Қазаққа жібі түзу ерлер керек

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 146

Даналар көп қазақта кітап көрген,

Сөз тағлымын, астарын жетік білген.

Құранда бұл сырдың да аяты бар,

Алланың бір-бір жібіне жабыс деген.

Кітап берілген деген де ұғымда бар,

Сөз сырын санмен білген данышпандар.

Дінде мүмін, тақуалық сұхбат қылған,

Пайғамбарлық қасиеттің шыңы да бар.

Елшілік деген киелі сөз ұғымдар бар,

Белгісі әрбір пенденің жанында бар.

Әрі елші, әрі пайғамбар боп расул өткен,

Көрсеткен иманның өз өлшемі шыны да бар.

Құранның кітабы да жетімен басталады,

Ішкі сыры жеті үн кітабымен ашылады.

Қолыңда бес саусақпен қимыл бастап,

Тұтас қол жеті мүшемен ғана қосылады.

Тура жол жеті жолдан қосылады,

Жеті  ғылымның сыры осылай ашылады.

Жұбымен және аралық пары болып,

Үш жетімен  Алла бізге қозғау салды.

Құраннан ғылым болған мағрипатқа,

Жалғанған талай дана ақиқатқа.

Үш жеті бірлігінен жазып кітап,

Ғибаратын қалдырған бізге аманатқа.

Алғашқы болып игі жақсы ел биліктен,

Ел басы алғашқылардан  болды көрген.

777 санды бізге құлшылық керек деді,

Ата жол ақиқат кітабын болды көрген.

Үш жеті жұбы оның жиырма бір сан,

Айша ана ақ туымен ашылған ол құран.

Ақ ұлдың ұран салып ақ жол атап,

Тура жол «Әнбия» мен, жұлдызды сан.

Қазақта дәстүр еді хандар жүрген,

Сөзбенен уәзірлерді сынап білген.

Жәңірхан екі сөзбен қырық уәзірін,

Шеше алмаса өлтірмекке жаза берген.

Табыңдар деп уәзірлерге қырық күн беріп,

Жиренше балада іздеп еді елді кезіп,

Құтқарып қырық уәзірді бұл сынақтан,

Қарашаштай анамыздан алған біліп.

Діл білімі алты алаштан үлгі мақтан,

Шешімін сөз құпиясын болса тапқан.

Уәзір деп хан жанынын беріп атақ,

Ханда болар қырық ақыл деп мақал айтқан.

Ел басына тылсымнан түсті үкім,

Екі күнін елге қайтар деп беріп шешім.

Болмаса игі жақсы биліктіде жазалайтын,

Түзетуге бір жылдай  Құдайым берді кесім.

Сынынын Құдай халқым бірге шығу керек,

Ел тағдыры ел басынан емес бөлек.

Таразысы қияметің жеті жыл тартылғанды.

Тажалдар ашық белгі Құдай ісін қылмас керек.

Сөз астарын шешетін саналы ерлер керек,

Жібі түзу кітап көрген ғылымы болу керек.

Санменен құран аят көмесін көре білген,

Философ,  ғалым, абыз болған ерлер керек.

Япырмау тажалдар өзі қандай десең,

31-теларнасынан шықты бір шешен.

Сөздің осындай шынын айтсам деген,

Құпиясын емшілік сырды болды тізген.

Пайғамбар мен елшіліктің мәнін білмей,

Шатасып құранды, хадис көзіне ілмей,

Құл қожа Ахмет Сұлтан салған ата жолын,

Зиядиндей тажалға өлшетті ішін көрмей.

Діндердің амалдары болсын қандай жақсы,

Шегін білмей артық кетсең пайдасы азды.

Жаманын көріп жақсылықты елмейтін,

Ел билік  шайтандық әдетті қайдан тапты?

Айтарым халқыма бұл сөздер емес еді,

Елші дегеннің бәрі пайғамбар емес еді.

Екі сөздің құпиясын аят мәнін білмегендер,

Қалайша өзін иманды, білімдімен тең деседі?

