өлген ілімнен.
Білімді көп меңгерген,
Ұлтшылдықты жөн көрген.
Ескі кегін ұмытпай,
Ызақорлық жын деген.
Кешірме деп бұрынғы,
Сынағын атаң біз білген.
Қайталайды мұны деп,
Ел де үркіп дүрліккен.
Құдайдың ісін танытпай,
Кітабын тағдыр оқымай.
Билік айтқан тажалдар,
«Оппозиция» болғандар.
Жын-шайтанға айналған,
Біліміне мас болған.
Ел биледі тажалдар,
Дәстүріне бабаң қас болған.
(Сәуір 2014)
**** ***