Пайғамбарлық қасиетің 46-дай белгісі бар,

Расулден қалған насихат хадисы бар.

Елшіліктің сипаттары жиырма төртпен,

Әулие-әмби, қожа-насырлық үлгісі бар.

Ел билік игі жақсы, тілшімен жазушылар,

Ата жолын, әулиелер жамандауға болды құмар.

Халыққа он түрлі апат, азап, сынақ түссе,

Тоғызы да тажалдық пенделікпен тілден тұрар.

Ата жолың неге зияртаумен өлшенгенді?

Миллион жаман бір әулиемен қалай теңдеседі?

Сырын білмей, нәпсімен соғысу Алла жолын,

Тажалдар ата жол- баю жолы деп кесімдеді.

Ел жақсы билік сонша мәңгүт болдың,

Ұмыттың қайдан тудың, қалай болдың.

Бергені құдайдың жерден, көктен жетпегендей,

Елдің кірі, мұрынның боғына құмар болдың?

Боқ дүнині батасынан әулиенің артық көрдің,

Хайыр жасама деп халыққа тиым бердің.

Ата жол әдет-ғұрпың, салтың дәстүр

Зертемей құранмен жалғанған жібін үздің.

Бұл сырды шешетін жібі түзу бір ер керек,

Құранмен насихатын халыққа беру керек.

Ондай ерді мейлі уәзір, абыз атақ болсын,

Дін басшыларға бас кеңесші қылу керек.

Имамдарға екі сөзді меңгеру тағы керек,

Құрамен кітап айырмасын міндетті білу керек,

Иман, сенім  айырмасын сөз қуатын шешіп берсе,

Имамдық дәрежемен құрметпен сыйлау керек.

Рух пен жаның айырмасын да шешу керек,

Ғалымдарға бұл жұмбақты қойу керек.

Ер табылып бұл сөздің сырын білсе,

Акедмик, абыздық сый сипат беру керек.

Психолог жан емшілеріне айту керек,

Шәкәрімдей әулие сопыдан қалған дерек.

Тән мен жанның некесінен ұждан туып,

Санайтын қаның және деген орны жүрек.

Бұл ділдің білімін бастан енді іздеме деп,

Ой ақылға, ал сана сезімдерге байланған деп,

Заң шығарса философ, жазушы ғалымдарға,

Түсінуге ата жолдың біліміне болар себеп.

Таңбаны Шәкәрім дана несібе үннен ыдыс деген,

Рухыңнан халқың ішер  сандық ырыспенен.

Таңбасын алып ит деп жазса шошқа туған,

Ми кеуіп, ала ауыздық туар латынның ыдысымен.

Ер керек талай сөздің астарын шешу керек,

Құраның жеті үнін мен жеті кітап білу керек.

Дәрежесі 49 санды ұлтық таңба үндерінің,

Есебін шешкен ерді, тірі  әулие деп атау керек.

Ясауи, Фараби, Абай-Шәкірім даналардың,

Санменен оқып білген ақылшы ағалардың.

Құрметпен атақ беріп, парасат орден тағып,

Мақтасақ мұндайларды асырып елге бағаларын.

Ақындардың арасынан жібі түзу ерлер керек,

Махаббат сөзін қайта құранмен жөндеу керек.

Ғашықтық, құштарлық, нәпсілік асықтықты,

Құдай сыйы мәңгілік махаббат демеу керек.

Махаббаттан жаратқан баста адамзатты,

Жұбына 99-себебін Раббым арқалатты.

Құлшылығың маған, ата–анаға шүкірлік деп

Батамен ер, жаңбырмен жер –деп мақал қапты.

Алла сыйлап  достарына рахиммен, рахметін

Жалғануға шежіренің себебіне хикметтің.

Махаббаттың құлшылықпен жұбы екен,

Жер есігін, көк сатысын тауып көрсең керметін.

Құранды діншілер түгел теріске алды,

Қазақ түгіл, пайғамбар өсиеті де мазақталды.

Ескі білім шариғатты ойсыз надан көшіріп ап,

Дін ісі тура жол боп, Құдай ісі осылай аласталды.

Дін ісінің мекемесінің жұбын да білу керек,

Ел билік Құдай ісі мекемесін ашу керек.

Уахи, аян алатын ғалымдарды жинау керек,

Түс жоритын бір ерді басшылыққа қойу керек.

Жиналып Қайратың Ламасынан бару керек,

Ар-намысың қайда сенің деп айту керек.

Дін амандық еліңнің аманат, уәде нәсілі деп

Мемлекет өзі тәңір деген заңың кімге керек?

Дін туралы білім ал, Абайды ғана оқы дейік,

Дін деген әдет-ғұрпың, дәстүрің салтың дейік.

Тазалық, тәртіп, ниет, сенімің елден бөлек десе,

Бүлікші мен тажал деген халыққа осы дейік.

Дін басшы, имамдарды біз жинайық,

Құдайдан көрген түсті оларға жорытайық.

Түс көрмей, уахи жорымайтын надандарды,

Мүмін емес мұндайларды мешітерден аластайық.

«Шерик» деген сөзі тұр қазақта шешілмеген,

Тажал мен надан дінші бұл сөзді иемденген.

Аңқау елге арамза, тажал боп келген сөздерді,

Ер керек құранды оқып, кітабын түсіндірген.

Сөз басшалар ата жол бұл білімге тиым салды,

Сөз сарайларынан жазбамды шығарып тастағанды.

Билікпен, сөз басшыларына шындық тиімсіз боп,

Өтірікті көп жазса,  сарапшы боп тағайындады.

Ата заңды  мазақтан құтқаратын ер де керек,

Жеті жарғыны қайта жазар заңгер керек.

Ахметтің Серігіне жиналып бару керек,

Ел басшыны енді сен құтқар деп айту керек.

Есімнің ұрпағы бар атыда әулиеден емес басқа,

Ескертуді елемей, шығынға ұшыртты елді босқа.

Қажыдай бабамыздың Алла досы пайғамбарды,

Сыйламасаң  жүрегің айналар деп ертең тасқа.

Жабылып басшы ғалымдарға жалынайық,

13- жасқа дейін баламызға өзге тілді оқытпайық.

Ана тілін тасқа жазбай мұндайлар болмас зерек,

Екі жүзді білімді ұрпақ ертең кімге керек.

Жабылып ел басшыға өтініш біз жазайық,

Өлілерді меншіктеген атаңа қазақ емес лайық.

Киелі жер,су әулие-әмби жерленген ойпатарды,

Халықтың өз мұрасын өзіне қайтар деп айтайық.

Талай мұра пайғабар жағалы бабалардың,

Дерегін ата жолда көрсетіп сараланды.

Әлемнің бар тарихын қайтадан жаңалайтын,

Отырар кітапханасы есігін де ашар алда.

Ол үшін қазақ діні ата жол ақбастау жазбаларын,

Ғалымдар оқып қайта кеңес ашып сараласын.

Жазылатын алда үлкен құпия жан сыры бар,

Ол кезде өз боғыңнан құтылып қаша алмассың?

Ақ бастау рухани бұлақ  киелерді біз ардақтайық,

Дәретсіз, жалаңаш арсыз зияратты тоқтатайық.

Құдайдың ризашылығы мен сөз буы артар лайым,

Нұрына халықты шомылдырып тазартайық.

Бұл істерге көкжиекті көретін ерлер керек,

Ар сауытын былғамаған болар зерек.

Құдай ісін меңгеріп, жобасынан алар дерек,

Ерлер қайда жібі түзу қазақ болып туған бөлек!

Халқымның рас сөзіне шайтан құрды өрмек,

Игі жақсы, ел билік топ құрған бөлек-бөлек.

Салтың болды жолсыздық, жоққа сенбек,

Қулық сауып заңменен жұрт меңгермек.

Рас сөздің  бағасын білер ерлер керек,

Мұндай ер-ақылға ермек, бойды жеңбек.

Аманатын ата жолын аян, уахи құлаққа ілмек,

Қара қылды қырыққа бөліп, өзіне баға бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *